Творческий отчет о преподавании казахского языка в русских классах
«Мектептегі тәжірбие»кезіңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп
Мен ұстаздық жолында үш жылдай еңбек етіп келем. Өзімнің және оқушыларымының іс-әрекеті сабақта табысты болуына байланысты бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаланам. Өз біліктілігімді әрі жоғарлату мақсатында Кембридж оқыту тәсілінің бағдарламасы бойынша курстарға қатысып жүрмін. Курс үш деңгейден тұрады. Бірінші деңгей Бетпе-бет кезеңі. Бұл кезеңде мен өз тобымен және тренермен таныстым. Осы кезеңде оқыту үдерісін жақсарту жолдарын және сапалы оқыту дегеніміз не екендігі, оқыту мен оқудың қалай жүретіні, сыныптағы жұмыс түрлерін түрлендіру, ең негізгісі бағдарламаның жеті модулімен танысып, бағдарламаның негізгі идеяларын өз тәжірибе кезеңінде қолданып, сабақтар топтамасында тиімді пайдалануды үйрену басты мақсат болды. Екінші кезең мектептегі тәжірибе кезеңіне арналып отыр. Яғни, бірінші кезеңіндегі бағдарламаның негізі түсінген теориялық білімімді өз практикамда тиімді қолдану, оны жүзеге асыруға арналған. Соңғы үшінші кезең - қорытынды кезең. Осы кезеңінде бағдарламаның идеясын өз тәжірибемде қалай қолдандым, қолдануда қандай кедергілер болды, сол кедергілерден қалай шықтым, өз әріптестерінде қандай өзгеріс бар, олар қалай қолданды, содан сіз не түйдіңіз, болашақта қандай жұмыс түрлеріне басты назар аудартасыз деген тапсырмаларды қорытындылауға берілген уақыт.
Әрбіреуміз мектепке келген бетте қандай жұмыс түрлерін жүзеге асырдық, сол жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті, қиындықтардан шығу жолдарын қарастыру және төрт сабақ топтамасына қандай модульдерді, неліктен сол модульдерді енгізгеніміз жайлы ой бөлістік.
Әріптестерімен кеңесу кезеңінде мен өз тәжірибемде мектептегі әріптестерім және мектеп әкімшілігімен кездесіп, курстың басты мақсаты мен идеясын таныстырып кеткені жөнінде айтым. Осы жерде тәжірибе кезеңіңде сабақтар барысында оқушылар тақырып төңірегінде өз ойларын неліктен айта алмайды? сұрағы бойынша кеңесте қарастырдық. Бұл мәселені шешу барысында балалардың жеке ойлану қабілеттерін жетілдіру керек, сабақтың тақырыбына байланысты ойлану мүмкіндіктерін беріп, не өтеміз, не жайлы жеке өз жауаптарымен бөлісу жұмысын ұйымдастыру қажет.
Әріптестерімен кеңесу кезеңіңде өзіме ерекше Гүлмираның жасаған жұмысы ұнады. Мектеп тәжірибесін бастамас бұрын алдымен өз ұстаздарынаөз жұмысының мазмұнын түсіндіріп кетті, себебі ұстаздарынан көмек және қолдау қажет екенін білді. Ол топтық жұмыста "болашақ мектеп қандай болу керек екенін" өз ұстаздарының пікірімен танысты. Мұнда барлық әріптестер өз идеяларымен бөлісті, сыни тұрғыдан ойлауды жетілдірді.
Сапалы білім беру дегеніміз - мұғалім жұмысының тиімділігі, оқушылардың қоршаған орта және оқыту, білім беру мүмкіндіктерін ашу болып қарастырылады. (Нұсқаулық, 9бет. Shulman. 2007) Сапалы оқыту сабақ бойы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы өзара түсінушілік, жағымды атмосфера негізінде жүзеге асады. Тренинг барысында балалар өздерлерін жан-жақтан таныстыра білді. Тапсырмаға сәйкес оқушылар бірлесіп жұмыс істеуде өзге екі сыныптасын таңдауға тиісті сабақ жоспарлауым болды. Осы жерде менде жұпқа бөлу қиындық туындады. Балалар өздерлерімен бұрын үйренген, жақсы араласатын оқушылармен отырғылары келді. Бірақ мен осы қиындықтан шығу үшін өзім жұпқа бөліп отырғыздым. Осы туындаған қиындық бойынша [онлайн mail.ru ] интернет торабы яғни, конференция арқылы өз әріптестерімен хабарласып, сынып ережелеріне сәйкес ынтымақта жұмыс істеуді еске түсіру керектігін айтты.
Бүгінгі күні оқушының терең білім алуын қолдау үшін жаңа әдістерді, яғни жаңа сұрақтар формасын пайдалану қажет. Аптаның бірінші күнінде сабаққа назар аудару мақсатында дәстүрлі қалыптасқан сұрақтардың орнына жаңа бағытты көздейтін, балаларды ой-толғаныстарын жетілдіретін және өз ой-пікірімен бөлісетін ауқымды сұрақтарды әзірледім: Жалпы көңіл-күйлерің қандай? Бүгін мектепке қандай мақсатпен келдіңдер? немесе Мемлекеттік тілді дамытуда қандай жұмыстар жүргізіледі? Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан жайлы не білесіндер? сыни ойлауды дамытатын сұрақтар қойылдым. Осы жерде мен айтылған ой-пікірлеріне байланысты формативті бағалауды пайдаланып, тағы не айта аласындар? сендер осыны қалай түсінесіндер? және жарайсын, керемет, тамаша ойлар деп бағалау әрекетімді жүргіздім. Нәтижесінде оқушылар жоғары дәрежелі сұраққа жауапты жан-жақты қарастырып, толық жауап береді.
Сыныпта диалогтік оқыту өте маңызды рөл атқарады. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде сабақта диалогті қолдану, оқушылардың қызығушылық деңгейін арттады, білім деңгейінің өсуі мен ауызекі сөйлеу қорын жетілдіріп, өзара достық қарым-қатынас қалыптасады деп көрсетті. Сонымен қатар, Александер диалогтік оқытуды екі жақты бағытта жүретінін қарастырды. Яғни, оқушы мен мұғалімі де келісілген мақсатқа жету үшін күш-жігерін жұмсамайды және Мерсер (2000) төрт сипатта көрсеткендей "пікір алмасу" барысында оқушы әңгімелесудің басты бөлшегі болуы тиіс деп айтқан. Мерсер диалогтік әдіс үш түрде жүзеге асады екенің аттап көрсетті. Соның бірін, топтық әңгіме түрін сабақтарымда қолдандым Негізінен, оқушылар топта айтылған барлық пікірлерге келеседі, бірін-бірі мұқият тыңдайды, идеялары қайталанатын байқадым.
Менің тәжірибемде сұрақтар балалардың жоғары деңгейде ойлауын қалыптастыратының, ойларын еркін, анық жеткізуге, өз ойларын дәлелдеуге, білімдерін кеңейтуге мүмкіндік беретінің анықтадым.Сабақ жоспарының жоғары деңгейде өтуіне байланысты оқушылардың түсіну дәрежесін қалыптастыру қажет. Әрбір балада түсіну дәрежесі мен қабылдау деңгейі әр түрлі болады. Тізбектелген сабақтар топтамасының екінші сабақта деңгейлік тапсырма түрде мәтінмен жұмыс түрі болды. Мәтінді оқу, мәтін бойынша сұрақтар әзірлеу және мәтін не жайында түсіну дәрежесін бағалау бойынша жұмыс жүргізілді. Балалардың барлығыда белсенді қатысты, өз сөздерімен мәтін бойынша әңгімелеп берді,топтар мәтін бойынша сұрақтарды құрастырды. Осы жерде мен түсіну дәрежесін бағалау мақсатында диалогтіқ оқыту модулі пайдаландым. Нәтижесінде балалар диалогтік оқыту әдісі арқылы өз ойын жеткізе алатын білдім.
Менің әріптестерім сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бірнеше әдіс түрлерімен жүзеге асырды. Мен жұптық әңгімеде ой толғау әдісін пайдаландым. Қазақстан сөзіне байланысты ассоциация құрастырып, яғни, жұпта ой бөлісуге тапсырма бердім. Осыдан не болды? Алдымен әрбіреу өз туындаған ассоциацияларын дәптерге жазды, кейін жұпта отырып, туындаған ойларымен бөлісті. Осы жерде байқағаным үлгерімі төмен оқушыма жоғары қабілеті оқушы көмек берді. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме өз жұбымен әңгіме талқылай алады, өз ойларымен бөлісе алатының анықтадым.
Өзін-өзі реттеу дегеніміз - өз іс-әрекетіне баға беріп, одан не үйренді, келесі жолы оны жақсарту мақсатында не істеу керектігін жоспарлау болып табылады. Осы жерде Шанк пен Цимераман (1994) балалардың оқуын бағалау мен мониторингін қалыптастыруға баса назар аударған. Олар оқу үдерісі табысты болуына байланысты ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы байланыс бар екенің көрсеті.
Берілген тапсырманы әріптестерімнің арасында орта және үлгерімі жақсы оқушыларымның өзін-өзі реттеуді қалай жүргізетін және қандай өзгеріс байқалғаны жайлы пікірлестік. Менің бақылауымда болған орта және жақсы үлгерім оқушылар. Топтық тапсырманы орындауда орта оқитын бала екінші сабақта белсендігін көрсеті. Өз ойларымен бөлісіп, тапсырманы қалай орындау жолдарын қарастырды. Тапсырманы орындауда Лейланың оқушысы да осындай әрекете болды.
Бүгінгі кеңесіміз тәжірибемізде дарынды және талантты оқушыларды зерттеу бойынша пікір бөлісуге арналды. Әрбіреулеріміз өз оқушыларымыз жайлы айттық, әрбіреуімізде әртүрлі дарынды оқушылар бар, сонымен бірге бір-бірімізге ұқсамайды. Мысалы үшін Сәуле өз Күнәйім оқушысы туралы айтты. Ол сыныптың белсенді оқушылардың бірі, оқуда үздік.
Орта үлгерімді оқушы сабақта Қазақстан тақырыбына рэп шығарды. ал, төмен оқушым коллаж жасауға белсенді қатысып, бірақ қорғауға келгенде жоғары деңгейдегі оқушы таныстырым жасап кетті. Тапсырманы келесі жолы түрлендіріп, орта және төмен оқушыларымды кеңірек араластыруға басты мақсат қойдым.
Рефликсивті ойлауға балалардың үйренгендері жайында сыни тұрғыдан ойлауы жатады. Бұл олар көрсеткен сыни тұрғыдан ойлау тәртіптері мен дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды талап етеді. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі сыни тұрғыдан ойлауды бағалау соңғы тапсырма. Мен әріптестермен осы тапсырманы талдау барысында, оқушы сын тұрғыдан ойлау дегенді қалай түсінетіміз жайлы ой бөлістік. Сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушы үнемі ізденісте, сабақта және мектептен тыс уақытта белсенді, жаңаша ойлай алатын оқушы деп қорытынды жасадық. Мен өз тәжіримде А.В.С. оқушылардың сыни ойлау деңгейлерін тәжірибе кезеңінде бақылап жүрдім. Инсерт әдісі арқылы не білгілері жайлы тақырып төңірегінде ойларын анық айты. Осында не ойлайтыны анықталды, нәтижесінде сыни ойлай алатын оқушы өз пікірін айта алатын, идеяларымен бөлісе алатын оқушы деп қарастырдық.
Қолданған әдебиет.
Мұғалімге арналған нұсқаулық.