Т?рбие са?аты та?ырыбы Сары жапыра?тар жау?анда


Сары жапырақтар жауғанда
Мақсаты:1) Алтын күз мерекесін өткізу.2)Күз туралы түсініктерін кеңейту.3)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: «Алтын күз» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер,баян аспабы, үнтаспа т.б.Барысы:«Саржайлау» әні ақырын орындалады.І) Әнұранмен бастау. Балалар орындарынан тұрып бәрі бірге әнұранды айтып шығады.Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз,Жасымыз бен кәріміз.Қырдан кепті қыдырып,Алтын күзге нұр төгіп.Тілегім аман болсын ел іргесі,Алтын күз қайта келді берекесі.Молшылықтың жаршысы бола білді,Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.ІІ) Балалар біз сендермен жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз? «Алтын күз» ханшасын ортаға шақырайық, балалар!-Амансыңдар ма,балалар! «Мен сендерге қонаққа келдім,сыйлық әкелдім.»Төрге шығып отырады.-Ал енді сендер өздерің жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.АмандасуАмансың ба, алтын күн,Амансың ба, жер ана!Амансың ба, достарым,Сендерді көрсем қуанам.КАМИЛАКүзде жауын,бұлт,тұман,Сары жапырақ жауады!Сары құйын ұйытқан,Сапырады ауаны.МЕРЕЙТапталады табанға,Судыр-судыр жапырақ.Өрттей сары бояуға,Малынғандай атырап.ЖҰЛДЫЗҚайтқан құсты көрдің бе,Қаптай ұшқан әуелеп.Күткен күзім келдің бе,Сыңсып бағың мәуелеп.ФАРИЗАҚамба толды астыққа,Алғыс саған,алтын күз!Бір уыс дән шаштық та,Қап-қап қауын алдық біз.ҰЛПАНСәбізКім бар сәбіз шырынынЖастайынан ішпеген?Мені жеген адамдар,Кем болмайды күшке де! ШЫНТАСЖүзімМен жүзіммін, жүзіммін,Моншақ болып тізілдім.НҰРАСЫЛӨрікМен өрікпін,өрікпін,Бау-бақшаға көрікпін.НҰРҒАЛЫМШиеМен шиемін,шиемін,Күннің көзін сүйемін.Қышқыл шырын менде бар,Төмен басты иемін.МөлдірҚызанақПіскен кезде қызанақ,Көз тартар қызыл түсімен.Бар ма адам сүйсінбей,Томат шырынын ішпеген?Айша.АлмаМен алмамын,алмамын,Таңдай жұлар бар дәмім.АЙЗЕРЕШалқанКім білмейді шалқанды,Талайлар маған таң қалды.НұрайКүнТаңмен көзін ашады,Әлемге нұрын шашады.- «Қара жорға» биі-Ойын ойнайық балалар: «Картоп жинау» ойыны- «Жапырақтар» биі қыздардың орындауында.ІІІ) «Шалқан» орыс халық ертегісі.Кейіпкерлер:Олжас - ШалқанЧингизхан - АтаАйжан- АпаНазерке - ҚызӘбілмансұр – Күшік Зарина – МысықМөлдір – Тышқан- «Күрең күз» вальс биі ІҮ) «Балақан» әні –бәрі бірге хормен айтады.Сергіту сәті:«Ағаштар»Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел соғады.Кіп-кішкене ағаштар,Үлкен болып өседі.Ү) Хормен ән«Біз өмірдің гүліміз»ҮІ) Би «Шоқ қыздар» ұлдар билейді.- «Құстар» әнін бәріміз бірге қосылып айтамыз.- «Алтынкүз» ханшасы балаларға сыйлығын таратып береді, рахметін айтып қоштасады.
Менің тұңғыш президентім
Мақсаты:
а)Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.ә)Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Елбасы суреттері, жүрек шар, сандар.
 
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы:
І. Мұғалімнің сөзі:
Мұғалім: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайаткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.Айзере
Болашағым Қазақстанның алдағы,Орындалсын қазағымның арманы.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,Қазақстан Республикасының қалауы.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын,Халқым менің Елбасыны қолдайық.Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!
1  - Бірінші президент 
Президент өмірбаянынан мағлұмат.
Мұғалімнің сөзі: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген.Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынап оқыған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.Соның бірі «Елбасы жолы» фильмытуралы. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға былтыр шықты. Оны сендер тамашаладыңдар. «Темір тау» және «Отты өзен» атты бөлімдері қазір қатар түсіріліп жатыр.(видео көрсету)
Ұлпан:
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
Нұрасыл:
Ел тірегі- қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!
ІҮ. Н.Назарбаевтың нақыл сөздері.
Балалар қағаздың артында Елбасымыздың нақыл сөздері жазылған. Бір-бірлеп алып мағынасын түсіндіреміз.
«Жақсыдан бақ қалады»
«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»
«Тәрбие ошағы – мектеп»
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»
«Бiз үйренетін ұлттанүйреттетін ұлтқа айналуымыз керек»
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»
Сонымен қатар біздің Елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. «Бәйтерек» тобы орындайтын «Сарыарқа әні», Музарт тобы орындайтын «Үшқоңыр» әні, Бекболат Тлеухан орындаған «Елім менің» әні, Әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әні. (Әндерді тыңдату.)
Шынтас:
Еліміздің жетістігін бүгінгі,Елбасының саясаты деп білем.Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,Нұрсұлтан Назарбаев дер едім.
Нұрғалым:  
Қазақ елі желбіреп көк байрағыңГүлге оранды ауылың мен аймағыңНұрсұлтаның биіктерге бастадыОл көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Ү.Шын жүректен
- Балалар, сендер білесіңдер 1-желтоқсан «Президент күні» болып қабылданды. Қазір тақтаға шығып, жүрек шарды қолымызға алып, Елбасымызға шын жүректен лебізімізді білдіреміз.
Мерей:
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ал арманы өрілген.
Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтайды төрімнен!
ҮІ. Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?2. Басшы адам қандай болу керек?Мұғалімнің сөзі:  Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа,  Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.
(Сабақты Қазақстан Республикасының Әнұранымен аяқтау)
Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ.
Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,Келген жылға қарамаңдар тосырқап.Жаңа жылың құтты болсын аталар,Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.Жаңа жылың құтты болсын аналар,Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,Соңдарыңнан ере берсін боталар.Армысыздар аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіздер ме балалар!Бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне қош келдіңіздер!!!Балалар,ортаға шығып «Жаңа Жыл» әннің орындап берейікшіӘн: «Жаңа Жыл»Ортаға бес бала жүгіріп шығады.Нұрғалым:
Аспан жерге төгедіАқ күмісін уыстапЖаңа жылда келедіБізге қарай жылыстап.Айзере: Өлең де әзір, ән әзір,Ойын да әзір, бәрі әзірКел Жаңа жыл біздергеКел Жаңа жыл, Жаңа жыл.Мерей: Жаңа жыл, Жаңа жыл,Жаңа жыл да жаңа жыр.Жасыл шырша жаныңда,Жарқырап бар бала жүр.Нұрасыл: Қызық думан күн келді,Жасыл шырша түрленді.Аяз ата сүйіп терледі,Үйге кірді төрледі.Жүргізуші: Жамыл желек жамылған,Асыл моншақ тағылған.Міне сол шыршамыз,Көптен күтіп сағынған.Кел, балалар, келіңдер,Тамашаны көріңдер.Бәрі бірге: Қала нұр, дала нұр,Құтты болсын Жаңа жыл!Би: «Көңілді би»Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл –жылқы жыл келіпті.Жылан жыл: Сәлеметсіздер ме балалар!Балаларым, қарағым,Күнім, нұрым, жанарым!Орындалып ойларың,Құтты болсын тойларын!Балалар, міне сеңдермен қоштасатын кез келді. Жақсылап Жаңа Қой жылын қарсы алыңдар. Сау болыңдар!Балалар: Сау болыңыз!Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылды қарсы аламыз ба?Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,Балбұл жаңған беттерін аяз өпкен.Айналайын, халайық, қарсы алыңдар,Жаңа жылды асыға көптен күткен!Қой жылы кіредіҚой жылы: Армысыздар халайықБармысыздар, халайық.Жаңа жылды жұп жазбай,Бірге қарсы алайық!Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Қой жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарына рахмет! Жаңа жылдарын құтты болсын!Бүгін мен сендерге мына тұрған үйіміздің сиқырлы кілтін тапсыруға келдім.Жүргізуші: Ал ол үйдің ішінде не бар екен?Жылқы жылы: Оның ішінде көптеген балаларға арналған сыйлықтар бар.Жүргізушіге кілт тапсырады.Жүргізуші: Олай болса балалар шыршамызға іліп қояйық. Жаңа жыл кешінен кейін үйді ашамыз.Кілтті іліп қоядыЖылқы жылы: Мен бүгін сендердің мерекелеріңді көріп тамашалайын,қандай өнерлерін бар екен?Жүргізуші: Отырыңыз, сізге біздің балалар көптеген өнерлерін көрсетеді. Тамашалаңыз.Балалар шеңбер жасап тұрадыӘн: «Жасыл шырша»Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Сендердің «Ертегілер еліне» барғыларың келе ме?Балалар: Ия.Жүргізуші: Балалар қараңдаршы «Ертегілер елінің» іші тыныш, неткен керемет әдемілік!Осы кезде қызыл телпек кіредіҚызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендер мені таныдыңдар ма?Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз.Қызыл телпек: Балалар, біздің «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер»! Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер.Сыбдыр шықса қашады,Қырдан бір – ақ асады. Бұл не?Балалар: ҚоянОсы кезде қоян секіріп кіредіҚоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қай ертегідегі қоянмын? Қалай ойлайсындар?Балалар: Бауырсақ ертегісіндегі қоянсың.Қоян: Жарайсыңдар балалар,ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?Балалар бірге: Ұзын құлақ сұр қоян,Естіп қалып сыбдырды.Ойлы – қырлы жерлермен,Ытқып – ытқып жүгірді.Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Тағы бір жұмбақ жасырайын.Қыс бойына жатады,Тәтті ұйқыға батады.Бұл кім?Балалар: АюҚорбаңдап аю келеді.Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен қай ертегіден келдім?Балалар: Сіз «Маша мен аю» ертегісіндегі аюсызАю: Өте жақсы. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Ал аю туралы тақпақ білесіңдер ме?Балалар: Алып батыр балпаңмынАқ ниетім дарханмын.Басқа аңға тимеймін,Балпаң, балпаң билеймінҚызыл телпек: Қандай тамаша.Тағы жұмбақ шешесіңдер ме? Қай ертегі екенің таба білесіңдер ме?Мен атадан қаштым,Мен әжеден қаштым,Қояннан да қаштымБалалар бұл қай ертегіден?Балалар: «Бауырсақ» ертегісіСәлеметсіңдер ме балалар. Ал «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты кім жеп қояды?Өзі айлакер, қу.Балалар: ТүлкіОсы кезде майысып түлкі келеді.Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен түлкімін. Жаңа жыл мерекесіне келдім. Маған арналған тақпақты айтып беріңдерші.Көрсін біздей балғынды,Көңілденсін ло ендіШырқатайық ән – жырды,Шырқатайық өлеңді.Бір бала ән айтады,ал аңдар билейдіӘн: «Ертегілер»Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Бәрі ертегілерді біледі екенсіңдер.Ал маған сендермен жаңа жылды қарсы алуға болады ма?Балалар: Ия.Жүргізуші: Отыңыз Қызыл телпек. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайынАқсақалды шал жылынаБір – ақ рет келедіҚызы мен ұлынаСыйлық алып келеді.Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!Оның орнына сыпырғышпен Мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.Мыстан кемпір: Ой, қандай керемет шырша! Қандай әдемі, үйге алып кетейін бе?Шыршаны жұлмалай бастайды.Жүргізуші: жетер, тиіспеңіз, бұл біздің шыршамыз. Бүгін Жаңа жыл мерекесі.Мыстан кемпір:Ойланып. Жарайды шыршаға тиіспеймін. Бірақ сендер менің бір жұмбағымды шешіңдер. Балалар шеше ала ма екен?Қалтасынан кәмпиттерін алып шығады, оның ішінде жұмбақ жасырулы.Бірінші жұмбақта таппайды;Екінші жұмбақта кәмпит табылады;Үшінші жұмбақты балалар шешедіМыстан кемпір ашуланып, шыршаның үстіндегі сиқырлы кілтті көріп қояды. Әрі – бері жұлмалап шыршадан кілтті алып, үйді ашпақшы болады.Кәне ашып көрейін, ішінде алтын бар шығар.Әне – міне ашам дегенше далада боран соғып, мыстанды боран алып кетеді. Балалар кемпірді қуады. Кілт қалып қояды.Жүргізуші: Балалар, тағы да көрейік аяз атаны шақыруға.Балалар аяз атаны шақырады. Аяз ата кіреді.Аяз ата: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,Құттықтаймын бәріңдіЖасым келіп қартайғанМен ақ шашты атамын.Өздерін сияқты балалардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Міне сендердің орталарыңа да жеттім.Ау бүлдіршін қыздарымЖас жеткіншек ұлдарым.Қандай жақсы жүздерін,Қуанышты силайын.Ортаға балалар шығып тақпақтарын айтадыКамила: Аппақ тонға ораныпБазарлықты мол алыпКелді алыс сапарданАяз ата оралып.Жүргізуші: Шеңберге тұрып Аяз атаға әнімізді шырқайықӘн: «Аяз ата»Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өлең – жырларына көп рахмет.Жүргізуші: Аяз ата мен сізге сиқырлы кілтті ұсынайын.Жүргізуші кілтті ұсынады. Аяз ата үйді ашады. Қаптың ішінен сыйлық беретін кезде мыстан кемпір шығады.Мыстан кемпір: Ку- кук. Мен мұндамын. Күтпедіңіздер ме?Аяз ата: Мыстан кемпір не істеп жүр қапшықтың ішінде?Сиқырлы таяқшасымен айналдырадыАяз ата: Бір, екі, үш!!!Сиқырлы таяқшаБер қапшыққа күш!!!Осы кезде Мыстан кемпір Ақшақарға айналады.Жүргізуші: Қандай керемет! Сәлеметсіз бе АқшақарАқшақар: Келді міне Жаңа жылҚуанышпен біздергеҚұтты болсын қуанышҚұттықтаймыз сіздерді!Аяз ата: Қызым кәне шыршаны жағайық. Балалар сендердің көмектерін керек. Бәріміз бірге «Шырша шамы жарқыра» деп айтайық.Шырша жанадыАяз ата: Жаңа жылға арналғанКімнің қандай әні бар?Айналайық шыршаны,Кімнің қандай сәні бар?Ән: «Қыс келді»ТақпақтарНұрай: Сылдырлайды моншағыШыршамыздың мол шамыБізбен бірге жайдарыЖарқырады, жайнады.Би: «Ақша қарлар»Сағат соғысы.Аяз ата, Ақша қар, Қызыл телпек, аңдар және Чупа – Чупс сыйлықтарды шанамен алып келеді.балаларға таратты.Аяз ата: Бізге де қайтатын уақыт келді. Жаңа жыларын құтты болсын!!!Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін.
Күні:
Сауат ашу
Сабақ тақырыбы:    Б дыбысы мен әрпі
мақсаты:    а) Б дыбысы мен әрпін таныстыру. Б дыбысы барсөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөздердідұрыс оқып, сауатты жазуға төселдіру. Б әрпінің баспа жәнежазба түрлерін таныстыру.ә)  Ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.б)  Оқуға, білімге  деген қызығушылығын қалыптастыру, достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Түрі:                    Аралас сабақ.Әдісі:                  Сөздік, жұмбақтар шешу, ойындар, көрнекілікпен жұмысКөрнекілігі:     Суреттер, буындар, кеспе әріптер, дидактикалық ойын түрлері.Сабақтың жүру бағыты:       I.   Ұйымдастыру.                                   Назарларын сабаққа аудару.                                                 II. Үй тапсырмасы.Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
М қандай дыбыс?М әрпінен басталатын сөздерді кім көп біледі?                                          III. Үй тапсырмасын бекіту.а) Тақтада 2 оқушы «адам, қадам» сөздерін жазып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды бормен белгілеп, әр бағандағы сөздердің буын ұқсастығына мән беріп, қ дыбысын қосқанда, жаңа сөз жасалатынын айту.ә) Кеспе әріптермен 2 оқушы  «монша, моншақ» сөздерін құрастырып жазып, буынға бөледі.(буын ұқсастығы, айырмашылығы, қ-дыбысын қосқанда, жаңа сөз жасалатынын айту)б) Отырған оқушылар «Май, шам» сөздерін дөңгелекшелермен жазады, сол сөздерге қатыстырып сөйлем ойлайды. Сөйлемде неше сөз барын айтады.                                          IV. Жаңа сабақ                                Жұмбақтар шешуа)  1. Ол суда жүреді                                          (балық)     2. Бір көзім: «Кідір!»-дейді         Бір көзім: «Жүгір!»-дейді         Бір көзім: «Абайла!»-дейді         Қарап ал, маңайға!-дейді                           (бағдаршам)1.                            Өлең         Бақа, бақа балпақ         Басың неге жалпақ?         Көзің неден тостақ?         Бұтың неге жалпақ?      — Өлең не туралы айтылған?                                (бақа)ә)   — Осы: «Балық, Бағдаршам, Бақа» сөздеріндегі алғашқы дыбыс қандай?      — Б дыбысы      — Ендеше, бүгін біз «Б» дыбысымен танысамыз.б)  «Б»-дыбысы дауыссыз дыбыс.  Бб (ббббб) хор айту.    (-еріннің  бір-біріне нық тиіп, тез ашылуынан б дыбысы пайда болады.    Ұяң дауыссыз дыбыс.     Б-сөздің басы мен ортасында кездеседі.в) Б әрпінің баспа, жазба  бас және кіші әрпімен таныстыру.г) «Бақа» сөзіне дыбыстық талдау жасау.д) Бағандағы сөздерді буынға бөліп, хормен оқыту, мағынасын түсіндіру.                                 V Сергіту сәті     Қане, қанат жазайық,     Қарлығаш боп ұшайық.     Ұшып-ұшып алайық.     Орнымызға қонайық.     Әдімі етіп жазайық                                VI    Дәптермен жұмысБ дыбысының жазылуын тақтада жазып көрсету.Ауада жазу.Өз беттерінше дәптермен жұмыс.                                                                                    VII   Оқулықпен жұмыс1. Сөйлемдерді оқыту.Болат, ба-ла-пан-дар-ға қара, жем шаш, су бер, тамақтандыр.                          (5 буын, 3 сөз бар)                                       VIII    Сөздік диктант.    Қар, нан, мата, доп, тау.                                        IX   «Әріп және сөз» ойыны.а) жоғалған әріп:                             Там…қ,  мақт…,  Арм…н, мат…, қ…й.ә) Шашылған әріп, сөз құрастыру:           1)     м,а,т,қ,а  (мақта)           2)     м,л,а       ( мал)           3)     м,л,о       ( мол)                                        X   Жұмбақтар1.      Жазу жазып жалықпаған,          Жаза-жаза арықтаған                                 (бор)2.      Аласа сөзіне қарама-қарсы сөз                 (биік)                                       XI   «Неге айналады?» ойыны арқылы сабақты қорыту.- Жұмыртқа неге айналады?                              (-балапанға)- Дән неге айналады?                                          (-бидай,арпаға)- Гүлдер неге айналады?                                    (-жеміске)- Көжек неге айналады?                                     (-қоянға)-Уылдырық неге айналады?                              (-балыққа)
Осы: балық, балапан, бидай, сөздеріндегі б дыбысы қандай дыбыс?Б дыбысы қалай пайда болды?Б сөздің қай жерінде кездеседі?Б дыбысы қалай жасалады?                             XII     БағалауБелсенді жақсы орташа оқушыларды мадақтау арқылы бағалау.
Ашық сабақтың тақырыбы: Құрбан айт – қасиетті мереке Ашық сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру. 2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Ашық сабақтың көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер, діни кітаптар. 1.Құрбан шалу – мұсылмандықтың маңызы. 2. Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды. 3. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді. 4. Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол. Ашық сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Ашық сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды екі топқа бөлу. ІІ.Құрбан айт туралы не білеміз? Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт. Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт- мұсылманның ұлық мерекесі. Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп. Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп: - Мұсылман болуы; - Ақылды және балиғат жасына толуы; - Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы; - Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат. Ибраһим (а.с) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла тағалаға жалбарынғанды.Бұл тілегі қарттық шағында болмасы бар ма?! Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқанын көрді.Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс.Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «балам түсімде Алланың әмірімен сені құрбандыққа шалуға ниеттеніп, бауыздайтын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?» дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді: «Әкетай,еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не болса да орында.Тәуекел ет!» деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес,Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді.Сол үшінде қыңқ деместен, «кессең мойным міне» деп пышаққа түсті.Әттең,қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылды.Соңынды сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Алланың өзі аян білдірді: «Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың.Міндетіңді орындадың. Исмайылдың орнына құрбандық ретінде шаларсың деп қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылай марапаттаймыз!» Иә, Алла тағала сынағаны болмаса, Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады.Ол тек Ибраһим пайғамбардың өзіне адалдығына,әмірін қалтықсыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Ибраһим пайғамбардың кезінде құрбан шалу қажылықтың бір шарты ретінде сүннетке айналып,соңғы елші хазірет мұхаммедке де (с.а.с) жетті.Осы кезден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ құлшылықтың түріне айналды.Құрбан шалу Алла елшісі (с.а.с) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін,хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді. Топпен жұмыс. І. Екі топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар бойынша оқушылар жауап береді. 1 топ 1. Құрбан шалудың пайдалары 2. Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді? 2 топ 1. Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар 2. Құрбандықтың уақыты ІІІ. Өзіңді таны І топ Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазу. ІІ топ Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазу. ІҮ. Мақал –мәтелдер сайысы І топ. Адамгершілік, мейірімділік, ұқыптылық, тазалық туралы. ІІ топ. Еңбек туралы. Ү. Қорытынды Егемен ел атанған көпұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат балаын бауырына басқан еңселі мемлекет ретінде танылды. Тұғыры берік тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі жасампаз халқымыздың ділімізбен қайта қауышуы екені даусыз.Олай болса үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше.Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін жандарға қамқорлық көрсетеді. Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Білім беру саласы: «Шығармашылық» Оқу іс-әрекеті: Бейнелеу өнері Тақырыбы: «Қар ханшайымының аязды өрнектері» Мақсаты: Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге үйрету. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, касса, үлестірмелі материалдар.Ойынға қажетті заттар. Әдіс-тәсілі: Сөздік, көрнекілік,практикалық. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: «Жылулық шеңбері» -Армысыз, шұғылалы алтын күн! - Армысыздар қонақтар! - Армысыздар апайлар! -Сәлем,сәлем достар!!! Психологиялық сәт. Балалар бүгінгі сабағымызда бір-бірімізге жақсы сөздер, тілектер айтумен бастайық.Аспанымыз ашық болсын. Заманымыз тыныш ,денсаулығымыз мықты болсын! Енді барлығымыз орнымызға отырайық. Балалар бір жылда неше мезгіл бар? 4 Ал қазір жылдың қай мезгілі? /қыс/ Қыста ауа райы қандай болады? /суық, аяз, боран, / Қыста не жауады? /қар/ Қардың түсі қандай? /ақ/ Сендер бақшаға қалай киініп келесіңдер? /қалың киініп/ Қысқы ойындарды атайықшы. «Қар атпақ», Шанамен, шаңғымен сырғанау, аққала жасап ойнау. Енді, Қыс қызығына байланысты өлеңдерді айтайық. Ауыл сырты-биік жар- Бізді күтіп тұр қарап. Төбесіне шығып-ап, Жөнелеміз сырғанап. Қандай қызық қыс деген, Бәрін шебер істеген. Бау-бақшаны, тауды да, Бояған ақ түспенен. Сергіту сәті. Балаларды топқа бөлу. І топ: «Ертегіні жандандырушылар» ІІ топ: «Тапқырлар» ІІІ топ: «Тілшілер» Тапсырмалар: І топ: «Алдар мен бай» кейіпкерлендіру. ІІ топ: Жұмбақ айту /қыс мезгіліне сай/ ІІІ топ: Сурет бойынша сөйлеу. Дидактикалық ойын: «Қар қиыршықтарын кім тез жинайды?» Қимылды ойын: « Өзім киіп аламын» Шалбар киеміз Етік киеміз Пальто киеміз Орауыш тағамыз Қолғап киеміз Енді, балалар «Қыс» суретіне қарайық. Ағаштарды не басқан? /қар басқан/ Ағашты қар басып тұрғандықтан, аппақ күмістей жалтырап тұр. Қазір мен сендерге ағаштың үстіне қылқаламмен қар суретін салып көрсетейін (қылқаламды ақ бояуға батырып сүйкей жағу арқылы қар салу) «Қыс қызығы» сабағымыз өздеріңе ұнаса «Қыс қызығы» өлеңін бәріміз қосылып айтайық. Қорытынды : Балалар бүгінгі сабақта біз қай мезгілді әңгіме еттік. Сабақ ұнады ма? Осымен сабағымыз аяқталды. алаларды мақтау- мадақтау.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік.
Құрметті қонақтар сүйікті балалар ! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 22 жылда біраз өзгеріске ұшырады нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.Ән-ұран. Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытан деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға арналған таппақтар тыңдаңыздар:
1 Бала:Қайраттай қайсар ұлдардыңЖанымен келген еркіндікЖазира мен ляззаттыңАрымен келген еркіндікҚасірет пен қайғыныңБәрімен келген еркіндік
2 Бала:Он алтыншы желтоқсанЕл мерейі тасығанҚазақ деген қалың жұртБәрін кешті басынан
3 Бала:Әр қазақтың есінде сақталадыЖелтоқсандық өрендер ақталадыЕл намысын қорғаған сарбаздарымЕрліктерін мәңгілік сақталады.
4 Бала:Он алтыншы желтоқсанТәуелсіздік алған күнЕрекше боп мәңгілікЕл жадында қалған күн
Жүргізуші:Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.
1-бала:Елдігімнің – реңі,Тендігімнің – тірегіМүддесінен халықтыңАжырамас бір елі.Алтын заңым – арай таным!
2-бала:Әділеттің ұраны,Ақиқаттың шырағы.Тыныштықтың туы боп,Зор салтанат құрады.3-бала:Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,Алдымызда барлық үміт ақталсынТату – тәтті бірлік болып қашандаБейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Жүргізуші:Шалқы қазақ шалқитын заман келді. Текке қаның төккен жоқ бабаларын демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын.
