Желсіз т?нде жары? ай
Сабақтың тақырыбыАбай Құнанбайевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі Сабақтың мақсаты:Өлең туралы жан-жақты мәлімет беру. Өлеңінің идеясын ашу, білімдерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету.Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, отаншылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі:жаңа сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі1.Сынып оқушыларының, сабаққа дайындығын тексеру2. Сабақтың мақсаты, барысы туралы түсінік беру1. Қызығушылығын ояту, оқушыларды топқа бөлу.1-топ «Күз»2-топ «Қыс»3-топ «Көктем»2. «Ой қозғау»:-әр топтан бір оқушы жыл мезгілдеріне байланысты өз ойларын айтып суреттейді. Мұғалімнің түсіндірмесіСендер, жаз мезгілі туралы осылай суреттейді екенсіңдер. Ал, енді Абай атамыз қалай суреттеген екен? Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейікӘр топқа постер беріледі. Қарым-қатынас шеңбері 1 топ: Абай Құнанбайұлының өмірбаянын жазыңдар2 топ: Абай Құнанбайұлының аудармаларын, поэмаларын жазыңдар3 топ: Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің атауларын жазыңдар. Сергіту сәті «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау
Желсіз түнде жарық ай өлеңін оқушыларға тыңдатуӨлеңнің мазмұнын айту. Мазмұнын ашуТоппен жұмыс1 топ: Веен диаграммасы2.топ: Буремэ әдісі, оқушылар өлең ұйқастырады3 топ: Көңіл-күй диаграммасы Кері байланыс Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?Сен үшін маңыздысы не болды? Үйге тапсырма «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау