Ашы? саба? Туындыны? физикалы? ж?не геометриялы? ма?ынасы 10 сынып


Уакыты:
Пәні: Алгебра Сынып: 10 Мұғалім: Кейкуатова Д.М.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Алгебра оқыту әдістемесі. Үлестірме материалдары
Тақырып: Туындының физикалық және геометриялық мағынасы
Жалпы мақсаты: Функцияның берілген нуктедегі өзгеру жылдамдығы (лездік жылдамдық) туындының физикалық мағынасын беретінің оқушыларға түсіндіру, игерту.
Туындының физикалық мағынасын, лездік жылдамдықты үдеуді есептеуді біледі. Алған білімдерін практика жүзінде қолдану білік дағдысын қалыптастырады.

Ресурстары: Оқулық, дидактикалық материалдар
Оқыту әдістері: Тәсілі: топтық, жұптық, жекелей Әдісі: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқыту нәтижесі: Туындының физикалық мағынасын біледі.
Туындыны физикалық шама лездік жылдамдықпен үдеуді есептеуде қолдана алады.
Түйінді идеялар: Туындының физикалық және геометриялық мағынасына есептер шығару.Алған білімдерін практикада қолдана білу.
Модульдар Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтық оқыту.
Блум жүйесі: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Шаттық шеңбері Оқушылар бір- бірінің жақсы қасиеттерін айтады. Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлу.
ІІ. Білім «Х -тар, 0-дер» әдісі бойынша өткен сабақты деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеру.
1.Функцияның туындысын табыңдар.
у=х8-3х4-х+5
2.f(х) функциясының берілген нүктедегі туындысының мәнін есептендер.
f(х)=х2-3х, х= - 123.f `(х) =0 теңдеуін шешіңдер:
f (х)=х3-3х2+7 1.Өз топтарына берілген есептерді кезектесіп шығарады,
ІІІ. Түсіну.
Жаңа тақырып. «Мағынаны тану» оқулықтан тақырыпты оқуға сілтеме беру. Тақырыпты түсініп оқу.
ІҮ.Қолдану. «Алтын сандық» есептер шығару. Жаңа тақырыпқа? байланысты есептер.
1.S(t)=6t2-5t+4 заңы бойынша түзу сызықты қозғалған дененің t=1c кезіндегі қозғалыс жылдамдығын тап
2. S(t)=3t3-9t2+6t-14 заңы бойынша түзу сызықты қозғалған дененің t=2с кезіндегі дененің үдеуін тап.
3. Нукте түзу бойымен S(t)=2t3+t2-4 заңы бойынша қозғалады. t=2 кезіндегі нүктенің жылдамдығын анықта. Есептің шығару жолын талдайды, тұжырым жасайды
Ү. Талдау. Оқулықпен жұмыс №192,193,194 «Топпен зерттеу» стратегиясы. Постер қорғау.
ҮІ. Жинақтау «Өрмекші торы» әдісі арқылы бір- біріне сұрақтар қояды. Қойған сұрақтарға жауап береді.
Бағалау. Критерилері бойынша бағалау Бағалау парақтарының қорытындысы бойынша, жиынтық бағаны шығару.
Келесі оқылым. №196,197 Үй тапсырмасын түртіп алу.
Рефлекция Сабақтан алған әсерлерін қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек.»