Би: «Шаңырақ»
1-бала:Енді міне біз тәуелсіз ел болдықБасқалармен терезесі тең болдықӘрқашанда біз дайынбыз тайсалмайОтан үшін болуға да құрбандық
Тілдің мерейі – елдің мерейі
: Тәрбие сағаты 
Сабақтың тақырыбы: Тілдің мерейі – елдің мерейіСабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой – өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.Сабақтың көрнекілігі: мақал – мәтелдер, тіл туралы заң, қол өнер көрмесі.Сабақтың жүру барысы:Оқушыларды сапқа тұрғызып, әнұранды айттыру.Кіріспе сөз: Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс – салтын, үлгі – өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.Туған тілім. Дихан Әбілев.Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!Туған тілім – анам тілі – өз тілім!Туған тілім – дана тілім – өз тілім!Туған тілім – далам тілі – өз тілім!Туған тілде сыры терең жаным бар.Туған тілде әнім менен сәнім бар.Туған тілім тіл болудан қалса егер,Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.Туған тілім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы.Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, менде бірге өшемінӘн «Ана тілін сүйемін»Тілім менің!Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,Тұнығым, рухани жан азығым.Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.Тілім менің!Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп, өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай, жабындыға алдырмай барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге қымбат мұра, бай қазына! (Ғ. Мүсірепов )Сүйемін туған тілді - анам тілінБесікте жатқанымда – ақ берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнанҚұлағыма сіңірген таныс үнім.Ән «Ананың тілі – аяулы үні»Мұғалім: Қазақ халқы тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар дау шешіп, айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.«Ұйқасын тап» ойыны.Мұғалім:Ана тілін білмеген адам –Ештеңе сезбейтін наданТүк сезбесе балаңЖақсылық күтпе одан.Жүйрік тілді ақын бол!Жақсылыққа жақын бол!Достарыңмен тату бол!Дұшпаныңа қату бол!Ақындардың бірі бол!Туған елдің ұлы бол!Туған жердің гүлі бол!Азамат бол, ірі бол!Би.Тілім барда қазағым бар, халқым бар,Дәстүрім бар,Ата жолым салтым бар,Кең даладай жиналмаған жан – жағыАңқау ашық мінезім бар аңқылдар.Тілім менің ерлігім де елдігім,КемеңгерімШешендігім кеңдігім.Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,Ойлылығым,Тереңдігім,Теңдігім.Ежелден ұлы елміз ірі іргеліШежіремізТарихымыз ілгеріМенің тілім Қаз дауысты ҚазыбекӘйтеке мен Төле бидің тілдері.Көрініс «Төле бидің төрелігі»Мұғалім: «Жалғасын тап» ойыны (тіл туралы мақал-мәтелдер)Тіл тас жарады...(тас жармаса, бас жарады)Өнер алды -...(қызыл тіл)Ойнап сөйлесең де...(ойлап сөйле)Аз сөз – алтын...(көп сөз – көмір)Тіл – ақылдың...(өлшемі)Тілі жеткенше сөйлеген шешен...(қолы жеткенше нұсқаған көсем)Тіліңмен жүгірме,...(біліміңмен жүгір)Тіл – тәтті,...(бауыр – қатты)Тіл туралы ойлар.1 Халық бар жерде – тіл бар. Тіл бар жерде – өнер бар. Өнер бар жерде – жан – күйер бар. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты, оның қуанышы.2 Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу – өмірден алған ең үлкен сыйың.3 Ана тіліңде елдігіңде, ерлігіңді жырлайсың.4 Ана тілінде сөйлеу мәдениеттіліктің, әдептіліктің өлшемі болып табылады.Күй.Қорытынды
Заттардың қасиетін қайталау
Жарияланды 5-02-2013, 18:18 Категориясы: Мектепалды даярлық 
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы: ТанымҰйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі:Қарапайым математика түсініктерімен танысуТақырыбы: Заттардың қасиетін қайталауМақсаты: Балаларды 10 мөлшерінде тура және кері санауды қайталау, заттың қасиеттерін, геометрикалық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау, 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту, саусақ қимылын дамыту.Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, есеп шығару, ойлау, ойынКөрнекіліктер:Кеспе сандар, , сиқырлы қарындаш, «Монгол ойыны» тәттілер.Ұйымдастыру кезеңі:1, 2, 3Біз жинаймыз күшТерезені ашамызТаза ауа жұтамыз1, 2, 3Отырамыз тып-тыныш.«Өз орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Сендер сандарды алып, ретімен қатарға тұруларын керек.Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз.Бірақ немен, қалай барамыз? Балалар, мен білдім. Маған кеше бір қайырымды адам қорап жіберіп еді, мен бірақ ашып көрген жоқпын. Мүмкін бізге көмектесетін зат болуы мүмкін. Бұл қорапты ашу үшін ең алдымен сұрақтарға жауап беруіміз керек.Сұрақтар:Суреттегі ойыншықтар нешеу?Бірдей ойыншықтар бар ма?Қуыршақ нешінші тұр?Жарайсыңдар, балалар, жауабын дұрыс таптыңдар. Енді қораптың аузы ашылатын болды. Балалар қорапта бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Бұл қарындаш жай қарындаш емес, «Сиқырлы қарындаш».• Қане барлығымыз енді саяхатқа шығайық.Барлығымыз көзімізді жұмайық. 1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді қоянның үйіне апар.Балалар міне қоянның үйіне келдік.Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар, келгендерің қандай жақсы болды. Мен қалашығымыздағы тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Сендер маған көмектесіңдерші?- Жарайды, ондай болса саған біздің балалар көмектеседі.№1 тапсырма 1-ден 10-ға дейін, 10-нан 1-ге дейін санаңдар10 санының құрамына қатысты жаттығулар10 10 101 9 2 8 3 7Қоян: Рақмет, балалар!• Ал, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді аюдың үйіне қонаққа апар.Балалар, міне аюдың үйіне келдік.Аю сәлеметсің бе!Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай жақсы болды сендердің келгендерің. Ал сендер менің тапсырмаларымды орындайсыңдар ма?№2 тапсырмаКөлемі әртүрлі түрлі түсті шеңберлер қойылады. Бұл фигураларға не ортақ?(Пішіні,- бұл шеңберлер)- барлығы неше шеңбер бар?- Олардың ішінде нешеуі үлкен? Нешеу кіші?- Нені өзгерту керек?- Міне аю, біздің балалар сенің тапсырмаларыңды орындады. Балалар аю туралы біз тақпақ білеміз бе?Ормандағы аюдыңҚұлпынайы тәтті екен.Теріп-теріп аламызҚалтамызға саламыз.Аю: Рақмет, балалар, маған көмектескендерің үшін мен сендерге тәттілерді тастап кетемін.Сау болыңдар!• Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді көлге апаршыБалалар, міне көлге келдік. Балалар қараңдаршы, көлде балықтар көп екен. Балық аулап біраз демалайықшы. Балық ұстаған бала балықтағы тапсырманы орындайды.№3 тапсырма: Геометрикалық фигураларды жіктеуге арналады. Суретте геометрикалық фигуралар мен түрлі түсті сандықшалар берілген. Балалар пішініне қарай оларды тиісті сандықшаларға орналастырады.- Балалар, балық тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, енді сергіту сәтін жасап алайық.• Балалар демалып алдыңдар ма, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді «Жеңімпаз фигураларға» апар. Міне «Жеңімпаз фигураларға» келдік. Балалар мұнда ешкім жоқ. Жеңімпаз фигуралар шашылып қалыпты, қане бөліктерін тауып құрастырайық.• Сиқырлы қарындаштың көмегімен топқа қайтайық.1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді топқа апар. Міне, балалар топқа келдікБіз саяхатқа қайда бардық?Кімдер бізді қарсы алды?- Жақсы, балалар дұрыс құрастырдыңдар.»Монгол ойыны»- Өте жақсы, балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді саяхаттан қайтатын уақыт болды.Жақсы. Ал, енді санамақ айтайық.Нені біледі: 1-ден 10-ға дейін сандарды, реттік және кері санауды біледіҚандай түсініктерді игерді: берілген тапсырмаларды нақты орындау керек екенің түсінді.Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сан құрамын ажыратудың әр түрлі тәсілдерін орындай білуді үйрету, алған білімдерін пысықтау
