По казахскому литературу на тему А?сау (5 класс)


Мұғалімнің аты-жөні Туралиева Гаухар Далабайқызы Қызылқоға ауданы
Қарабау орта мектебі
23. 04 2015 ж 5 сыныпҚазақ әдебиеті
Сабақ атауы Н. Сералиев «Аңсау» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі
Сілтеме Әдебиет оқулығы. Алматы «Атамұра» 255-262 б. Слайд. Әдістемелік нұсқаулық.
МАН. ІІІ негізгі деңгей.
Жалпы мақсаты А оқушы
В оқушы С оқушы
Әңгімені толық талдай отырып, рухани мазмұндық сипатын меңгерту; тар жерде тауып айтатын, ұтымды сөйлеуге, мәнді пікір айтып, жазушы идеясын, шеберлігін аңғара білуге, мазмұнын өз бетімен саралауға дағдыландыру. Әңгіме мазмұны арқылы оқушыны образдарға тереңдеп баруға, кейіпкерлердің ішкі сарайын, сезім сырларын ұға келіп, аңсау сезімінің не екенін ашу. Өз бетінше ізденуде топта жұмыс істеу, өз көзқарастарын дәлелдеп қорғай білу қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтиже А оқушы В оқушы С оқушы
Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді.Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жүргізе алады. Жеке жұмыс тапсырмасын орындайды, ыстық орындық сұрақтарына жауап бере алады. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға, өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады, түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Негізгі идеялар Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену; жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Оқыту әдістері
«Шаттық шеңбері» , «Топ ұстанымы», «Миға шабуыл», «Мағынаны ашу»
1.Диалогтік оқыту. Түрткі және сынақтан өткізу сұрақтары. Модуль 1
2. Мағынаны тану. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Модуль 2.
3.Талантты және дарынды балаларды оқыту. Модуль 5.
4.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Модуль 6
5.Ыстық орындық.
Тапсырма Түрткі және сынақтан өткізу сұрақтары, композициялық құрылысына талдау, семантикалық кесте толтыру, топтастыру (мінездеме беру), көрініс көрсету.
Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.
2 мин
«Топ ұстанымы»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
3 мин
а) Амандасу.
ә) Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру арқылы балаларды бүгінгі сабаққа даярлау
б) Сыныпты фигуралар арқылы 3 топқа бөлу

Мақсаты: Топта бірлесіп жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
«Өзіңді аңсап...» ойтолғау Мұғаліммен сәлемдесу.
«Шаттық шеңбері» - ойыншық арқылы бір-біріне жақсы тілек білдіреді.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлініп отырады.
Үй жұмысын оқиды.
Тұсаукесер
ІІІ.Қызығушылық-
ты ояту.
«Миға шабуыл» Модуль1
7 мин

IV.Мағынаны ашу.
Модуль 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
10 мин
Бүгінгі сабағымызда әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне тоқталамыз.
Түрткі сұрақтар:
1.Кейіпкер дегеніміз кім?
(Кез келген әдеби шығармадағы, негізгі орталықтағы басты тұлға.)
2.Қандай кейіпкерлер бар?
3.Әңгімедегі Ермектің іс-әрекеті қандай?
3.Қарияның Ермектің үйіне барғандағы сезімі?
Осы орайда балалар, Бөлтірік шешеннің
«Қырықтың бірі – Қызыр-ды.
Қонақ келсе есікке,
Жүгіре шыққын, кешікпе.
Қарсы алмасаң қонақты,
Кесір болар несіпке» деген нақыл сөзін айтқым келіп тұр.
4.Осы жерде Ермектің анасының бойынан қазақ халқына тән қандай қасиеттерді байқауға болады?(қонақжайлылық, парасаттылық)
Қария Ермектің үйінде қонақ болды.
Сынақтан өткізу сұрақтары:
Қазақта қонақтың неше түрі бар және қандай?
құдайы
Қонақ арнайы
кезбе
Қалымбет қария осының қай түріне жатады?
Қарттың неше түрі бар екенін білесіңдер? (Жауабымыздың дұрыстығын тексеру үшін тақтаға назар аударамыз)
1.Ата – ешкіммен аса жұмысы жоқ,немерелерін ойнатып, солардың «ата» дегеніне жасарып,мәз болып жүрген жан.
2.Қария – топқа түсіп дау шешпесе де, ағайынның ішінде, көрші-көлемнің арасында өзіндік құрметі бар кісі.
3.Ақсақал – қыраулана бастаған сақалын желге тербетіп, қабағынан, көзіне түскен қалың қасынан қандай мінезді адам екенін аңғартатын, он ойланып, тоғыз толғап сөйлейтін, дүйім елді аузына қаратып,
сөзіне ұйытқан адам.
Біздің кейіпкеріміз Қалымбет қарт осы үшеуінің қайсысына жатады?
1-топ. Әңгімені композициялық құрылысына талдау.
1.Әңгіменің басталуы – Қарияның қалаға келуі.Қала көшелерінің көрінісі, шалдың қорқынышы, үрейі мен ойы.
2. Әңгіменің байланысуы – Төрт-бес шамасындағы ойнап жүрген баланың шалдың қалқасына келіп тығылуы.
3. Әңгіменің шиеленісуі – Орысша сөйлеп былдырлаған баланың қарияны жетектеп үйіне әкелуі, өз атасымен шатастыруы.
4. Әңгіменің шарықтау шегі – Қарияның бала шешесімен танысып,бар жайды түсініп, баламен шаршағанша ойнауы.
6. Әңгіменің шешімі – Қалымбет қарияның еліне кетуі, баланың түс көруі.
2-топ. Семантикалық кестемен жұмыс.
Оқушылар жеке жауап береді.
Әңгімені композициялық құрылысына талдайды.

