Ашы? саба? Наурыз тойы


Пәннің аты Уақыты: 17.03.16 ж Мұғалім
Сабақтың атауы Наурыз тойы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысын меңгеруіне мүмкіндік
жасау; өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіре отырып қазақтың салт-
дәстүрлеріне құрметпен қарауға баулу.
Түрі: аралас
Әдісі: СТО әдістері, шығармашылық тапсырма, тест, ребус шешу, топтастыру,
Психологиялық ахуал Кім үлкенді сыйласа,Кім үлкенді тыңдаса.Үлкен болған кезіндеСыйлы болмақ өзі де. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту 1. Үлкен алтын таратқан,
Әлемге нұр таратқан. (күн)
2. Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады. (алма)
3. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (су)
4. Төбеден төнеді, тамшысын төгеді.
Сол кезде ой қаулап, бәйшешек өнеді. (жаңбыр)
5. Сөз үйретсең, қайталайды,
Өздігінен айта алмайды. (тоты)
6. Тоңғақты таниды,
Беті қолын қариды. (аяз)
Мағынаны тану Автор жөнінде қысқаша мағлұмат беру.
Әдібай Табылдиев – 1926 жылы 2 қаңтарда Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген. Ақын, ғалым, педагогика ғылымының кандидаты. Ол көбінесе мектеп балаларына арнап өлеңдер, ертегілер жазған. Оның «Әдеп әліппесі» атты оқу құралы мектептерде жеке пән ретінде пайдаланылады. (1997ж).
159-жаттығу.
1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
2. Оқушылардың оқуы.
3. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар.
- Балалар, өлең сендерге ұнады ма ?
- «Наурыз тойы» қандай той ?
- Бұл тойды халық қалай тойлайды ?
- «Наурыз тойы — салтымыз» дегенді қалай түсінеміз ?
Топтастыру
Көктем мерекесі Жаңа жыл
Наурыз
Күн мен түн теңеледі 1989 жылдан- жалпыхалықтық мереке
Табиғат оянады
160- жаттығу
Жұмбақты көшіріп жаз. Шешуін тап. Сөздердің байланысын сызып көрсет.
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (жұлдыз)
Сергіту сәті Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайықАлға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ой толғаныс 61-жаттығу. Ауызша орындалады.
- Бұл баталар мен тілектер қай кезде айтылады ?
Өздік диктанты
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру.
тұрады, Алматыда, Айжан.
демалыста, барады, ол, Астанаға.
тойы, наурыз, ауылда, болды.
Ойын: «Гүл теру»
Көктем айларын ата.
Наурызда дайындалатын тағам қалай аталады ?
Наурыз мерекесіне қандай тілек айтасың ?
Үйге тапсырма Өлеңді жаттау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады