Наурыз мейрамына ерте?гілік Наурыз той
ҚР Білім және ғылым министрлігі ШҚО Ұлан ауданы білім бөлімі «Айгөлек» балабақшасы
« Н а у р ы з - т о й »
/Ұлыстың Ұлы күнін атап өтуге арналған ата-аналармен біріккен іс-шара бағдарламасы/. «Болашақ» мектепалды даярлық тобы.
Бағдарламасын құраған :
Ағзам Асима Ағзамқызы.
Өткізгендер:
Ағзам А.А.
Сайлыхан Н.
Бозанбай ауылы, 2014 жыл .
Тақырыбы: «Наурыз той»
Мақсаттары:Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Балалардың тілін, танымын, ән салу, би билеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Туған елінің салт-дәстүрлерін қастерлеуге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер және қажетті құрал-жабдықтар:
1. Бағдарламасы, ұлттық киімдер,
2.Техникалық құралдар: ноутбук, әндер мен күйлердің жазбалары
3.Наурыз гүлі /мата мен қатырма қағаздан жасалған/
4.Төрт түлік мал пірлерінің таяқтары
5.Үлкен, кішкене домбыралар
6.хрестоматиялар: «Көркем әдебиет», «Қарлығаш», «Ән-күй»
7. «Ауыл кеші көңілді» атты әнжинақ
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар:
Ата-аналар жиналысы, ән мен билерді үйрету, Кіріспе:
Асима Агзамқызы: Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! Несібе Сайлыханқызы: Бүгін ұлыстың ұлы күні.А.А.: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!Н.С.: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «Арқаның қысы аттан түсетін» кез.А.А: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.Н.С: Ендеше көктемнің шуағын ала келген Наурыз мерекесі құтты болсын!
Осы кезде топ балалары «НАУРЫЗ - КӨКТЕМ» әнінің әуенімен залға кіреді
А.А.:Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!Ұлыс бақытты болсын,Төрт түлік ақты болсын!
Н.С.:
Жас-кәрі өтпес таң қалмай,
салтанатты сән қандай?
Көз тартар гүл жапанда
жалғыз шырақ жанғандай
Балалардың орындауында «Наурыз гүлі» биін тамашалаңыздар!
*4 ұл – 4 түліктің пірі, 4 қыз, мата мен қатырма қағаздан жасалған гүл, музыкасы – Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» атты күйі*А.А: Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл, наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.Н.С.: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр. Балабақша меңгерушісінің құттықтау сөзіН.С. :Сіздерді «Самалық» әнін тыңдап, дәстүрін көруге шақырамын.
Самалық, самалық,Қан тауының көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма?Самалық, самалық,Самарқанның көк тасы Жібіді ме, көрдің бе?Самалық, самалық,Жаңа келген жақсылықтыКөрдік пе, көрмедік пе?Самалық, самалық,Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.Самалық, самалық,Сүт көп, көмір аз,Жаңа жыл жарылқа,Ескі жыл есірке,-
- деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған. Осы дәстүрді залда ескі ыдысты сындыру арқылы көрсетеді.А.А.: Жаңа жылда көңіліміздегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын! Халқымыздың өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын! – деген тілегінен туған аластау ғұрыпын топ балаларының әжелері өткізеді
Аластау рәсімі: Майгүл, Клара әжелер
Алас, аласАлас, аласӘр бәледен қаласЕскі жыл кетті,Жаңа жыл жетті.Айдан аманЖылдан есен болайық!
А.А.: - Жаңа күн, Наурызымыз, келдің бе?- Көктем боп, Наурызымыз, келдің бе?- Бүрлеген қайынды көрдің бе?- Құс қанатын сабылтып келдің бе?
- Ел жұртыңды сағындырып келдің бе?
- Күлкісін сәбидің көрдің бе?
Н.С.: Осы балаларымыздың құрметіне ата-аналар атынан Кабак Нургужаттың орындауында «Сәби болғым келеді» әнін қабыл алыңыздар!
Қыздардың орындауында халық биі «Қамажай»
А.А.:Тоқшылықтың белгісі той көбейді
Тойға келген қызулы бой көбейді.
Не өнерің болса да ортаға сал:
Өлең айтқын,би биле, сөйле мейлі
Балалардың тартуы:
1.Ән «Наурыз – біздің жаңа жыл »
2. Келесі кезекте балалардың орындауында «Домбыра» биін қабыл алыңыздар!
Н.С.: Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланып, дастархан жайылады, алтыбақан құрылып, ән-бимен қатар әртүрлі ойындар ойналады.Біздің балалар да ұлттық ойындар ойнағанды ұнатады
Сергіту сәті: «Қыз қуу» атты ұлттық ойын
Ата-аналар атынан Тынымханұлы Мұратбектің орындауында ән
« Ауылым »
А.А.:
Адамдар үшін көктем – қызу жұмыс науқаны, ал Наурыз болса – нағыз шаруаның мейрамы.Халқымызда дәстүр көп, атап айтсақ:
1.Қонақ келсе – құт
/қарсы алу, дастархан басына шақыру, қолға су құю, табақ тарту/
2.Шаруашылық жайында дәстүрлер
/Асар, қолкесер, қымыз мұрындық, қазық майлау/
3.Тұрмыс дәстүрлері
/жеті ата, ерулік, бес жақсы, жеті жоқ, үш арсыз, той бастар/
4.Балаға арналған дәстүрлер
/жарысқазан, шілдехана, бесіктой, тұсау кесу, ашамайға мінгізу, сүндеттой, қыз құлағын тесу, асырап алу, сатып алу, бауырына салу/
Ал енді, құрметті ата-аналар,сіздер білсеңіздер осы дәстүрлердің түрлерін атап және кез-келгеніне қысқаша сипаттама бересіздер.
Мысалы: «Баланы сатып алу» деген не?
Жауабы:Баласы көп шетінеген адамдар тәуіп не молда адам үйіне келсе жаңа туған нәрестені сол адамға береді, 2-3 күннен соң барып сатып алады,үйге әкелгенде керегенің астынан енгізіп, 7 кемпірдің астынан өткізеді.Бұл баланы сатып алдық деп ырымдап, тірі қалуын тілейді.
А.А.:
Балабақша қызметкері Джукабекова Әсемнің орындауында би « Шай құю »
Алдарыңызда өнер көрсететін сүйкімді ару Әділ Жансая - «Өзбек биі»
Н.С.:
Алдарыңда бейбіт күн – алтын ғасыр
Бейбіт күннің болмайды салтында сын.
Тойларыңмен ойларың қанаттанып
Күй күмбірлеп, әсерлі ән тынбасын
Ата-аналардың музыкалық сәлемімен Наурыз тойы атты мерекемізді аяқтаймыз:
1.Кабак Н. «Ақмарал – сұлу еркем-ай» атты халық әні.
2.Ашимжанова Б.К. орындауында «Балбраун » күйі
А.А.:
О.Асқардың «Наурыз көже» атты өлеңімен барлықтарыңызды Наурыз дастарханға шақырамын
Ашық болсын қос қабақ
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін тқрде бас қонақ.
Ішілетін, жейтіннің,
бұл көжеде бәрі бар,
арпа, бидай, тары бар,
қатық, малта тағы бар.
Ошақта шоқ әлі көп
Астың ауыр обалы
Астан үлкен ешкім жоқ
Қазан аузы жоғары!