Саба?ты? та?ырыбы ?дептілік — ?демілік
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Әдептілік – әдемілік
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың «әдеп», «әдептілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Көрініс арқылы олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашу, көрнекі суреттер арқылы зейінін, логикалық ойлауын дамыту. Тілдік сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Өз халқының әдептілік туралы нақыл сөздерін, мақалдарын үйрету арқылы
адамгершілікке, ұқыптылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап, «Сиқырлы сөздер» дидактикалық ойыны, «әдептілік», «сыйластық» туралы тақпақтар, мақалдар, кейіпкерлер арқылы көрсету. Сергіту сәті: Ән: «Дос болайық бәріміз», «Мен әдепті баламын».
Керекті құралдар: үнтаспа, орман декорациясы: ағаштардың бұтағы, саңырауқұлақ-
тар, гүлдер, балаларға аңдарды бейнелейтін киімдер, ойынға ағаш сұлбасы, ағашқа жапсырмалы жемістер, «әдептілік» туралы бейне, сыйлыққа кітапша ұсынылады.
Іс – әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ізденушілік
Ұйымдастыру-
шылық
Рефлексивті - түзетушілік
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келген екен, бәріміз қонақтармен амандасайық!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз «Әдептілік - әдемілік» тақырыбында әңгімелесетін боламыз. Әңгімелесу арқылы адамның жақсы қасиеттерінің бірі – әдептілік туралы, оныңішінде ұқыптылық, тілалғыштық жайында тереңірек білетін боламыз. Келіңдер, балаларшаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де – сіз,
Кішіге де – сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз – біз.
Тәрбиеші: Көп рахмет сендерге, балалар! Орнымызға жайғасайық.
Әңгімелесу.
Тәрбиеші: Балалар, сендер әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Тәрбиеші: Ал әдепті балалар қандай болады?
Тәрбиеші: Ал, сендер, қандай әдепті, жылы сөздерді білесіңдер?
Тәрбиеші: Өте тамаша! Әдептілікті біз кімнен үйренеміз?
Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, адам бойында жақсы – жаман қасиеттер болады екен. Ал әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдептілікті, адалдықты, кішіпейілдікті сендерге ата – аналарың мен апайларың үйретеді. Әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл болады, өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді және жаман қылықтардан аулақ болуға тырысады. Балалар, әдептілік туралы тақпақ білеміз бе?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Өзіммен – өзім
(баяу естілген құстардың дыбысы, судың сылдыры).
Тәрбиеші: Балалар ыңғайланып отырып, көзімізді жұмамыз. Бәріміз орманға саяхатқа шықтық деп елестетейік. Онда ағаштың түрлері көп екен, әдемі гүлдер, саңырауқұлақтар жайқалып өсіп тұр. Құстар сайрап, су сылдырап, самал жел ағаштың жапырақтарын тербейді. Алдымыздан түлкі, қасқыр кездесті. Енді көзімізді ашамыз.
Балалар, қараңдаршы, бізге шынымен де аңдар келіпті. Өздері сондай шыдамсыз,
бір орында отыра алмайды екен. Жан – жағын шашып, саңырауқұлақтарды құлатып, гүлдерді басып, жұлып тастап жатыр.
Аңдардың жасап жатқаны дұрыс па, балалар? Осы әдептілікке жатады ма?
Тәрбиеші: Енді не істейміз, көмекке кімді шақырсақ екен? Аңдарды қалай ұқыптылыққа үйретуге болады? Балалар, қараңдаршы, бізге көмекке қонақ келе жатқан сияқты.
(осы кезде әдемі әуенмен, қолында таяғы бар Ханшайым келеді).
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Ханшайым! Балалар таныдық па, бұл сыпайылық әлемінен келген Ханшайым ғой.
Тәрбиеші: Ия, Ханшайым, біз де әдепсіз аңдарға қарап, не істерімізді білмей отыр едік. Сіз бізге көмектесесіз бе?
Тәрбиеші: Балалар, сыпайылық Ханшайымы бізге кімді жібереді екен?
(осы кезде бөлмеге Ақыл есімді қыз бен оның досы қоян келеді. Есіктен кіріп келе жатып, аңдардың шашқан бұтақтарына қоян сүрініп кетіп, аяғын ауыртып алады).
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, қонақтар! Біз бұл жерде «әдепсіздер орманына» кезігіп, ондағы аңдардың ісін көріп, не істерімізді білмей жатырмыз. Бізге көмектесесіздер ме?
Тәрбиеші: Жарайды, Ақыл, біз саған көмектесеміз. Балалар, біз де Ақыл мен қоянға еріп орманды ретке келтірейік
Барлығы ормандағы шашылған заттарды жинайды, осы кезде ормандағы аңдар әр ағаштың қасына тығылып, қашып жүреді.
Тәрбиеші: Міне, қараңдаршы, «Әдептілік әлемінде» қандай ақылды балалар тұрады.
Тәрбиеші: Енді, достар, біздің балаларымыздың ойынын тамашалаңыздар. Балалар, біз аңдарға күнделікті қолданып жүрген әдепті сөздерімізді үйретейікші. Ол үшін екі жаққа бөлініп тұра қалайық.
Ойын. «Сиқырлы сөздер»
Ойын тәртібі: Ортаға ағаш сұлбасы әкелінеді, балалар оған желіммен жасалған алмаларды әдептілік сөздерін айта отырып іледі. Мысалы, сәлеметсіз бе, сау болыңыз, өтінемін, беріңізші, кешіріңіз, т.б. сөздерді айтып ілу.
Тәрбиеші: Міне, қараңдаршы, ағашымыз да әдемі жемістерге толды. Жарайсыңдар, балалар, кішкентай болсаңдар да көптеген әдептілік сөздерін білетіндеріңді көрсеттіңдер.
Ақыл: Жарайсыңдар, балалар! Енді бәріміз ақылмен қосылып, «Дос болайық» өлеңін
орындайық.
Сергіту сәті:
«Дос болайық» өлеңі
Қосыл, қосыл шеңберге,
Нағыз адал дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең әдепсіз дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең мейірман дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең тәртіпсіз дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең әдепті дос болып.
Тәрбиеші: Рахмет, сізге Ақыл! Сіздің кітапшаңыздың бізге көп көмегі тиеді деп ойлай -
мын.
Дәйексөз: «Әдептіліктің не екенін әдепсіздікті көргенде білерсің».
Тәрбиеші: Балалар, Ақылдың берген кітабының бізге алдағы уақытта да көп көмекте -
сері рас. Әрқашан әдепті болып, жақсы істер жасау үшін әдептілік туралы мақалдар жаттап жүруіміз керек.
Мысалы, «Әдептің не екенін әдепсіздікті көргенде білерсің» деген екен халқымыз. яғни, жаман істерді көргенде, оның дұрыс емес екенін, олай жасауға болмайтынын түсінеміз.
Ал, балалар, біз әдептілік туралы мақалдар білеміз
Тәрбиеші: Балалар, енді мына суретке қараңдаршы. Кімдердің суретін көріп тұрсың дар?
Тәрбиеші: Мына аға неістеп жүр, бала не істеп жүр?
Тәрбиеші: жасы үлкен адамның кішкентай балаға күш көрсетіп, жылатуға болмайды.
Бұл әдепсіз адамдардың жасайтын қылығы. Әдепті адам ешқашан олай істемейді. Керісінше балаларға қол ұшын беріп, жәрдемдеседі, қамқор болады.
(көптеген т.б. суреттер арқылы балалармен сұрақ – жауап арқыл әңгімелесу)
Мақсаты: Ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Әдептілік, ұқыптылық, достық сияқты құндылықтардың мәнін түсіндіру.
Қорытындылау.
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін не жайлы әңгімелестік?
Тәрбиеші: Біз кім дерді кездестірдік, кімге қолұшын бердік?
Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыңдар, балалар, біз бүгін әдептілік, ұқыптылық жайлы әңгімелестік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, көпте-
ген жылы сөздерді айтуға үйрендік. Ал енді Ақылдың сыйлаған кітапшаларын жақсы тілектерімізді айта отырып, қонақтарға да ұсынайық.
«Жүректен - жүрекке» шеңбері. У.Бекетовтың «Мен әдепті баламын» әні
әдептілік суреттерінен слайд көрсетіледі.
Мені үлкендер «әдепті» деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң,тілазар,
Ондай әдет жақсылыққ жатпайды.
Тілін алып, кішінің де, кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің
Ата – ананың айтқан сөзін тыңдауды
Әдептілік белгісі деп таныдым.
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Жер – ана!
Армысыздар, қонақтар!
Армысыңдар, достарым!
Балалар шеңберге тұрады, қимыл – қозғалыспен айтады.
балалар әдемі әуенмен көрпешелеріне отырады.
Әдептілік деген – сыпайы сөйлеу, таза жүру, үлкендерді сыйлау.
Жақсы, тәртіпті, өтірік айтпайтын бала болады.
Сәлеметсіз бе?!, Өтінемін!, Кешіріңіз!, Сау болыңыз!, Рахмет!
Әдептілікті бізге ата–аналалары-
мыз, үлкендер үйретеді.
Тәрбиенің асқары –
Абай атам табынған,
Әдептілік бастауы. Қанағат, рақым ойлап қой, Талап, еңбек, терең ой –
Бес асыл боп табылған. 2 – бала: Әдептілік – бұлақтай, Тазалығы арыңның. Өлшемі ол сынаптай, Бойыңдағы барыңның.
3 – бала:
Сыйлап сәлем беремін,
Үлкендерді көргенде.
Ізетпен бас иемін, Үйге қонақ келгенде.
4 – бала:
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген!
