?ылыми жобаны? та?ырыбы: «М??гілік Ел» идеясы-кемел келешекке бастар сара жол


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№33 орта мектебі» КММ
Секция: Қазақстан тарихы
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Мәңгілік Ел» идеясы-кемел келешекке бастар сара жол
Орындаған:
10 «А» сынып оқушысы Нүкеш Мұсабек
9 «В» сынып оқушысы Белюгенев Асылбек
Жетекшісі:
Хамзина.А.К. тарих пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекшісі:
Беркинбаева А. К.қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
гуманитарлық ғылымдарының магистрі
Өскемен қаласы 2016 жыл
«Мәңгілік Ел» идеясының өзектілігі
Кіріспе: Ұлт тарихы мен ұлттық идеяның өрістеуін ұлы тұлғаларсыз, кемел ой иелерінсіз көзге елестету мүмкін емес. Ұлттың рухани және материялдық құндылықтарын сақтап, адамзат өркениетінен қалыс қалмау жолдарын, тұтас бір ұлттың өмірлік философиясын негіздеп беру осы көшбасшылардың құзырында болған.
Еліміз егемендігін алғаннан бері қарыштап алға басуда, Елбасымыздың кезекті жолдауы дағдарыс кезеңімен тұспа тұс келуде. Елді елеулі етіп тұғырында ұстай алатын көреген басшы мен оның соңынан ере білген кемеңгер халық! Біздің мақсат дағдарстан шығып қана қоймай дамыған 30 елдің қатарына кіру. Бұл тек бір ғана адамның қолынан келітін ісі емес, бұл көптің бірлікте болып тірлік етуі, алдағы жылдар қазақ елі үшін аса үлкен белестер болмақ, мақсатқа жету, еңбектің жемісін жеу оңай болмақ нәрсе емес, ол уақытты, еңбекті қажырлықты, қайсарлықты, табандылықты, төзімділікті қажет ететін нәрсе, біз болашаққа қажымас қайрат пен талмас еңбектің арқасында уақытты ұтымды пайдалану арқылы жетпекпіз. Бұл іс жалғыз ғана бір тұлғаның ісі емес, мұқым елдің ісі, бұл жолдарда ұлтымыздың тағдыры шешілмек!
Жобаның өзектілігі: Реформа –елді егемен, халықты қалыпта ұстап, ұлтты ұлы ететін болашаққа деген нық қадам! Әрине барлық іс өз жүйесін таба бермейді, бірақ еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі жылдар ішінде Елбасымыздың әр жыл сайынғы жолдауы өз жемсін беріп отырды. Міне, осы еңбектердің арқасында біз кезекті жолдауды қабыл алып отырмыз, Елбасымыздың әрбір жолдауы– ұлт тағдыры, ел ертеңі, сол үшін біз еліміздің ертеңгі күніне бейжай қарамауымыз керек!
Жобаның негізгі мақсаты: Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы халқына жолдаған «Мәңгілік ел идеясы» жолдауын бұрынғы өткен бабалардың билік жолдарымен, елге ірі һзгеріс әкелген реформаларымен салғастыра саралап, жолдаудың қазіргі сәттегі құндылығы мен оның іске асу барысын жіті назрға алып, ел болып елеулі іс атқарудың маңызын айқыштап, халқыты жасампаздық пен еңбекқорлыққа негіздеп тапсырылған істің қағаз беті мен айтылған сөзде қалмай іске асуы!
Жобаның барысы: Жолдау! Талдау! Қолдау!
Жобаның міндеттері:
«Қазақ» қандығын хандық етіп тұғырына қондырған Жәнібек пен Керей аталарымыздан бастап, «Қазақ» елін мәңгілік ел ету жолында елеулі үлес қосқан арда туған ұрпақтарының саяси жолдарын зерделеп, өткенінен өнеге алып, болашаққа нық қадаммен жылжу!
Ел президентінің халыққа жолдауын–дұрыс саралап, болашаққа бағыт бағдар алып, халқына дәріптеп, барынша қолдау білдіру!
Аңдатпа
Ұсынылып отырған бұл жобамыз– ҚР президенті халыққа жолдаған кезекті жолдауының мәнін, идеясын барысын бұрынғы «Қазақ» елін мәңігілік ел етуге елеулі үлестерін қосып кеткен бабалар жолымен саралап, болашаққа деген маңызын саралап, мәнін, руханиятын, құндылығын халыққа насихаттап қолдау көрсету!
Актуальность
Предлагаемый этот проект- пропаганда народа, поддержка очередного Послания Презитента РК о значении, идеи вечной страны, духовной ценности.
the abstract The proposed jobamız- idea of the value of the Message of President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev to the Nation on the next course of the former "Kazakh" mäñigilik country analysis by the ancestors of the country has a significant contribution to the value of the analysis of the importance of spirituality in the future, and to promote the value of public support!
1
Мазмұны:
I Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.1 Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей хандардан бастап, қазақ хандығына елеулі үлес қосқан тұлғалардың халық игілігі үшін жасаған істері.........................................................................................................................21.2 Қасым хан, Есім хан, Тәуке хандардың жүргізген саяси істері, заңдары....................................................................................................................4
2.1 Елбасымыздың «Мәңгілік Ел идеясының»маңызы......................................5
2.2 Мәңгілік елдің бойындағы мәңгілік қан.........................................................6
2.3 Мәңгілік тәуелсіздік.........................................................................................9
III қорытынды
2
Бізге жеткен тағылымды тарлан, талай дәуірді басынан өткерген тарих беттерінен 1465-ші жылы Жәнібек пен Керей бабамыз «Қазақ» атты дархан елімізді тарих сахнасына шығарып, тұғырына тұрақтатқаны белгілі. Бұл кезеңде бабаларымыз жеке бастың қамы, атақ пен абыройдың дәні үшін емес мәңгілік елдің мәні үшін өз бетінше хандық құрып соны басқара білді. Алғашқы жылдары қоныс аударған ұлы көш Шу өңіріне тұрақтап моғолстан елімен көрші болып, біраз уақыттқа еңселерін тіктеп алған соң өздерінің ата-бабасынан қалған тарихи тұрақтарын біртіндеп өз төңіректеріне алып, іргесін кеңейте бастады. Бұған дәлел: 1470 жылдың күз айларынан бастап өздерінің ата қонысы Түркістан қаласынан бастап, Созақ, Сығанақ, Сауран қалаларын өз қарамақтарына алып елінің жайлы тұрмысына дәнекер болуы(10-сынып, Қазақстан тарихы пәні оқулығы). Бұл келтірілген дәлел Жәнібек пен Керей атамызбен халқының ерен еңбегі болса, дәл осы тұста халықтың қамын ойлап, қамығып, жүзге келмей өлмеген, малы екі қайтара төлдеген, елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол шаруаға жайлы , адамы қайғы дегеннің, қастандық дегеннің не екенін білмейтін, ертеңім не болады деп ойламайтын, елге ырыс, онда жұрттың бәрі тең бәрі де шат-шадыман тірлік кешетін, ел аласы жоқ, ағайын арасы тату, бірліктің ырыстың, бақ дәулетті, тыныш, бейбіт тұрмыстың белгісі ретінде қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын–жер үстіндегі адамзат көруі мүмкін «Жер үйекті» мұрат еткен бүгінге аты аңыз елі үшін еміренген – Асан қайғы бабамыз еді., Бұл сапардың оңай болмасы бірден білінеді, себебі: Ұзақ, азапты сапарға жылдар бойы әзірлену керек. Мал төлден тыйылуға, ер төсегінен безінуге тиіс. Соншалық