Математика. Функцияны? ?су ж?не кему белгілері
Бухарбаева Маншук Мырзахановна
№1 қазақ орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Функцияның өсу және кему белгілері
Сілтеме: күнтізбелік жоспар, оқулық, формулалар,флипчарт.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Функцияның өсу және кему белгілерін салыстырып, туындының көмегімен өсу және кему аралықтарын таба алу, тапсырмалар орындағанда қолдана алу,есепті шығарудың тиімді жолын пайдалана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушының ақыл –ойын, ұжымдық ой еңбегі мәдениетін, танымдық және шығармашылық белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзінің және өзгенің пікірімен санаса білуге және кері байланыс жасай білуге баулу.
Күтілетін нәтижелер: Тапсырмада берілген есептерді, қосымша есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлану қабілеттері, ойлау қабілеттері дамиды, осы арқылы математикаға деген қызығушылықтары артады. Сұрақтар қою арқылы өз ойларын тұжырымдай алатын болады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар нақты, түйінді идеяларды ашып айта білуге үйренеді.
Негізгі идеялар:
Выгодскийдің «Жақын арадағы даму аймағын» басшылыққа алу. Топтық жұмыстың мәні-қарым-қатынас жасайды, пікірлеседі, түйінді идеяларды айта білу арқылы дұрыс шешім қабылдай білетін болады.
Мақсаты: Топпен жүргізу стратегиялары. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Мұғалімнің орындайтын
іс- әрекеті Оқушының орындайтын іс- әрекеті Оқыту әдістері
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын ұйымдастыру.Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тілейді.
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
ІІ.Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды алдын ала дайындалған тапсырмалар бойынша «Тригонометриялық функция ; Квадраттық функция; Сызықтық функция» болып үш топқа бөлінеді. Топқа бөлу әдісі қолданылады.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру.
1.Оқушылар «Домино» ойыны арқылы бойынша «Туынды» тарауынан алған білімдерін пысықтайды.
2. Функцияның өсу мен кему аралықтарын, экстремум нүктелердің табу алгоритмін жазыңдар:
1.Функцияның анықталу облысын табу;
2.Функцияның туындысын есептеу;
3. f (x)›0 теңсіздігін шешу;
4.Берілген теорема бойынша функцияның өсу және кему аралықтарын табу;
5.Функцияның сындық нүктелер аймағындағы туындының таңбасын интервалдар әдісімен анықтау;
6.Функцияның сындық нүктелерін табу, яғни теңдеуін шешу;
Оқушылар өзін-өзі бағалайды
Оқушылар бір-бірін формативті бағалайды.
IV. Өтілген тақырып бойынша топпен жұмыс
Ж: өседі
кемиді
флипчартқа түсірту және қорғату. Топтық әдісті қолдану.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқытуды бағалау, білім беру үшін бағалау.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру
V. Өтілген тақырып бойынша білімдерін жан-жақты тексеру. Тест
Диалог негізінде оқыту
V. Сергіту сәті. «Ауада цифрларды жазу»
VII. Үйге тапсырма беру
§17
№261,262, тест есептері
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.
Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма! .
VI. Сабақты қорытындылау Қорытындылау. Әр топ мына сөйлемді жалғастыру керек:
Рефлексия
1.Мен таңғалдым ...............
2. Мен ойланып қалдым..............
3. Менде сұрақ бар.............
Топ басшылары, топ мүшелерін әрбір топ келесі топты бағалайды. Стикерге оз ойларын жазу арқылы топ бірін-бірі бағалайды.
Бағалау парағы
р\с Оқушының аты жөні Үй жұмысын тексеру Өтілген тақырып бойынша есеп шығару Тақырыпқа байланысты тест Бағасы
1
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы