Ашы? саба? физика п?нінен Тербелістер мен тол?ындар


«Тербелістер мен толқындар тарауын қайталау»
Сабақтың тақырыбы: «Тербелістер мен толқындар тарауын қайталау»
Сабақтың білімділік мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың бесенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау, практикада қолдандыра білу.
Дамытушылық мақсаты: Танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ үстінде ұқыптылыққа, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Көрнекі құралдар: Математикалық маятник, жуктер, штатив, серіппе, презентация
Сабақтың түрі: Білімді бекіту ( бақылау –жарыс сабақ)
Сабақтын әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, баяндау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Сабақ жоспарымен таныстыру:
1. «Қайталау – білім айнасы» Физикалық диктант, тест, сүрақ-жауап.(6 сүрақтан)
2. «Адасқан формулалар» - сәйкестігін табу
3. «Тәжірибе – білім көзі» - эксперименттік жұмыстар
4. Деңгейлік есептер.
5. Қолдануы
ІІІ .Оқушыларды бағалау
Оқушыларды үш топқа бөлу
Оқушыларды қағазға жазылған бірдей сөздер арқылы 3 топқа бөлу. Топ ережелерін еске алу.Топқа бағалау парағын беру.
Эпиграф
М.Жүмабаев ағамыз айтқандай: толқыннан толқын туады, толқыннан толқын шығалы, толқынмен толқын жарысады демекші бізді қоршаған орта- ол толқындардың таралу ортасы оның ішінде біз күнделікті дыбыс толқындарымен өмір сүреміз. Дыбыс арқылы бір бірімізді естіп, музыка арқылы ерекше сезімге бөлененміз.Дыбыс арқылы адамның жүрегінің қағысын сеземіз.
І топ: Физикалық диктант
Бірдей уақыт аралығы өткен сайын дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалыстар механикалық тербелістер деп аталады.
Созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды математикалық маятник деп атайды.
Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын тербеліс периоды деп атайды.
Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын қолденен толқындар деп аталады:
Тербеліс амплитудасы- деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.
Электромагниттік тербелістер алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор мен катушкадан тұратын тізбек тербелмелі контур деп аталады.
ІІ топ: Сүрақ-жауап
1.Тербелістер дегеніміз не? 2. Тербелістердің пайда болу шарттары. 3 Адамның құлағы естілмейтін дыбыстың бір түрі.
4. Дыбыстың қандай сипаттамаларын білесіңдер
5. Жер бетіндегі ен апатты тербеліс. Қазақстанның қай бөлігінде
орналасқан?
6. Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын аныұтау
не деп аталады
Қазіргі кезде Қазақстанда 41 сейсмикалық станция бар.Қазақстанның оңтүстік – шығыс аймақтары жоғары сейсмикалық аймақтарға жатады. Сондықтан, Қазақстан сейсмологтары жер сілкінісі болатын аймақтарда құрылыс нысандарын салу жұмыстарын жүргізгенде сейсмикалық нығайту мәселелерін алға қойып отыр.
ІІІ топ: тест
1. Бойлық (немесе кума ) толқындар А. Толқынның таралу бағытына перпендикуляр   В. Толқынның  таралу бағытына бағыттас С. Көлденең толқындардың бағытындай Д. Бағыты дәл келмейтін 2. Серіппелі маятник неге тәелді? : А. Ұзындыққа   В. Еркін түсу үдеуіне С. Ұзындық пен еркін түсу үдеуіне Д. Қатаңдыққа және массаға
3. Тон биіктігі  анықталады. А. тербеліс амплитудасымен   В. Тербеліс жиілігімен С. Тербеліс ұзындығымен Д. Тербелістің ығысуымен  
4.Жаңғырық А. Дыбыстың әр түрлі кедергілерден өтуі В. Қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына
қайта оралған дыбыс толқындары. С. Қандай да бір кедергіден қайта оралған дыбыс толқындары Д. Қандай да бір кедергіге соғылған дыбыс толқындары 5. Серіппеге ілінген жүктің массасын 9 есе артты. Серіппенің периоды қалай өзгереді
A) 9 есе артады. B) 9 есе кемиді. C) 3 есе артады. D) 3 есе кемиді.
E) өзгермиді.
