К?шпенділер та?ырыпты? к?нтізбелік жоспар 10 сынып


І Түсінік хат
Мектептің негізгі деңгейіндегі 11-сынып қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында лексикология бөлімі бойынша курс оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі бастауышта меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады.
Ана тілінде оқытылатын курстың мақсаты оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді топтастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлерін меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптастырады.
Курс бағдарламасы бойынша барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады.
Лексикология тарауы бойынша мақсаты, зерттелуі және лексикалық элементтің дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалатындығын, сол арқылы белгілі мағынаны жалпыға білдіру дәстүрі пайда болатындығын оқушыға меңгертіледі.

Қазақ тілінің сөз байлығын лексикология ғылымының заңдылығына байланысты зерттегенде, біріншіден, мән- мағынасын, екіншіден, шығу тегін, үшіншіден, қарым-қатынас жасаудағы қолдану аясын, төртіншіден, экспрессивті-стильдік қызметін жан-жақты тексереді.Сондықтан лексикология «сөз туралы сөз», сөздердің бүтін жиынтығы жайында ғылым екендігін ұғындыру.
ІІ Курстың мақсаты:
Оқушының тіл туралы түсінігін роман мазмұнымен байланыстыра кеңейту
Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныту
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін тереңдету
Әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту
Тілдік жағдаятқа сай қарым- қатынас жасауға дағдыландыру
Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.
Сөз мағыналарын зерттеу.
ІІІ Курстың міндеттері:
Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);
Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;
Оқушыны зейінді ұстау;
Пәнаралық байланысты сақтау;
Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);
Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау
Өздігінен білім алуға үйрету функциясы
С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының 2014-2015 оқу жылындағы 11 «а» сыныбы үшін «Көшпенділер» тақырыбындағы дайындаған гимназая компоненті бағдарламасы.
(Аптасына- 1 сағат, жылына- 34 сағат)
Р/с Тақырыбы Сағаты Күні
1 Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері. 1 2 І.Есенберлин шығармашылығымен танысу. 1 3 Романның шығу тарихы. 1 4 Романның қысқаша мазмұнымен танысу 1 5 1-ші бөлім «Алмас қылыш». 1 6 «АЛМАС ҚЫЛЫШ»романының мазмұнын талдау. 1 7 Романдағы тарихи тұлғалар.Шыңғысхан әулеті. 1 8 Романдағы хандар бейнесі. 1 9 Романдағы батырлар бейнесі. 1 10 Романдағы ханымдар бейнесі. 1 11 Тарихи оқиғалар тізбегі. 1 12 Романдағы махаббат тақырыбы. 1 13 Романның басты идеясы. 1 14 «Жанталас»романы. 1 15 Романның мазмұнын талдау. 1 16 Романдағы Абылай хан бейнесі. 1 17 Романдағы тарихи шындық. 1 18 Романдағы сұлтандар бейнесі. 1 19 Шығармадағы жыраулар бейнесі. 1 20 Романдағы көркемдік пен әсерлілік. 1 21 Шығармадағы әдеби тәсілдер 1 22 «Қаһар»романы 1 23 Тарихи трилогияның бастауы 1 24 Романдағы Кенесары Қасымұланың бейнесі 1 25 Шығармадағы қалалар тағдыры 1 26 Экспрессивті сөздер 1 27 Шығармадағы синонимдік қатарлар 1 28 Азаттық жолындағы күрес 1 29 Романның өзге тілдерге аударылуы 1 30 «Көшпенділер» фильмі мен тарихи роман 1 31 І.Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары. 1 32 Сөз сырына саяхат 1 33 Шығармашылық жұмыс 1 34 Сынақ тапсырма 1 ҮІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Лексика және грамматика саласында тілдік білімдерін меңгеруі тиіс:
сөздің мағыналарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде еркін қолданады;
сөздік құрам түрлерін меңгереді, контекстегі қолданылу ерекшеліктерін талдайды, ауызша және жазбаша жанрларда шығармашылықпен қолданады;
жаңа сөз тудырудың тәсілдерін біледі, оларды бір-бірінен ажырата алады;
тілдік ұғымдардың мәнін ашатын диаграммалар, кестелер құрастырады, оны таратып түсіндіреді.
Өз бетімен оқи білуі, түсінуі және түрлі мәтіндерді талдай білуі тиіс. Қажетті ақпаратты ала білуі және оқығандарына баға бере білуі тиіс:
мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты іріктейді, оларды тілдік қатынаста мақсатқа сай саралап, еркін қолданады;
оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айтады, тақырыпқа сәйкес жоба-жоспар жасап, мәтін құрайды.
сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік, көпмағыналылық сипатын жанр түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданады;
әдеби нормамен монолог, диалог түрінде пікірлеседі.
ҮІІ Пайдаланылған әдебиеттер:
«Қазақ тілі лексикологиясы» Ә. Болғанбаев
2.«Сөз өнері» М. Балақаев, Р. Әміров, Ө Айтбаев
3.«Қазақ диалектологиясы» Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев
4.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы
5. Алпысбаев Қ. Тарихи зерде тамыршысы. // Ақиқат. 1995ж., №7.  6.Досманов Д. Ер есімді Есенберлин. // Сарыарқа. 1999ж., №2-3.  7.Рымғали Н. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: Зерттеу. Астана, 8.Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы: Монография. А., Ғылым, 9.Дербісәлиев Ә. Тарих тағылымы және көркемдік шешім. // Қазақ 10.Алпысбаев Қ. Тұңғиық сырлы талант. // Жұлдыз. 1995 ж., 11.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Оқулық, 2-ші басылым. А., 2003ж.  12.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. А., Қазақстан, 1995ж.  13.Жемісті талант. І. Есеберлин 60 жаста. (Ш. Сариевпен сұхбат.) 14.Қазақтың көне тарихы // Дайындаған М.Қани. А., Жалын, 1993ж 15.Жақсығалиев Ж.Ж. Әбілхайыр ханның саяси-мәмілегерлік қызметі 16. Жұмаділов Қ. Тарихи зердені жаңғыртқан. // Сарыарқа. 1995,
Ү Курстың есебі:
(оқу жылдарында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы, ұсыныстары, ескертулері)
Қорытынды Ұсыныс Ескерту
Мынау қатігез дүниені нұрландырған махаббат... Мейірімділіктен жұрдай жүректерді дір еткізген іңкәрлік...