Ата сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем
балалар көрініс көрсетеді.
Жоқ! Дұрыс емес! Бұл әдептілікке жатпайды.
Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай?
Сәлеметсіз бе!
Ханшайым: Балалар, мынау «әдепсіздер орманы» емес пе? Саңырауқұлақтар жұлынған, гүлдер тапталған. Мұнда әдепсіз, тентек аңдар тұратын болды ғой. Осылай жалғаса беретін болса, онда ормандағы бүкіл өсімдіктер: ағаш, саңырауқұлақ, гүлдер құрып кетеді. Ал біз қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялауымыз керек емес пе? Балалар сендер де бақылап отырсыңдар ма?
Ханшайым: Көмектесейін. Мына әдепсіздікті не істесем екен? (әдепсіз аңдардың қа –
сында әрі – бері жүріп ойланады). Жақсы, балалар, мен шығып кетейін де, «Әдептілік әлеміндегі» достарымды жіберейін.
(әуенмен айналып шығып кетеді).
Ақыл: Достым, достым, аяғыңды ауыртып алған жоқсың ба? Мынау неғылған шашылған жер өзі? Ханшайымның бізге айтқан жері осы болды ғой.
Қоян: Ия, шыныменде, бұл жер неге шашылып жатыр? Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Ақыл: Бізді осында сыпайылық Ханшайымы жіберген. Біз «Әдептілік әлемінің» тұрғындарымыз. Менің атым – Ақыл. Ал мынау менің досым - қоян.
Ақыл: Жарайды, көмектесеміз. Онда қоян екеуімізге 2 -3 бала көмектессін, бірігіп, орманды ретке келтірейік. Жан – жағымызды таза ұстауды, ұқыпты болуды, қоршаған ортаны аялауды аңдарға үйретейік. Орманды тәртіпке келтірейік.
(балалар орындарынан тұрып, орманды жинауға көмектеседі).
Ақыл: Міне, аңдар, көрдіңдер ме, орман қандай әдемі болды. Өз ортамызды, мекен ететін жерімізді таза ұстап, ұқыпты болуымыз керек. Мұны біз әдептілік дейміз. Сендердің бұларың дұрыс емес.
Аңдар: Рахмет, достар! Енді бұлай жасамаймыз. Біз де әдепті, ұқыпты болуға, айналамызды таза ұстауға уәде береміз.
Ақыл: Жарайсыңдар, достар! «Әдептілік әлеміне» қош келдіңдер!
барлығы жарты шеңберге тұрып ойнайды.
балалар ойын ойнайды.
барлығы шеңберге тұрып, өлең жолында жақсы қасиеттер айтылғанда, алға бір қадам жасап, қуаныштарын білдіріп қол соғады. Достыққа жараспайтын сөздерді айтқанда, керісінше артқа қарай бір қадам жасап шегінеді.
Ақыл: Рахмет, балалар. Біз сіздермен кездескенімізге өте ризамыз. Мен өзімнің ризашылығымның белгісі ретінде, сендерге және қонақтарға «Әдептілік әлемінен» ішінде әдептілік туралы мақал – мәтелдер жазылған кітапшамды ала келдім, соны сыйға тартқым келеді. Осы мақалдарды жаттап, үнемі әдепті бала болып жүрулеріңе тілектеспін.
(кітапшаларды тәрбиешіге береді).
Ақыл: Енді біздің қайтатын уақытымыз болды. Қош сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
(Ақыл, қоян, қасқыр, түлкі шығып кетеді, балалар өз көрпешелеріне жайғасып отырады).
1 – бала:
«Сіз» деген – әдеп,
«Біз» деген – көмек .
2 – бала:
Әдептілік белгісі –
иіліп сәлем бергенің.
3 – бала:
Әдепті бала ата – анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.
4 – бала:
Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
5 – бала:
Әдепсіз өскен адамнан,
Тәртіппен өскен тал артық.
6 – бала: Әдеп басы – тіл.
7 – бала:
Әдептілік, ар – ұят – адамдық
т ың белгісі.
аға мен бала.
Мерей: Аға кішкентай балаға күш көрсетіп, оның оның балшықтан жасаған жұмысын аяғымен теуіп, бұзып, жылатып қойды.
Әдептілік, ұқыптылық, сыпайылық жайлы.
Әдепсіздер орманындағы аңдарды, Ханшайымды, Ақыл мен қоянды кездестірдік. Аңдарды, әдептілікке, ұқыптылыққа үйреттік.
балалар кітапшаларды тілек айтып қонақтарға береді.
балалар шеңберге тұрып орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс : Үлкенге құрмет, кішіге ізет етуді білу керек.
Болуы керек:Әдепті, ұқыпты, сыпайы, тілалғыш, инабатты.
Көрсете білуі: Көрініс көрсете білді, дидактикалық ойын ойналды, тақпақтар,
мақал – мәтелдер айтты, сұрақтарға жауап берді.