10 сынып туындыны? физикалы? ж?не геометриялы? ма?ынасы
ТУЫНДЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
Сейтбенбет Ардақ Есбергенқызы
«Ақши орта мектебі» КММ – нің
математика пәнінің мұғалімі
Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті болып табылады. Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру үрдісінде тек қана білім беріп қоймай, оның сапалы болуына көп көңіл бөлінуде. Соның нәтижесінде сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Заманауи ақпараттар легінен қалыспай игеру және оның мүмкіндіктерін тиімді, дұрыс пайдалану білімділіктің басты талаптарының бірі болып тұр.
Әлем мойындап отырған оқытудағы Кембридж тәсіліне негізделген Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасын меңгеруге институт көлімінде ұйымдастырылып отырған 3 айлық курстың маңызы зор. Міне осы маңыздылықты басшылыққа ала отырып 10 «б» сыныбында алгебра және анализ бастамасы пәнінен сабағымды ұсынамын.
Сабақ № Сабақтың тақырыбы: §13.Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Фунқцияның графигіне жүргізілген жанама. Мерзімі:
Пәні: алгебра Сыныбы: 10 «Б»
Мақсаты: Туынды көмегі арқылы берілетін физикалық және геометриялық мағынасын түсіндіру, өмірде қолдана білу. Туындының ережесін қолданып есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: - туындының ережесін қолдана біледі;
- функцияның физикалық және геометриялық мағынасын туынды көмегі
арқылы түсіндіре алады;
-туындыны қолданып есептер шығара алады;
- жанаманың теңдеуін қолданыста тиімді пайдалана алады.
Сілтеме: ЖМБ 10 «б» сыныбының оқулығы. Авторы: А.Әбілқасымова
Сабақтың әдісі мен тәсілі: Топтық және жеке жұмыс;
Диалогты оқыту: сұрақ қою,әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
АКТ құралдары
Ақпарат көзі: проектор, слайдтар, оқулық, плакат, стикер
Сабақтың кезеңдері уақыт Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу 2
1. Оқушылармен амандасып, ынтымақтастық атмосферасын құру
Түрлі әдістерді қолданып топқа бөлу (кезекші оқушылар ұйымдастырады) Бір – бірімен амандасып, шаттық шеңберін құрып сәттілік тілейді.
Таңдалған топтармен отырады.
Бағалау критерийлері Дайындалған бағалау критериін ұсынамын. Нені білу керек?
(орындау критерилері)
1. Теорияның меңгеруі (5 балл)
2. Практика (слайд орындау 6 балл)
3. Іздемпаздығы (5 балл) Бағалау парағына қарай ойларын жинақтайды
Білу 5 Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою
СТО оқушының қызығушылығын ояту Туындының формулалары мен ережелерін сұрау.
Зейінін сабаққа бөледі
Түсіну 10 Ой шақыру: Берілген тапсырманы орындау, оқушының сын тұрғысынан ойлуға мүмкіндік жасау. «Реттілі» әдісі
Тапсырманы орындап, сабақтың тақырыбына көшеді.
«Реттілік» әдісі бойынша
топтағы барлық оқушы жұмыс жүргізеді формуланы жазып, бүгінгі тақырыпқа көшеді.
Қолдану 10 Теориялық білімдерінің меңгеруіне мүкіндік жасау. «Дайындал! Назар сал! Оқыңдар!» әдісін қолдану. Топқа бөлінген оқушыларға тақырыпты ашуға мүмкіндік беру. Білім деңдейін анықтау үшін практикалық тапсырмалар беру Өз деңгейлері бойынша тапсырма орындау
«Дайындал! Назар сал! Оқыңдар!» әдісі орындау арқылы оқушы зейінін сабаққа бөліп, теорияны меңгеруге толық мүмкіндік алады. Есеп шығаруда формуланы қолдана алды.
Талдау 10 Қосымша оқулықпен жұмыс: Берілген тапсырмаларды деңгейлеп топпен орындау 1) дұрыс шешімін тауып талдайды;
2) формуланы дұрысын қолданып есеп шешеді;
Бағалау 3 Ой – түйін, фармативті бағалау, критери арқылы бағалау. Өзін – өзі бағалау, топтық бағалау, критери арқылы бағалау
Рефлексия 3 Сабақ бойынша оқушының көз қарасын білу Әсер білдіруші (жұлдызша) қағаздары арқылы білдіреді
Келесі оқылым 2 Үйге тапсырма беру
Тақырыпты қайталап, тұжырымдау есептер шығару Қабылдау
Сәтті түскен жері
Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқушының іс - әрекеті
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Ақши ауылы