Халық басына қатер төнген запыраны көп заманаларда ел тұтқасын ұстап тұрған хандар мен бекзадалардың жанына демеу, көңіліне медеу болған да ай десе аузы, күн десе көзі бар бір сұлудың аппақ тілегі мен кіршіксіз жүрегі еді...
Айтулы атпал жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» атты шырмаулы шежіреден сыр шертетін тарихи романында Махаббат тақырыбының мәңгіліктің мәңгілік әңгімесі екені тағы бір дәлелденеді. Мәселен, Әбілхайырдың келіні, Шах-будақ сұлтанның жесірі Аққозы-Бегім мен Орақ жылқышы арасындағы махаббатты сөз етсек, әлеуметтік теңсіздік те сезімдеріне тосқауыл бола алмағанын көреміз. Оны жазушы былай береді: «Жоқ, Орақ пен бұның арасында құдай алдында күнәлі дер, не ауыл арасында өсекке ілігер еш нәрсе болған жоқ. Тек, біраздан бері бір-біріне құмартқан ыстық жүректер, көріскендерінше шыдай алмай алас ұруда...». Моғолстанның негізін салған Иесен-Бұға мен бейтаныс қыз, Қобыланды мен Гүлбаһрам, Қабанбай мен Гәуһар...Арыстандай ақырған хас батырлар да сезім отына күйіп, аласұрған.
«Жәнібек Жаған мергеннің бетіне бетін таяп: «Мен сені, Жаған, жақсы көріп қалдым» деді». Бұл Жәнібек – қазақ хандығының негізін салған Жәнібек хан...
Романның оқиғасы негізінде қалмақ пен қазақ арасындағы алауыздықпен, бітіспен соғыспен өріледі ғой. Дегенмен, қалмақтардағы махаббат та жазушы назарынан тыс қалмаған: «Тас жүрек Сыбан Рабдан қызының Шәңгерек ноянды қаншалықты жақсы көріп келгенін енді түсінді».
«Батыр Баян» поэмасындағы Баянның інісі Ноян мен жоңғар қызының бір-біріне деген трагедиямен бітетін сүйіспеншілігі де романда әсерлі беріледі: «Осы күннен бастап, Ноян мен Құралай арасында махаббат оты өрши түсті».

Айбынды Абылайдың жүрегін махаббат жалыны шарпыған кез мейлінше әсерлі суреттеледі: «Абылайдың бойын бір орасан қуаныш билеп кетті. Осы жасқа келгенше талай ұзын етектіні жолықтырды. Бірақ оған біреуі де мұндай ұнап көрмеген-ді. Жігіт болып ат жалын тартып мінгелі, басынан өткізгені кілең жорық, ұрыс, талас. Алған әйелдерінің бәрімен де тек төсек үстінде танысты. Сұршақызбен де солай кездесті. Бірақ ол қартайғанда кез болған ең қымбат қазынасы тәрізденді»...
«Осы бір бақыт түнгі кездескен екі албырт жүректің жібек жіптей нәзік сезімдері бірте-бірте үлкен махаббатқа айналды». Бұл Алтыншаш пен Байтабынның сезімдері суреттелген жолдар...
Махаббатың қадірі де күту мен сағыныштан құралмай ма? Аттың қомы, түйенің жалында жүрген алмағайып заманда дүйім дүниенің әдемілігі кірпігіне жиналған хас сұлулар айбаты мен қайраты келіскен жаужүрек батырларын шайқасқа аттандырып тастап, оларған деген нәзік сезімдерін жүрек түкпіріне сақтап қойып, апталап, айлап, жылдап сүйіктісі оралғанша зарыға күткен. Адал сезіммен...
Роман өзегі – тарихи тақырып. Дегенмен, қантөгіс ұрыстар арасында іңкәр жүректердің бір-біріне деген лүпілі жалт еткенде бейне өзің де ғаламат тәтті бір әлемге енгендей құштарлана, қызыға оқисың...
АвтАкадемия
«Көшпенділер» романындағы тарихи дерек көрінісі

Құныпия Алпысбаев, филология ғылымдарының докторы, профессорТүркі академиясы
Жазушы   үшін   тарихи   фактілер,   болған   оқиғалар,   тарихи тұлғалар  алғашқы   негіз   ғана.  Ол  турлы   көркемдік  әдістердсн, шартты түрде суреітеу  тәсілдерінен бой тарта отырып,  өмірдің өзіндегідей  етіп  жазғанының   өзіне   ол   тарихта   болғандағыдан өзгеше болып шығады. Ол тарихи шындықты калпына келтіре отырып, оны көркем түрде қайта туғызады.
Халықтың өткені көптеген тарихи романға таусылмас деректеме береді. Ол - бүгінгі тұстастарымыздың түсінігі мен танымының тарихи қалыптасу сипатын көрсететін жәй. Кеңестік дәуірде дүниеге келген тарихи роман бүгінгі таңда өзгеше және байсалды, тереңірек үңілуді талап етеді. Ол бабалар тұлғасын пайымдап, ұмытылмас бейнесін, лайықты ерлік істерін -салыстыруға мүмкіндік береді, қазіргі және болашақ ұрпақтарды '' тәрбиелеу үшін қызмет етіп өмір сүреді. Тарихи тақырыпты игерудегі көркемдік сипаттың бірі де осы.
Әдеби теориялық және эстетикалық бағаның даму барысында қалыптасқан    теориялық    категориялар «көркем қиял» мен «көркемдік болжам» өнердің әр дәуірдегі даму процесіндс күшті өзгерістерге түсетін  құбылыс екені белгілі. Өнертанушы мамандардың айтуынша, қиял — суреткердің реальды шындықты дәл өмірдегідей, өмірді қаз-қалпында суреттеуден ауытқу құралы. Ал болжам – тарихи шындықты көп әсерлемей, негізін сақтай отырып суреттеу тәсілі [1].