6. Резонанс дегеніміз А. Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы В. Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің амплитудасының кенет арту құбылысы С. Мәжбүр етуші күштің тербеліс амплитудасының кенет арту құбылысы Д. Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншіктіжиілігі кенет арту құбылысы
Жауабы: Тест
1 2 3 4 5 6
В Д В
В С А
Бағалар 6 8 5 5-6 7-8 4 4 5-6 3 3 4 2 0-2 0-3 ІІ. «Адасқан формулалар» - сәйкестігін табу
І топ
№ Атауы Белгісі Олшем бірлігі
1 Период ϑ м
2 Жиілік T Гц
3 Жылдамдық ν с
4 Индуктивтікλ м/с
5 Сыйымдылық L м
6 Амплитуда ω Ф
7 Циклдік жиілікxmГн
8 Толқын ұзындығы С рад/сІІ топ, ІІІ топ
1  Еркін электрмагниттік тербеліс периоды

2  Математикалық маятник периоды

3 Серіппелі маятник периоды

4 Кинетикалық энергия

5 Потенциялдық энергия
λ=ν*ϑ
6 Гармоникалық тербеліс формуласы

7 Толқын ұзындығы x=xm sinπt
8 Дауыс қашықтық
Жауабы
1-3 2-4 3-2 4-8 5-1 6-7 7-5 8-6
Бағалар 6 8 23 25
5 5-6 7-8 4 4 5-6 3 3 4 2 0-2 0-3 ІІІ. «Тәжірибе – білім көзі»
І топ. Штатив, жіпке байланған шар, сағат берілген, периоды, жиілігін қалай анықтауға болады.
ІІ тапсырма: болат шары бар математикалық маятниктің астына магнит қойса,тербелісінің жиілігі өзгере ме?
ІІ топ. Штатив, серіппе, 100г жүк, сағат берілген, периоды, катаңдығы қалай табылады?
ІІ тапсырма: егер серіппенің қаттылығын 4 есе ұлғайтатын болса, жүктің тербелу периодын анықтаныз
ІІІ топ. Штатив, жіпке байланған шар, сызғыш берілген, периодын қалай табуға болады?
ІІ тапсырма: Егер Айда еркін түсу үдеуі Жердегіге қарағанда 6 есе аз болатын болса, математикалық маятниктің тербеліс периоды Айда қалай өзгереді?
ІV.Оқушыларға деңгейлік есептер беру. Орындарында отырып есепті шешіп, программасын құрады.
І топ
1. Балықшы қалтқы 1 мин ішінде толқында 24 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 8м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
2. Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5 с өткен соң естейді. Мылтық дауысын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстын таралу жылдамдығын 340 м/с деп есептендер.
3. Массасы 0,1 кг дененің қатаңдық коэффициенті 250 Н/м серіппедегі тербеліс амплитудасы 0,15 м. Жылдамдық модулінің ең үлкен шамасы
ІІ топ
Көл суының бетінде толқын 6м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқын ұзындығы 3м болса, жиілікті анықта.
2. Массасы 40 г дене катандығы 100 Н/м серіппеге ілінген. Осы дене тербелісінің периоды мен жиілігін анықта.
3. Ұзындығы 80 см маятник 1 минут ішінде 34 тербеліс жасаса, еркін түсу үдеуі неге тең болады?
ІІІ топ
1. Толқынның таралу жылдамдығы 8 м/с, толқын ұзындығы 4 м. Бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды қандай?
2. Егер тербеліс периоды 0.5с болса, маятник 20 тербелісті қанша уақытта жасайды?
3.Серіппе әрекетінен массасы 100 г жүк 2 Гц жиілікпен тербеледі . Серіппенің қатаңдығын анықтандар.
І топ: Массасы 0,1 кг дененің қатаңдық коэффициенті 250 Н/м серіппедегі тербеліс амплитудасы 0,15 м. Жылдамдық модулінің ең үлкен шамасы
ІІ топ
Бала шелекпен су әкеле жатыр. Шелектің меншікті тербеліс периоды 0,8с, баланың әрбір қадамының ара қашықтығы 60см, егер бала 0,75м/с
жылдамдықпен жүрсе резонанс құбылысы байқала ма?
ІІІ топ
Ұзындығы 90 см математикалық маятниктің 10 тербеліс жасайтын уақыты
V кезен: Интелектуалды сұрақтар
“Балық сияқты үндемейді” деген салыстырумен келісесіз бе? Неге
Жоқ, себебі балықтар да сан алуан дыбыс шығарады. Тек кит қана үндемейді. Мысалы дельфин ультрадыбысты жақсы естиді
Людвиг ван Бетховен (1770 - 1827)
Немістің ұлы композиторы Бетховен өзінің соңғы симфонияларын саңырау кезінде жазған. Ұлы шығармаларын жазу үшін таяқшаның бір ұшын тісіне, бір ұшын рояльдің қақпағына тіреп қоюды пайдаланған.
