?ыс?а ерзімді жоспар.Ба?ылау ж?мысы :Тербелістер мен тол?ындар .(9-сынып)
Тербелістер мен толқындар тарауына бақылау жұмысы
Сабақ барысындағы оқушылардың мақсаты - Есептерге заңдылықтарды пайдалана білу;
- Өткен материалды қолданып ,есептер шығара білу;
- Формулаларды түрлендіру ,есептеу;
Күтілетін нәтиже - Физикалық шамаларды ,заңдылықтарды еске түсіреді;
- Теория мен заңдылықтарды есептер шығаруда қолдана біледі;
-Формулаларды түрлендіріп, байланыстырады,біріктіреді,есептейді;
Сабақ кезеңдері Сабақтың құрылымы РесурстарҰйымдастырукезеңі
1мин
4 мин
Қызығушылықтыоятусәті 1 мин 1. Жеке жұмыс.
2. Қысқаша есептерге шолу жасау.
3. Бағалау критерийлерімен танысу. Интерактивті тақтаМағынаны ажырату кезеңі
Оқушыларға:
1. Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқының тудырса, онда осы дыбыстың жылдамдығы қандай?
2. Ай бетіндегі ұзындығы 1 м математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай? Айдағы еркін тісү үдеуі 1,62 м/с2.
3. Рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Дыбыстың таралуы жылдамдығы 340 м/с. Ауадағы дыбыс толқындар ұзындықтарының диапазондарын табындар.
4. Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5 с өткен соң естейді. Мылтық дауысын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстын таралу жылдамдығын 340 м/с деп есептендер.
5. Судағы дыбыс толқынының ұзындығын анықтандар. Оның жылдамдығы 1480 м/с, ал жиілігі 740 Гц.
6. Массасы 40 г дене катандығы 100 Н/м серіппеге ілінген. Осы дене тербелісінің периоды мен жиілігін анықта.
7.Адам құлағы 16 Гц-тен 20 000 Гц жиілікке дейінгі дыбыстарды қабылдай алады. Дыбыс тербелісінің естілу аралығы қандай толқын ұзындықтарының арасында жатыр. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 340 м/с деп есептеңдер.
8.Негізгі «ля» музыкалық тонның толқын ұзындығы 78 мм, ал «си» тонының толқын ұзындығы 56 мм. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 340 м/с. Бұл тондардың жиіліктері қаншаға тең.
Рефлексия
Критерийлер бойынша бағалау Бағалау кестесі