төзім, шыдамды бастан өткерген соң ғана «Жер үйекке» сапар шегуге болады. Жол ауыр: шөлстан бар, аптап ыстық бар, соның бәріне сабырмен, шыдамдылықпен төзген, жолда кездесетін барлық қиыншылықтарды көтере алатын, бақыт дегеннің, бақытқа жету жолындағы күрес дегеннің не екенін білетін ел ғана «Жер үйекке» қоныстанбақ. Осыншама ауыртпалықтарды білсе де Асан қайғы төзімді жануар ретінде «Желмаяға» мініп «жер үйекті» іздеуге аттанады бұл сапарға Асан қайғы өзінің бақыты үшін, өзінің жан рахаты үшін емес мұқым елдің мұраты үшін, мұқым елдің қамы үшін, өз халқының бақыты үшін, халқыныа мәңгілік мекен болатын, жан рахатын сыйлайтын осынау қасиетті жерді іздеуге аттанады. Бұл сапардың негізінде! «МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ» жатқандығы айдан анық. Бүгінгі ұрпақ «Жер үйекке» қоныс аудармаса да жазиралы дарқан «Қазақстан» атты тау баурайы асыл қазынаға, кенге бай, байтақ жерде ғұмыр кешуде! Одан кейінгі жылдарда әрбір, хандар, сұлтандар, билер өз халықын мәңгілік ел ету жолында әр қайсы әр түрлі бағытта өздерінің саяси бағыттарын жүргізді, олардың ішінде жүзеге асқандары да, негіссіз қалғандары да болды, бабаларымыз елін жерін қорғап, мәңгілік ел ету мақсатында сан түрлі амалдар жасады, сан түрлі кезеңдерден өтті. Халықта назардан тыс қалмай басшыларының ойын қуаттап, істерін жүзеге асыруға себепкер болып отырды. Олардан атап айтар болсақ: «Қасым ханның қасқа жолы». Бұл заңды Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары
3
қазақ қоғамындағы құқықтық нормаларды реттеу мақсатында алғашқы қазақ заңы «Қасқа Жолды» жарыққа шығарған. Бұл заң халық арасында бұырыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалған. Заңның негізгі бағыты сол кездегі мұсылман елдер арасында жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң бола білді. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы» ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн жосықтар») мәнді өзгерістер енгізілді. Қасым ханның бұрынғы заң қағидаларына өзгеріс енгізіп, өзінің жасап шыққан заң ережелері:
Мүлік заңы (мал-мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері);
Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық, т.б. қолданылатын шаралар,)
Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті,қара қазан, тұлпар ат,едің құны т.б.)
Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайылық, сөйлеу мәнері)
Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар, т.б.)
Қасым ханның реформалары ғасырлар бойы тұтастай қалыптасқан көшпелілер өмір салтына нұқсан келтірместен белгілі бір жаңалықтар енгізді, әрі олар көлемді болған. Заң жалпылама емес, заңдылық пен тәртіпті, қазақ мемлекеттілігі мен елбасының беделін нығайтуға бағытталған қоғамдық саяси қатынастардағы демократиялық және азаматтық қағидаларды нығайту мақсатында жасалған.
«Есім ханның ескі жолы». Бұл заң өзінің мазмұнына қарай құн дауы, жер дауы, жесір дауы, мал дауы секілді күрделі бөлімдерден құралған. «Есім ханның ескі жолы» дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы. Құн төлеу, қалың мал, ұры қарыдан тиыу, әскери жүйені күшейту, қоныс, жайылымды бөліп беру.
Тәуке ханның «Жеті жарғысы (жеті анықтау жүйесі)». Мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ететін заң жүйесі. Халықты ауызбірлікте ұстау,
1. Сайлауға қару асынып келу міндеттелген.
2. Төрт түлік малмен құн төленген
3. Ауыр қылмыс жасаған адам өлім жазасына кесілген.