Таяқша композиторға қалай көмектескен?
Белгілі әнші Федор Иванович Шаляпин туралы былай дейді:
«Оның дауысы соншама зор еді, дауысынаң люстраның плафоны
жарылатын» Бұнің шындығы барма екен?
Звук-это волновые колебания. Соответственно от голоса зависит частота этих самых колебаний.Когда сила колебания звуковых волн входит в резонанс с колебаниями самого стекла-колебания стекла увеличиваются многократно, что приводит к разрушению этого самого стекла
Францияның Анжера қаласында 1780 жылы салынған өте мықты шынжырлы көпір болатын. Бір күні оның үстімен сап түзеген әскерлер өте бастайды. Әскерлердің алды арғы жағаға жақындай бергенде,ойламаған жерден көпірдің шынжырлары быт шыт болып опырылады да 200 адам апатқа ұшырайды. Апаттың себебі неде? (резонанс)
Бұл дыбыс толқынына жататын дене және ол үш бөліктен тұрады, қазақ халқының көнеден келе жатқан көзі, бұл не? Құрылысымен түсіндіру. (домра)
Кері байланыс
СЕРІКТЕСІҢІЗБЕН ТАЛҚЫЛАҢЫЗ:
Өзіңіз үйренген үш нәрсе туралы;
Не нәрсе оңай болды?
Не нәрсе қиын болды?
Не білгіңіз келеді?
№ Аты жөні Білу
«Қайталау – білім айнасы» Түсіну
«Адасқан формулалар» Қолдану
«Тәжірибе – білім көзі» Талдау
Деңгейлік есептер Жинақтау
Қорытынды
баға
1 2 3 Эпиграф
М.Жүмабаев ағамыз айтқандай: толқыннан толқын туады, толқыннан толқын шығалы, толқынмен толқын жарысады демекші бізді қоршаған орта- ол толқындардың таралу ортасы оның ішінде біз күнделікті дыбыс толқындарымен өмір сүреміз. Дыбыс арқылы бір бірімізді естіп, музыка арқылы ерекше сезімге бөлененміз.Дыбыс арқылы адамның жүрегінің қағысын сеземіз.
«Тербелер даусым ауада…» С.Сейфуллин
Мен келем тау ішінде түнделетіп
Аймақты күңіретіп өлеңдетіп
Астымда ақ боз атым сылаң қағып
Жалтақтап, құлақтарын елеңдетіп
Ақ боз ат - менің тұлпарым
Шалқыған көңіл сұнқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Ән салдым есіп майда, жаяулатып
Ырғалтып шырқап, толғап, баяулатып
Толқынды мың құбылған әнімді естіп
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып
Ақ боз ат - менің тұлпарым
Шалқыған көңіл сұнқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Ақ боз атым - қояндай
Еркелеп басар аяндай
Тербеді даусым ауаны
Даңылдап қалқып баяулай
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Тербелістер мен толқындар
1.Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі қалай аталады:
А) Механикалық толқын С) Механикалық тербеліс
В) Көлденең толқын Д) Бойлық толқын
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын қалай аталады:
А) Механикалық толқын С) Көлденең толқын
В) Механикалық тербеліс Д) Бойлық толқын
3. Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бойында жүзеге асатын толқын қалай атайды:
А) Механикалық толқын С) Механикалық тербеліс
В) Көлденең толқын Д) Бойлық толқын
4. Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық қалай атайды:
А) Толқын ұзындығы С) Толқын ені
В) Толқын ауданы Д) Жауабы жоқ
5.Толқын жылдамдығының формуласы:
А) ν= λ/ T С) υ=S/t
В) υ= l/t Д) υ=υ0+at
6. Бөлшектердің ауытқуы кезінде бір-бірінен алыстайтын бөліктер қалай аталады:
А) Тебілу С) Жиелеу
В) Алшақтау Д) Сиреу
7.Жиелігі 20000 Гц тең жоғары толқында қалай аталады:
А) Жоғарғы дыбыстар С) Ультра дыбыстар
В) Төменгі дыбыстар Д) Инфро дыбыстар
8. Жиелігі 16 Гц тең төмен толқындар қалай аталады:
А) Жоғарғы дыбыстар С) Ультра дыбыстар
В) Төменгі дыбыстар Д) Инфро дыбыстар
9.Ауада қандай толқындар тарайды:
А) Бойлық толқын С) Көлденең толқын
В) Механикалық толқын Д) Жауабы жоқ
10. Камертон деген қандай зат?
