Отбасым мені? алтын бесігім
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы-алтын бесік
Мақсаты:
-бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру, халқымыздың тәлім тәрбиесі әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың ақ сүтімен даритынын оқушы бойына сіңіру;
-ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау;
-ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
-отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдық; қайрымдылық; достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс
Көрнекілігі: әр отбасына арналған слайд-шоу, бейнесюжеттер
Барысы:
І Кіріспе
ІІ Сайысқа қатысушы ата-аналармен таныстыру
ІІІ Әдіқазылар алқасымен таныстыру
ІҮ Сайыстың кезеңдері :
1. «Тегін білу- тектілік» бөлімі . Баласы отбасын таныстырады, ата-ана
тәрбиедегі өз ұстанымын айтады.Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.
2. «Өнерлінің өрісі кең» бөлімі . Отбасылар әр түрлі тақырыпта өнер көрсетеді.( жеке,ата-ана баласымен біргеөнер көрсетуге болады.
Ән,би,қолөнер,аспапта ойнаут.б.) Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар:шығармашылық, орындау шеберлігі, сөйлеу мәнері.
3.«Жанұяның бір жексенбілігі» (үй тапсырмасы) бөлімі . Жанұяның бір жексенбілігі (көрініс) бейнебаян түрінде түсіріледі. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі, АКТ-ны қолдануы.
4. «Жағдаяттық сұрақтар» бөлімі . Ата-ана мен бала арасындағы қарым –қатынасқа байланысты жағдаяттық сұрақтар қойылады.Бұл бөлім екі критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Ол- тақырыптың ашылуы, тақырыптың өзектілігі.
5. «Кім жылдам...» бөлімі .
Екі мақал беріледі. Бірінші қиылған сөздерден мақал құрастыру.Екінші отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелді жалғастыру.
Бұл бөлім екі критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы,уақытқа есептелуі.
6. «Тәрбие басы-тал бесік» бөлімі . Ұлттық салт дәстүрге байланысты сұрақ-жауап сайысы ата-аналар арасында өтеді. Сайыс 3 балдық жүйемен бағаланады . Бұл бөлім екі критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, сөйлеу мәнері.
Ү Қорытынды
Кіріспе:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі отбасылық сайыстың қатысушылары! Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін таусылмайтын қазына. Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.- Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана.
Олай болса, 6«А»сыныбында ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Отбасы-алтын діңгек» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің сыныбымызда «Отбасы — алтын діңгек» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды, әкелерімізді балаларымен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.
Нажауов Абу әкесі Анарбеков Шарапат Нажмадинұлымен ортамызда.2.Нарманов Құрмет анасы Нарманова Гүлмарашпен3. Қожахметова Аружан анасы Картанбаева Алима Төретайқызымен
4.Бақбергенова Алтынай анасы Әбдрахманова Айнұр Жаңабайқызымен
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі отбасылық сайысқа қош келдіңіздер! Сайыста жеңіске жетулеріңізге тілектеспіз.
Шаттық шеңберіне тұру.
Мұғалім: — Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарын құтты болсын.
1 бала — Баршаларына сәттілік тілеймін.
1 ана — Балаларымыз саналы, тәрбиелі болуына үлес қосамыз.
2 бала — Әрқашан тату-тәтті болайық.
2 ана — Балаларымыз кішіпейілді, мейірімді болуына үлес қосамыз
3 бала — Аңсаған армандарымызға жетейік.
3 ана — Өзіміздің балаларымыздың бойында өнегелікті дарыта білейік.
Сайысқа қатысу ретін анықтау.
Жүргізуші:Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Шукирова Зайра Сейтжановна — директордың тәрбие ісінің орынбасары2.Амантаева Галия Муслимовна- директордың оқу ісінің орынбасары
3.Саденова Анар Жанабергеновна-әдіскер4.Мұнарбекова Айгүл — психолог5. Азаматова Тұрсынкүл — мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшесі
Бүгін аналар мен әкелер балаларымен бірге өнегелі тәлімін,өнерлерін ортаға салуға келіп отыр.Ендеше сайыс бөлімімен таныстырып өтейін.
Сайыстың кезеңдері мынадай бөлімдерден тұрады:
1.«Тегін білу- тектілік» бөлімі . Баласы отбасын таныстырады,ата-ана тәрбиедегі өз ұстанымын айтады.Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.
«Өнерлінің өрісі кең» бөлімі . Отбасылар әр түрлі тақырыпта өнер көрсетеді.( ата-ана немесе балалар арасында өтеді.Ән,би,қолөнер,аспапта ойнаут.б.) Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар:шығармашылық, орындау шеберлігі, сөйлеу мәнері.
3.«Жанұяның бір жексенбілігі» (үй тапсырмасы) бөлімі . Жанұяның бір жексенбілігі (көрініс) бейнебаян түрінде түсіріледі. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі, АКТ-ны қолдануы.
«Жағдаяттық сұрақтар» бөлімі . Ата-ана мен бала арасындағы қарым –қатынасқа байланысты жағдаяттық сұрақтар қойылады.Бұл бөлім екі критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Ол- тақырыптың ашылуы, тақырыптың өзектілігі.
