Айналайын анашым т?рбие са?аты


Ерейментау қаласы
№1 негізгі мектебі





Мұғалім:Базарбаева Ж.Т
Ақмола обласы Ерейментау қаласы КММ №1 негізгі мектебі Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Базарбаева Жанар Тангатаровна Мектеп директоры: Жүсіпбек Азамат Амантаевич
Тақырыбы: Айналайын – анашым тәрбие сабағы Сабақтың мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы тісініктеме.Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру. «Ана - өмір себуші» қанатты сөздер жазып іліп қою. Жүргізуші:Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті аналар,ұстаздар,әжелер, қыздар сіздерді келе жатқан 8-наурыз халқаралық әйелдер күнімен қуттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Сіздердің алдыларыңызға 5-6 «а» сынып оқушыларының «Айналайын Анашым» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Айналайын – Анашым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз. Базарбаев Абылай және Кабышев Батырдың орындауымен«Анашым» әні Әнел: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген байтірегі өмірдің Ана деген – алтын қазық, алтын бақ Батыр: Ана десем сезім білер тым ыстық Жарасымды адамдарға туыстық Бар адамға берсе ананың мейірін Орнар еді бар әлемге тыныштық Диас : Менің әжем, бұл әжем, Айтқан сөзі дәл әжем Аман болса көреді, Қызығымды әлі әжем Менің әжем, нар әжем Көп жасаған кәрі әжем Ауырғанда мен үшін Әр сүйгені дәрі әжем
Әр түрлі қағаздардан гүл құрастыру және сыйлау
І жүргізуші: : Ән Шоқ қыздар 5-6 сынып оқушыларының орындауында Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды. Абылай: Ойлы қызы халқымның Отаным деп туады Бас жібермей әр күні Ана жолын құады. Қанаттанса балапан, Қалайынша ұшпайды Әр бір қыз, әр бала. Мамасына ұқсайды. Оразхан: Ана десем, алғыс алам халқымнан, Ана десем, теңіз болам шалқыған Ана десем, ашылады қабағым Ана десем, әділдікті ұғамын Жүргізуші: Өзіңсін сүйікті ана, құдіретім Жанымды жадыратып күлдіретін Сендегі маған деген махабатты Нұр толы қос жанарың білідіретін Бар ана туған елдің гүлі дер ем Анажан қайғың болса күңіренем Таусылмас тау суындай ақылың бар Сен барда менің әр бір күнім өлең
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
: -Аялы алақан ойыны
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу
Ата-аналарды құттықтау
Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады. І жүргізуші:
- Аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу
- «Асыл әжем»орындайтын Жанатов Диас Жүргізуші: Бас қосты бүгін жиынға Аналардың қауымы Таусылмасын әрдайым Отбасының сауығы
Кім жылдам ойыны: аналар орындық дөгерегінде билеп жүрулері керек.
Жүргізуші: Ана өмірдің қуанышы, тірегі Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген Олар дәйім тыныштықты тіледі. Жүргізуші:
Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейрім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды.
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
І жүргізуші:
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Ермеков Оразханның орындауында «Ай мусін» әнін
қабыл алыңыздар!
І жүргізуші:
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.