А) Үшбұрыш тәрізді қысқа
В) Доға тәрізді қысқа сапталған метал таяқша
С) Төртбұрыш тәрізді қысқа сапталған метал таяқша
Д) Жауабы жоқ
11.Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі:
А) дбС) Дж
В) НД) Па
12.Адамның дауысына немесе аспап үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы қандай:
А) Шу С) Тембр
В) Тенор Д) Боритон
13.Әртүрлі жиеліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасу қалай аталады:
А) Шу С) Тембр
В) Тенор Д) Боритон
14.Резонанс тудыратын жәшіктер қалай аталады:
А) Резонанс С) Резонатор
В) Резонанстор Д) Жауабы жоқ
15.Электромагниттік толқынның әртүрлі заттардағы толқын ұзындығы:
А) λ = υ/ λ С) λ=сТ
В) λ= с/ν Д) λ=с/λ
16. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі қалай аталады:
А) Жұлдыз С) Шоқ жұлдыз
В) Көп жұлдызД) Көкжиек
17. Аспанда неше шоқ жұлдыз бейнеленген:
А) 98 С) 88
В) 89 Д) 78
18. Радиусы анықталмаған Жорамал сфера деп нені атайды:
А) Аспан сферасы С) Аспан кеңістігін
В) Аспан ауасын Д) Жер сферсын
19. Математикалық көкжиек және аспан меридианы жазықтықтарының қиылысуында пайда болған түзу қалай аталады:
А) Көкжиек С) Солтүстік сызық
В) Тал түстік сызық Д) Жауап жоқ
20. Алматы және Астана сағаты бүкіл әлемдік уақыттан неше сағат алда:
А) 5сағ С) 4сағ
В) 6сағ Д) 3сағ
21. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі қалай аталады:
А) УақытС) Күнтізбе
В) МерзімД) Жауап жоқ
22. Ең көне күнтізбе:
А) Ай күнтізбесіС) Жыл күнтізбесі
В) Соғды күнтізбесіД) Юлиан күнтізбесі
23. Барлық планеталар күнді айнала эллипс бойымен айналады. Оның фокустарының бірінде
күн орналасады. Бұл Кеплердің нешінші заңы:
А) 1заңыС) 3заңы
В) 2заңыД) 4заңы
24.Планетаның радиус – векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Бұл Кеплердің нешінші заңы:
А) 1заңыС) 3заңы
В) 2заңыД) 4заңы
25.Кез-келген планетаның күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасын тең. Бұл Кеплердің нешінші заңы:
А) 1заңыС) 3заңы
В) 2заңыД) 4заңы
26. Дыбыс толқынының тон жоғарылығы немен анықталады:
А) Тербеліс жиелігіменС) Тербеліс фазасымен
В) Толқын ұзындығыменД) Тербеліс амплитудасымен
27. Егер ұшақтан шағылған дабыл жіберілген мезеттен 10с өткен соң қабылданатын болса, онда ұшақ шамамен радиолакатордың қандай қашықтығы болады:
А) 3*104С) 3*1012м
В) 9,5*109мД) 1,5*1012м
28. Тербеліс көзі 2с ішінде 3 тербеліс жасайды. Толқындардың таралу жылдамдығы 33м/с. Толқын ұзындығын тап:
А) 900мС) 200м
В) 450мД) 150м
29. Екі когеренті көзден шығатын толқындар нүктеге бірде фазада келеді. Егер вр нүктедегі толқын амплитудасының мәні а-ға тең болса, осы нүктедегі қорытқы тербелістің А амплитудасы қандай:
А) А= 0С) 2а
В) А=аД) 0≤ А≤ а
30. Балықшы су айдынындағы толқынды бақылай отырып, қалтқысының жанынан 10с ішінде толқындардың 3 өркеші өткенін байқады. Толқын жиілігін тап. υ=2м/с
А) 0,3ГцС) 0,5Гц
В) 0,2ГцД) 0,6Гц
Тест жауаптары
Тербелістер мен толқындар
А
С
Д
А
А
Д
В
Д
А
В
А
С
А
В
В
В
17. С
18. А
19. С
20. В
21. С
22. А
23. А
24. В
25. С
26. А
27. В
28. С
29. С
30. А