4. Қылмыстық істерді билер соты қараған
Осы айтылған реформалардың негізін бүгінгі қазақ елінің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел идеясы»мен саралап ғасырлар үндестігі мен арадағы айырмашылықтарды қоғамдық-әлеуметтік, тұрмыстық, орта жағдайына байланысты түрлі салаларымен айқыштап, жобаның негізгі бөлігін сараласақ
II. Осы кезге дейін Елбасымыздың әр жыл сайын халқына жолдау ретінде жүргізіп отырған реформасы бүгінгі күннің, бүгінгі қазақ қоғамының
4
шынайы әрі біртұтас сабақтастығы болуда. Елбасымыз өзінің кезекті жолдауы «мәңгілік ел идеясында» бірінші болып жүзеге асыратын істердің қатарында баспана мәселесін баса назарда айтып өтті. Бұл бағытты мен Асан қайғы атамыздың «жер ұйықты» іздеуімен баланыстырар едім, ол дәуірде халыққа жайлы орын болса бүгінгі таңда бізде ол бар деп ойлаймын, себебі: біз жазиралы, жері шұрайлы, шөбі шүйгін, топырағы құнарлы, суы мөлдір, табиғаты тамаша қасиетті дархан дала да тұрамыз бірақ, қазірге сәтте көңілге кірбің түсіретіні сол шұрайлы жерден басыңызғаа бір баспана болмауы бұл нағыз бүгінгі күннің әлеуметтік мәселесі, адам еңбек пен бәрін табады киім, ас ал баспанасыз дүниесінің тұрағы, отбасының ырысы, ісінің өнімі болмайды, халқымызда «Өз үйің өлең төсегің» деген қанатты сөз бар, бұл деген әрбір тұлғаға бәрінен де қымбат өз баспанасы, ал баспанасыз жат қабағын бағу адам ғұмырына өзінің кең көлемде кері әсерін тигізіп, өмірін өксітеді. Қазырғы нарықтық заманда баспаныз қалу–тірліктен қалу. Баспана жоқтықтың соңы неге апарып соғып жатқанын біз күнделікті өмірден жиі кездестіреміз, бабаларымыздың дәуірінде түгі жоқ, сіңірі шыққан деген жанның өзінде «күрке» немесе «Қос» сынды панасы болған ал қазырғы жасампаз заманда олай күн кешу заман талабына да, адам денсаулығына да кері әсерін беретін жайт. Осы себепті мен елбасымздың баспана мәселесінде айтқан бағытын, нағыз бүгінгі қазақ халқының қайнар көзімі мен өнімді ісінің бастамашысы болатынына толық сенімдімін және қолдаймын.
2. Келесі кезекте «Жол» бағытындағы идеялар, әрине өткен дәуірімзді алар болсақ, түйеге жүгін артып, атқа өзі отырып дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын ата бабаларымызға жолдың аса аңызы бола қоймадды, сол себепті де хандардың заңдарында жолдың сапасна емес одан түсер пайдаға байланысты бағыттар болған, ал бүгінгі таңда «жол» – біздің күре тамырымыз, әрбір басқан қадамымыз осы жолмен тікелей байланысты, жол біздің тіршілік көзіміз, экономикалық құндылығымыз, Елбасымыз өз сөзнде: Жол– шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі, тіршіліктің күре тамыры, экономиканың басты құралы, алысты жақын ететін ел елеулісі десе, мен өз тарапмынан жол алысты қана емес, Елдің ертеңгі жарқан болашағын жарқын етер, жақын етер басты құралы дер едім! «Жолды басқару мемлекетті басқарудың тиімді жақтарының бірі» бұл идеяны Есім ханның жер басқару саясатымен салғастыра аламыз! Онан әргі идеялар заман талабына сай жасампаздыққа негіздел жасалған, шағын кәсіпкерлікті дамыту, электр қуаты, көгілдір отын сынды бүгінгі күннің басты мәселелеріне арналған. Елбасымздың тағы бір халыққа болашақ ұрпаққа игі бастама болған идеясы колледж санатындағы білім мекемелерінде техникалық мамандықтардың тегін болуы бұл дегніміз, болашақта техникалар өз елімізде өз мамандарымздан шығарылып, ауыл шаруашылығымыз өнер кәсібіміз үлкен салаға көтерілуіне бірден бір негізгі сара жол! Шәкірт ақы мен зейнет ақы бұл–елдің ереңі боламыз деген елеулі ұрпақтар мен еліне қалтықсыз қызмет етіп бейнетінің зейнетін көрер қарияларға көңілдеріне медеу жүздеріне қуаныш сыйлайтын үлкен іс! Елбасымыз сөз соңы кәсіпкерлерге
5
қалай табыс тауды емес бай болудың заңдылығын үйрену керек екенін айтып, еткен еңбектерінің жемісін халықына бөлісуге шақырып, сапалы да сәнді әдемі де арзан зат шығарып әлем нарығына шығуды бас назарда айтты. Сонда ғана ісіміз өнімді, Затымыз өтімді болады деді.
