Т?ттіта?амдарменсусындар. Алмадан тосап ?зірлеу. Жеміс –жидектерден сорпа ?зірлеу.


Сабақтың тақырыбы:Тәтті тағамдар мен сусындар. Алмадан тосап әзірлеу. Жеміс –жидектерден сорпа әзірлеу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: тәтті тағамдар туралы мағлұмат беру және сусындар түрлеріне тоқталу. Оқушыларға қамыр илеуді үйрету.Қамыр түрлерімен дайындау ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Теориялық білімін сарамандық негізде дамыту; Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру, күнделікті алған дағдыларын, қабілеттерін, іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге, дастарханды әзірлеуге, әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың типі: жаңа білімді игертуСабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.Көрнекілігі: нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды түсіндіру, тәтті тағамдар плакаты, пісірілген тағам түрлері.Пәнаралық байланыс: биология, тарих, әдебиет.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі.2. Үй тапсырмасын сұрау.3. Жаңа сабақ.4. Сабақты қортындылап талдау.5. Оқушылардың еңбегін бағалау.6. Үйге тапсырма.1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатысуын түгендеу, сабаққа назар аудару.II. Үй тапсырмасын сұрау.
Қияр мен қызанақтарды маринадтау
Қырыққабатты ашыту.
Күзгі салатты әзірлеу
ІІ. Жаңа сабақ. Тәтті тағамдар және сусындар
Тәтті тағамдар жеңіл сіңетін көмірсулар – қанттардың көзі. Бірақ қант есебінен адамның көмірсуларға қажеттілігінің 1/3 бөлігі, ал қалған 2/3 бөлігі крахмал есебінен қанағаттануы керек. Тағам құрамында тазаланған көмірсулар көп болса, организмде майлар жиналады, сондықтан бұл топ тағамдары рационда негізгі бола алмайды және әдетте десертке беріледі. Қант асқазан сөлінің бөлінуін тежейтінін ұмытпау керек, сондықтан тәтті тағамдар негізгі тағамдардан кейін біраз уақыт аралығынан кейін берілу керек.Салқын тәтті тағамдарға балғын және тез мұздатылған жемістер мен жидектер, компоттар, желеленген тағамдар және (бұлғанған және бұлғанбаған), балмұздақ жатады.
Шуағын жайған жаз мезгілінің аптап күндерінде шөлімізді бастыратын таптырмас шешім - салқын сусындар. Ыстығымызды басатын керемет салқын сусындарды дүкен сөрелерінен сатып алғанша, үйден істеуге әбден болады.
Лимонад, морс, суық шай, шырын мен компот... Жаздың аптап ыстығында осыларға қол жеткізу үшін барымызды беруге даярмыз. Жаз - жеміс-жидектер, көкөністер, хош иісті шай түрлерінің молаятын кезі болатындықтан, олардан керемет сусын түрлерін әзірлеуге болады. 
Суық шай. Қара немесе көк шәйға лимон және қант қосылып әзірленеді. Шайдың суығанын күтуге, не бірнеше кесек мұз қоссаңыз болады. Лимон орнына қалауыңызша қалампыр немесе жалбыз салыңыз.
Жидек немесе гүл шайлар. Жидек шайлары денсаулыққа өте пайдалы, ерекше хош иісті болады. Жеміс-жидектердің құрғатылған қақтары қосылған, не иісін келтіретін жұпар ароматизаторлар қосылған шайлар шөлді жақсы басады. Мысалға раушаннан жасалатын каркаде шайы суыған кезде, шырындардан бетер дәмді әрі пайдалы болады.
Компот. Кішкентайымыздан дәмі таныс, кептірілген жемістерден әзірленетін сусын жемістердің суда қант қосылуымен қайнатылып әзірленеді. 
Кисель. Жеміс-жидектер шырыны, тосаптар мен тіпті сүтке картоп не жүгері крахмалы қосылу арқылы әзірленетін бұл тәтті сусын жаз мезгілінде ерекше пайдалы.
ІІІ. Сарамандық жұмыс «Рогаликтер»
Ал енді біздер тағам әзірлеу барысында естен ешқашан шығармайтын техникалық кауіпсіздік ережелері бар екенін ұмытпайық.Қандай тағамды әзірлесең де мыналарды ұмытпа:1. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.2. Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын өзінен кері қарай аш.3. Қызып тұрған шәйнекке мұздай су құйғанда өте абай бол.4. Ыстық тағамның дәмін татып көру үшін ұзын қасықты пайдалан немесе оның салқындағанын күт.- жарты стакан сүт немесе айран, жарты стакан жылы су, 2-3 жұмыртқа- 300 гр жұмсартылған сары май - 1 ас қасық қант- аздап тұз- ұн
- жарты пакет құрғақ ашытқы
Жылы судың ішінде ашытқыны ерітеміз (аздап қант қосса тезірек көтеріледі). Ашыған ашытқыға тұз, қант, жұмыртқа қосамыз. Енді ұн қосып сүйық нан илейміз. Жылы жерде көтерілгенге дейін тұрады. Қамыр көтеріле бастаған кезде, ішіне сары май қосып жұмсақ, қолға жабыспайтын қамыр илейміз. Бір целофан дорбаға қойып, тоңазатқышқа 1 сағатқа қойылады. Қамыр 5-6 зуалаға бөлінеді. Қамыр әлі де қолға жабысып тұрса үстеле аздап ұн сеуіп, зуалаларды солай жаямыз. Әр бір шеңберді 8 бірдей ұшбұрыштарға бөліп, әр ұшбұрыштың жалпақ жағына таңқұрай вареньесінен аздап (1 шай қасығынан да аз) қойып рогалик ұқсатып ораймыз. Үстіне жұмыртқаның сарысын жағып, 200 духовкада пісіреміз.
Блиц сұрақтар. Оқушылар кезектесіп сұрақтар суырып жауап береді.1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді? (ашу процесі)2. Қамыр неше топқа бөлінеді? (2)3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек?4. Ашытқы қалай дайындалады?5. Бір жұмыртқа 10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(10мин)5. Бағалау. Оқушылардың дайындап келген тағамдарына және сұраққа жауап бергендерін ескере отырып бағалау.6. Үйге тапсырма. Өз таңдаулары бойынша қамыр илеп, пісіпіп әкелу, реферат жазып келу және жаңа тақырыпты оқып келу.
ІV. Бекіту бөлімі.
Тәтті тағам дайындау технологиясын айтып беріңдер.
Тәтті тағамдарға не жатады?
Рогалики қалай дайындалады?
V. Үйге тапсырма: тәтті тағамдар және сусындар туралы қосымша жазып келу.
VІ. Бағалау.