Интернет желісі 8 сынып
Тақырыбы:
• Интернет желісіМақсат:
Жаңа білім • Интернет қызметтерімен танысады;
• Домен түрлерін ажыратады.
Жаңа түсінік •Сайт, сайт беттермен танысады;
•Протокол типтерін атайды.
Қолданым әрекеті •Интернет қызметтерін пайдалану мақсаттарын үйренеді.
Талдау әрекеті •Сайттың тіркелуін талдайды.
Шығармашылық әрекет •Өздері білетін бір сайттың домен аттарын жазады.
Бағамдау әрекеті •Интернет протокол және сәйкес қызметтерін жаза білу;
•Домен және сайт, сайт беттері ұғымдарын білу.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (15 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі:
• Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі:
• Жеке, топпен жұмыс, өз бетімен жаңа білім алу,бекіту жаттығулары
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Жаңа терминологиямен таныстыру
Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету
Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
2. Компьютерная модель. Ақпарат көзі: Википедия HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Интернет" http://kk.wikipedia.org/wiki/Интернет
Оқушы жетістігін бағалау:
• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
• Бонус-балл тапсырмасы
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
1. Интернет ұғымын таныстыру;
2. Интернет қызметтері;
3. Домен деңгейлері.
Слайдтар:
1-слайд Интернет ресурстарына қол жетімдік.
Интернет қызметтері.
2-слайд Интернет
Internet — International(мемлекетаралық) Network(желі) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
3-слайд Интернеттің принципі
Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік,
ғылыми және үй желілерінен құралған.
Әртүрлі архитектуралы және топологиялы
желілерді біріктіруге HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=IP&action=edit&redlink=1" IP (Интернет Protocol)
протоколын және мәліметтер пакеттерін
маршрутизациялауды қолдану арқылы қол
жеткізілді.
4-слайд Провайдер
Интернет қызметі провайдері (Провайдер службы Интернет; Internet service provider) — кез келген тұтынушыға Интернетке қосылу мүмкіндігін ұйымдастырып беретін компания немесе мекеме.
5-слайд Интернет протоколдары
Протокол түсінігі - желімен жұмыс жасаған кездегі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Әртүрлі компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы керек. Интернет протоколдар жүйесін TCP/IP протоколдар жиыны деп атайды. Төменде кең тараған интернет-протоколдардың аттары келтірілген:
DNS, FTP,HTTP,HTTPS,IMAP,LDAP,POP3,SMTP,SSH,Telnet, тағы басқа.
4492625196856-слайд Қазіргі заманғы кең тараған интернет қызметтері
Бүкіләлемдік тор
Веб-форумдарБлогтарУики-проекттер (Уикипедия)
Интернет-дүкенИнтернет-аукцион
7-слайд Электронды почта
Электронды почта немесе HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/E-mail" е-mail (electronic mail) - адамдар
арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады.
Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы –
планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру
Электрондық поштаның ең үлкен қызмет провайдерлері :
* Yahoo!
* MSN
* Gmail350520-687705
8-слайд Сайттар, сайт беттері
Сайт немесе веб-сайт-(website:web - желi және site - орын) - бiр мекенжайға (домен атымен немесе IP - мекенжаймен) бiрiктірілген компьютер желiсiндегi электрондық құжаттар.
4231005-703580Сайт беті - виртуальды адресі бар белгілі бір үзындықтағы, сайтты құрайтын блок. Мысал үшін, «facebook» сайтын құрайтын сайт беттері – онда тіркелген адамдар (пайдаланушылар) жасағананкеталар болып табылады.
9-слайд Интернет-радио
Интернет-теледидар Ақпаратты жеткізу үшін ағымды интернет байланысын пайдаланатын теле немесе радио станциалар.
-53340372745Қазақстан желісінде ең танымал интернет-радио
станциалары:
1 Радио NRJ http://energyfm.ru/2 DFM http://dfm.ru/3 Европа + http://europaplus.kz/4 Love Radio http://loveradio.kz/5 Авторадиоhttp://avtoradio.ru/10слайд
11-слайд Тапсырмалар
Қазақстанның жоғарғы доменінде
тіркелген, екінші деңгейдегі домені school
болатын сайтты жазып көрсетіңдер.
Өздерің білетін бір сайттың бірінші
және екінше деңгейдегі домен аттарын жазып
көрсетіңдер.
12-слайд Қорытынды
Интернет - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Интернет кең тараған қызметтері:
Бүкіләлемдік тор
Электронды почта және файл алмасуИнтернет-радио және теледидарДомендер:
Бірінші деңгей:
Географикалық;
Административті;
Екінші деңгей.
іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Интернет қызмет типтері Типтерді сипатта Жасалу жолдары
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Интернет қызмет типтерін атаңыз.
Өздерің пайдаланатын қызмет типтері.
Протокол типтерін атаңыз.
Сайт және сайт беттеріне айқын мысал келтіріңіз.
Қазақстан Республикасы территориясындағы коммерциалық мүддеде ашылған сайттық домені қандай болуы тиіс?
Интернет жүйесінің қазіргі таңда маңызы қандай?
Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс атқаратын қандай интернет провайдерлерді білесіңдер?
ІІ деңгей тапсырмалары
Географикалық бөліну доменнің қай деңгейіне тән?
Сынып ішінде қай қызмет типі пайдаланылады?
ІІІ деңгей тапсырмалары
Интернеттің қай қызметі үлкен жылдамдықтағы байланысты талап етеді? Неге?
іV. шығармашылық әрекет Топтық жұмыс.
nu.edu.kz сайтына домен бойынша анализ жасаңдар.
V. бағамдау-бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________