Әдебиет жатйлы айтылған пікірлердің тарихына көз салсақ, сонау қайта өрлеу кезеңінен бастап, өнер танушылардъң әлемдік өкілдерінің пайымдауынша көркем образ жасаудың бірден-бір тәсілі - сол қиял. Бұл орайда тарихи романдардың дүниеге келуіне байланысты көркем қиял мен болжам жөнінде арнайы әңгіме ету — уақыт талабы. Ол жөнінде пікірталастар әлі күнге толастаған жоқ. Бұдан былай да жалғаса берері сөзсіз. Өйткені дүниеге келген әрбір нағыз көркем шығарма өзінше әлем. әр үлкен суреткер көркем қиял мен болжамды пайдаланудың өзінше үлгісін жасамақ. Осыған байланысты әр шығарма жөнінде сөз еткен кезде зерттеушілер өзінше жаңа бір әлемге кез болып, жаңа ойлар айтады, тың  тұжырымдар қорытады. «Бұл құбылыс халық өмірінің, ел тарихының құнарлы кенін қопарған тегеурінді дарын» [2] - І.Есенберлиннің тарихи эпопеясына да тән.
Тарихи роман жөніндегі зерттеулердің байыптауларына көз |6| салғанда байқауға болады. Яғни, оларда шығармадағы көркем қиял мен тарихи шындықтың арақатынасы мәселесіне ылғи да назар аударылып отырады. Бұл жұмыстарда "қиял мен болжамның жалпы теориясы, оның әдебиеттегі рөлі, жанрдың типологиялық белгілерін анықтаудағы қызметін пайымдауға талпыныс жасалады.
Көркем қиял - дүниені өнерде, өнер әлемінде бейнелі түрде танудың өзіндік құралы. Өмірлік негіз бен көркемдік қиялдың тоғысынан тұратын көркем образ өнер құбылысы болып табылады.
Бұл тұрғыда көркем қиял - өнердің табиғатын анықтайтын басты сипат. Сондықтан да шығарма жазуда жазушы өзінің творчестволық қиялында жүйелі образ туғызуды, содан соң барып оны көркем бейнелеуге қажетті тәсілді таңдайды. Айталық жазушы өзінің шығармасына өмірде нақты болған тарихи тұлғаны кейіпкер етіп алып, жазып отырған күннің өзінде, сол тарихи адамның сипатын шығармаға өмірде болған күйде көшірмейді, оның басты қасиеттері, өміріндегі үлкен әрекеттерін негіз ете отырып, өз прототипін көркемдік құралдың құзырына бағындырып, жаңа әдеби тұлға жасайды. Көркемдік болжам тарихи шығарма табиғатына етене жақын, алайда, көбіне құжаттык шығармаларға тән болып келеді. Бұл категориялар жайында белгілі әдебиетші А.П.Александрова өз ойын былайша білдіреді: «Көркем қиял шығармаға тарихта болмаған жеке эпизодтар мен кейіпкерлердің іс-қимылы аркылы енеді, сонымен қатар романның құрылымы, оның образдарының жүйесі типтендірудің мәні объективті шындықтың субъективті бейнесін жасауға бағынады. Көркем қиял жазушының шығармашылық қиялының негізінде жатыр, мұнда көркем болжал бар және сонымен коса жасалған әлемнің мәнін айқындауға бағынады. Автордың реалды шындықтың кейбір фактілерден ауытқуы (олар жайлы сөз қозғамау, жанама фактілерді суреттеуде хронологиляық тізбекті өзгерту т.б.) бұл тарихи кейіпкердің мінезіндегі кейбір қырларын күшейту, не бәсеңсіту, тарихи кұжатқа шығармашылық жағынан жақындау - мұның бәрін көркем болжал деуімізге болады»[3,136-б.]
Тарихи романдар тәжірибесінде құжаттарды пайдаланудын екі тәсілін айрықша айтуға болады. Бірінші тәсілде құжаттық факт композициясы элементіне айналып, суреттеліп отырған дәуірдің кең картинасын бедерлеуге кызмет етеді. Тарихи романды басқа құжатқа негізделген басқа өнер шығармаларынан, сондай-ақ ғылыми еңбектерден ерекшелейтін тәсіл де осы болып табылады. Екінші тәсілде де құжат таза күйінде немесе сәл көркем қорытылып шығармаға енгізіледі де композиция элементі ретіндс кызмет атқарады.
Тарихи құжат қаламгер үшін сол кезеңнің кейбір белгілерін танытуға ғана керек болғандықтан, бұл тұста құжат фактілері суреткер қиялында  қорытылып, шығарманың идеялық мұратына бағындырылады. Бұл тәсіл аса сақтықты, шеберлікті керек етеді. Өйткені, құжаттан өзгертілмей алынған жалаң үзінділер, құрғақ фактілер шығарманың көркем табиғатына нұқсан келтірмеуі ләзім.
Алайда, бұл екі тәсіл әр шығармада өзінше сипатқа ие болып, іштей түрленеді, өзіндік бір көркем күйге енеді. Осы тұрғыдан келгенде көркем шығармаларға пайдаланған тарихи деректер мен қаламгер қиялы арқылы өзгеріске түсіріп немесе жетілдірген көркемдік шеберліктің жігін ажырату әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл мәселе - ежелден келе жатқан, болашақта да жалғаса беретін шексіз, қызық та күрделі, мәңгілік проблема. Тарихи шығармадағы тарихилық пен көркемдіктің ара-қатынасын пайымдау, ол — жазушының шеберлік кырын ашу. Қазақ әдебиетінің тарихында тарихи романның жаңа үрдіс, өнегесін әкелген І.Есенберлиннің "Алтын Орда" және "Көшпенділер" трилогияларының да тұтас табиғатына осы тұрғыдан көз салған жайда, бұдан өзге талай қызық мәселелердің қылаң беретінін байқаймыз. Қос трилогияның қамтыған кезеңі бірер жыл емес. Тіпті белгілі бір тарихи кезең де емес, жеті жүз жылдық тарихты, қазақ халқының қалыптасуы мен қабырғалы ел болғанға дейінгі сан түрлі уақыттардың тоғысы көрінетін әлденеше ғасыр оқиғасы суреттеледі. Бұл кезеңдсрге қатысты тарихи деректер, фактілер түрлі құжаттар, ауызекі мағлұматтар жеткілікті екені де белгілі. Сырттай қарағанда, сол ұланғайыр деректерді шығарма табиғатымен салыстырса болды зерттеуші жүгін жеңілдете түсетін тәрізді көрінгенімен, олай емес. Бұл жолдағы іс-әрекеттің күрделі сипаты мынада.  
Ең алдымен қазақ халқының көне тарихына қатысты деректер әлі күнге жүйеге түсіп, толық жарияланған емес. Жаңа-жаңа қолға алына бастағаны да көпке аян. Оның үстіне көпшілігі араб, парсы, шағатай тілдерінде, орыс, қытай жылнамалары мен көне түркі, араб жазуларындағы қолжазбаларда. Тіпті бертіндегі ХVIII-XIX ғасырдағы орыс ғалымдары жазбаларының өзін бұл күнде тауып оқудың өз қиындық түсіретіні белгілі.
Бұған қоса, әр кезеңдегі саяси көзқарастар мен тұрпайы социологиялық танымдардың әсеріне байланысты бұл деректердің барлығы ғылым көзімен әлі күнге толық сараланып, лайықты бағасын ала қойған жоқ. Осылайша көптеген ұлы оқиғалар «жабық тақырыпқа» айналып, тарихи тұлғалардың аттарын ұмытуға басты себеп  Кеңестік солақай саясаттың салқыны еді.
Көркем шығарма-тарихтың көшірмесі немесе баяны емес, ол жаушы санасында қорытылып, екшеліп, өзінше басқа түрге енген творчество жемісі. Яғни, ол кейде тарихпен сәйкес келе бермейтін, тарихты сол қалпында қайталамайтын, алайда, сол өткен тарихты оқушы көз алдына елестетіп, қайта тірілтетін, өзінше сөйлететін өзгеше жеке бір құдіретті әлем. Бұл орайда Алексей Толстой айтқан жолдарда үлкен мән жатыр: «Әрбір жазушы уақыттың конденцаторы» [4,109-б.], - дейді, ол. Алексей Толстойдың бұл ойы тарихи романдарға тікелей қатысты айтылған. Өйткені тарихи романдарда фактілер қорытылып қана қоймайды, өткен кезең оқиғалары мен құбылыстар бір шығарма кезеңіне тоғыстырылып, тарих шындығымен сәйкестендіріледі.
Сондай-ақ ол бүгінгі кезең талғамынан шығып, болашаққа қызмет етуге бағытталады. Тарихи романдарда уақыт белгілі эстетикалық мәнге ие болады. Ал, уакыт — тарихи романдар композициясының адам мен уақыт қарым-қатынасының өмірлік оқиғалар түріндегі маңызды элементі.
Бұл ретте көркемдік құралдардың барлығы да адамдар санасында белгілі объективті бағасын алған, құжаттар мен халық жадында сақталған нақты тарихи кезең табиғатын ашуға бағыңдырылады. Оған құбылысты көркем бейнелеудегі авторлық көзқарасты қосыңыз. Объективті және субъективті ұстанымдардың өзінше тоғысы тарихи романдардың өзіндік ерекшелігін белгілейді. Әрине, мұндай тоғыс әдеби шығармалардың қай-қайсысына да тән. Ал, тарихи шығарманың ерекшелігі сонда, оның объективті тұғыры практикада белгілі болғаннан кейін алған деректерге негізделеді. Бұл орайда нақты фактілерді басшылықка ала отырып ұқсас бір тарихи мәселеге ұқсамаған қорытынды шығарып, бөгде көқарас білдіреді. Мұнай пікір-танымдардын болуы оның түп тамыры каламгердің өзіне ғана тән субъективті санасында жатыр. Бұл құбылыс әрбір жекенің тарихқа деген көзрқарасын калыптастыратын ұйтқыға айналуы мүмкін. Тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушының тарихқа деген субъективті көзқарасы таным түрінде  айқын аңғарылуы ықтимал. Философиялық таным — субъектінің дүниеге көзқарасын, тіршілік жөніндегі танымын, этикасын қамти отырып субъектінің дүниеге қоғамға кісілік өмірге ұстайтын позициясының жиынтығын меңзейді. Демек, бұл таным -объективтік танымның өзегі деуге тұратын таным. Тарихи тақырыпқа барған жазушының танымы субъективтік сана құрылымындағы барлық танымдық факторлардың ішінде негізгі жетекші орында тұрады. Ол субъектінің өзге де танымдық факторларымен әдеттегі салалас қатыста ғана емес, түптеп келгенде, олардың бәрін меңгеіп тұрады.  "Субъектінің күллі танымдық құрылымының бәрі түгелімен осы философиялық танымның менгеруінде, жетегіндс" [5,55-б.] болады. Әсіресе, кейбір ірі  тарихи мәселелерді қозғағанда және жалпы тұлғалық, макролық танымдық әрекеттер барысында қандай философиялық көзқарастың болуы субъектінің танымдық қорытындысында аса шешуші мәнге ие болады. Яғни, философияда тарихтың болмауы мүмкін еместігін көрсетсе, ол тарихи зерттеу мен тарихи туындыда философияның болмауы кисынсыз екенін дәлелдейді. «Шығармада баяндалған фактілерді соған сәйкес құжаттармен, тарихи деректермен салыстыру - белгілі дәрежеде тарихи шығармалардың объективті негізін ашуға мүмкіндік беретін сипат. Алайда ол қыруар еңбекті қажет ететін, тарихи деректі образ, әлеміне айналдырудағы жазушының қиял қарымын байыптау, оның өзінің айтайын деген түпкі ойына бағындыру, шеберлігін айқындай білуді керек ететін нәрсе. Бұл орайда әңгіме тарихи шындықтың көркемдік шындыққа айналудың авторға тән ерекшелігін саралауда болып отыр. Ал субъективті негіз көзге ұрып байқалып тұрмайды. Ол шығарманың- бүкіл құрлымын анықтайтын мазмұнға кірісіп кетеді. Шығарманың субъективтік негізін түсінбей тұрып әр кезең өкілдерінің өзінің творчестволық әдіс-тәсілдеріне лайық тарихи қаһармандар мен оқиғаларды түсіндіру сипатын ашу оңай шаруа емес. Нақты бір оқиғаға яки тарихи тұлға жөнінде жазылған шығармалардағы әркелкі бағалардың да негізі осында жатыр.
