Т?рбие са?аты ?дептілік — м?дениеттілік белгісі
«Бекітемін»
_________ А.Қ.Наурызбаева
Сыныбы: 2 «Ә»
Күні: 28.11.2015ж
Сынып жетекшісі: Тажмағамбетова Г
Ашық тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Әдептілік – мәдениеттілік белгісі. Мақсаты: Балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: билборд,слайд, көрме, мақал – мәтелдер, құпия хаттар, көрініс көрсету. Жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
Топқа бөлу.(Топтастыру арқылы үш топқа бөлу)
І. «Ізет»
ІІ. «Инабат»
ІІІ. «Құрмет»
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
2. Көрініс көрсету. 3. Кіріспе. Көрініс: «Әдептілік». Ы. Алтынсарин. Сұрақ – жауап 1. Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс – әрекеті арқылы көрінеді? 2. Қандай ырым – тиым сөздер білесіңдер? Әдептілік – әдемілік туралы түсінік беру.
Біздің ата – бабаларымыз өз ұрпағын әдепті, инабатты болуын қадағалаған. Әдеп деген сөзде үлкен мән жатыр. Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының белгісі, жүріс – тұрысының ережесі болып табылады. Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, парасаттылықты, қарапайым – кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата – анамыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп ата – баба, салт – әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала жақсы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы қажет. Олай болса кім маған әдептілік жайлы тақпақ айтып береді? ІҮ. Әдептілік туралы тақпақтар.
Құпия хаттармен жұмыс . (Сыныпқа хат тасушы келеді. Әр топқа жағдаяттар жазылған хаттар тапсырылады)
І топ. 1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
ІІ топ. 2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
ІІІ топ. 3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
Топтық жұмыс.
І топ. «Әдепті бала ... , әдепсіз бала ... .».
«Үлкенге - ... , кішіге -... ».
«Әдепті бала ата-анасын ... , Әдепсіз бала ата-анасын ... ».
ІІ топ. «Не істеуге болмайды?». Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек. - Үлкендердің алдынан ......(кесіп өтуге болмайды.) - Табиғатты ................ ........ (ластауға болмайды.) - Ата-ананы...............................(ренжітуге болмайды.) - Кісінің затын .....................( рұқсатсыз алуға бомайды)
ІІІ топ. «Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі.) - Үлкен кісіге ..........................( көмек көрсету керек) - Үлкен кісіні ...............................(сыйлау керек) - Үлкендерге ............................(сәлем беру керек) - Кішілерге ...............................(қамқорлық жасау керек.)
«Әдептілік ережесін құру»
(Гүлдің күлтелеріне әдептілік белгілерін жазу)
а)ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.б) МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарынсыйлау;в) ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданыпорынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқаабыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесініңпікірлерімен санасу, т. б.Қорытындылау: Халқымыз өз ұрпағын: Әдептілік ар – ұят, Адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез тағы жат, Надандықтың белгісі, - деген екен.
«Әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Әдептілік дегеніміз не екен. Оған қандай қасиеттерді жатқызамыз?
Балалар өз ойларын тілек ағашына жапсырады.
Үндеу.Ән: «Біз бақытты баламыз» хор.