К?шпенділер саба??а кіріспе видеосы


САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мерзімі:13.02.14 11 «Б»
Қоғамдық білім негіздері
Сабақтың тақырыбы: Өндіріс факторларының нарығы мен факторлық кірістерді қалыптастыру
Білімділік: Оқушы өндіріс факторларының нарығы мен факторлық кірістерді қалыптастыру туралы ұғым және үрдістерімен танысады.
Дамытушылық: оқушының қоғамдық білімдік көзқарастарын, ойлау, есте сақтау және салыстыру, жан-жақты қарастыру сияқты қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік: оқушыны сөйлеу мәдениетіне, шапшаңдылыққа және қоғамда өз білімін пайдалана білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың әдісі: лекция сабағы, сұрақ жауап
Көрнекілік: ұғымдар
Сабақ барысы
І мотивациялық кезең:
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, үй жұмысын тексеру:
ІІ Мағананы ашу:
Нарық – сатушы мен сатып алушыны түйістіретіе институт.
Өндіріс – қоғам мүшелерінің пайдалы өнім жасау қызметі және соның ілеспе нәтижесі ретінде табиғи ресурстарды түрлендіруі. Ө. қоғамда толып жатқан элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын белгілі бір өндіргіш күштердің жұмыс істеуін көздейді. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында дәстүрлі түрде жұмыс күші (өзіндік немесе адам факторы) және өндіріс құрал-жабдығы (заттық немесе материалдық фактор) Ө-тің басты факторлары болды. Қазіргі ғыл.-тех. төңкеріс жағдайында өндіргіш күштердің күрделілене түсуі байқалады: оларға Ө-ті ұйымдастыру (бүкіл Ө. үдерісінің бірлігі мен тізбектілігін қамтамасыз ететін ішкі байланыстардың белгілі бір құрылымы) және экол. фактор (адамның өзара қатынастарымен, қоршаған ортамен, табиғатты қорғау, сақтау және қалпына келтіру қажеттігімен байланысты мәселелер кешені) қосылып отыр. Соңғы екі фактор технологияны, ақпаратты, ғылымды, өндірістік және әлеум. инфрақұрылымды қамтиды
Өндіріс факторлары -өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) барысында дайдаланылатын негізгі компоненттер: еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал. Қазіргі заманғы экономикалық теория игіліктерді (тауарларды) өндіру (қызметтерді көрсету) үшін қажетті есурстарды топтарға - өндіріс факторларына бөледі. Олардың алғашқысы - еңбек факторы. Жер факторының (табиғи ресурстар) мағынасы кең (адамдардың келген жері ретінде кәсіпорындар алып отырған аумақ ретінде, пайдалы қазындылардын, су ресурстары мен басқа да ресурстардың көзі ретінде ұғынылады).  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%BF%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BB" \o "Капитал" Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. б.). Осы классикалық өндіріс факторларынан басқа қазіргі заманғы экономикалык теорияда кәсіпкерлік қабілет, ғылыми-техникалық прогресс және ақпарат та жиі бөліп көрсетіледіНақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады: - мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді; - келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді
Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі. 
Рента, жалақы, процент және пайда ресурстар бағасы ретінде экономикалық маңызды өлшемдер болып табылады. Себебі:
1. Кәсіпкердің экономикалық ресурстар үшін жасаған төлемі ресурс иелері үшін кіріс болып табылады. Сондықтан ресурс бағасы кірісті өзгертетін фактор.
2. Ресурс бағасы экономикалық игіліктердің тұтынушыларға түсіп тұруын аңықтайды. 2- жағынан сирек ресурстарды экономикалық салалар арасында бөледі.
3. Шығындарын минимализациясын қарастыратын фирма үшін ресурс бағасы өндірістік шығын болғандықтан фирма «арзан» ресурстарды тиімді үйлестіріп максималды пайда алуы тиіс. Сондықтан ресурс бағасы өндірісте пайдаланатын ресурстар санын анықтайды.
4. Әр түрлі әлеуметтік топтарға жұмсалатын кіріс үлесі тұралы сұрақ даулы.
Экономикалық бөлу баға көмегімен жүргізіледі. Барлық өндіріс факторлары экономикалық жағынан, технология жағынан өзара байланысты, олар дара пайдалынылмайды, белгілі бір қатынаста пайдаланылады. Біреуіне деген сұраныс басқа факторлар бағасына байланысты. Өндіріс факторларына деген сұраныс тұтыну сұранысына тәуелді туынды сұраныс болып табылады. Ресурстар тұтынушы қажеттілігін жанама қанағаттандырады. Ресурсқа деген туынды сұраныс тұрақтылығы:
1. Товар өндірудегі ресурс өнімділігіне;
2. Сол ресурс көмегімен өндірілген товардың рыноктық құнына байланысты.
ІІІ Бекіту:
Нарық дегеніміз не?
Өндіріс деген не?
Өндірістік факторлар деген не?
Негізгі табыс факторлары дегеніміз не? Ол қалай бөлінеді?
ІҮ Рефлексия: Б.Б.Б
Ү.Үй жұмысы: Мына терминдерге анықтама беріңіз: кәсіподақ, ұжымдық агент, экономикалық рента, ресурстардың шектеусіз мобильділігі, ресурстардың шекті шығындары
ҮІ. Бағалау: әр оқушыны жұмысына сай бағалау