«Көшпенділер» трилогиясы-хронологиялық жүйеге құрылған, қазақы шежірелік сипатты бойына жинақтаған тарихи шығарма. Трилогияның жанры жөнінде кезінде қазақ ғалымдары, роман жанры бойынша терең зерттеулер жүргізген Р.Бердібаев [6,142-б] пен Ш.Елеукенов [7,108-б] еңбектерінде «роман хроника» деп анықтама берілген. Ондағы баяндалатын оқиғалар негізінен тарихи жүйемен дамып, өрбіп отырады. Сонымен қатар, трилогияда жазушының лирикалық шегіністерге, арғы-бергі дәуірлерге ауысып отыратын тұстар да жеткілікті. Ондағы суреттелетін негізгі оқиғалар, басты қаһармандар тарихта болған, белгілі деректерде сақталған. Шығарма табиғатынан бір айқын аңғарылатын нәрсе, жазушы шығарма жазуға үлкен дайындықпен келгендігі. Яғни, ол әр кезеңдегі тарихи деректер мен мағлұматтарды мол жинаған, ғалымдар еңбектерін барынша оқып танысқан, тереңдей зерттеген. Рас, кезінде шығармадағы тарихи деректердің молдығы, автордың сол тарихи мағлұматтарды кейде сол қалпы өзгертпей қолдануы, дерек жетегінен ұзап шыға алмай қалатындығы трилогия табиғатындағы басты кемшілік ретінде танылып сын айтылған. Шығармада Батудың Венгер короліне жазған хаты, Лаврентьев шежіресіндегі деректер жөнінде (30 бет), араб жазушысы Абу-Аль Фи жөнінде (47 бет) айтылып, мағлұмат келтіреді. Ал, кейде Рашид-Ад-Дин сияқты тарихшылар еңбектерінен үзінділер келтіріледі /64 бет/.
Мәскеуге алып келіп, Ноғайлы елінің билерін өлім жазасына бұйырып, «Джамши-әл-тарихиды» жазған Жалайыр Қадыр Әлі мен Оразмұхамедті тірі қалдырады /390-бет/. Тарихи Рашидиде: «Кімде-кім өзгеге ажал азабының шәрбатын қанша ішкізсе, өзі де сол удан соншалық ішеді» /294-бет/. «Оның «Дешті Қыпшақтың» елдік, жауынгерлік даңқын «Тарихи Рашиди» айтқандай, Жошы ханнан кейін бүкіл Шығысқа жайған әулетті шағы еді» /293 бет/. Олар «Шайбани-намеде» айтқандай, «келіңіз, бұл үйде ешкім жоқ» деп хат жазып, кісі жібереді /256-бет/ деген сияқты автор өзі дерек алған шығармалар жөнінде мағлұмат беріп, керегінше роман сюжетіне пайдаланған материалдардың негізіне бағыт сілтеп отырады. І.Есенберлин ақтарған тарихи деректердің оқырманға бірден белгілі болып айқындалып тұрған бөлігі осы болса, ал оның көркем шығарма өзегіне сіңіп кеткен мол бөлігінің дерегін табу қиынның қиыны. Бұл тұста жазушының тарихқа ұстанатын субъективтік санасының бір саласы – білім негізі тұрғысынан келсек, тарихи тақырыпқа барушы І.Есенберлиннің іздену, зерттеу барысында жинақтаған білім деңгейін пайымдауға болады. Білім негізі дегеніміздің өзі-бір адамның білім қабілеті, білім құрылымы, сондай ақ сол білім өрісінде қол жеткізген ойлау формасы, таным-тағлым қуаты. Бұл түйінді одан әрі таратар болсақ , білім қабілеті дегеніміз – субъектідегі бар білімнің өз саласын зерттеуге сәйкестендірілген, қажетті қалып; ойлау формасы дегеніміз – субъектінің білімді иелеу, білім құрылымын қалыптастыру барысында тауып алған ойлау әдісі яғни, ол белгілі бір білім қабілеті білім құрылымымен байланыста болады, әрі оны өзіне негіз етеді; ал таным-талғақуаты дегеніміз – субъектінің қабылдау, түсіну, қолдану және жаңа ұғымдар тарату қарымы деген сөз. Міне осы факторлар өзара кіріге келіп, өзара ықпалдасып, қосылып келіп, танымдық субъектінің өзіне ғана тән білім негізін айқындайды.
Сондықтан жоғарыда сөз болған философиялық көзқарас пен саяси тұрғы субъектінің танымдық қимылына бағыт-бағдар беріп отыратын болса, білім негізі  субъектінің танымдық табысының ғылымилығына негіз қалап береді. Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармашылық әлемін талдау барысында бұған айқын көз жеткізуге болады. Қайсар мінез, қажырлы еңбек тұңғиық білім негізімен ұштасқан жазушы болмысын танимыз. Жазушының баяндау тәсілі, кейіпкер толғанысы, психологиясы арқылы берілетін ой қорытулар, философиялық түйіндср осыны көрсетеді.                
"Ажал - үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе?    Бабасы Шыңғысхан бүкіл әлемді осы ажал арқылы  бағындырмақ болған жоқ па еді?                                 Калың бұқараны өліммен әлдилеуден Шыңғыс ұрпағынан шыққан қай хан тартынған?" [8,6-б]. Бұл сол әлемді тітіркенткен, кара жерді қайысқан қолмен солқылдатып, қанмен суарған Шыңғысханның ұрпағы Әбілқайырдың монологы.                     
