Ашы? т?рбие са?аты Айналайын, а? Анам!
Күні: 07.03.2015 жыл
Тақырыбы: «Айналайын – ақ Анам ! »
Сабақтың мақсаты:
а) адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын, ұстазға, ата-анаға деген құрметін арттыру және 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні туралы жалпы мағлұмат беру;
ә) оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән-би арқылы ой-өрістерін дамыту;
б) асыл ананы сыйлауға, үлкенді құрметтеуге, кішіпейіл болуға, әсемдікті сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, интерактивті тақта, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы
Кіріспе
Мұғалім:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметті аяулы аналар! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын! Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі тәрбие сағаты аналарға арналады.
Оқушылар өздерін ағылшын тілінде таныстырып, ән айтады.
(слайд)
Толғанай
Аялаған баптаған,
Асыраған , сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен.
Анамызға мың алғыс,
Ерлік еткен біз үшін
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс!
Нұрасыл
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді,
Еркіндеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс!
Ән «Ақ мамам!»
Назерке
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған.
Ел сенімін ақтаған
Айналайын, ақ анам.
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болса шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ анам!
Сұңқар
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды талай бөліп түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүтің,
Кең құшағың аясында гүл бақтың.
Би «Қаражорға»
Паңкерей
Анам мені «Жаным»-дейді,
Жан жүрегім балым дейді.
« Сен үшін мен әлемдегі,
Бар асылды алам дейді»-дейді.
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ерасыл
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым , күнім дейтін.
Әлемдегі ақылды анам,
Бәрінен сол жақын маған.
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам.
Айым
Ана-өмір, қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке тіккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым.
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің , аналардың, қыздардың,
Мұң шалмасын күлңм қаққан көздерін.
Ән «Анашым»
Ата – аналарға арналған ойындар:
«Мені тауып ал!»
«Ананы дауысынан тану»
Сұрақ-жауап
Қорытынды
«Детство» күйі қосылып тұрады. «Ана» өлеңі оқылады. (оқитын Айым)
Қорытынды сөз ата – аналарға беріледі.
«Чернова орта мектебі» КММ
Айналайын, ақ Анам!
(ашық-тәрбие сағаты)
Өткізген: Мұратбекова С.Н
2014-2015 оқу жылы