Сауат ашу п?нінен ?дептілік ?ліппесі та?ырыбыны? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Әдептілік әліппесіСабақтың мақсаты: Адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеті: 1. Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын,
сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту.
2.Көркем әрі қатесіз жаза білуге үйрету.
3. Үлкенді кұрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар.суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайыңдығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Алған білімдерді пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі:
- Бүгінгі «Үлкенге құрмет-кішіге міндет». Үлкеңдерді қалай сыйлаймыз.
V. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 45-жаттығу.
1. Өлеңді оқып, үшінші шумағын көшіріп жазу.
Бесік жыры
2. Жуан айтылатын сөздердің астын-бір рет, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сызындар. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Әдептілік әліппесі
Атам менің әрқашан
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөк көрем.
Атам менің әрқашан
Бол дейтұғын бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда
Қаншама дос, бауыр бар.
Өлеңді тізбектей отырып, кезектестіріп оқыту.
VI. Жаңа материалды пысықтау: 1. Атасы немересіне қандай ақыл айтты? 2. Ақыл сөздерді қалай түсінесіңдер? 3. Саған ата-анаң қандай ақыл айтады? 4. «Менің атам» такырыбына әңгіме айтыңдар. 5. Өлеңнен атаның ақыл сөздерін теріп жазу.
VII. Бекіту кезеңі: №6 өзіндік жұмыс
1-нұсқа
Жуан айтылған сөздердің астын бір, жіңішке айтылған сөздердің астын екі рет сыз..
2-нұсқа
1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз.
2. Жуан айтылған сөздердің астын екі рет сыз.
VПІ. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқыту
Бағалау: