Та?ырып: WordPad м?тіндік редакторыны? интерфейсі


Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру. WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету; Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі:аралас сабақ Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Өткен тақырыпты еске түсіру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сергіту кезеңі
Тапсырмаларды орындауСабақты бекітуБағалау 
Үйге тапсырма беру.
І. Өткен тақырыпты еске түсір.
Сонымен балалар өткен сабақта біз Paint графикалық редакторы туралы өткен болатынбыз. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге мына тапсырмаларды беремін. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Өздерің таңдап алған кеспе қағаздарда түрлі тапсырмалар бар. Олар тақтада, компьютерде орындайтын тапсырмалар және сұрақтар бар. Сыныптағы 18 оқушыға арналған 18 тапсырманы кезекпен келіп суыра қояйық. Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.
Paint редакторы дегеніміз не? Графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
Paint редакторынмен қалай жұмыс жасаймыз? Мәтіндердің көркемделуін, жұмыс үстелі үшін фондық бейнелерді құруды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселер
Сурет салу, ашу және сақтау? Интерактивті тақтаның көмегімен көрсету.
ІІІ. Жаңа түсініктер:
Арнайы программалардың – мәтіндік редактордың көмегімен кез- келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:
мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;
керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;
мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады;
өз құжаттарыңды түзетуге;
құжатыңды суреттермен безендіруге болады.
WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
Мәтіндік құжаттарды құруға;
Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;
Құжатты басып шығаруға.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad.
Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.
WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз - жол – абзац – бет - мәтін.
Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.
Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар. Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады. Абзацтың ең негізгі қасиеттері:
Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;
Мәтінді түзеу тәсілдері;
Шегіністер мен интервалдар.
Сабақты бекіту:Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
Мәтіндік редактор деген не?
Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.
Мәтіндегі абзацтар бір – бірінен қандай символмен ажыратылады?
Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?
Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.
Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақтағанда қандай пішімді таңдау керек?
Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі. §19 тақырыптар. "Менің сыныбым" атты тақырыпқа әңгіме жазу.