Ша?ын орталы? тобына арнал?ан ерте?гілік
Есбол орта мектебі
(шағын орталық тобы)
Дайындаған тәрбиешісі: Есенаманова Ақтоты Жоламановна
2016жыл
Мақсаты: адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп,оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру.Аналарды сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.Ана мен бала арасындағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету.
Көрнекілік:аналар мерекесі туралы суреттер,нақыл сөздер.шарлар,гүлдер.
Ертеңгілік барысы: (Қолдарында жапырақтары бар ұлдар мен гүл ұстаған қыздар сахна шымылдығының артында тұрады) сахнаға тәрбиеші шығып құттықтайды.
Тәрбиеші: Құрметті аналар,ұстаздар!Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Бұл аналардың жылына бір рет келетін мерекесі.Дендеріңіз сау,еңбектеріңіз жемісті болсын!
Адам үшін ең аяулы,ең қастерлі жан – Ана! Ол бала дүниеге келгеннен бастап,,өзінің жұмсақ алақанын,жылы жүзін,ыстық құшағы мен мейірімін,махаббатын арнайды.Ана махаббаты адамға қанат бітіреді,күш береді рухтандырады.
Мәпелейді,әлдилейді,бағады.
«Құлыным» -деп құшағына алады.
Өзгеге де,өзіне де жауапты.
Барлығына қалай жауап табады.
Балаларыңыздың жүрегінен шыққан жыр толқын,ән билерін қабыл алыңыздар. (ортаға екі сиқыршы шығады).
1-сиқыршы: Біз қыздарымызды гүлге,ұлдарымызды жапыраққа айналдырып жібердік.
Тәрбиеші: Қалайша жапыраққа,гүлге айналды? Мен сенбеймін.
2-сиқыршы: Олай болса,жүріңіз көрейік.
1-сиқыршы: Ашыл сахна,ашыл!
Тәрбиеші: Мәссаған! Бұл қалай болды? Маған кім көмектесер екен?
Күн: Жарайды,мен көмектесемін.Менің шуағыма жылынбайтын,нұрыма шомылмайтын,ешкім жоқ.Шуағымды төксем,бәрі жанданады.
Тәрбиеші: Сиқыршылар сендер қарсы емессіңдер ме?
1-сиқыршы: Жоқ,біз күнге қарсы шықпаймыз.
2-сиқыршы: Күнге табынамыз,күнге бағынамыз.
Күн: Олай болса,шуағым менің шашыл,қыздар мен ұлдар гүл болып ашыл.
Мәпелейді,әлдилейді,бағады.
«Құлыным»-деп құшағына алады.
Өзгеге де,өзіне де жауапты.
Барлығына қалай жауап табады –дей отырып,біздің аналарымызға арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.
Дамир: Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын жүзің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші,келші,ақ мамам.
Айдина: Жарқын жүзді жан анам.
Сендей болсын бар адам,
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Амина: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден.
Аналарға сыйлаймыз.
Айназ: Ақ анашым – аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Диляра: Сендей ана жан күші.
Сендей болсын бар кісі,
Сендей болса бар кісі,
Шексіз перзент алғысы.
Парасат: Сенен өскен балалар,
Батырлармен,даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Гүлбақыт: Мен анамды сүйемін.
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Нұрасыл: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп- ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Али: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжемді де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Елдар: Бізді өсіріп баптаған.
Жақсы болса шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған.
Айналайын,ақ мамам!
Дана: Әлпештеген баласын,
Ана бақыт,ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Би: «Көңілді күн» қыздар тобы.
«Қолшатыр кімге тиеді?» ойыны
Ән: Ойыншықтар. Қыздар тобы
«Қыздарға гүл сыйлау» ойыны
Хор: Топ-топ,балақан
Тәрбиеші: Ал енді аяулы аналар,біз балалармен бірге өздеріңізге арнап шағын сыйлығымызды әзірлеген болатынбыз.Сол сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.
Ананың әрбір сөзі ой талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсіңдер,елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.
Құрметті қонақтар,аналар балалардың дайындаған «Ана – абзал жан» атты ертеңгілігіміз аяқталды