Саба? жоспары 4 х 100 метрге эстафеталы? ж?гіру
Сабақтық жоспар 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: 4х100 метрге эстафеталық жүгіру
Мақсаты: а) Сауықтыру; ептілігін, дәлділігін, жылдамдығын арттыру
ә) Оқыту; әдіс-тәсілін үйрету
б) Тәрбиелік; адамгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу
Өтілетін орны: спорт алаңы, жүгіру жолы
Өткізілу уақыты: 45 минут
Керекті құралдар: ысқырық, уақыт өлшегіш, жалауша
Сабақтың бөлімдері Сабақтың өтілу барысы уақыты Әдістемелік нұсқау
Кіріспе бөлім Оқушыларды сапқа тұрғызу
Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу
Өтілетін тақырыппен таныстыру
Спортшының гигиенасы 30
30
30
30 Спорт киімдерінің дұрыстығына наза аудару
Дайындық бөлім Жалпы дамыту жаттығулары.
Жүру; Аяқтың ұшымен, өкшесімен, табанның сыртымен, ішімен, жартылай және толық отырып жүру, спорттық жүріспен жүру.
Жүгіру; бір қалыпты жүгіру, екпінмен жүгіру, оң жақ, сол жақ қырымен адымдап жүгіру, артпен алдыға, тізені биік көтеріп, аяқты артқа сілтеп, ирелеңдеп жүгіру.
Бір орында тұрып жасалатын жаттығулар; басты бүру жаттығулары, иыққа, қолға, саусаққа жасалатын жаттығулар, белге, аяқққа секіру жаттығулары.
Сабақ тақырыбына байланысты арнайы жаттығулар. 3 м
4 м
3 м
3 м
Денені дұрыс ұстар жүруге дағдылану
Дұрыс тыныс алып, жүгіруге үйрену
Жаттығуларды дұрыс, әрі әдемі орындауға тырысу
Негізгі бөлім Эстафеталық жүгіру –бірнеше адамнан құралған команданың жүгіруі. Мұнда қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезекпен жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см, диаметрі 3-4 см болатын эстафеталық таяқшаны алады. Жүгіруші жүгіріп болғаннан кейін, таяқшаны келесі кезекте тұрған жүгірушіге береді. Әрбір команданың ең соңғы қатысушысы эстафеталық таяқшаны ұстап, мәре сызығына жүгіріп өтеді. Эстафета таяқшасын алдағы жүгірушінің оң қолына төменнен, оң немесе сол қолымен береді. Беру үш сызықтан тұратын 20 метр қашықтықта қабылдаушы тұратын сөрелік, беруші кесіп өткенде, қабылдаушы жүгіре бастайтын аралық және соңғы берушіден эстафета таяқшасын қабылдап алмайынша, қабылдаушының өтіп кете алмайтын шектерулі сызығында жүзеге асырылады.
Міндет мынада: қабылдаушы эстафета таяқшасын беру аймағында елеулі шапшаңдыққа жеткенде ғана қабылдап алу керек. Таяқшаны беруді үйрену үшін мынадай жаттығулар орындалады.
Орында тұрып таяқшаны беру.
Оқушылар екі-үш лекке тұрады. Артта тұрушы таяқшаны оң (сол) қолына алады. Бірінші нөмірлердің бәрі оң қолдарын артқа жіберіп, алақандарын жаяды. Артта тұрған оқушы «Хоп» белгісін беріп, алда тұрған оқушының қолына таяқшаны ұстатады; ол өз кезегінде келесі балаға береді. Таяқша бастаушыға жеткеннен кейін, барлығы да бір мезгілде кейін бұрылады және таяқшаны і бағытта басталады.
Бұл да сондай, тек бірақ жүріс кезінде орындалады.
Бұл да сондай, тек баяу жүріс кезінде орындалады.
Оқушыларды санына қарай командаларға бөліп, әр команда өздігінен жаттығады.
Эстафетадық жүгіруден жарыс өткізіледі.
30 м
3 м
3 м
3 м
3 м
18 м
Оқушылардың зейін қойып тыңдап, мұғалімнің көрсеткенін есте сақтап алуларын қадағалау
Жаттығуды дұрыс жасауларын қадағалау
Эстафета таяқшасын дұрыс ұстауға үйрету
Таяқшаны дұрыс беруге және алуға дағдыландыру
Жарыстың ережесін сақтауларын қадағалау
Қорытынды бөлім Тыныс алуды қалыпқа келтіру
Сабақты талқылау
Үйге тапсырма беру
Оқушылармен қоштасу 5 м Жалпы тәртіпке назар аудару