Мәңгілік елдің бойындағы мәңгілік қан «Қаған парызы – халқының қарнын тойғызып, мерейін өсіріп отыру. Түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі мәңгі елім үшін!» -дейді баба Тоныкөк. Иә, бұл кешегінің ұраны, бүгіннің арманы, келешектің еншісі. Ханның мұраты, қарашаның тілегі.Мәңгі болу – мәңгілік арман. Мәңгіге шектеме болмайтыны секілді, мәңгілік елге айналу өркениетке ілескен бұл күннің толқынында жүрген жұрттың арманы.Қазақ деген ұғымды еншілегенімізгеде өте ұзақ болмаса да, арғы бабамыз сақ пен ғұннан, үйсін мен қаңлыдан тарата айтсақ бәрі де мәңгілік жұрттың негізін қалады. Мәңгілік ұрпақтың шекарасын айқындады, «әлмисақтан» деп сөз бастайтын атам қазақтың қай тұсын алып қарасақ та мәңгілік болудың мақсаты айқындалады, тайға басқан таңбадай із тастайды.Кир патшаның басын алып, “мәңгі елдің тыныштығын алғың келсе, мәңгі қанға тойып торсықта жат” – деп халқының ертеңі үшін атқа қонған Тұмар ханым  тірлігі де осы елдің, баба жұртының бас қамы еді. Желмаямен желе жортып, мәңгілік «жерұйық» іздеген Асан қайғының да қайғы атанғаны еліне тұрақ, ұрпағына мәңгілік мұрат болар жері құнарлы, ауасы жұпарлы, шөбі шүйгін жұртты көксемеп пе еді? Қой қоздатып, түйе боздатып, желілеп бие байлап, жер бетінің жайлысын таңдап ұрпақ өсіруді арман еткен Асан жыраудың сан жорығы мәңгілік ұрпақтың қамы емес пе? Қайда барса өзіне қазылған, өзінің атына жазылған көрден құтылмаққа Қорқыт баба да қобызын күңіренте тартып мәңгілік ғұмырды аңсамады ма? Мәңгілік үнді, мәңгілік әуенді аңсамады ма? Сырдың бойын сырлы қобыз үніне ұластыра сыр шерту де мәңгілік арманы еді ғой.Әбілқайыр сұлтаннан ат басын бұрып, артына мәңгілік мұраты мен мақсаты бір қауымды ертіп, қазақ хандығының қара шаңырағын тіккен Керей мен Жәнібектің жан мұңы да, өз ақылшысы Асан қайғы армандаған жұмақ мекенде өз халқын бақытты ету емес пе? Даланың заңын қазақтың хәлімен ұштастыра, ұлттың болымысына сай  «жеті жарғыны» жасаған жұрттың тірлігі де ел іргесін бүтіндеу, ел ертеңін түгендеу емес пе?Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламада қынадай қырылған жұртты біріксең
6
ел боласың, өзгемен тең боласың деп елдікке бастаған хан Абылайдың да аңсағаны есіл жұрттың ертеңгі амандығы, баланың баба топырағында ғұмыр сүрсін деген ниеті емес пе? Хан Кененің көкірегі қақ айырылып қан жұта жорық жасауы, жұртының ертеңгі болашағы, елінің келешегі үшін күрес, мәңгілік ұлт үшін, мәңгілік атамекен жұрт үшін күрес емес пе?Әр дәуір зиялысы ертеңінің жарқын болуы үшін күресті. Әр дәуір мәңгілік болудың өз әлінше сырын айтты. Абай болып толғаған заманда мәңгілік ғылымның сырын ұқ, мәңгілік ілімнің тереңіне бойла деп сыр төкті.«Жүрегімнің түбіне терең бойла,Мен бір жүмбақ адаммын оны да ойла.Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма....» - деген Абайда ұлттың мінімен алысты, ертеңін ойламас жұрттың сынымен алысты. Кінәлау үшін емес түзету үшін, әрине. Түзету арқылы елдің ертеңін нұрландырғысы келді, сол арманның жетегінде өмір сүрді.