"Әбілқайыр ірбіз терісінің үстіндс аунап түсіп," [8,6-б] толғанып жатыр. "Көшпенділер" трилогиясының бірінші кітабы "Алмас қылыш" Дешті-Қыпшақтың бағы тая бастаған жеке билеушінің осы ішкі толғанысымен басталады. Ел басқарудың тауқыметі жанын жегідей жеп, ауыр ойға батып отырған Әбілқайырды көреміз. Романның сюжеттік желісіндегі өне бойы тамыр тартып таралып кететін болашақ ұлы оқиғалардың негізгі көзі - осы Әбілқайырды ішқұстаға салған толғаныс, Шиеленіскен түйіннің шешімін таба алмай, шерменде болған Әбілқайырдың арғы-бергі ата-баба дәстүрін ойға түсіріп, толғанысқа берілу сыры романда былайша суреттеледі: "Көк Орда ел-жұртын жеке билеп келген Әбілқайыр мен қазақ ордасын бөліп алам деген Жәнібек сұлтанның таласы әлдеқашан-ақ басталған. Бұлар бір-бірінің жан алқымынан ала түсер көкжал қасқыр мен арлан тазы теңдес. Араларында бітім болуға тиіс емес. Бірақ әлі қарсы шабар күн туған жоқ, тек қазір сол күнді күтіп жүрген жағдайлары бар"[8,15-б] - деп, сыр сабақтайды автор Әбілқайыр хан мен Жәнібек сұлтан арасындағы тартыс жайында.                                                    
Ал осы тартыстың түп-тамыры қайда жатыр? Жәнібек, Керей әрекеті Әбілқайыр Шыңғыстан бастап ата-баба тарихын еске түсіре отырып ой түйіндегеніндей, билік үшін күрес, таққа талас қана ма? Кейін бүкіл бір мемлекеттің құрылуының, халық болып қалыптасуының басьнда тұрған азаматтар туралы Әбілқайыр ханның ой қисыны өзінің жеке билеушілік пиғылының көрінісі екені оқиға желісінде байқалып отырады Жанжал сыры неден басталатыны романда былай көрсетіледі "Бұл мезгіл сонау Соғды жері мен Еділ өзенінің жағасына дейін Ұлы Дәшті Қыпшақ даласын жайлаған түркі тұқымдас елдердің екіге бөліне бастаған шағы еді. Шаруашылығына қарай  Мауреннахр деп аталатын Жейхун мен Сейхун дарияларының ортасында тұрған түркі руларының көбі Күншығыс-Оңтүстігіндегі, түбі көшпелі ирандықтар, өзі тәрізді егіншілікпен шұғылданатын отырықшы Соғды елімен қауымдасып, өзбек халқының іргесін қалай бастаған. Ал, Сейхун дарияның орта шенінен төмен карай сонау Еділ, Жайықтың арғы бетіне дейін көшіп жүрген түркі тұқымдас рулар өзі тәрізді мал бағатын, Жетісу бойындағы көне заманнан келе жатқан Үйсін, Дулат, Жалайыр, Қаңлы тәрізді салты мен дәстүрі бір рулармен бірігіп, қазақ деген ел болсақ деп талпынған-ды. Осы кездегі бүкіл Дәшті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр өз ордасын қазақ даласына тіксе де, жаулап алған жерлері сол Мауреннахр, Соғды, Қорасан жағы болғандықтан, көңілін көбінесе осы тұсқа аударған. Солардан қыз алып, Орда салтына да көбіне Мауреннахр елінің әдет-ғұрпына көшіре бастаған.
Қарамағындағы көшпелі елдерге адым-салықты көп салып, оны тек бөтен жұртты шабатын әскерге жұмсап, халықтың күйін нашарлатып жіберген. Және өзі де Дешті Қыпшақтың даласынан гөрі Мауреннахр шаһарларының бірін хан Ордасы етуді дұрыс көрген. Бұның бәрі көшпелі Дешті Қыпшақтың асау жылқы тәрізді, арда руларын ханнан шошытуға айналған. Өзінің шаруашылығын, дәстүрін, салт-ғұрпын –бәрін түбі Мауреннахр тұрғын елінің дегеніне қарай айналдырғысы келгенін сезген Дәшті Қыпшақ тайпалары енді Әбілқайырдан іргесін әрі салуды ойлаған. Осы тілектің туын көтерген басты адам – Жәнібек сұлтан» [8,13-б]. Дәл осы тұста өзімізге тұстас дәуірдің де елесі айқын көрініп тұрғанын айтқан жөн. Мемлекеттік табыстың үштен екі бөлігін әскери мұраттар үшін жұмсаған Кеңес кезеңі, ұлттық дәстүр, салт-ғұрыптан айрылмауға тырысқан 20-жылдардағы қазақ зиялыларының болмысы атой беріп тұрғандай.
Жәнібек пен Керей бастаған қазақ жұртының Әбілқайыр хан құрамынан жырыла көшу сипатын баяндайтын аңыздық желі мен тарихи еңбектердегі деректерге назар аударайық. Әуелі Шәкәрім қажы қағазға түсірген аңызды келтірейік: "1455 жылы әз Жәнібек немере інісі Шаһгерей ханменен тамам қазақты алып, Әбілқайырға өкпелеп Шудағы Шағатай нәсілінен Есен Бұғаның баласы Тоқлуқ Темірханға қарады. Әбілқайырға өкпелеген себебін біздің қазақ былай айтады. Біздің арғындардың арғы атасы Дайырқожа ханның сүйікті қазысы екен, әділ айтқандықтан Ақжол атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды батыр да Әбілқайырға сүйікті екен. Екеуі ішінен жауласып жүргенде, бір күні далада Қобыланды батыр Дайырқожаны өлтіріп кетіпті. Әз Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілқайыр хан берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын алып бітім қыл деген соң, Әз Жәнібек хан өкпелеп кеткен" [9,22-23-б], — дейді. Белгілі жазушы, ғалым М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» монографиясында да осы дерек дәл берілгсн [10,13-б]. Дайырқожаны Қобыланды өлтіргеніне байланысты шыққан Қодан тайшаныңан хаты, Лаврентьев шежіресіндегі деректер ж
Мә
Сондық
"Бабасы ШыңКалың
"
Ал осы тартыстың
Қ
Жә өлеңі жайлы М.Әуезов те айтқан [11,48-49-б]. Әдебиетші ғалым Ж.Тілепов "Елім деп еңіреген-ерлер жыры" деген зерттеу еңбегінде өз ойын  осы дерекпен ұштастырады [12,23-24-б]. Ал тарихшы Мухаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты белгілі еңбегінде былай деп баяндайды: "Ол кездегі Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер "қазақтар" деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады..." [13,95-б].                                                                      
Романның сюжеттік желісімсн аңыздық және тарихи деректерді салыстыра қарағанда, жазушы екеуін де өз ой мақсатына жаратқан. Жазушы тарихи деректен де, аңыздық деректен де алшық кетпеген, тек кісі аттарында ғана сәл өзгерістер байқалады. Шығармада осы деректерден өрбіп, дамыған жазушы болжалын айқын танимыз.                              
Осы деректердің романдағы көрінісіне көз жүгіртіп көрейік. "Жәнібек пен Керей Моғолстан ханымен бір ай бірге болып, бір ыдыстан ас ішіп, бір ауыздан сөз шығарысып, тату-тәтті бітімге келді. Исан Бұғы көшіп келген қазақ руларына бүкіл Шу, Сарысу, Талас, Бадам өзендерінің бойы мен Қозыбас, Қаратаумен Моғолстанға қарайтын теріскей жағын тегіс қонысты берді" [8,174-б].
