Презентация на тему Ауылым-алтын бесігім


«Жүзағаш орта мектеп-бақшасы» КММ кітапханасыКітапханашы: Калиева Г.А
Ауылым алтын бесігімМақсаты. 1.Оқушыларға ауыл өмірі жайлы мағұлмат беру,ауыл еңбеккерлері туралы
әңгімелеу
2.Оқушылардың сөздік қоры мен тіл байлығын дамыту.Оқушылардың ауылға
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер. Н.Ә.Назарбаевтың портреті,нақыл сөздер,қанатты сөздер,сурет көрмесі.
Оқушылардың ауыл өмірі жайлы шығармашылық жұмыстары.
Өтілу түрі. Кітапханалық сабақ.
Өтілу барысы, Ауыл жайлы кітапханашының сөзі.
Оқушылардың ауыл туралы тақпақтары.
Оқушылардың ауыл өмірі жайлы салған суреттері.
1 Ауыл жайлы кітапханашы сөзі.Ауыл адамдарының еңбегі орасан зор.Небір керемет атақты адамдарымыздың көбі осы ауылдан шыққан.Өздерінің ата-аналарын да ауылдан шыққан солай ма?Тіпті,елбасымыз да ауылдың қарапайым жанұясынан шыққан.
Ауыл туралы толғасақ:
Ауыл десем мал елестер көзіме
Ауыл десем дән елестер көзіме
Ауыл десем ер саламын құр атқа
Ауыл десем ән- елестер құлақта.
«Ауылым әнім» Сөзі: Бәкір Тәжібаевтікі
Әні:Ескендір Хасанғалиевтікі
Ауылды көтеру жайлы Президент шешімі өн бойында қабылданғалы бері ел ішінде ерекше бір жандану басталды.Жалпы халық президент жарлығына қуануда.Елбасы өз сөзінде «Ауылға барынша көмек көрсетуіміз керек»,әсіресе мектеп,аурухана салуға,жол жөндеуге қаржы бөліп көмектесуіміз керек-деді.Сонымен қатар ауылшаруашылық техникалары,ауыз су жетіспейтіндігін де атап кетті.Елді елең еткізген жақсы жаңалық-ауылды көркейтуге осы жылы елу бес млрд теңге бөлінетіні нақты айтылды.
Бірінші оқушы. Шұғылалы таңымыз
Ауыл жері –бағымыз.
Қайнарына мөп-мөлдір
Сусындайды жанымыз.
Екінші оқушы. Ауыл жері сәніміз,
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз
Үшінші оқушы.Жүрегімнің лүпілі,
Сағындырды ауылды.
Ауылдағы қарттарым,
Түзетер біздің қауымды.
Кітапханашы сөзі. Ауыл өмірі жайлы өқушылар «Менің ауылым» тақырыбында суреттер де салған болатын.Бір оқушы өз суреті жайлы айтып берсе.
Құрып кеткен аулды,
Жеткізіп тілмен қалайық.
Ауылды еске алайық,
Әнімізге салайық.
«Ауылым әні» сөзі ,Ж.Бейсеновтікі,әні Т.Базарбаевтікі.
Жүргізуші.Бір кездері ауылдың
Тоз-тозы шығып кетіпті.
Түсімде бүгін сол ауыл
Мәресіне жетіпті.
Өйткені біздің Елбасы
Көңіл бөлді аулға
Техника мен несие
Бөліп берді қауымға.
Үшінші оқушы. Қолдары бүгін ұзарып,
Еншісіне тиді жер.
Жер кеңдігі мол байлық.
Тұрмыстарын түзетер.
Төртінші оқушы. Берекесі ауылымның
Енді міне кіргендей.
Бәз баяғы қалпында,
Бәрі бүгін келгендей.
Бесінші оқушы. Апам менен атамда,
Тұрушы еді ауылда.
Жақсарғансоң ауылым
Ұйқым менің тыныш та.
Алтыншы оқушы. Жетістігін ауылымның,
Осылай біз мақтайық.
Ауылымыздан әрқашан,
Қалыс қалып қоймайық.
Жетінші оқушы. Тепсе темір үзетін,
Жастарым қайт ауылға.
Білек пенен күшті аяма,
Пайдаң тисін қауымға.
Қойылым. «Ауыл өмірінен көрініс»
Кітапханашы сөзі.Балалар бәрің білесіңдер, Сен де бір кірпіш дүниенің кетігін тап та,бар қалан,-деп Абай атамыз айтқандай,біз де өмірде бір-бір кірпіш болып қалануымыз керек.Ауылымыз жақсарса,біздің де жағдайымыз жақсарады.Гүлденсе ауыл-гүлденеміз бәріміз.