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әже.Сабақтың мақсаты: 1) Сөздердің жуан және жіңішке айтылуы туралы түсінік беру, өлең мен таныстыру, мазмұнын ашу. Өлеңді мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру.2) Төрт түлік мал туралы мағлұматтарын кеңейту.Олардың атаулары, ана туралы өлеңдерді оқи отырып, ананы сүю туралы түсініктерін кеңейту.3) Адамгершілік, мейірбандық сезімін қалыптастыру. Төрт түлік малды қадірлеуге, ананы, әжені, үлкенді қадір тұтуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, сызбалар.Сабақтың жүрісі:- Ұйымдастыру.- Өткенді пысықтауЖаңа сабақ- Қазір қай сабақ, бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?- Сабаққа қонақтар қатысып отыр. Өзіміздің әдепті, сауатты оқушы екендігімізді көрсетейік.Қайталау сұрақтары:1. Дыбыс дегеніміз не?2. Әріп дегеніміз не?3. Сөз неден құралады?4. Сөйлем дегеніміз не?5. Сөйлемге мысал келтір.6. Дыбыс нешеге бөлінеді?7. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?8. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?9. Жуан дауысты дыбыстарды ата! Сөз ойла.10. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.11. Төрт түлік мал түрлерін ата.Балалар, біз сендермен төрт түлік мал атаулары мен танысып қана қойған жоқпыз, сонымен олардың адамға пайдасы туралы көптеген әңгімелермен таныстық. Қазақ халқының бүкіл өмірі, тұрмыс тіршілігі осы төрт түлікпен тікелей байланыста өткен. Адамдар бір - бірін көргенде мал жан аман ба деп амандасқан. Сонымен қатар оларға қатысты мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер шығарған. Тіпті сол төрт түлікті жыл атауларына да кіргізген.Ал біз төрт түлік туралы не білдік. Қане, ортаға салайық.Ұлттық ойындарды ата.Енді төрт түлік мал туралы мақал - мәтелді, жұмбақты, жаңылтпашты қалай есте сақтадыңдар соны тексерейік.1. ___________ теппейді_____________ төкпейді (мақал)2. Аттың көркі_____ - ___ _____3. Шөре - шөре лағым_______ ______________ _______4. Төрт түлік пікірлерін жаз.5. Малдың төлін сүюі (оқыту)- әр төл өзінің төлін қалай жақсы көреді?- атап шығу.- Балалар осы құлыным, ботақаным, момыным, қозым деген сөздермен сендерді кім еркелетеді?- әрине анамызДүниеге келген күннен бастап аялап, мәпелеп өсіретін кім?- әрине ана.- Суретпен жұмыс- Не көріп тұрмыз?- Не айта аламызОтбасының шуағы, күні ана. Ана өмір сыйлаушымыз ғана емес, бесік жырын айтып, түн ұйқысын төрт бөліп, баласының жақсы ісіне қуанатын, жаман ісіне қиналатын адам.Қосымша тапсырма:(өлеңде жіңішке айтылып тұрған сөздерді тауып дәптерге жазу)- Бесік, бөпем, жілік, үкіАна өміріміздің тірегі. Ақын - жазушыларымыз өлең шығармаларын арнаған. Оларды Отан - анаға, қасиетті Жерге теңеп отырған.Ал біз ата - ана туралы не білеміз?Поэзия минуты.Сергіту сәті.Анамыз күніміз, қамқоршымыз болса. Өмірімнің жалғасы, баламның баласы немерем деп еміренетін кім?Бұл өлеңді С. Қалиев жазған (өмірбаяны)- іштей оқыту- тізбектеп оқытуТіл дамыту. Өзіңнің әжең туралы әңгімеле.Әжеде, анамызда біздің өміріміздің сәні, үйіміздің күні.Балалар, олай болса, отбасымыздың күндері әжеміз бен анамыз аман болсын деп мына күнге анамыз бен әжемізге жақсы тілегімізді айтып күн шашақтарын ілейік, мен бастайын- аналар аман болсын- өткенді пысықтау- марапаттау, бағалау
Сабақтың тақырыбы: табиғаттың сыры.
Мақсаты: балалар табиғатты қорғай білуге , табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету. Қол , саусақ маторикаларын дамыту.Құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білуге және бала тілін дамытып ойын арқылы дыбыстырын жетілдіру.
Балалар музыкамен ішке кіреді.
Психолог: Балалар бізге бүгін қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.
-Сәлеметсіздерма?
-Енді осы жақсы көңіл-күйімізді бір- бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық. ( Бір- біріне қарап күлімсіреп көңіл-күй сыйлау)
Сол жақсы көңіл- күйімізді енді қонақтарға сыйлайық.
Енді балалар біздер табиғатқа саяхат жасайық.
Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта. Тау, тас, өсімдік, ауа, ағаш т.б.
Балалар біз табиғаттың ,өлі табиғат, тірі табиғат болып бөлінетіін білеміз.
-Қане ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жатады?
Өлі табиғатқа нелер жатады? ( балалардың жауабы)
-Балалар қараңдаршы мына жерде бір кітап тұр. Кітапты қарайық.
« Табиғаттың сыры»- кітап.
1-бет: Шырша . 2-бет:Табиғаттың көрнісі ағаштар, шыршалар өсіп тұр.
Шырша сөйлейді: Мені адамдар кесіп алады. Адамдардың жаңа- жыл мейрамы тіпті жаман. Себебі мені кесіп алып үйлеріне апарып, ойыншықтар, неше түрлі шамдар жағып мәз болады. Ал мен болсам азайып барамын, кесіп алғаннан соң шырша көп тұрмайды өліп қалады.
Қане, балалар шыршаға көмектесеміз бе?
Көмектесеміз.
Балалар шырша салқын жерде, шыршалы ормандарда өседі.
Ал, ендеше балалар біз сиқыршымыз деп ойлайық. Сендер қазір жолға шығасыздар, адам аяғы баспаған жерге саяхатқа шығамыз. Ондай жер тек шөл дала. Себебі , сулы, нулы жерлерде адамдар өмір сүреді. Ал адам аяғы баспаған жер шөл дала- құмды. Сол айнала құмды , шөл даланы сендер сиқырлап гүл егіп, жол салып, үй салып ғажайып ертегіге айналдырасыңдар .
Ендеше жолға шығайық. (құрсаудың ішімен жүріп отырғышқа отыру) Қане біз алдымыздағы құмға шырша отырғызайық. Дайын қиылып тұрған шыршаны құмға отырғызу. Тақтаға бір- екі баланы шығарып кітаптың бетіндегі шыршаның қасына шырша отырғызу.
Жұмбақ
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (шырша)
Ойын « дауыстап, қимылмен сал »
Балалар музыкаға билейді, музыка тоқтаған кезде бір нәрсенің суретін көрсету. Бала көрген затын қимылмен дауыстап салу.
Ара. З-З-З- ұшу (қолын екі жаққа қағып бір -бірінің артынан жүру)
Ұшақ . Р-Р-Р
поезд . ш-ш-ш
Кітаптың екінші бетін ашу. Балық тұр мұңайып. Судың бетінде қоқыстар.
Балық сен неге мұңайып тұрсың?
Балық : Адамдар суды ластады, завод, фабрикалардың қалған қалдықтарын төкті адамдар судың жағасына демалуға келіп тамақтың қалдықтарын жинамай лақтырып кетеді.
Қане балалар суды тазартып балыққа көмектесейік. Судың бетіндегі қоқыстарды тазартып алып тастау.
Ойын: «теңіз толқиды 1,2,3,»
Балалар тәрбиешінің командасын тыңдайды.
Тәрбиеші: теңіз толқиды 1, теңіз толқиды 2, теңіз толқиды 3 теңіз денелері қатып қал – деген командасын естіген кезде теңіз денелерін салып қимылдамай тұрып қалады. 2-3 рет ойнату.
Кітаптың үшінші бетін ашу. Гүлдің суреті .
Балалар жылдың қай мезгілі?
Жаз
Оны қайдан білдіңдер?
Себебі көбелек ұшып жүр.
Гүл сөйлейді: Мен де азайып барамын, мерекелерде адамдар мені жұлып алып бір- біріне сыйлайды.Су құйып мені баптамайды.
Балалар біз гүлге көмектесейік. (орындарына отырып пласталиннен гүл жасап алдарындағы құмға отырғызу)
Гүлді үзбе.
Кешкілік пе ,күндіз бе?
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл.
Не қалады сиқынан,
Қызыл- жасыл жердің бұл.
Табиғат туралы тиым сөздер.
Гүлді үзбе.
Көкті жұлма,
Суды төкпе.
Суға түкірме.
Ұяны бұзба.
Құмырсқаның илеуін бұзба.
Табиғат туралы тақпақтар.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында ,
Жадырап жас балаша дем алайық!
Қолында бір табақ құмы бар ата келеді.
Уа, балаларым амансыңдарма?
Сәламатсыз ба, ата.
Ата: ШӨл даланы гүлдендірген шырша егіп бағындырған болашақ елдің батырлары. Адам космосты ойлап тауып, ғарышқа ұшып аспан әлемін өзіне бағындырған. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сендерсіңдер.
Қазақстанымыздың көркейіп, ауамыз таза, табиғатымыз сұлу болуы үшін осындай ұландар өсіп келеді. Бәріңде жақсы бала екенсіңдер менің сендерге сыйлығым да бар.
-Қане сендермен бір ойын ойнап жіберейін.
Ойын. «Құмда не тығылған?»
Ойынымызды біз бастайық,
Қане, қане бері кел.
Ой, қандай балалар,
Тамаша сендер ерсіңдер.
1 демалдық, 2 демалдық,
алақанды соғамыз.
Ал енді жерге отырып,
Шақырамыз ойнауға.
Табақта толтырылып салынған құм, ішінде геометриялық денелер тығылған. Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып қолын құмға салып , құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сыйпап қандай дене екенін айту.
Ата құмның түбіне тығып қойған сыйлығын балаларға таратып береді.
Балалар атаға рахметін айтып қоштасады.
Тәрбиеші, балаларды мадақтап сабақты қортындылау. Балалар туннель арқылы кері шығу.
Айналаны қоршаған орта
18-сабақ
Тақырыбы:Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары.
Мақсаты:
Туған өлкенің табиғатын қорғау туралы халық болжамдары жөнінен түсінік беру.Халық болжамдарын өз тәжірибелеріде пайдалана білуге үйрету.Балалардың сөз қорын молайту.
Сабаққа дайындық:
Балабақша айналасына мақсатты серуен.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші балалармен бірге балабақша ауласына мақсатты серуен ұйымдастырады.Табиғат туралы халық болжамдары, «тиым сөздер»туралы балаларға айтып үйрету.Табиғатты қорғау жайлы табиғат болжамдарын пайдалана отырып,балаларға айнала қоршаған ортадағы табиғатты,табиғат құбылыстарды бақылатады (мұржалардан шыққан түтін,сүңгірлер,құстардың міңезіне қарай бақылаулар).Тәрбиеші экология сабағында табиғатты қорғауға байланысты тиым сөздер мен мақал-мәтелдерді қолданып,балаларды туған өлкенің табиғатының әсемдігін білуге қорғауға тәрбиелейді.
Экологиялық дәптермен жұмыс
а)Табиғатқа байланысты халық болжамдары.
б)сурет бойынша әңгіме
18-Сабақ
Тақырыбы:Табиғатты ажырата біл.Жыл мезгілдерімен таныстыру.
Мақсаты:
Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту
Сөздік қорларын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабаққа дайындық:
Қыс, көктем,жаз, күз суреттері
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші жылдың мезгіліне байланысты жұмбақ шешу.
Тәрбиеші:
Қазір осы тұрған шағың қай мезгіл?
Кімге қай мезгіл ұнайды?
Қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріне балаларды бөліп ойнату.
Жыл мезгілдері несімен ұнайды?
Неге сен оны ұнаттың?
Әр бала өзіне ұнаған жылына байланысты мақтай, мадақтай білуге тәрбиелеу.
Экологиялық дәптермен жұмыс
а) Қай жыл мезгілі ұнайды?
Әңгіме құрастыру
ә) Д/о «Суретке қарап, атын ата».
Білім беру саласы: Қатынас, таным, шығармашылық.Бөлімі: Қоршаған орта, математика, жапсыру, құрастыру, тіл дамыту, өзін - өзі тану.Сабақтың тақырыбы: «Көктем келді»Сабақтың мақсаты: Көктем белгілерін әңгімелей отырып, ерекшеліктерімен таныстыру. Дұрыс сөйлеу білу дағдыларын және ізденушілік қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, түсіндіруКөрнекілік: Көктем көрінісі, түрлі - түсті қағаз, лупа, топырақ, шелектер, смаликтер.Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері. Қайырлы күн балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіптұрғаныма қуаныштымын. Қане, қонақтармен, бір - бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.Бақшамызға барғандаЖолыққан бар жандарғаЕртемен ақ пейілмен,«Қайырлы таң» деймін мен.Алдымыздан кезіккенКөп танысты көреміз.Бәріне де ізетпенБіздер сәлем береміз.Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.- Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл - күйлеріңіз қалай?- Керемет, бақытты, тамаша.- Ендеше, біз «Тамаша» ойынын ойнап жіберейік. Ойын «Тамаша»Шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер жақсы, тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп бас бармақтарыңды көтеріп бір-бірлеріңе көрсетесіңдер.- Гүлдің иісі қандай?- Тамаша- Құстардың дауысы қандай?- Тамаша- Жайқалып өскен көк шөп қандай?- Тамаша- Менің нан өнімдерін қойған үстелім ше?- Тамаша- Қане, онда үстелге жақын келіп отырайық, балалар.- Үстелде қандай астың түрі бар?- Нан өнімдері, нан түрлері.- Қандай?- Бауырсақ, бөлке нан, қытырлақ...- Осы нанды кім дайындайды?- Наубайханада наубайшы, ал үйде анамыз, апамыз дайындайды.- Нанды неден дайындайды?- Ұннан.- Ұнды неден дайындайды?- Бидайдан, арпадан.- Ұн дайындау үшін қандай арпа, бидай керек?- Таза, жетік піскен, жоғары сапалы бидай керек.- Дұрыс, жарайсыңдар. Үстелден тұрар кезде біз не айтатын едік, балалар?- Ас қайырып, бата береміз. (бата айтады)- Қане, балалар ұн дайындайтын бидай мен арпаны зерттеп қарайық, егуге жарамдысын алайық. Бүтін, таза, шірімеген арпа мен бидайды үлкейткіш әйнектің көмегімен таңдап алайық. (салыстыра қарайды).Бидай мен арпаның ортасын кесіп, үстелдің үстіне қойылған.- Балалар, сендер көздеріңе жақын тұтып қарап көріңдер. Айырмашылықтарын айтайықшы.- Бидайдың түсі қоңыр, қысқалау, сырты тегіс, жылтыр. Арпаның сырты кедір - бұдырлау, ұзынша, түсі сарғылт.- Өте жақсы, жарайсыңдар. Ақ түс болып көрінген, балалар, арпа екен. Қоңыр түс болып көрінген бидай бұл толық піскен бидай тұқымы, бұдан жоғары сапалы ұн дайындалады. Бұндай таза бидай мен арпадан жақсы бітік астық өседі. Балалар, біз тұқымнан мына құралдардың көмегімен көптеген айырмашылықтар таптық.- Жылдың қай мезгілінде егін егеміз?- Көктемде.Онда қане, балалар, егіп көрейік, өскенде қанда болады екен. (жеке ыдыстарына өздері тұқым салады) Қалай егеміз?- Бірінші, топырақты дайындаймыз. Екінші, топыраққа тұқымды салып бетін жабамыз. Үстіне су құямыз. Тез өсуі үшін жылы сөздер айтайық.- Өс - өс, менің бидайым, жылдамырақ, жылуымды берейін.- Өскен кезде бірдей болып өсетін себебі бұл өсімдіктер астық тұқымдастар туысқан болғасын түсі, жапырағы бірде болып өседі. бұның бәрі табиғаттың құпиясы, балалар.- Балалар, бәріміз мына көрініске қарайықшы. Бұл қай мезгіл?- Көктем.- Көктем қандай тамаша! Күн жылынады, құстар ұшып келеді, адамдар жер жыртып егін егеді. Су тасиды одан өту үшін көпір жасайды.- Балалар, мына қима суреттерге қарайықшы, нелер бейнеленген екен. Ал енді, бәрін біріктірейік. Енді қандай көріністі көрдіңіздер?- Көктем мезгілі. (сурет бойынша сөйлеу)- Бір жылда неше мезгіл бар?- Қыс, көктем, жаз, күз.- Дұрыс, бүгін, біз қай мезгілдегі еңбектерді айтып білдік? Сипаттама берейікші.- Көктем мезгілі. Егін егеді, ағаш бүршік жарып, жапырақ өседі. Құстар ұшып келеді, ағаш бұтағына қонады. жер бетіне шөп өседі, төлдер ойнақтайды.- Көктем мезгілі туралы тақпақ айтып жіберейік.Көктем, көктем, көктемдеҚұстар келіп сайрасып,Төлдер ойнап, секіріпҚуанып бір қалады.- Ал, енді, осы айтқандарымызды іс жүзінде көрсетейікші, балалар. Қане, ортаға жақындайық. Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)- Жапырақтар пайда болады. (3 - 4 бала жапырақты қыстырады)- Нелер ұшып келеді?- Құстар ұшып келеді.- Құстар қайда қонады?- Ағаштың бұтағына қонақтайды. (3 - 4 бала құстарды отырғызады)- Көк шөп қайда өседі?- Жерде (2 - 3 бала әкеліп қояды)- Төлдер қайда ойнақтайды?- Көк шөп үстінде (төлдерді орналастырады)- Бұның бәрі қай мезгілде болады?- Көктемде- Жарайсыңдар, олай болса балалар сендердің әр біреулеріңнің алдарыңда көңіл - күйді білдіретін бауырсақтар жатыр. Сабақ соңында сендердің осы көңіл - күйлеріңді қандай екенін осы бауырсақтар арқылы білдіреміз.- Балалар, бізге қағаздар елінен қонақ келіпті. Қонағымыздың есімі «Қағаз» ханшайымы. Қонағымыз бізге бір тапсырма береді, егерде тапсырманы орындай алсаңдар, «Қағаз» ханшайымы сендерге әкелген сыйлықтарын тапсырады. Тапсырманы орындап көреміз бе?- Иә- Қағаз ханшайымы: Сендер өте ақылды, білімді балалар екенсіңдер! Көктем мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер, ендеше маған көктем мезгілін қағаз бетіне түрлі - түсті қағаздан жасап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін. Бейнелеп бересіңдер ме?- Иә- Балалар, істі бастамас бұрын, саусақпен жұмыс істейтін болғандықтан саусақтарды сергітіп алайық.«Өрмекші»Күні бойы еңбекпенӨрмекші өрнек тоқыды.Нөсер тек кенет селдеткен,Еңбегін оның жоқ қылды.Күн шықты қайта жарқырап,Құрғады тез - ақ төңірекӨрмекші өрмек тоқуғаКірісті дереу, тезірек.- Қане, балалар, жасаған жұмысымызды аяқтайық. Жұмысымызға ат қояйық. Жарайсыңдар балалар, өте тамаша жасапсыңдар рахмет.(сыйлық береді)- Осындай айналаның бәрі көктеп, көк шығатын болғандықтан көктеді, көгеріп шықты, көктеп өсті, көк шөп шықты деген түсініктен көктем сөзі шыққан. Балалар, осындай тамаша мезгілге арналған ән білеміз бе?Ән: «Көктем»- Балалар, сіздерге сабақ ұнады ма? Манағы бауырсақтарымызды тақтаға жапсырайық, сабақта қандай көңіл күйде болдыңыздар.- БәБІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: «Қатынас»
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: КӨКТЕМСАБАҚ ТҮРІ: Дәстүрлі емес.Кіріктірілген сабақ.