Кестемен жұмыс жасайды.
Оқушылар өз топтарында кезекпен жауап береді.
Шығармадан үзінді
Кейіпкерлер Ермек Қарт Анасы Автор сөзі Эпитет Теңеу
Дуадақша дедектейді, тышқанша тыққыштап, мойылдай көзі. +
«Ең төбесіндегінің басы айналатын шығар...» + Зәңкиген бес қабат үйлер, бұлтсыз аспан, қызыл ала қоржын,кең жиһазды бөлме. + Енді біз де оның көңілін мұқалтпаймыз.
+ Куда спрятала? + Ойда жоқта түс секілді бір іс болды-ау + Шал да мәз, шайға қанып, шаршағаны басылған. +
3-топ.Топтастыру . Кейіпкерлерге мінездеме.
(Ермек, Қалымбет қария, анасы) Кейіпкерлерге мінездеме береді.
V. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Модуль 5.
6 мин
«Өзімшетолғаймын»
VІ. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Модуль 6
(жеке жұмыс)
8 мин
VІ. Сабақты бекіту.
5 мин
Рефлексия:
2 мин
Үйге тапсырма:
1 мин
Бағалау.
1 мин Шағын көрініс көрсету.
1-топ.Ойнап жүрген Ермектің атамен кездесуі.
2-топ. Ермектің қарияны үйіне алып келгендегі сәті.
3-топ. Қонақ кәдеден кейінгі Ермектің іс-әрекеті.
1.Ермектің Қалымбет қарияны көргендегі сүйінішін, сағынышын, аңсауын өз басыңнан кешкендей ойша сезініп көр.(ойтолғау)
2.«Менің әңгімеден алған әсерім»
(эссе жазу) (жеке жұмыс)
3.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
(жеке жұмыс)
1-сурет.

Суретте не бейнеленген?
Бұл суреттердің әңгімеге қатысы бар ма?
Ата туралы мақал-мәтел жазу.
2-сурет.

Суретте не бейнеленген?
Бұл суреттің әңгімеге қатысы бар ма? Жылқы малы туралы не білесің?

3-сурет.

Суретте не бейнеленген?
Бұл суреттердің әңгімеге қатысы бар ма? Ана туралы туралы мақал-мәтел жаз.
«Ыстық орындық» (515) әдісі
Бүгінгі сабақтан алған әсерлері.
Мен нені түсіндім?
Мен нені үйрендім?
Мен нені білдім?
Мен нені орындай алдым?
Маған не қиыншылық тудырды?
Мені не қызықтырды?
Мен үшін не жаңа?
Ермекке арнап 5 жолды өлең жазу.
Оқушыларды, белсенді топты бағалау, марапаттау.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасыМиға шабуылМағынаны ашуКөрініс Өзімше толғаймын
«Ыстық орындық» (515) әдісі
Ұпай саны
1. 2. 3. 4. 5. 6 Бағалау критерийлері:
«5» - 3 ұпай «5» - 13-15
«4» - 2 ұпай «4» - 9-12
«3» - 1 ұпай «3» - 5-8
Оқушылар образға еніп, көрініс көрсетеді.
Берілген тапсырмаға байланысты ойтолғау жазады.
Оқушылар эссе жазады.
Берілген суреттер арқылы тапсырманы орындайды.
1 оқушы ортаға шығады, басқа оқушылар сұрақ қояды. 5 минутта 15 сұраққа жауап береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады.
Рефлексия
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Оқыту нәтижесі Кембридж бағдарламасының жеті модулі аясында жүзеге асатындығын есепке ала отырып, сабақ жоспарын құрастырғанда тапсырмаларды оқушының жас ерекшелігіне сай, сыни ойлауын қалыптастыратындай, бірін-бірі бағалай алатындай, қабілетті баланың дамуына қозғау салатындай тұрғыда оқытудың жаңа тәсілдерін қолданып, көшбасшылық жасай отырып құрдым.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.
Сабағым топтық жұмыс арқылы жүзеге асты. Топтасып жұмыс істеу арқылы олар бір-бірінің пікірін тыңдауға, белгілі бір тапсырманы бірлесе атқаруға ұмтылуға, әр балада әртүрлі идея, әртүрлі ұсыныс пен көзқарас болатынын ұғынуда. Өздеріне және басқаларға сыни көзбен қарауды үйренді.
Сабақ барысында бұған дейін де диалогті қолданатынмын. Ол қарапайым сұрақтар мен жауаптардың төңірегінде ғана жүзеге асатын. Енді мен өз сабақтарымда топтық әңгімені түрткі сұрақтар мен қайта бағыттау сұрақтарын қоя отырып сыни ойлауларын дамыту арқылы диалогті жандандырдым. Қазақ халқындағы қонақтың түрлерін, қарттың 3 түрі бар екенін білді де, бірақ олардың мағыналық айырмашылығын мұғалімнің көмегі арқылы түсінді.
   Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда оқушыларды сыни ойлауға бағыттайтын түрлі әдіс-тәсілдер қолдандым. Сабақтарымда «Топтастыру», «Мағынаны ашу», «Көрініс көрсету», «Өзімше толғаймын», «Ыстық орындық» әдістерін қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу, жазу, ойлау, іздену, ой қорыту, пікірталасқа түсу сияқты практикалық дағдыларын дамыттым.
Сабақта дарынды оқушылар көрініс көрсету және ыстық орындық әдісімен көзге түсті. Сонымен қоса, білім деңгейлері әртүрлі оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру сабағымның ажырамас бөлшегі. Бұндай тапсырмалар арқылы оқушылар білімін теңестіруге, алға ұмтылуға жол ашады.  
АКТ арқылы  сабақ барысында уақытты үнемдедім. Бұрын оқушыларға өзім айтып, жазып, тапсырманы түсіндірсем, қазір соған кететін уақытты мен қызықты тапсырмаларға, видео көрсетуге, оқушыларға жаңа ақпарат беруге арнадым. Сондай-ақ, оқушы орындайтын тапсырманы интербелсенді тақтадан өзі оқиды, не істеу керегін ойластырады, соған сәйкес іс-әрекетті орындайды.
Сабақ барысында критерий арқылы оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі бағалады және мұғалім тарапынан формативті бағалау болды.
Жеті модульді сабақта қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды  өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатын  болды.
Сабақта сөйлемеген, жауап бермеген оқушы болмады.

Рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары шынайы болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Сабақ мақсатына жетті.Оқушылар сабақты толық меңгеріп шықты.
Белгіленіп берілген тапсырмалар бойынша постер құрып, өздігінен алған білімдерін пысықтауды үйренді.
Менің топқа бөліп оқытуым, топ арасында түсінушілікті, тыңдай білуді қалыптастырды.
Сабағым жоспарланған уақытта аяқталды. Оқушылар да уақытпен санаса білуге дағдыланды.
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз.
(оқытуға және үйренуге қатысты) 1. Оқушылардың бір-бірін бағалауы. 2. Топтық жұмыс кезіндегі бірлесе жұмыс істеп, бір-бірінің пікірін тыңдай білуі.
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1. Рефлексияны түрлендіру. 2. Эссе, ойтолғау жазу, суреттер топтамасымен өткен жұмыс.
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болатын қандай ақпаратты білдім? 1. Кеңейтілген тапсырмаларды кеңінен қолдану.
2. Топтық жұмыс кезінде оқушыларды деңгейлеріне қарай да бөліп отырғызу.