ХХ ғасыр қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуы күмәнға айналған, мәңгілік болу түгілі, мәйекті ұлт болу арманға айналған алмағайып кезең болды. Алапат ашаршылық, қолдан жасалған  зұлматтар ұлттың үнін бәсеңдетті. ХХ ғасырдың қанды қырғындары мен ұлт зиялыларын қойша көгендеп, жалаға айдап, дарға асуы біздің мәңгілік ел боламыз деген мәңгілік рухтан қорыққан қорқаулардың тірлігі еді. Ұлттың қаймағын, жұрттың жақсысын қырды, жойды, қорқытты, үркітті.Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,Өткізбей қараңғыда бекер жасты. – деп, мәңгілік мұратты еске салғысы келген Міржақыптарды дарға асты, елден қуды. Мәңгілік арманды  өлтірдім деді басқыншы жұрт. Бірақ, атам қазақша айтсақ адам ұрпағымен мың жасайды демек бар екен. Көп өтпеді, рух қайта тірілді, жәй тірілген жоқ, сесімен, өткір жырымен тірілді:Мен – қазақпын, мың өліп мың тірілген,Жөргегімде таныстым мұң тілімен.Жылағанда жүрегім күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, Мен – қазақпын, АЖАЛСЫЗ анамын мен,Құрсағыма сыйдырам даланы мен.Пәк сәбимін бесікте уілдегенДәуірлермен құрдаспын, данамын мен.7 ...Ал, бүгін ше? Бүгін мен азаматпын,Жаза алатын, ғылымды қаза алатын.Жаза алатын ДҮНИЕЛІК дастандарды,Жаза алатын ТАРИХҚА ҚАЗАҚ АТЫН. ...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.Сансыз басты диюдай сан тіріліп,“Мен – қазақпын!” дегенді айта тұрдым. ...Ұлы аманат етейік еркіндікті,Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең“Қазақ болу – зор бақыт” дер күн тіпті. ... Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,Қайта тудым, өмірге қайта келдім.Мен мың да бір тірілдім МӘҢГІ өлмеске –Айта бергім келеді, айта бергім! – дейді ақын Жұбан Молдағалиев. Иә, есті жанға түсінікті. Ертеңгі болашаққа серпін берген рухты жыр. Мәңгі өлмеске тірілген ұлт рухының сөзі. Әрине, рухы басым ұрпақтың тірі екенін көрсетті. Сөзін естіртті, сезген жұртты жырымен сескендірді.Қорқыту, үркіту, жанған рухты жөргегінде тұншықтырғысы келетін тегеуріні қатты заманда да біздің жұрт ұрпақтың көзіндегі ұшқынды байқады. Байқап қана қойған жоқ:Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты,Мен жастарға сенемін – деп Мағжан ақын ертеңіне сенім тастап, ұрпақ  пен мәңгілік ұлы мұратты тірілтіп кетті. Ақындардың жырымен «мәңгі өлмеске» тірілді, қайта әлсіремек емес. Өйткені, бұл ұлттың жаны, қазақтың бойындағы ыстық қаны еді. Мәңгілік елдің мәңгілік тілі Мәңгілік ел болмақтың бастапқы қадамы мәңгілік ұлт болмақ. Мәңгілік ұлт болу әр ұлыстың арманы болған тарихта. Бүгінгі күнде сол жалғасты. Ғаламда сіңісу һәм жұтылу процесі үздіксіз болған және де бола бермек. Ал, осы жұтылудан құрып, жоғалу келіп шығары хақ. Тарихқа үңілсек ізім-ғайым
8
жоғалғандар, бедер-белгісі бар, бүгіні жоқ қаншама ұлыс, қаншама ұлт бар. Қазірде ертеңі елес болған қаншама халықты көріп отырмыз.Иә, мәңгілік ел болмақтың өлшемі мәңгілік тұғыр болмақ дедік. Ол тұғыр – ұлт. Мәңгілік ұлт арманмен, мұратпен ғана мәңгілік. Тек, сылдыр сөзбен мәңгілік емес. Ұлттық сипатпен мәңгілік. Мәңгілік сипат – ол тіл, сана һәм рух. Ұлт мәңгілік болу үшін мәңгілік санасының жемісін беретін, рухының үнін естіртетін мәңгілік тілі болмақ керек. Әйтпесе, тілсіз ұлт болмақ емес. Егер ұлт мәңгілік болмаса мәңгілік ел дегенің әдірем қалмақ.Иә, тағы да тарих қартты сөйлетейік, баба тарих не дейді?