Әдіс-тәсіл: репродутивті,көрнекілікті,бақылау,интербелсенді тақта,АҚТ
Жұмыс түрлері: топтық,өздік
ПАБ: сурет,тіл дамыту,мүсіндеу,информатика,қазақ әдебиеті
 
Тіл дамыту: Б.Жақып «Көктем»Сурет: Күн жарқырап,шөп шықтыМүсіндеу: Құстар.Оқу орталығы: Көктем жайлы білімдерін толықтыруМақсаты:
1.тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру;
2.сөздік қорын байыту, өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білуге дағдыландыру; ұсақ қол бұлшық еттерін дамыту;
3.қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамытуСабақтың барысы: Интербелсенді тақтада көктем суреті
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қуаныш шеңберіне тұру. Сәлемдесу.
2. Сабақтын мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Бүгінгі сабақта біз сендермен көктем жайлы әңгімелесеміз.
Қызығушылығын арттыру– Жылдың қай мезгілі?- Көктем айларын атаңдар (наурыз, сәуір, мамыр)- Көктемде табиғатта, адамдар мен жануарлар өмірінде қандай өзгерістер болады? Көктемде ағаштар қайтеді? Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? Елін сағынып келгенде достарымызды Қазақстан даласында ешкім мылтық атып қарсы алмайды. Себебі көктемде құс атуға тыйым салынған. Сондықтанда құстарға қамқорлық жасау керек,ұя жасап, тамақ беріп, қорғау керек.
Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер құлпырады. Бой көтеріп гүлдер өседі.( Тақтадағы суреттерді көрсету) Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері.
Олар бәйшешек, қызғалдақ, жауқазын.
Табиғатымызға сән көрік беретін ағаштар оларда көктем келісімен бүршік жарып бой көтереді. Түбін қопсытып, суарып күту керек,
Қазір мына өлең жолдарын тындандар.
Көктем келді бүгінКүнім төкті нұрын.Сайрап барлық құстар,Ән салуға құштар.Түрлі-түсті әйбәт,Гүлдер шықты жайнап.Қызыл – жасыл аймақ,Қырға шықтық ойнап.Өлеңде көктемгі табиғаттағы өзгерістер қалай суреттеген?Балдырғандар жауабын тыңдау,толықтыру.Кім КӨКТЕМ туралы тақпақ біледі мәнерлеп айтып беріңдерші. ( Балалардың тақпақтарын тындау)Қазір балалар біз сендермен 2 топқа бөлініп топпен жұмыс жасаймыз.
Балаларды 2 топқа бөлу.1-топ – сурет орталығы2-топ – мүсіндеу.Сергіту сәті. Өлең тындау интерактивті плакат..Орталықтарда жұмыс жасау.Сурет орталығы:1-топтың тақырыбы: Күн жарқырап, шөп шықты.мақсаты:көктем туралы сурет салуКөктем мезгілінде күн шуағын молынан төгіп, жер қызғаннан кейін жасыл шөптер бой көтереді. Қазір біз сендермен күннің жарқырап, шөптердің шыққанын бейнелейміз.Тәрбиелеуші сурет салу үшін бояудың қай түрін қолданатынын анықтап, сурет салу жолдарын түсіндіреді.Балалар жұмысқа кіріседі. Тәрбиеші шамасы келмегендерге көмектеседі.Көктем келді бүгінКүнім төкті нұрын өлең жолдарын жаттауМүсіндеу орталығы:2-топтың тақырыбы: ҚұстарМақсаты: балаларды мүсіндеуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Техникалық дағды мен іскерліктерін қалыптастыру. Ермексаз кесектерін жұлу, үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Ермексазбен құстардың бейнесін мүсіндеу. Көктемде жыл құстарының қайтып келетінін, ең бірінші қараторғайдың келетінін айту, құстар ұя салып, балапан шығарып, оларды ұшуға баулиды. Ермексазбен құсты қалай мүсіндеу керектігін түсіндіріп, көрсету.Сайрап барлық құстар,Ән салуға құштар. өлең жолдарын жаттау.Оқу орталығы.Ұжымдық жұмыс:Көктеммақсаты:Балдырғандардың ұсақ қол бұлшық еттерін дамыту,көктем мезгілі туралы мағлұматтарын толықтыру, кеңейту,сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс және түсінікті жеткізе білуге үйрету– Қырда кімдер ойнайды? Балалар – Олар ойынды немен ойнайды? Доппен
Рефлексия:
Суретке қарап кім маған әңгіме құрап береді. (балалардың әңгімесін тындау)Қызыл – жасыл аймақ,Қырға шықтық ойнап. Өлең жолдарын жаттау.Әр орталықтың жұмысын көрмеге қою, бағалау,мадақтау. Өздеріне бөлінген өлең жолдарын хормен айту.Сабақты қорытындылау. Көктем жайлы білімдерін бекіту.
Бағалау
Марапаттау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі:МатематикаТақырыбы:Сан құрамы.Мақсаты:Білімділік: 1-10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 10-ға дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.Сандарды атап арифметикалық есептер шығару.Дамытушылық: Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.Көрнекілік: Кеспе сандар, үйлер, қоян, аю, балықтар, сиқырлы қарындаш, перфокарточкалар, фигуралар.Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауапІс-әрекет кезеңіМотивациялы ынталандыру кезеңіҰйымдастырушылық ізденушіРефлекциялы түзету кезеңі1.Тәрбиешінің іс-әрекетіАмандасу.Көңіл-күйіміз жақсы болу үшін айналамызбен амандасып алайық.- Армысыз, қайырымды Аспан-ата!- Армысыз, мейірімді Жер-ана!- Армысыз,шұғылалы Алтын-күн!- Қуан, шаттан, алақай!- Қайырлы таң,қайырлы күн!- Бәріміз күндей жарқырайық!- Бәріміз тату болайық!- Бәріміз дос болайық!2.Балалар, қазір біз сендермен«Өз орныңды тап» ойынын ойнаймыз.Сендер сандарды алып, ретімен қатарға тұруларын керек. Әр санның артында әріптер жазылған, қалған балалар қандай сөз жазылғанын оқиды.- Дұрыс, математика сөзі жазылған екен. Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз.Бірақ немен, қалай барамыз? Балалар, мен білдім. Маған кеше қайырымды бір қорап жіберіп еді, мен бірақ ашып көрген жоқпын. Мүмкін бізге көмектесетін зат болуы мүмкін. Бұл қорапты ашу үшін ең алдымен сұрақтарға жауап беруіміз керек.Сұрақтар:1.Жол ұзын ба, қысқа ма?Қол ұзын ба, қысқы ма?2. Қасық ұзын ба, қысқа ма?Асық ұзын ба, қысқа ма?3. Алма үлкен бе, түйме үлкен бе?4. Аю үлкен бе, қоян үлкен бе?5. Шаш ұзын ба, қас ұзын ба?3.- Жарайсыңдар, балалар, жауабын дұрыс таптыңдар. Енді қораптың аузы ашылатын болды. Балалар қорапта бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Бұл қарындаш жай қарындаш емес, сиқырлы қарындаш. Қане барлығымыз енді саяхатқа шығайық. Барлығымыз көзімізді жұмайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді қоянның үйіне апар. Балалар міне қоянның үйіне келдік.Қоян:Сәлеметсіңдер ме, балалар, келгендерің қандай жақсы болды. Мен қалашығымыздағы тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Сендер маған көмектесіңдерші?- Жарайды, ондай болса саған біздің балалар көмектеседі.«Көрші сандарды» жазып, толтыру.Қоян:Рақмет, балалар!- Қоян, біздің балалар енді саған тақпақ айтып берсін.Қоян: Көмектескендеріңе көп-көп рақмет.Сау болыңдар, балалар!4.- Ал, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді аюдың үйіне қонаққа апар.Балалар, міне аюдың үйіне келдік.Аю сәлеметсің бе!Аю:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қандай жақсы болды сендердің келгендерің.Сендер сандарды білесіңдер ме, есеп шығара аласыңдар ма?Міне мен де санның құрамдары берілген, бірақ мен оларды білмеймін.Ал сендер менің тапсырмаларымды орындайсыңдар ма?- Міне аю, біздің балалар сенің тапсырмаларыңды орындады.Балалар аю туралы біз тақпақ білеміз бе?Аю: Рақмет, балалар, маған көмектескендерің үшін мен сендерге тәттілерді тастап кетемін.Сау болыңдар!5.Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді көлге апаршы. Балалар, міне көлге келдік. Балалар қараңдаршы, көлде балықтар көп екен. Балық аулап біраз демалайықшы. Балық ұстаған бала балықтағы тапсырманы орындайды.(+, -) таңбасын қояды.- Балалар, балық тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, енді сергіту сәтін жасап алайық.6.Балалар демалып алдыңдар ма, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді «Жеңімпаз фигураларға» апар.Міне «Жеңімпаз фигураларға» келдік.Балалар мұнда ешкім жоқ.Жеңімпаз фигуралар шашылып қалыпты,қане бөліктерін тауып құрастырайық.- Жақсы, балалар дұрыс құрастырдыңдар.7.- Енді мен бір зат атаймын, сендер сол заттың қандай фигураға ұқсайтынын айтыңдар.- Күн, кітап, жұмыртқа, шатыр?- Өте жақсы, балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Енді саяхаттан қайтатын уақыт болды.Сиқырлы қарындаштың көмегімен топқа қайтайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді топқа апар.Міне, балалар топқа келдікБіз саяхатқа қайда бардық?Кімдер бізді қарсы алды?8.- Орындарыңдағы тапсырмаларды орындаңдар.Перфокарточкамен жұмыс.9.- Жақсы. Ал, енді санамақ айтайық.Ал санайық санамақСаусақтарға қарап ап,Қане - қане санайық1,2,3,4,5 1,2,3,4,5Оң қолымда бес саусақСол қолымда бес саусақБеске - бесті қосқандаБолады екен он саусақ.10.- Қорытындылау.- Жақсы, балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жақсы меңгеріпсіңдер. Өте тамаша оқу іс-әрекетіне қатыстыңдар- Саяхатқа қайда бардық?- Кімге көмектестік?Кімге көмек қажет болса, біз әрдайым көмектесуге тырысамыз ғой. Біздің сиқырлы қарындашымыздың сиқырлығы соншалық, басы ашылады екен, ішінде сендерге бүгін жақсы, тәртіпті, білімді екендеріңді көрсеткендерің үшін жұлдызшалар бар екен.Соны сендерге таратып берейін.Баланың іс-әрекетіБалалар қимыл көрсетіп, қайталайды.Тақтаға 10 бала шығады.Мен бірмін деп,бірінші боп тұрады.т.с.с.1 2 3 4 5 6 7 8 9 10М а т е м а т и к аСұрақтарға жауап береді.- Жол ұзын.Қасық ұзын- Алма үлкен.- Аю үлкен.- Шаш ұзын.Тапсырманы орындайды.2 3 4 55 74 67 96 81 3Ұзын құлақ сұр қоян,Естіп қалып сыбдырды.Ойлы-қырлы жерлерменЫтқып - ытқып жүгірдіҚарап еді артынаҚиығын сап көзініңКеле жатқан томпаңдапКөжегі екен өзінің.- Сау болыңыз, қоян!Балалар тапсырманы орындайды.789сандарының құрамын жазады.7=O+67=5+O7=O+48=7+O8=O+68=5+O9=8+O9=O+69=7+OОрмандағы аюдыңҚұлпынайы көп екенТеріп - теріп алайықҚалтамызға салайық.- Сау болыңыз,аю!1* 1=25 * 3=24 *4=83*3=61*5=69*8=1Балалар қимылмен көрсетіп, қайталайды.Тұп-тұнық жылы судаБалық жүзіп жүр екенБіресе керіледі, біресе жиырыладыБіресе құмға тығылады.Дид-қ ойын. Фигуралардың жартысын табады.Сұрақтарға жауап береді. «Ұқсасын тап»ойыны.- Күн дөңгелек.- Кітап төртбұрыш.- Жұмыртқа сопақша.- Шатыр үшбұрыш.- Жауап береді.«Тиісті санды қой»- Балалар білген санамақтарын айтады.- Жауап береді.Бағалау.Қол ұстасып тұрайық,Шеңберді біз құрайықКөріскенше күн жақсыСау-саламат болайық кіріңізге рахмет, осымен сабағымыз аяқталды
Біз мектепке барамыз!Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.Көрнекілігі: плакаттар, ойынға қажетті суреттер т.б.Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Балаларыңыз даярлық тобын аяқтап, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын, жас бүлдіршіндер! Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер даярлық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен өрнектеп өнерлерін ортаға салайық. Біліміміздің артып, сөз байлығының молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.Ақ тілекті ағытып бір тастайық,Қоштасатын кешімізді біз бастайық.Жүздеріңде көркем шаттық арайы,Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.Нұрасыл: Қуанамыз сыйлаймыз,Қуаныштың мың гүлін.Алғашқы топты қимай біз,Қоштасатын күн бүгін.Мерей: Алты жасқа толамыз,Әдепті бала боламыз.Ата - ананы қуантып,Кілең бестік аламыз.Камила:Оқимыз білім аламыз,Болашақ жолын саламыз.Мектепалды тобымен қоштасып,Біз мектепке барамыз.Жұлдыз: Мектеп қамқор анамыз,Оқу білім аламыз.Өнерпаз боп өсетін,Біріншіге барамыз.Ән: «Бала тілегі» - Шынтас,НұрғалымЖұлдыз: Күннің нұры шуақты,Өтті сәби күндерім.Құрдастарым сияқты,Оқушымын мен енді.Фариза: Бізге тәртіп үйреткен,Ән салдырып билеткен.Таныстырған ең алғаш,Әріптермен, суретпен.Ұлпан: Жақсылыққа құмармыз,Жақсы адам болып шығармыз.Қуантып ата ананы,Таза сәби жүрекпен,Айтамыз сізге мың алғыс!Би: «Қамажай»Ойын: «Күн шуағы»Балалар мынау қандай пішін?Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз.1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу?2. Бір аптада неше күн бар?3. Қ.Р. ның бас қаласын ата.4. Рәміздерді ата.5. 1-ден 20 –ға дейін тура және кері сана.6. Көктем мезгілінің айларын ата.7. «Мектеп» сөзіне сөйлем құра.Шынтас: Біз балауса баламыз,Жетілді ой санамыз.Даярлықпен қоштасып,Біріншіге барамыз.Нұрсауле:Жақсы оқушы боламын,Кілең бестік аламын.Тәрбиелі, үлгілі,Қазақстан азаматы боламын.Нұрғалым: Адам етіп баптаған,Ардақтап бізді мақтаған,Даярлыққа мың алғыс.Айша: Биыл алты жастамын,Кітапты оқи бастадым.Әріптерді танып мен,Енді жаза да аламын.Ойын: «иа, жоқ» балалармен1. Мектепке біз барамыз ба?2. Кілең бестік аламыз ба?3. Айтқан тілді аламыз ба?4. Ақылды бала боламыз ба?5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?6. Таңертең ерте тұрамыз ба?7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?9. Екі алғанда жылаймыз ба?10. Оқушы біз боламыз ба?Ата аналармен ойнау:1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба?3. Тамағын уақытылы бересіз ба?4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?5. Сериал көріп жатасыз ба?6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?10. Бала үшін асулардан асасыз ба?Ән: «Анашым» - /хор/Нұрғалым: Мынау есеп кітабым,Мынау әйбат әліппем.Бәрін жинап сақтадым,Білімге жол атталым.Айзере: Биыл күзде мектепке,Біріншіге барамын.Мақтанбаймын мен текке,Дайын дәптер қаламым.Нұрай: Құшағыңда жарқылдап,Өтті сәби күндерім.Би биледім, ән тыңдап,Алаңдауды білмедім.Айым: Мектеп деген білім кені, жыр кені,Мектеп деген даналардың мекені.Мектеп деген тәрбиеші адамға,Мектеп деген білімнің ең үлкені.Би: «Чинури» - Айзере.Ойын: Әріптерден сөз құрау.А Л Б А, К Е Ә, А А Н, У А А, Н А А ШОйын: Сандарды ретімен орналастыр3 2 7 5 6 4 9 10 8 1 Жүргізуші: Қызықтырып өнерге, Жетелеймін баланы.Ұлттық өнер емес пе,Дамытатын сананы,Әнші, биші баланыАдам етіп бағалыӨнерпаз қып баулысам,Өнер отын жағады.Ортаға жас бүлдіршіндерді шақырып, мақтау қағаздарымен марапаттау.Жүргізуші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып құттықтау сөз ата – аналарға беріледі.Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,Айым менің күндерім.Маған қызық тілдерің,Естен кетпес күндерің.Сендердікі болашақ,Өтер балғын жастық шақ.Озат болып оқыңдар,Ойға білім тоқыңдар.Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар.
«Қ.СӘТБАЕВ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
«БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ!»
(акция)
ТӘРБИЕШІЛЕР: БРАХИМОВА Р.М.
АЯНБАЕВА А.Ж
ЖӘНТІКЕЙ-2014