Бастауышпен ?оштасу кеші 4 класс


Бастауышпен қоштасу кеші
Тақырыбы: «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған»Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу. 3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып. Өту барысы:
вальс
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,  Білім іздеп инемен құдық қазғандар.  Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,  «Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!  Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,  Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,  Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,  Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған  «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 2-жүргізуші: Көрінетін биіктен асқақ іспен Баулитұғын білімге жас кішіден. 4 жыл бойы біліммен сусындатқан Қоштасқалы күн келді бастауышпен. Бастауышты халық та дәріптеген «Білім көзі» деген сөз анық деген. Өйткені бастауышта балаң шыбық Ең алғаш танысады әріппенен. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарыңыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы тұр. 3-жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған біздер білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарымызды қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.  Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,  Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.  Қошеметпен шақырамыз ортаға,  Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! 
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,  4 «Б» сыныбы ортамызда
Арман: Бала шаққа болашақты жырлатып,  Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.  Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,  Армысыздар, ұстаздарым қымбатты. Ш. Расул: Армысыздар, әжелер мен аналар,  Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.  Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,  Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. Жарас: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,  Қыран құстай балапанын мәпелер,  Бүгін міне бастауышпен қоштасады,  Азамат боп кешегі сәби еркелер. Нұртілеу: Армысың сен алтын ұя мектебім  Саған айтар жыр алғысым көп менің.  Жүректерге жаққан білім шырағын,  Мектебіме арналады бұл әнім. Серікбол: Дұрыс айтасың Нұртілеу! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді міне мен де мектептен тәлім алудамыз. Нұртілеу: Олай болса Серікбол! Алтын ұя мектебімізге, осы мектептегі барша биылғы төртінші сыныптарға арнап «Бастауыш мектебім» әнін тамашалаңыздар!  Нұртілеу: Ән: «Бастауыш мектебім», орындайтын:
Аида: Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық. Жания: Мектеп деген білім кені жыр кені,  Мектеп деген ғылымның ең үлкені.  Мектеп деген тәрбиеші адамға,  Мектеп деген даналардың мекені. Галима: Мектебім білім берер алтын ұям,  Ер жетіп сенде сөзім артты санам.  Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай  Әрқашан қасиетті атың маған. Айым: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,  Алтын ұя, ақ босаға киелі,  Қанат қаққан білім алып өзіңнен,  Күллі шәкірт саған басын иеді. Арай: Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,  Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.  Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,  Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. Нұрай: Мектеп – үйім, ұстазым менің ата - анам,  Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам  Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,  Тамырланып, сан тарапқа тараған. Дамелқан: Мектебім – сүйікті мектебім.  Бауырыңда түлеймін көктеймін.  Сен – бұлақ, мен – мен қайың бүр ашқан,  Өзіңнен нәр алып көктедім. Жаннұр: Мектеп – кеме, білім – теңіз,  Барар жерге тез жетеміз.  Төрт жыл алған білім нәрін,  Азық етіп ер жетеміз. 
Даяна: Мектеп – кеме, білі – теңіз,  Барар жолға тез жетеміз.  Адаспаймыз ұлы жолда,  Ұстаз берген білім қолда. 
Сымбат: Ендеше мектебіміздің туы биікте әрдайым болсын деп,
БИ: «Сұлу қыздар»Айдос: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Сымбат? Ілияс: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Тасқын: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Бисұлтан: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз! Ислам: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,  Бар асылын бізге жиып, мол береді.  Қанатымен су себелеп асыл жан,  Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. Дастан: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,  Жирендік, ажыраттық жамандықты.  Жалғастырар ақ жолың сенің салған,  Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. Бақтияр: Жарық күннен жылы жүзің елестер,  Құлағымда өзің берген кеңестер.  Жанарымда алыс тартққан қара жол,  Көз жұмсамда көре тұғын белестер. Арнұр: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,  Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?  Мейірлене қарап қойып біздерге,  Күн астынан сабақ беріп тұрғандай. Жақсылық: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім...  Басталған ақ батаңнан жас талабым.  Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,  Ұстаздың ұлағатынан басталарын. А.Расул: Мұғалім ұстазысың балалардың,  Болашақ ғалымдардың, даналардың.  Өмірде сенің алар орыныңа,  Бірі де жеткізе алмас бағалардың Жарас: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,  Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын.  Сағына әркез суреттерді парақтап,  Шәкірттерін жиі еске алатын. Серікбол: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,  Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.  Жатталды жан жүректе есіміңіз,  Адамның аяулы үні сияқтанған. Ұлдар хормен: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,  Мың алғыс отты мына жүректерден. ӘН: «Ұстазым»  орындайтын:
БИ: 1-жүргізуші: осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді сорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік. 2-жүргізуші: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. 3-жүргізуші: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше балалар, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа? Жания: Бастауышта шырқалмаған жыр барма?  Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?  Бастауышта алған білім жырларым,  Азық болар, мәңгі талай жылдарға. Ш.Расул: Бастауышым – бал бұлағым,  Алдым сенен балдың дәмін.  Әріп танып, білім алып  Рахметімді жаудырамын. Арай: Бастауышым – балбұлағым,  Лаулап жанған шам шырағым.  Өзің берген біліміңмен,  Самғап ұшар тау қыраның. Нұрай: Өтті сенде қызық шағым,  Бастауышым – балбұлағым.  Қоштасар күн жетті міне,  Қимастықпен қол былғаймын. Серікбол: Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,  Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.  Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,  Бастауыштың билейміз соңғы биін. Би: «Жаяу» 
1-жүргізуші: Мектеп – кеме, білі – теңіз,  Барар жолға тез жетеміз.  Адаспаймыз ұлы жолда,  Ұстаз берген білім қолда. 2-жүргізуші: Дұрыс айтасың Сымбат! Пайғамбарымыз өз үмбетіне білім үйренудің маңыздылығын өте көп аманат еткен. «Қытайға барсаң да, білім үйреніп қайт», - дегені осы жолда алыс - жақынға да, асқан қиыншылыққа да қарамай білімге көңіл бөл деген мағынаны білдіреді емес пе? 3-жүргізуші: Иә, өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»,- деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой. 1-жүргізуші: Сонымен, білім сонша бағалы екенін түсіндік. Бірақ бағалы нәрсенің бәрі оңай қолға келмейді. Білім тек оқу арқылы, оқуды көкейге шын тоқу арқылы ғана келеді. Содан да болар, «Оқу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз қалған. 2-жүргізуші: Иә, балалар, жас шағыңда алған білім тасқа қашап жазғандай баянды, өмір бойы өзіңе сенімді серік, жаныңнан қалмас жолдасың болады. Ислам ғұламалары білімнің байлықтан артық екендігін даналық сөздермен қалдырған емес пе? Ернұр: «Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты, Үлпілдетіп балапандай самғатты. Мейірімімен мәпелеген біздерді, Ата - аналар аманбысыз ардақты. Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Айжан: Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай, мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау. Ернұр: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін. Ақылды балаларың оны білген. Ән: «Әкелер» Айжан: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымыздай мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! Ернұр: Иә, дұрыс айтасын Айжан! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе? Мұғалім: Ақ сүт беріп аялаған, Бізден бәрін аямаған. Жанашырым саялаған, Ол кім? Бәрі: аяулы анамыз. Ендеше, сүйікті де, сүйкімді балалары өз аналарына қандай әсем әндерін арнайды екен. Ән: «Ай дидарлы анашым» 
Мұғалім: Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген – бір мұрат. Алдына түсіп ананаң, Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата - ананаң өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған - барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты. Айжан: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе, Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, Сізге арналған бір жүрек қалды ішінде! Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген екен. Ертеңгі еліміздің болашағы - бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіндер. Мен сендердің болашақта тәуелсіз Қазақстанды Орта Азияның барысына айналдырып, әлемнің кез - келген елімен терезесін тең ететін ұлтжанды азамат болып өсетіндеріңе сенемін! Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, Сенімдердің айналыңдар серперіне. Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін, Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіңе. Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен, Аластайтын жаныңды күз көңілден. Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. Хор: «Көк тудың желбірегені»
Қорытынды:
1-оқушы: Білім деген қауыздан гүл ашылған Оған керек таусылмайтын көп шыдам. Бар білімнің, бар ілімнің атасы Бастау алар бастауыш сатысынан2-оқушы: Енді міне, сағымдай боп өте шықты, 4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті. Ұстаз – ана жасады мына бізден, Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.3-оқушы: Білім бар білім десең баста піскен Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен. 4 жыл бойы саялы мекен еткен Қоштасайық енді біз бастауышпен.4-оқушы: Бастауыш бұнда өткен бала шағың, Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім? Еліміздің әу бастан–ақ дайындауда Саналы азаматын, болашағын.5-оқушы: Қағылды міне, әуенге бөлеп, Қағылды соңғы қоңырау. Қалайша 4жыл тез өтіп кеткен Шындық па осы, япыр-ау ! Расында да, 4 жыл 4 күндей өте шықты ғой. Олай болса шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар.6-оқушы: Алдарыңда сан тарау жолдары тұр, Бәрі бірдей азамат болғалы тұр. Біріншіге келетін балаларға Тапсырамын білімнің мен кілтін.7-оқушы: Болашағы бейне қызыл қыр гүлі, Бүлдіршінді аяласын күн нұры. Жаңа табыс жақсы күнге бастасын, Бүгін соңғы қоңырау сыңғыры. Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!
1-жүргізуші: Көңілін бар шәкірттің таба алатын,  Кеуделерге намыс отын жаға алатын.  Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз,  Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе сөз кезегі сынып жетекшімі, екінші анамыз Тошанова Бибигүл Әділғазықызы беріледі.
марапаттау