Тоныкөк тасқа басқан, Білге, Күлтегін қағандардың мәңгілік өшпес ескерткіші болған құлыптастардағы ойылып жазылған тіл – ол баба тілі. Оны бүгін ғалымдар оқыды. Ұрпақ бабасының үнін естіді. Иә, Тоныкөк бабам есерленіп есі кеткен соң, Күлтегін бабам істерге іс таппаған соң тас қашап, жазу жазған жоқ. Менің тілімді кейінгі жұрт ұқсын,тәлім алсын. Қағаны қарасын, халқы санассын деп жазды. Мақсаты орындалды да. Маңызы ғасырдан соң айқындалды.Бері тартсақ оғыздан қалған жыр, бағзының үні емес пе? Майқы биден қалған текті сөз тілдің құдіреті емес пе? Асан әр жерге неге шумақтатып жырмен сөз айтып баға берді? Астарына үңілейік. Даланың даңқты заңы бойынша ол бұл жер біздікі, біздің ұрпақтікі деген мөр емес пе? Осы күні өзгеде жатса да Асан атам:Әйелі семіз, ері арық,Екі аттам жері бір арық,Диханшының жері екен, - деп тіл таңбасын айнытпай басып кеткен Ілені ертеңгі күнгі саналы ұрпақ баба топырағы екенін айнытпай ұғары даусыз.Асан қайғы мәңгілік жерұйықты таппады, бірақ мәңгілік қоныстың шекарасын сол заманның дала заңы бойынша тілмен сызды, жырмен өрді. Бүгінгі саналы ұрпақ мәңгілік белгі көрді.Қайран да менің, Еділім,Мен салмадым, сен салдың,Қайырлы болсын сіздергеБізден бір  қалған  Еділ жұрт!..деп, Қазтуған жырау жылжып бара жатса да, жырдан қазығын қағып кетті. Ертең ұрпағым есін жиса, есіне алсын деп айтып кетті. Еділдің қазақ топырағы екенін есті жұрт сезінді де бүгін.Жә, тарих қарт ұзақ толқыса да тілімен таңба сала жүргені ақиқат. Бұл бізде де, өзге жұртта да бар құбылыс. Анығын айтсақ басқыншы жұрт бізге жеткенде де тіл бедерін батырды. Қызылжарды Павлодар етті. Қазаққа
9
қырық қайнаса қаны қосылмайтын Павлға жеріңнің төрінен орын берді. Дәл сондай өзімізге тілмен айтсақ жеті ата жетпіс бабаға қатысы жоқ Петрге де жұрт берді. Міне, бұл тілдік үстемдік.«Ел болам десең, бесігіңді түзе, алдымен, анаңның халін біл» деген текті жұрт қарманды да, әрине. Көшпенді замандағы астанасын айтпасақ та, өзгеде қалып кетерін сезген де шығар біздің ғұламалар. Алғашқы астананы Орынборға қойғаны да тарихи ақиқат еді. Тарих қазақтың астанасы деп, жазып кетті. Қазақша айтсақ, қасқырды қанша бақсаң да тауға қарап ұлитыны секілді, өзінше үстем жұрт қанша жасырып жапса да, қазақтың ізі, тарихтың сілемі көзге ұрып тұр Орынбор мен Омбы жұртында.Ақиқаттың шыңын адамзаттың мұңы өзгертті. Замана тілі өзгере бастағанда ұлттың, елдің жаны тіл екенін қазақ зиялылары қадап айтып кетті.Мәңгілік тіл болмаса мәңгілік ұлт болмайтынын  Ахмет Байтұрсын анықтап кетті. «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» – деген Ахмет ақылиясынан артық не керек? Ахаңнан артық айту қолдан келмесі шындық.Сөзіміз жоғалмасын, өзіміз жоғалмайық. Тіліміз жоғалмасын, тіл жоғалмаса ұлт жоғалмайды.Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.  Ал, екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.  Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.- деп жырлаған Мұқағалидың үні ұлттың сөзі еді. Елдің, тілдің құдіретін бағзыдан атам қазақ осылай бағамдаған еді. Ұлт жоғалмаса, ұлттың рухы мен санасы жоғалмаса мәңгілік болашаққа ешкім бөгет бола алмайды. 
10
Мәңгілік тәуелсіздік Қазақ халқы ХХ ғасырдың соңында мәңгілік арманына жетті. Мойны бұғаудан босады. Дүниеге жар салдық. Біз тәуелсіз ел болдық деп мінберден сөйлеп, биік-биік тұғырдан көріндік.Елдігіміздің көтерген елбасы елдің мәңгілік тұғырнамасын қайта қозғады. Ширек ғасыр елдігімізді танытқан соң бабаның арманын қайта жаңғыртты.  Бұл да сындарлы сағаттың жемісі еді. Қазақтың мәңгілік жеңісі еді.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақтың бүгінгі әр сағатының маңызды құндылықтармен толықтырды. Мәңгілік ел болмаққа тұғырнамасын жасады. Міне, мәңгілік елдің қағаны, ұлттың арманы.Мәңгілік ел деген идеяны көтермес бұрын мәңгілік болмақтың қамын қылды. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлес» - деген елбасының ойы да сол мәңгілік ел болмақ үшін мәңгілік тіл болмақ керегін аңдағаннан кейінгі сөз. Мәңгілік ел болмақтың аксиомасы.Ұрпағы өзге тілде шүлдірлей бастағанын сезген бүгінгінің ақыны заманның мұңын,Ана тілің – арың бұл,.Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте! – деп  жеткізіп, өз тілін өзекке теппе, елдігіңе сын деп ескертті. Елдікті ойлар жұрт ескерер деп үлгі етті.
11
III.Қорытынды
Қорыта айтқанда ел ертеңі көреген басшы мен кемеңгер халқының негізінде болмақ басшысына бағына алған халық пен халықының мүдесінен шыға алған басшысы бар ел мәңгілік болмақ! Елбасымыздың «Мәңгілік ел идеясы» өзінен бұрын өткен бабалар реформасы мен мақсаты бір болғанымен мағынасы мен жүйесі жағынан зор айырмашылық жасайды. Бабаларымыз халқын ауызбіршілікпен алға бастырып, әдет-ғұрпымен руханиятын шыңдап, заңдарымен ел бүтіндігін жер амандығын қорғап отырса, Елбасымыз сындарлы саясатымен өз халқын дамыған елдердің қатарына қосып, басқа елдермен терезесін тең етіп, бақытты да ша-шадыман тірлікке жеткізу, бұл дегеніміз бабалар арманымен мақсаты мен маңызы бір, мәні мен жүйесі бөлек іс!
Елбасы бастаған істі ел де қолдамақ, біз секілді ұрпағы жалғамақ. Ол ұлы міндет. Сол үшін біз ұрпақ мәңгілік ел болмақ үшін мәңгілік тілдің өрісін кеңейтпегіміз парыз. Қазақ тілі болашақта тек қазақ әдебиетінің тілі ғана емес, техниканың, ғылымның һәм саясаттың тілі болса, елбасы жүктеген міндетті ел болып атқарғанымыз болмақ.Елдің ертеңі үшін  мәңгілік ел болашағы үшін, мәңгілік елдің тілдің қанат жаймағы үшін білім нәрімен әлеуеттеніп, мәңгілік мұрат ұстанбақ керек.Кешегі Мағжан сенген жастарға бүгін Елбасы да сенді. Сенім артты. Сол үшін мәңгілік елге қызмет ету біздің борыш. Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда ғана ел мәңгілік болмақ. Мәңгілік тәуелсіздік болмақ.Елдің ертеңі нұрлы болсын! Қазақ елі мәңгі болсын!