5. «Кім жылдам...» бөлімі .
а) Екі мақал беріледі. Бірінші қиылған сөздерден мақал құрастыру.Екінші отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелді жалғастыру.
б) Балаларға: «Үш санындағы ұшқыр ой»
Бұл бөлім екі критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы,уақытқа есептелуі.
6. «Тәрбие басы-тал бесік» бөлімі . Ұлттық салт дәстүрге байланысты сұрақ-жауап сайысы ата-аналар арасында өтеді. Сайыс 3 балдық жүйемен бағаланады . Бұл бөлім бір критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Ол: тақырыптың ашылуы.
Қорытынды
1.«Тегін білу- тектілік» бөлімі . Отбасы өз-өзін таныстыру
2-бөлім- «Өнерлінің өрісі кең» Отбасылық өнер (ата-ана немесе балалар арасында)
Нажауов Абу әкесі Анарбеков Шарапатпен қолөнер бұйымын көрсетуде
Нарманов Құрмет баян аспабында ойнап өз өнерінкөрсетуде
Анасы Нарманова Гүлмараш қазақтың ұлттық киімін көрсетуде
Қожахметова Аружан «Ерке сылқым» күйін тартуда
Бақбергенова Алтынай «Әкеме» әнін шырқуда
3- бөлім — «Жанұяның бір жексенбілігі» үй тапсырмасы.
1.Нажауовтар отбасы «Алла тағала: - Бүкіл адам баласының ата-
анасын сыйлағаны, мені сыйлағаны»
2.Нармановтар отбасы «Ата-ана алдындағы перзент парызы»
3. Қожахметовтер отбасы «Уақытты үнемді паайдалан»
4.Бақбергеновтер отбасы «Дәмді әлем»
4. Жағдаяттық сұрақтар. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, орындау шеберлігі, тақырыптың өзектілігі. (Сұрақ-жауап яғни ситуациялық жағдаяттар)
Жағдаят (ата-анаға)
Балаңыз телеарнадан мультсериал көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды сіз не істейсіз?
2.Жағдаят (ата-анаға)
Мектептен келген қызы мамасына: «мама сізге бір қызық нәрсе айтайын ба? Бүгін мектепте деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тур, мазамды алмашы»- деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
3. Жағдаят (ата-анаға)
Мектептен келген балаңыз: «мен ертең мектепке бармаймын, апай маған ұрысты»- деді сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Жағдаят (ата-анаға)
Балаңыздың қандай жақсы істерімен басқаларға үлгі етер едіңіз? Игі істерін қалай мадақтайсыз?
-Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін
саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:
Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау,Қызылорда, Ақтөбе, Семей,
т.б.Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала суретінің
артына сұрақ жазылған.аты жазылған. Соған жауап беру керек.
1.Бүгін сабаққа кешігіп келдің. Қоңырау соғылғалы 5 минуттай уақыт болыпты. Сіз не істейсіз?
2.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым да, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? Қалай ойлайсыз?
3.Сен бүгін байқамай көрші әжеңнің жолын кесіп кетіп едің, саған ұрсып жатты. Сен не істер едің?
4.Ата- аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыздар және басқаларға үлгі етер едіңіз?
5- бөлім «Жалғасын тап...» (Ата-ана отбасы тақырыбындағы мақал-
мәтелді жалғастырады)
отбасы
. Ата көрген оқ жонар, ... ... ... ... ана көрген тон пішер
Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді ... ... ... ... ...
Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді
Балапан ұядан не көрсе, ... ... ... ... Ұшқанда соны іледі
2. Жақсы бала – еліне бас болады, ... ... ... Жаман бала – еліне қас
болады
отбасы
Аға әдепті болса, іні әдепті, ... ... ... ... Апа әдепті болса, сіңілі әдепті
Бала тәрбиесі ...... ... ... ... – бесіктен
отбасы
Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ... ... ...
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар
Ата тілін алмаған ұлдан без, ... ... ... ... Ана тілін алмаған қыздан без
отбасы
6- бөлім. .«Тәрбие басы-тал бесік» Ұлттық салт дәстүрге байланысты сұрақ-жауап.(ата-ана)
«Тәрбие басы-тал бесік» бөліміне ұлттық салт дәстүрге байланысты ата-аналар ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді.(Бесік той,тұсау кесер,бата,ат қою)
ІІІ Әдіқазылар алқасының қорытындысы
Қорытынды: Ал құрметті ата-аналар, баларыңыз елін, Отанын сүйетін азаматын болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздеріз бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!
. Әр отбасына шаттық, мейірімділік, құт береке, қуаныш пен бақыт тілеймін. Сайысқа қатысушы ата-аналар мен оқушыларымның жеңіске жеткен Отбасылардың барлығын құттықтап, алғысымды білдіремін.
32
3
131
«Үздік видеоролик» номинациясы
«Үздік салт-дәстүрді көрсетуші» номинациясы
«Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы
31
3
33