9 сынып.Физика саба?ы. Та?ырыбы:Тол?ындар мен тербелістер.
Мұғалім: Баязитова Айсулу Амангельдиновна
Физика пәнінің мұғалімі
«№2 Новоишим орта мектебі»
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы СҚО
Сынып: 9
Пән: физика
Күні:_
Сабақтың тақырыбы: Толқындар мен тербелістер.
Қайталау сабағы.Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың тербелістер мен толқындар тарауы бойынша алған білімдерін байқау, тексеру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өздігінен ойланып, жұмыс істеу қабілетін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, физикалық есептерді шығара білуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ үстінде ұқыптылыққа, өзін – өзі бағалай білуге, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс қолдана білуге үйрету. Сабақтын түрі: оқушылардың тарау бойынша білімдерін тексеру, бағалау. Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, формулаларды қолданып есептерді шығару. Көрнекілік: презентация, карточкалар.
Сабақтын барысы: Ұйымдастыру; І –кезеңі Оқушылар білім тексеру үшін балама тест өткізу. Тесттің сұрақтары тақтада шығарылыды. Оқушы әр сұрақты оқып, (иә, жоқ) жауаптарын қолдана отырып жауап береді.
Сұрақтар: 1. Белгілі уақыт өткенде, қайталанып отыратын процестерді тербеліс деп атайдыма? (Иә) 2. Ұзындыққа секіріп жатқан спортсменнің қозғалысы механикалық тербеліске жатадыма? (Жоқ) 3. \Тербелістін периоды Т=t/n формуласымен өрнектеледіме? (Иә) 4. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны, тербелістер жиілігі деп аталадыма? (Иә) 5. Жиіліктің өлшем бірлігі секундпа? (Жоқ) 6. Серппелі маятниктің тербелу периоды Т=2πl/g формуласымен анықталадыма? (Жоқ) 7. 1 минутта 30 тербеліс жасайтын маятниктің тербеліс жиілігі 2 Гц тең бе екен? (Иә) 8. Адам құлағының естуі 140 дБ артама? (Жоқ) 9. Математикалық маятниктің жібі неғұрлым ұзын болса, тербеліс периоды соғұрлым көп боладыма?(Иә) 10. Тербеліс жиілігі 20000 Гц жоғары дыбыс толқындарын инфрадыбыс деп аталадыма? (Жоқ)
ІІ -кезеңі Формуланы сәйкестендір:
« Физикалық шама» формуласы 1. Тербеліс периоды 1. Т=t/n 2. Тербеліс жиілігі 2. ν=n/t 3. Математикалық маятниктін тербелісі 3. T=2*π√m/k 4. Серіппелі маятниктін тербелісі 4. T=2*π√l/g 5. Электромагниттік тербелісінің периоды 5. T=2*π√LC 6. Толқын ұзындығы 6. λ=υ*T 7. Толқын жылдамдығы 7. υ=λ / T= λ*ν 8. Электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы 8. υ=c/n 9. Электромагниттік толқынның вакуммдағы толқын ұзындығы 9. λ=c*T=c/ν 10. Дауыстын қашықтықтығы 10. S=υ*t/2 Валеологиялық жаттығу Оқушылар орындарынан турып толқының, телбелістін қимылдарын жасап бойларын сергітеді.
ІІІ -кезеңі
Серг1лту. ФизминуткаЕсептер шығару: Оқушыларға кортачкада есептер беру. Тақтада және орындарында есептерді шешеді. №1. Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқының тудырса, онда осы дыбыстың жылдамдығы қандай?
№2. Ай бетіндегі ұзындығы 1 м математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай? Айдағы еркін тісү үдеуі 1,62 м/с2.
№3. Рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Дыбыстың таралуы жылдамдығы 340 м/с. Ауадағы дыбыс толқындар ұзындықтарының диапазондарын табындар.
№4. Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5 с өткен соң естейді. Мылтық дауысын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстын таралу жылдамдығын 340 м/с деп есептендер.
№5. Судағы дыбыс толқынының ұзындығын анықтандар. Оның жылдамдығы 1480 м/с, ал жиілігі 740 Гц. №6. Массасы 40 г дене катандығы 100 Н/м серіппеге ілінген. Осы дене тербелісінің периоды мен жиілігін анықта.
ІV –кезеңі. Сабақты қорыту: РефлексияПрактикалық жұмыс (ауызша түсіндіру) 1) Математикалық маятниктің көмегімен нені анықтадық, оны қалай анықтадық? Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтадық, оны анықтау үшін тербеліс периоды мен маятниктің ұзындығын өлшеп алу керек. 2) Беттік толқындардың таралуын қайда бақылауға болады, оның жылдамдығын қалай анықтадық? Судың беттінде беттік толқындардың таралуын байқауға болады, толқыннның таралу жылдамдығын формуласын қолдана отырып аңықтаймыз.
3) Өткен тақырыптар бойынша ойында қалғандардан 3 сөйлемен айт.
V –кезеңі Үйге тапсырма: қайталау, тесттік жұмыска дайындалу.
Бағалау: Оқушылар бағалау парағындағы бағаларының қорытынды бағасын шығарады. (тапсырма бойынша алған бағаларын бір – бірне қосады және 3- ке бөледі)