Презентация на тему Ілияс Есенберлин ?мірі мен шы?армашылы?ы


Ілияс Есенберлин (1915 – 1983)“Көшпенділер” трилогиясы Өмір жолына шолу жасау1915 жылыАқмола облысындағы Атбасар қаласында туған.1940 жылыТау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.1946 жылыСоғыстан кейінгі жылдары филармонияны, “Жазушы” баспасын басқарды1983 жылыАлматыда 68 жасында қайтыс болды. Шығармаларының жарық көруі1940 жылАлғашқы өлеңдері жарық көрді. Алғашқы он бес жыл ішінде поэма” сынды шығармалары жарық көрді.1945 жылы“Айша”, “Сұлтан” поэмалары жарық көрді.1949 жылы“Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы жарық көрді.1959 жылы«Біржан сал трагедиясы» дастаны жазды“Адам туралы жыр” повесі жарық көрді.1960 жылы«Өзен жағасында» повесі жарық көрді.1965 жылы“Толқиды Есіл” повесі жарық көрді.1966 жылы“Айқас” романы жарық көрді. “Айқас” романы үшін І.Есенберлинге Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері деген атақ берілді.1968 жылы«Айқас» романына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.1967 жылы «Қатерлі өткел» прозасы1968 жылы “Ғашықтар” романы1969 жылы «Қаһар»1971 жылы«Алмас қылыш»1972 жылы “Алтын құс” романы1973 жылы«Жанталас» 1974 жылы“Көлеңкеңмен қорғай жүр”1978 жылы“Маңғыстау майданы”, “Аманат” романдары жарық көрді ШығармашылығыІ. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды. Есенберлиннің "Маңғыстау майданы", "Аманат" (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі]] жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан "Песня о человеке" (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. "Таудағы тартыс" (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған "Құйма" (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді. Ӏлияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. "Схватка" ("Айқас", 1957); "Опасная переправа" ("Қатерлі өткел", 1970); "Влюбленные" ("Ғашықтар",1970); "Хан Кене" ("Қаһар", 1971); "Заговоренный меч" ("Алмас қылыш", 1973); "Отчаяние" ("Жанталас", 1974); "Прикрой своим щитом" ("Көлеңкеңмен қорғай жүр",1976); "Мангистауский фронт" ("Маңғыстау майданы", 1981); "Золотая Орда" ("Алтын Орда", 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді. Жекелеген шығармалар украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде "Көшпенділер" трилогиясы, "Адам туралы ән", "Қатерлі өткел", "Ғашықтар", "Айқас" романдары бар.I.Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К.Д.Ушинскийдің "Әңгімелері мен ертегілерін" (1945), М.Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған "Қызыл дария" (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.[1] МарапаттарыЕңбек Қызыл ту ордені«Құрмет белгісі» ордені«За боевые заслуги»«За оборону Ленинграда» медаліҚазақ КСР мемлекеттік сыйлықсының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін). “Көшпенділер” трилогиясыІ бөлім “Алмас қылыш”ІІ бөлім “Жанталас”ІІ . “Қаһар”Тарихи романдар Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады.Трилогияның қамтитын уақытыТрилогияның романдарыТрилогиядағы тарихи тұлғаларХУ – ХІ ғасырлар“Алмас қылыш”Әбілқайыр ханХІІ – ХУІІІ ғасырлар“Жанталас”Жәнібек хан, Керей ханХІХ ғасыр“Қаһар”Асан қайғы, Қазтуған, Абылай хан, Бұқар жырау, Кенесары хан, Ағыбай батыр “Көшпенділер” трилогиясы жайлы айтылған пікірлер“... Алайда, ең бастысы, “Көшпенділердің” бұрынғы қоғам жайында да, қазіргі жағдайға да тәуелсіз өз құндылығы мен әдеби тағдырының барлығында жатыр” Шыңғыс Айтматов2. “І.Есенберлиннің “Көшпенділерін” мұқият зерделемейінше қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес әрі мұнсыз ол толық қанды болмайды” Әнуар Әлімжанов 3. “Көшпенділер” трилогиясы халықтың өзін -өзі танып білуінің тамаша кезеңдік туындысы болып табылады. Чингис Гусейнов Тарихи оқиғалардың трилогияда бейнеленуі1) “Алмас қылыш” романында ХУ –ХУІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым суреттелуі 2) “Жанталас” романында ХУІІ –ХУІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері 3) “Қаһар” романында ХУІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері Романнан үзінділер оқып танысу.1. Шыңғысханның балаларына өсиеті2.Абылай мен Бұқар жырау4. Уали сұлтанның баласы Абылай3. Батыр Баян мен Ноян4. Абылайдың ақ бурасы5. Абылайдың түсі6. Абылайдың өлер алдындағы өкініші 7. Абылай хан мен сұрша қыз хикаясы Трилогия Тарихи хроникаӘскери салт-дәстүрЕрлікті, батырлықты дәріптеуХандыққа таласПрозалық шығармаҚазақ халқының өміріРулық жікшілдікКейіпкерлер оқиғалары шынайы өмірде болған ЭпопеяӘдеби романТұрмыстық салт-дәстүр Ақындықты, азаматтықты дәріптеуБолыстыққа таласу Венн диаграммасы







style.rotation Кейіпкерлерін талдауӘбілқайыр12Айлакер, ақылды, айбарлы ел басшысыөз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол