Слайд Желілілер типіне ?ыс?аша сипаттама.
7 класс . Сұрақтар қою арқылы үй жұмысын сұрап, өткен тақырыпты еске түсіру1.Қызыл кітап туралы не білеміз?2.Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілерді ата?3. Ақтеңбіл дәуіт туралы?4. Бұғықоңыз туралы кім айтады? . Астық және алқа тұқымдастарына,жеміс бағындағы өсімдіктерге орасан зор зиян келтіретін паразиттер? 6. Қан сорғыш жәндік? 7. Зиянкестерге қарсы күрес шараларының биологиялық әдістері? . 8. Зиянкестерге қарсы күрес шараларының химиялық әдістері?9. Зиянкестерге қарсы күрес шараларының қарапайым әдістері? . № Қандай жануар? Жауабы Суреті 1 Арал теңізі маңында кездесетін,ерекше қорғауды қажет ететін жыртқыш жәндік. Толық зерттелмеген жәндік. Бұл қай жәндік? 2 Бұл инелік қонған кезінде қанатын жайып қонбайды,көбелектер сияқты қанатын жинап қонатын жәндік? . № Қандай жануар? Жауабы Суреті 3 Күйенті тұқымдасына жататын, қанатының бірі ұзын,бірі қысқа болатын жәндікті табыңдар? 4 Аналығы аталығын жеп қоятын,ең қомағай, ең жалмауыз жәндік.Бұл қандай жәндік? . 5 Өте сирек кездесетін, шырылдамайтын, жыртқыш жәндік,тек партеногез жолмен көбееді. Тапшы қандай,жәндік? 6 Бұғының мүйізі сияқты мүйізі бар, тек қана Жайық өзенінің бойында тіршілік ететін жәндік.Бұл қандай жәндік? . . Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталған. Ең кішілерінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар. Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі – тұйық. Хордалылар (Желілілер)типі Бассүйексіздертип тармағы Қабықтылар тип тармағы Омыртқалылартип тармағы Бассүйексіздер Қабықтылар Ішектыныстылар ЖЕЛІЛІЛЕР ТИП КЛАСС ӨКІЛІ Қандауырша Асцидия Баланглосс . Желілі жануарлардың негізгі өкілі-қандауырша Қандауыршаның тіршілік ету ортасы Қандауыршаның 30-ға жуық түрлері Атлант,Тынық мұхиттың жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.Қара теңізде еуропалық қандауырша өмір сүреді Қандауыршаның сыртқы құрылысы Дене тұрқы 5-8 см, екі бүйірі қысыңқы, арқа жүзбеқанаты жіңішке ол құйрық және құйрықасты жүзбеқанатымен тұтасып кеткен. Құйрық жүзбеқанаты медицина құралы-қандауырға (ланцет) ұқсас болғасын, “қандауырша” деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты-эпидермис (грекше “эпи”-сыртқы,”дерма”-тері,сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді.Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік - терісінің сыртында жұқа сірқабықтың (кутикуланың) болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады. ҚОРЕКТЕНУІ Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады.Аузы көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Ауыз қуысының айналысындағы ұсақ қармалауыштар үнемі қозғалып, суды ауыз қуысына өткізеді. Сумен бірге ұсақ қарапайымдар жұтқыншаққа, одан ішекке өтеді. Қорытылмай қалған қалдық заттар аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. ҚОРЕКТЕНУІ 1.Диатомды балдырлар 2. қарапайымдар 3. Ұсақ шаянтәрізділер 4.дернәсілдер Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысы 1-желі; 2-жүйке түтігі; 3-желбезек саңылаулары; 4-жыныс бездері; 5-арқажүзбеқанаты; 6-атриопор;7- аналь тесігі; 8-ішек; 9-бауыр өскіні. Қандауыршаның қанайналым жүйесі және ас қорыту жүйесінің құрылысы Қандауыршаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Мұхиттардағықоректік тізбектің негізі Омыртқасыз жәнеомыртқалы жануарлардыбайланыстырушы Кейбір елдердеқандауыршаны тағамғапайдаланады. Қандауыршаның адам және табиғаттағы маңызы 1774 жылы П.С.Паллас-қандауыршаны тауып, ұлулар типіне жатқызды. 1834 жылы А.О.Ковалевский-омыртқасыздар мен омыртқалыларды байланыстырушы қандауырша екенін дәлелдеді. АСЦИДИЯ Асцидия-қабықтылар тип тармағына жатады, теңіз түбінде орнықты, жалғыз дара, кейде шоғырланып тіршілік етеді. Қабықтылар тип тармағын қатты құрамы жасуныққа жақын заттар қаптайды, сондықтан “қабықтылар”деп атайды. Денесі кубі пішінді,тұрқы 1мм-ден 30 см дейін, ауыз сифоны дененің жоғарғы жағында, қажетсіз заттарды шығаратын клоакалық сифоныболады. БАЛАНОГЛОСС Шалажелілілер типіне жататын жануарлар тобы. Бұлардың денесі еттұмсықты бас, жаға және тұлғадан тұрады. Еттұмсық пен жаға ұласқантұста ауыз орналасқан. Ауыз жағаны бойлай созылған жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақтың арқа жағынан еттұмсықтың ішіне қарай тұйық өскін-желі бұлтиып шығып, еттұмсықтың ортасына денін жетеді. Сондықтан бұл топқа жататын жануарларды-шалажелілілер деп аталған. . I-топ. Желілілер типі. Желілілерге тән белгілер?II-топ. Бассүйексіздер тип тармағы. Қандауырша туралы?III-топ. Қабықтылар тип тармағы. Асцидия?IV-топ. Ішектыныстылар класы? . Биологиялық диктант............. ..... – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғары топ. 2. Желінің үстіңгі жағында ұзынынан ................. орналасады. 3. Желілілердің үш тип тармағы бар. Олар: бассүйексіздер, қабықтылар және ........... . 4. ............... – омыртқасы жоқ желілі жануар. . 5. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік – терісінің сыртында жұқа ................ болуы. 6. Қандауыршаның жұтқыншағының маңында көптеген ............... орналасқын. 7. Желісі дернәсіл кезінде ғана болатын, соңғы ауызды, қалың тығыз қабықпен қапталған жануарлардың бірі - ................... 8. ................... – шалажелілілер типіне жататын жануарлар тобы. 1) Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым кім? Орыс ғалымы А.О.Ковалевский 2) Желілілер қандай тип тармақтарға бөлінген? Бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар 3) Қабықтылардың негізгі өкілі қандай жануар? Асцидия 4) Баланоглосс қандай класқа жатады? Ішектыныстылар класы 5) Қандауыршаның сыртқы қабаты қалай аталады? Эпидермис 6) Қандауырша қайда,қай мұхиттарда тіршілік етеді? Атлант,Тынық мұхиттарда 10-30 метр тереңдікте тіршілік етеді 7) Омыртқалы және омыртқасыздарды байланыстырушы жануар? Қандауырша 8) Қандауыршаның адам өміріндегі маңызы қандай? Оңтүстік –Шығыс Азия елдерінде тағамға пайдаланады. 9) Ішектыныстылар дернәсілі қалай аталады, оны кім ашқын? Торнария деп аталады, 1850 жылы И.Мюллер ашқан. 10) Қандауыршаның қандай сезім мүшелері дамыған? Жарық сезгіш жасушалар. . Тест тапсырмалары:1.Қандауыршада қаңқаның қызметін не атқарады?А) қармалауыш В) желі С) сезгіш жасушалар2. Ең кіші желілілердің дене тұрқы?А) 0,25 мм В) 0,33 мм С) 0,5 мм3. Қандауыршаның дене тұрқы?А) 5-8 см В) 11-12см С) 1-2мм4.Қандауыршаның сыртқы қабаты қалай аталады?А) Нағыз тері В) Эпидермис С) қармалауыштар . 5. Қандауыршада жүректің қызметін не атқарады?А) Құрсақ қолқа қантамыры В) Жүйке түтігі С) Қармалауыштар6. Желісі дернәсіл кезінде ғана болатын, соңғы ауызды, қалың тығыз забықпен қапталған жануарлардың бірі - бұл?А) Қандауырша В) Асцидия С) Баланоглосс . Жауаптары: 1-В 2-С 3-А 4-В 5-А 6-В Бағалау шкаласы:1-2 дұрыс жауап= 0 балл3-4 дұрыс жауап =1 балл5-6 дұрыс жауап =2 балл Нені үйрендің?Не қиын болды?Енді нені үйренгің келеді? Желілілердің өзіне тән белгілері Желілілердің жәндіктермен ұқсас белгілері