Осылайша, роман желісіне негіз болған жоғарыдағы дерек романда өзгеріссіз көрініс тапқан. Бірақ мәселе деректің көркем шығармада нақты көрініс табуында емес, тарихи еңбекте осы бірер сөйлеммен берілгсн тұжырымның жанды көрінісінің көркем туындыда қалай бейнеленуінде. Романдағы оқиға желісінің көп мөлшері казақ хандығының пайда болуының тарихи алғы шарттарын көрсетуге құрылған.                        
Жазушының   жоғарыдағы     мағлұматтарды     пайдаланғанына шүба келтіруге болмайды, өйткені тарихи дерек, жазба құжаттар  өзегіне  көп бұрмаланбай,  нақты көшкен.  Қаламгер сол дерек, мағлұматтарды көркем шығарманың құрылымына ендіре, қиялда     қорыта      отырып     өзінше     дамыта      пайдаланған. Қобыландының Дайырқожаны абайсызда өлтіруіне негізгі себеп ретінде, жазушы Қобыландының Әбілқайырдың қызы Гүлбаһрам-Патшайым сұлуға дәмеленуін келтіреді. Ал Ақжол би сұлудың сүйгені Саян батырды  қашырып,  көмек көрсетеді.  Әрине,  бұл әрлендіру   мақсатындағы    жазушы    қиялының   тарихи   деректі дамуытуынан туған қисын. Алайда, осы бағыттағы жазушы ойына еріп, екі алыптың соқтығысының басты себебіне терендей үңіліп зерделесек, оның тізгіні хандар қолында жатыр екен. "Әбілқайыр Ақжол мен Қобыландының   арасына    астыртын    шаң   тастап шиеленістіре түскен"  [8,95-б]. Ондағы мақсаты — енді ғана ұйып, одақтас болып келе жатқан Арғын, Қыпшақ руларының арасына жік салып, Керей мен Жәнібек одағын бұзу болатын. Әбілқайыр ойы белгілі дәрежеде  іске асқанмен, түбегейлі мақсатына жете алмайды.   Керісінше,   Әбілқайыр   әрекеті   Жәнібек  пен   Керейге сылтау  болады.   Ақжол   бидің   өлімі   қауға   тиген   оттай   болып, Әбілқайыр  теперішіне   әзер   шыдап   отырған   ел   Жәнібек,   Керей сұлтандардың  соңынан   үдере   көшті.   Бұл  жерде  жазушы  тарихи деректер нсгізінде көркемдік әрлеуді дамыта тамаша пайдаланған. Осы орайда   айта   кететін   бір   нәрсе,   бұл   кезеңді   суреттегенде жазушыға  М.Мағауин зерттеуінің септігі тигендігі айқын байқалады. Романда      Әбілқайыр      Исанбұғы,      Шайбани,      Жәнібек, Бұрындық, Саян, Орақ сияқты батырлар, Асан Қайғы,  Қотан, Қазтуған   сияқты   ақындар,   уәзірлер,   билер,   білікгі   әйелдер, қыздардың нақты бейнелері әр қырынан көрінеді.
«Алмас қылыш» романында Қотан,  Қазтуған жыраулардың айтысы тарихи деректерге негізделген көркемдік  болжалдың тағы бір үлгісін көрсетеді.    Жоғарыда    айтқанымыздай, романда баяндалатын көптеген оқиға тұсында жазушы тарихи материалдарды өзгеріссіз пайдаланып сюжеттік желіні сол төңіректе өрбітсе, мұнда өзгеше өрнекті көреміз. Айтысқа түсуші қос ақын  қазақ әдебиеті тарихынан ерен орын алатын белгілі жыраулар - Қотан, Қазтуған аты аңызға айналған Асан Қайғыға жазушы төрелік айтқызады. Тарихта   болған үш бірдей творчество адамын бір мәселе төңірегінде тотайластыра отырып, автор олардың творчестволық лабораториясына үңіледі. Жазушы қолында олардың өз шығармаларын қалай, қандай жағдайда шығарғандығы жөнінде дерек жоқ екені белгілі. 60-жылдардан кейін әдебиеттану ғылым ашқан жаңалыққа сүйенгені, сол ғылыми зерттеу материалын пайдаланғаны сөзсіз. Сондықтан да творчестволық әрлеуге бой ұрады. Жыраулардың кейінгі уақытқа там-тұмдап жеткен өлең-жырларының табиғатына орай оларды өзінше сөйлетеді.«Хан   ордасының алдына кілең би, батырлар алқа қотан отырғаннан кейін Асан Қайғы айтысты бастады. Ол ең алдымен өзі іштегі  күйігін сыртқа шығара ел-жұртының қамын сөз етіп, біраз толғау айтты. Халыққа тарап кеткен:
Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады... Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Таза мінсіз асыл тас, Жел толқытса шығады... Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады,
- деп басталатын ұлы толғауын осы жолы айтқанды" [8,50-б],- деп ел аузында жүргсн кейбір өлеңдердің шығу тегін осы оқиға төңірегінде  тоқайдастырады. Оны Асан Қайғының аузына салады. Автор кейбір шығармалардың шығу жағдайын Қазтуған жырауға қатыстыІ көрсетеді. Осы тұста бір ескертетін нәрсе — Асан Қайғының толғауы ретінде берілген "Таза мінсіз асыл тас" өлеңі Байтұрсыновтың ақталып, творчествосының халқымен қайта қауышуымен байланысты ұлы тұлғаның  аудармасы екенін қалың жұртшылық  соңғы  жылдар аясында ғана біле бастады. Әрине, І.Есенберлин білді. Сондықтан да авторларымен бірге саясат бұғауына  тұншыққан рухани мұра, ұлағатты сөздерді ұрпақ санасына жеткізуді мақсат еткен жазушылық тәсіл деп білген жөн.
М.Жұмабаевтың "Батыр       Баян"      поэмасының     оқиғасын пайдалануы да осы мақсатта  болғанын   "Жанталас"   жарыққа шыққан кезде-ақ зиялы аға буын бірден түсінген. Яғни, бұл тұста да образ   жасаудың, сюжет құрудың, идеялық мақсат қоюдың ізденісін көреміз.   Жазушы суреттеп отырған кезеңнің ыңғайына орайластыра Асан Қайғының аузына:
Сұмырай, сұрқия, сұм заман,        Шаққалы тұрған сұр жылан.     Өткені емес халқымның,    Болашағы шер-мұңым... 
