?.Ыдырысов Жа?быр 3 сынып
Тақырыбы: «Жаңбыр» Қ.Ыдырысов
Мақсаты:
1 Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі түрде өз сөздерімен айтуға төселдіру, автор туралы түсінік беру, жаңбырдың түрлері, пайдасы туралы мағлұмат беру.
2 Оқушылардың сөздік қорларын молайту, тіл байлықтарын дамыту.
3 Табиғатты аялауға, көркейтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО әдісінің элементтері, сөзжұмбақ, сиқырлы қалпақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге!
Үй тапсырмасы
Ойлану баспалдағы
(тарауды пысықтау)
1 Біздің өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?
2 «Дала» шығармасының авторы кім?
3 Осы тарауда Абайдың қандай шығармасын оқыдық?
4 «Малсақ бала» әңгімесіндегі негізгі ой?
5 «Көлде» шығармасында кездескен құстарды ата?
Өзіммен өзім
(Оқушылар көздерін жұмып, жаңбырдың дыбысын естігендерін айтады.)
Жаңа сабақ
Ыдырысов Қабдыкәрім «Жаңбыр»
Ақын , аудармашы 1928ж Павлодар обл,Ақтоғай ауылында дүниеге келген
Шығармалары: Өмір гүлі; Жасырынбақ; Әрқашан күн сөнбесін;Үйелмелі-сүйелмелі;Шуақты күндер; Әке жолы
Павлодар педучилищесін,Абай атындағы мемл-к институт бітірген
Тұңғыш өлеңі 1947 жылы шыққан. 30-дан астам үлкенді-кішілі кітабы жарық көрген
«Қазақстан пионері», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған. «Жалын» баспасының директоры
Павлодар педучилищесін,Абай атындағы мемл-к институт бітірген
Ыдырысов Қабдыкәрім
«Бір айналым сөйлесу»
Жаңбыр туралы не білесіз?
Оқулықпен жұмыс
1 Тізбектей оқу
2 Әр шумаққа ат қою
Топпен жұмыс
«Орада қаламсап » әдісі арқылы әр топ жауап беруге мүмкіндік алады.
топ: Жаңбыр туралы мақал-мәтел айту
топ: «Еркін жазу стратегиясы» Жаңбырдың пайдасы
топ: жаңбыр туралы 5 жол өлең
топ «Галереяны шарлау» «Жаңбырлы күн» сурет салу
Сабақты бекіту.
«Сиқырлы қалпақ » арқылы ойларын қорыту.
Үйге тапсырма
Өлеңді жаттау, бүгінгі сабақта айтылмаған мақал-мәтелдерді жазып келу.
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды қолшатырдың қызыл түсін –«5», көк түсін «4» деп бағалау.
Боран Нысанбаев орта мектебі
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: «Жаңбыр»
Сыныбы: 3 «е»
Өткізген: Тулманова Н.Ж.
Атырау қаласы-2015