Коучинг О?У МЕН О?ЫТУДА?Ы ?О?АМДАСТЫ?ТЫ? МА?ЫЗЫ
Мерзімі: 20.09.2013 ж. Коучер: Байгалиева ЖанарКоучингтің тақырыбы: Оқу мен оқытудағы қоғамдастықтың маңызы
Жалпы мақсаты: «Білім беру қоғамдастығы» ұғымын енгізу, олардың қызметін түсіндіру және осындай қоғамдастықты ұйымдастыру.
Оқу нәтижелері: Мұғалімдер:
қоғамдастықтың не екенін;
қоғамдастық қалай қызмет атқаратынын;
оқыту қоғамдастығын қалай ұйымдастыру мен қолдауды біледі.
Түйінді идеялар: Білім беру қоғамдастығы – оқушылардың оқу үлгеріміне игі ықпал етіп, өз мектебінде және мектептер арасында оқыту мен оқуды жақсартатын бірқатар іс-шараларды бірлесіп жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау үшін басқа әріптестермен бірігуге мүмкіндік беретін орын.
Коучинг жоспары: Видео-тілек тамашалау. Видео 1.
«Қоғамдастық – кәсіби даму нысаны» тақырыбы аясында баяндама оқу. Қосымша 1.
Топқа бөліну. Барлығы 3 топ. Коучингке қатысушылар отырған әр бір орындық арқасының артында (оң жағында) белгі бар. Түстеріне қарай (қызыл, сары, көк) қатысушылар өз топтарының белгісі үстелге барып отырады.
«Жигсо» әдісін түсіндіру. Қосымша 2.
Тапсырма № 1. «Қоғамдастық не үшін қажет?» тақырыбына өнім жасау. Әр топта 4 қатысушы бар. Әр қайсысының алдында нөмірленген парақтар жатыр. Осы нөмірлерге байланысты топ мүшелері бөлініп, ортақ тақырыптарын талқылайды.
1 топ. Қоғамдастық мүмкіндіктері. Қосымша 3.
2 топ. Қоғамдастық қиындықтары. Қосымша 4.
3 топ. Қоғамдастықты дамыту жолдары.Қосымша 5.
4 топ. Желілік қоғамдастықты ұйымдастыру. Қосымша 6.
Барлық тақырыптар талқыланып болғаннан кейін, қатысушылар өз топтарына қайта оралады да өнім жасауға кіріседі.
Өнімді қорғау.
Практикалық жұмыс. Онлайн конференция. Агент бағдарламасы арқылы пікір-талас өткізу. Хабарлама алмасу.
Мысал ретінде бұрынырақ құрылған қоғамдастық туралы мәлімет беру.
Сергіту сәті. Видео 2.
Топқа бөліну. Барлығы 4 топ. Қатысушылар бір-бір карточканы таңдап алады. Олардың келесі жағында сөздері жасырылған мақалдар жазылған. Жауаптарына байланысты (еңбек, білім, ұстаз, береке) қатысушылар өз жауаптары жазылған белгісі бар үстелге барып отырады.
Тапсырма № 2. Жаңадан құратын қоғамдастықтың атауын, ұранын, таңбасын әзірлеу.
Өнімді қорғау.
«Сыни тұрғысынан ойлау» тақырыбы бойынша баяндама оқу. Блум таксономиясысымен таныстыру. Қосымша 8.
Қоғамдастықтың атауы, ұраны және таңбасын бағалау. Ол үшін әр бір қатысушы өзіне ұнаған атаудың қасына қызыл түсті жүрекшені , ұранның қасына сары түсті бас бармақты , таңбаның қасына көгілдір түті күлімсіреген смайлик ☺жабыстырады. Бағалау соңында жабыстырылған белгілерді санау арқылы жеңімпаздар анықталады.
Өзін-өзі бағалау. Блоб ағашы.
Екі жұлдыз, бір тілек. Агент бағдарламасы арқылы хабарлама жіберу.
Рефлексия: Коуч ретінде әріптестеріме біршама көмек бере алдым де ойлаймын. Өткізілген коучингте әріптестеріме ой салатын бірнеше әдіс-тәсілдермен таныстырдым, атап айтсам, қоғамдастықтың қызметі мен мүмкіндіктері туралы, «жигсо» әдісін қолдану. Әріптестерім өз сабақтарында коучингтен алған білімдерін қолданып, оның қандай нәтиже бергенін айтады деген сенімдемін. Коучинг соңыда әр қатысушының ерекше атап өткендері: топтық жұмыс, әсіресе топпқа, рөлге бөлінуі, бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалауды. Сергіту сәті үшін тақырыпқа сай әзірленген бейнеклипте әріптестеріме ұнағанын байқадым. Сапалы білімін өмірдегі қажеттіліктеріне пайдалана білетін ұрпаққа Бағдарламаның идеяларын жақсы меңгерген мұғалім қажеттілігін әріптестерім де мойындайды.
HYPERLINK "Коучинг%20№%203.ppt" Коучинг презентациясының толық нұсқасы.