«?лт ма?танышы Ілияс Есенберлин 100 жаста»
Мұнайлы ауданы
«8 жалпы білім беру мектебі»
«Ұлт мақтанышы Ілияс Есенберлин 100 жаста»
( әдеби кеш)
Дайындаған: Джумаева.М.Р.
Маңғыстау-2015ж
1-Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Ұлт мақтанышы болған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар драматург, халық жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған « Ұлт мақтанышы Ілияс Есенберлин 100 жаста» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру, қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру.
2- Жүргізуші: Ілияс Есенберлин 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасарда туған. Жазушы Алматыда1983 жылы қайтыс болған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын т бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады.
Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғаш 1945 жылы Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. І. Есенберлиннің Айқас (1966ж), Қаһар (1969ж),Алмас қылыш (1971), Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары,Алтын Орда трилогиясы (1982,1983) жарияланды.
Ән: «Қазақстан» Орындайтын: Курбанов. А
1-Жүргізуші: Жазушы Ілияс Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV- ХІХ ғ.ғ тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт –сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
Би: «Бисұлтан»би тобы
Бейне жазба І. Есенберлин жайында естеліктер
2-Жүргізуші: «Алмас қылыш» романы- ХV ғ оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі- жанрлық заңдылық.
1-Жүргізуші: 1969 джылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Романдар 15- ші ғасырдан 19 –шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөз болатын тақырыптар : қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысуы.Қытай, Хиуа,Бұқара, Ресей империясы секілді көршілермен аумалы- төкпелі қарым- қатынастары. Алғаш рет 1976 жылы «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилогия орыс тілінің өзінде12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы «Көшпенділер» трилогиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды.2005 жылғы есеп бойынша дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Бұл трилогияның негізінде2005 жылы «Көшпенділер »атты тарихи көркем фильмі түсірілді.
Көрініс: «Абылай хан» драмасынан үзінді 11- сынып оқушылары
Орындайтын : Қартжанова. Ж. Ән: «Балапан қаз»халық әні көшпенділер фильмінен
2-Жүргізуші:Мараппатары:
« Еңбек Қызыл ту» ордені
«Құрмет белгісі» ордені
«За боевые заслуги»
« За оборону Ленинграда» медалі;
Қазақ КСР мемлекеттік премиясының жүлдегері 1968 ж( Айқас романы үшін)
Күй: «Балбырауын» Орындайтын: Мустафаев Берік
Жүргізушілер: Бүгінгі Ілияс Есенберлинге арналған кешімізді аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар!