Т?уелсіздікке та?зым патриотты? ?ндер кешіні? ?зірлемесі
М.С.Нугмарова
Семей қаласы, Айнабұлақ ауылы
"Айнабұлақ ЖНББМ" КММ
Тақырыбы:Тәуелсіздікке тағзым
Түрі : Патриоттық әндер кеші
Мақсаты:а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
Көрнекіліктері: тақырып жазылған бильборд.Барысы:
Мұғалім: Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай өткелі отырған «Тәуелсіздікке тагзым» атты патриоттық әндер кешіне қош келдіңіздер!Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Бір кездері Кеңес заманында біздер «Партия қайда болса, Жеңіс сонда!», «Алға, комсомол!» деп екпіндете шырқадық. Осы кезде патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Әскери - патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу.(Ортаға екі жүргізуші шығады)1 - жүргізуші: Иә, біз бейбіт елде, байтақ жерде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бірақ бізді осы күнге жеткізу үшін кешегі ата - бабаларымыздың Ақтабан шұбырындының азабын тартқанын, ашаршылықта қынадай қырылғанын, зиялыларымыздың репрессияға жазықсыз ұшырағанын, Ұлы отан соғысында кеуделерін оққа тосқанын естен шығармауымыз керек.2 - жүргізуші: Азаттық жолындағы еліміздің тарихы «Елім - ай», «Атамекен», «Жас қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет, егемен елдің ертеңін сеніп тапсырар намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің молая түскені аса маңызды.Әлемге той деп бүгін жар саламыз,Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,Тәуелсіздік күні біз бүгін ән саламыз.
1-Жүргізуші. Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Тәуелсіздік мерекесіне арналған патриоттық ән кешін ашуға рұқсат етіңіздер!2-ЖҮРГІЗУШІ: Сіздерді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.Ардақты елім, кең елім,Құтты болсын мерекең.Ырыс көктеп жеріңде,Арта берсін берекең.1-ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі кешіміздің шымылдыгын ашып беру үшін ортага бастауыш сынып ұстазы Камал мұгалімді шақырамыз.
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,Сонымен кешімізді бастаймыз біз.2-ЖҮРГІЗУШІ:
Күнәдан таза басым бар
Қазақ деген атым бар
21-де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
ҚАЙРАТ деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар
Мен не етермін, не етермін
Мен келмеске кетермін
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін
Хош аман бол артымда,
Ағайын-туыс, азамат,
Артымда қалған ата-анам,
Ел жұртым саған аманат!
–деген олең жолдарымен кешіміздің шымылдыгын Желтоқсан құрбаны болган асыл агамыз Қайрат ага және барша Желтоқсан оқиасының құрбандарына арнап ортага «Қара бауыр қасқалдақ» әнін орындайтын 1- сынып оқушылары Абзал, Дильназ, Диана және 3-сынып оқушысы Дильназды қошеметпен шақырамыз.1-жүргізушіСен неткен Отан - Анам, ғажап едің,Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.Болашақ ұрпағының бақыты үшін,Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!- деп ортага
«Жаса,Қазақстан!» әнін орындайтын 2- сынып оқушысы Қалидоллин Жанасылды шақырамыз.2-жүргізушіБойда қызу қаны ойнаған жігерлі,Қаһарманы заманымның бұл енді.Отан даңқын мүддесі үшін қажеттік,Сарбаздар ол – елдігімнің тірегі.- дей келе ортага«Сарбаздар» әнін орындайтын 2-сынып оқушысы Бошанов Санжарды шақырамыз.1-жүргізушіКөк байрағым желбірейді елімде,Қалықтасын қыран құсы көгімде.Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,Әуелесін Қазақстан жерінде«Қыран дала» әнін орындайтын 2 сынып оқушысы Әбдікәрімұлы Асхат, Манабаева Айгерім, Жарқынұлы Мирас2-жүргізушіСаған жырдан - сый арнағам,Қиял құсын қуған жерім,Туған жерін сүйе алмаған,Сүйе алар ма туған елін!2 сынып оқушысы Манабаева Айгерімнің орындауында «Туган жер» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізушіХалқым менің! Саған қарап жұбанам,Тарих беті қатар-қатар бұралаң.Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,Егемендік алғаныма қуанам.4 сынып оқушысы Аманкелдиева Жаннұрдың орындауында«Егеменді ел Қазақстан» әні2-жүргізушіТуғанда дүние есігін ашады өлең,Өлеңменен жер қойнына кірер денеңӨмірдегі қызығың бәрі өлеңменОйлансаңшы бос қақпай елең-елең.«Атамекен-ай»әні, орындайтын 5-6 сынып жұлдыздары Жанел мен Диана 1-жүргізушіҚазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.Елдостай баламыз ән шырқаса,Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған.«Жаса,Қазақстан» орындайтын Елдос Қалмұратов
2-жүргізуші
Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді
Ел болсақ деп талпындыңАспанда күн жарқырап күліп тұрды,Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,Қара күндер қайғысын ұмыттырды.«16 желтоқсан» әнін орындайтын 8-9 сынып оқушылары Диас, Әкежан,
Айым. Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.Көкорай белестері мақпал кілем,Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.Ортада «Атамекен» әнімен 5-9 сынып оқушылары хор. 2-жүргізуші
Құрметті жиналған қауым ! Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып мемлекетімізге жарқын болашақ, барлығыңызға саулық тілейміз .
Айымыз оңыздан тусын деген ниетпен бүгінгі «Тәуелсіздікке тағзым» атты патриоттық әндерге арнаған кешімізді аяқтаймыз. Келесі жарқын күндерде кездескенше!