Сегіз ая?, Желсіз т?нде жары?-ай


8-класс Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ». «Желсіз түнде жарық ай...»Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Абайдың «Желсіз түнде жарық ай..» өлеңімен таныстыру. Табиғаттың сұлулығына шабытты суреткердің көзімен қарай отырып, адам өмірі мен табиғат құбылыстарының арасындағы жалғастық пен үндестіктің бар екенін ұғындыру.2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын байыту. Еріктілікті дамыта отырып, қиыншылықты жеңе білуге тырысу.3. Адамгершілік тәрбиесін беру, табиғаттың сұлулығын, көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны қастерлеуге, табиғат бейнесін адам өмірі деп білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ, көрме, электронды оқулық, интерактивті тақтаСабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, іздену, өз бетімен жұмыс, топпен жұмысСабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың оқу құралдарын әзірлетіп, назарларын сабаққа аударуII. Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырма: Абайдың өмірі, шығармашылығы, қарасөздері, тақырып бойынша шығармашылық жұмыстары: «Мен таныған Абай» тақырыбында ойтолғау, өлең шығару, жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.ІІІ. Жаңа сабақ. Білгім келеді
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?Жырымен жан сусының қандырған кім?Өзіне - өзі орнатып ескерткіштіМұра қып, кейінгіге қалдырған кім?Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.Бүгінде ақын арманы орындалды. Еліміз тәуелсіздігімізді алды, биыл біз «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығын» тойлап отырмыз, еліміз қабілетті 50 елдің қатарында.Абай әлемі терең мұхит, сол мұхитты жүзіп өтіп, Абай әлемінен білім алайық.Бүгін біз ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен әрі мол, әрі көркемдік жағынан келісті, зор шығармаларының бірі - «Сегіз аяқ» өлеңімен танысамыз. «Сегіз аяқ» Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.1. Абай оқуларының аудандық жүлдегері Айдана «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді оқып береді.2. Өлеңді мәнерлеп оқу. /әр топтан 1 оқушыдан/.3. Өлеңде не жайында айтылған? Не түсіндік?а/ Ақын бұл өлеңде әлеуметтік мәселелерді сөз қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына ерекше тоқтап, үлгілі сөздер айтады.б/ Ақын тек өмірдің шындығын ғана ашып қоймай, алға қойған мақсатты орындау үшін не керек екендігін де ашып көрсетеді.г/ Ұлы ақын жастардың адам болу үшін ең алдымен еңбек ету керек, білімді болуы керек және халқына пайдалы еңбек ету керек деп қорытынды шығарады.
«Сегіз аяқ» өлеңінде ақын өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі, мұнда бір жағы – сын, сықақ болса, екінші жағы - өсиет, ғибрат беру.«Сегіз аяқ» өлеңі 1 шумақ«Алыстан сермеп,Жүректен тербеп,Шымырлап бойға жайылған.Қиуадан шауып,Қисынын тауып,Тағына жетіп қайырған -Толғауы тоқсан қызыл тіл,Сөйлеймін десең, өзің біл«Сегіз аяқ» өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін, шумақтың өрнегін Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған.«Сегіз аяқ» өлеңі - өз заманындағы өмір шындығы көрсетілген өлеңдерінің бірі.Абай өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрлендіріп, әдейі арнап ән де шығарған.7. Ән тыңдау. Жүсіпбек Елебековтың орындауында «Сегіз аяқ».Бұл әннен өлеңнің мазмұны мен мақсатына ақынның ерекше зер салғанын көреміз.8. Дәптермен жұмыс.Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу. Жұмыс дәптері
1. Өткірдің жүзі,Кестенің бізіӨрнегін сендей сала алмас.2. Білгенге маржан,Білмеске арзан,Надандар баһра ала алмас.3. Тамағы тоқтық,Жұмысы жоқтық,Аздырар адам баласын.4. Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарның тіленбей.5. Тамағы тоқтық,Жұмысы жоқтықАздырар адам баласын.ІV. Білдік./сабақты пысықтау/1. “Кім жылдам “ топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/Түбінде баянды еңбек - егін салғанЖасынан оқу оқып, білім алған.Би болған, болыс болған – өнер емес,Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған., қара өлең ұйқасыБілімдіден шыққан сөз, аТалаптыға болсын кез. аНұрын, сырын көруге, -Көкірегінде болсын көз. аЖүрегі – айна, көңілі ояу, бСөз тыңдамас ол баяу, бӨз өнері тұр таяу, бҰқпасынба сөзді тез. А аралас ұйқасӘннің де естісі бар, есері бар,Тыңдаушының құлағын кесері бар.Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,Тыңдағанда көңілдің әсері бар. Қара өлең2. Дәптермен жұмыс.Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу.3. “Сен маған, мен саған” /даналық толғамдарының жалғасын табу/.VII. ҚорытындыРефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу5. Үй тапсырмасы:
1. «Сегіз аяқ» «Желсіз түнде жарық ай…» өлеңін жаттау2. Абайдың өмірбаянынан деректер жинау