Открытый урок по физике на тему Закон Гука. Динамометры


Ашық сабақ. 7 – «А» сынып
Жақсы өтілген бір сағаттық сабақ
үлкен бір өнер туындысыдыр!
Тақырыбы: «Гук заңы. Динамометрлер.»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Денеге әсер ететін күшпен дененің созылуына байланыстылығы. Күшті өлшейтін арнайы аспап – динамометрлардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың көзқарасы, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтан алынған теориялық білмдерін өмірде қолдауға үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, динамометр, кітап, тест материаллары.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу, түгелдеу
Ә) Психологиялық дайындық.
Б) Оқушыларды сабақ назарына аудару
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Күш деп неге айтылады?
Күш қай әріппен белгіленеді?
Күштің өлшем бірлігі?
Күш қандай шама?
Векторлық шама дегеніміз не?
1 Н нені білдіреді?
Деформация деп неге айтылады?
Деформацияның түрлері?
Серпімді деформация деп неге айтылады?
Серпімді деформацияға мысал?
Пластик деформация деп неге айтылады?
Пластик деформацияға мысал?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Серпімді дененің ұзаруы мен оның түсірілген күштің арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635 - 1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген кушке тура пропорционал, яғни:
F=kx,
мұндағы F – түсірілген сыртқы күш, x=l-l0 – дененің созылуы немесе сығылуы шамасы (дененің ұзындғы өзгеретін қашықтық); l0 – дененің бастапқы ұзындығы; l – деформацияланған дененің ұзындығы; k – қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффицент. SI жүйесінде қатаңдық ньютонның метрге қатысымен (Н/м) өрнектеледі.
Серіппеге кезекпен F1 = 1 H, F2 = 2 H, F3 = 3 H күш түсіре отырып, серіппе түсірілген күшке пропорционал ұзаратынын байқауға болады. 2 Н күш серіппені біріншіге қарағанда екі есе, ал 3 Н үш есе көбірек созады. х2 = 2 х1 х3 = 3 х1 F1 = kх1 ; F2 = kх2 ; F3 = kх3F1 х1 = F2 х2 = F3 х3 = k
k – қатаңдық дене материалына және өлшемімен пішіміне байланысты шама. Мысалы: ұзындықтарымен диаметрі бірдей жіңішке сым мен резеңкені алайық та, оларға жүк ілейік. Резеңке көбірек созылады, өйткені оның қатаңдығы сымдікінен төмен.
Күшті өлшейтін арнайы құралдар - динамометр ( грекше dynamic – күш, және metreo - өлшеймін ) қолданылады. Динамометр негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады.
Сабақты пысықтау:
13 – жаттығу. 4 – есеп.
Берілген: шешім: есебі:
F1 = 160 Н F=kx k = 160 H0.072 m = 2222 H/m .
х1 = 72mm = 0.072 m k = Fx x = 280 H2222H/m = 0.126 m.

F2 = 280 H x = Fk

х2 = ?
Денеге қойылған күшпен дененің созылуына байланысты заңды кім, қашан анықтаған?
А) И. Ньютон 1666ж.Ә) Г. Галилей 1680ж.
Б) Н. Каперник 1601ж.В) Р. Гук 1660 ж.
2. Денеге қойылған күш .......... тура пропорционал.
А) дене температурасына
Ә) дене көлеміне
Б) дене созылуымен сығылуына
В) дененің ұзындығына
Поезд рельсына қонған шыбын әсерінен рельс .... .
А) деформацмяланбайды
Ә) шыбынның ауырлығына тең күшпен деформацияланады.
Б) күшті деформацияланады
В) дұрыс жауабы жоқ
Күшті өлшеуге арналған аспап:
А) динамометр
Ә) ариометр
Б) спидометр
В) барометр
Үйге тапсырма 13 – жаттығу, 2 – есеп 35 – 36 - §