-деген сөздер салса, Қазтуғанның аузына:
Алаңда, алаң, алаң бар,                            Бата алмай жау алаңдар.          Сақтан шыққан Кейсақ бар Қайсақ-қайсақ боп,Қыпсақ қыпшақ боп  Он екі атаға таралар,
—деген тәрізді жолдар салады.                                                       Рас, қазақ әдебиетінің тарихында айтыс - көне дәуірден келе жатқан   жанр. Алайда, суреттеліп отырған кезеңдсгі Қотан Қазтуған сияқты ақындардың артында қалған айтыс үлгісі жоқ. Бұл да жазушы қиялынан туған көркемдік болжалы екені сөзсіз. Халықтың көне тарихының көп сорабы жыраулар жырының ақындар толғауының сорабында жатқандығын Қотан жыраудың аузына салған мына жолдар арқылы аңғартады:    Жусанды деме қараған,             Жұлдызды жарық ай деме,                           Қытайдан шығып тараған,       Хунуға қарсы қол шықса,                      Жорықта болған маймене                       А-лунь-Арғын руы,   Қыпшақпен қатар жаралған...  Таным-түсінік түрғысынан терең философиялық ой түйінімен өрнектелген бұл өлең арқылы қарт жыраудың сонау көне заманда Солтүстік Қытайдан батысқа карай хунулар (гунндер) аттанғанда Арғындар түркі тұқымдас елдермен бірігіп бас көтергенін, ақыры Этиль күшіне шыдай алмай, сонау Ертістен әрі жоңғар тауына қарай көшіп, хунулар өтіп кеткеннен кейін, Жетісуға келгенін асқақтата жыр етуімен баяндалады. Бұл   автордың көркемдік болжауы мен әрлеуінен туған шумақтар деуге болады. Өйткені Қазтуған аузымен айтылатын өлең де, Қотан жырау толғауы да бұл ақындардың жинаққа кірген шығармаларының ішінде кездеспейді. Қотан жыраудың аузымен айтылатын сөздерге жазушы философиялық салмақты жүк артқан. Ол халықтық гуманистік ойдың түйіні мынад
ор: Мейіргүл Оңғарова
Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)

Дүниеге келгені: 1915 қаңтар
Ақмола облысы, Атбасар қаласы
Қайтыс болғаны: 1983 қазан
Алматы
Мансабы: жазушы
Ілияс Есенберлин (1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасарда туған- 1983) — қазақ жазушысы. Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғаш 1945 ж. Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. Есенберлиннің Айқас (1966), Қаһар (1969), Алмас қылыш (1971), Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары, Алтын Орда трилогиясы (1982, 1983) жарияланды. 1986 ж. Көшпенділер трилогиясы үш «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), т. б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.
Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары.
Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.
Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХҮ — ХІХ ғ. ғ. тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
«Алмас қылыш» романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық.
«Алмас қылыш» романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.
Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.
Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардьщ, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету арқылы жасайды. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.
Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ.
Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады.
Трилогияның «Қаһар» атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30—40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.
«Қаһарда» қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.
Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген.
Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, «Ташкентті шабу керек» деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі.
Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі.
Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.
Мазмұны:
Романдары және тарихи сана
Өмірбаяны
Шығармалары
Марапаттары
Романдары және тарихи сана
Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы», т. б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді.
Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды.
Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу — көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады.
Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл казақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған"Көшпенділер" трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді.
Автордың аса зор зерттеушілік жұмыс жүргізуінің нәтижесінде беймәлім, тың материалды оқырман игілігіне айналдырудың жарқын көрінісі болған «Көшпенділер» трилогиясының кезінде танымдық жағынан да ерекше жүк арқалағаны көпшілікке белгілі. Рас, ғалымның міндетінен гөрі міндеті ауқымды, кеңірек болып келетін жазушы үшін ақпараттық қана қызмет атқаратын материал суреткер жұмысының алғашқы бастамасы ғана. Тың, жаңа дерек, көпшілікке беймәлім материал негізінде қаламгердің ой сүзгісінен өтіп қорытылған оқиғаларға құрылған трилогияда жан-жақты камтылған адамгершілік мәселелері көрініс тауып, өткен дәуір шындығы бүгінгі заман сипатымен сабақтастырыла суреттеледі. Сақтандыру мен ескерту идеясы бой көрсетіледі.
Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді.
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар — ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.
Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.
«Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.
Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.
Өмірбаяны
1940 жылы Қазақ мемлекеттік тау-кен ииститутын бітірген. Ұлы Отан соғысы қатысты. 1942–47 жылдары Қазақстан КП ОК- нің нұсқаушысы. 1947–67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967- 71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары.
Шығармалары
Ӏлияс Есенберлиннің алғашқы шығармалары 1 МО жылы басылды. Ол көркем әдебиеттің көп жанрында (поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия) жазды. Әдеби творчествосын поэзиядан бастады. 1945 жылы «Айша», «Сүлтан» поэмаларын жазды. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағын (1949) шығарды. Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасын» (1957), «Біржан сал трагедиясы» дастанын (1959) жазды. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965) повестері, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971). «Алтын қүс» (1972). «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары қазақ әдебиетіне (прозаға) косылған елеулі үлес болды. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал тарихи тақырыпқа жазылған «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерді суреттеген шығарма ретінде танылды. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған «Қүйма» (1961) киносценарийі бойынша жасалған фильм бүкіл кеңес жөне венгр, поляк, болгар экрандарына шықты.
Ілияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. Мысалы, «Айқас» («Схватка», 1968); «Қатерлі өткел» («Опасная переправа», 1970); «Ғашықтар» («Влюбленные», 1970); «Қаһар» («Хан Кене», 1971); «Алмас қылыш» («Заговоренный меч», 1973). «Жанталас» («Отчаяние», 1974), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» («Прикрой своим щитом», 1974) деген атпен басылып шықты. «Ғашықтар» романы өзбек тілінде басылды. I. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Марапаттары:
Еңбек Қызыл ту ордені;
«Құрмет белгісі» ордені;
«За боевые заслуги»;
«За оборону Ленинграда» медалі;
Қазақ КСР мемлекеттік премиясының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін).