«Жолда ж?ру ережесін са?тайы?!»
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтайық!»
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.
Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.
Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
- Бүгінгі «Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік» атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.
Психологиялық тренинг. «Достық шеңбері» сәлемдесу.
Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Біздер - қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы.
Тәрбиеші: - Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?
Балалар: көшелер, көліктер.
Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?
Балалар: Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.
Ізденістер ұйымдастыру: Астананың көшелері кең, үлкен қаламызда көліктер көп.
Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Төбесінде шырағы,
Жолаушының пырағы.
Барасың деп қай жаққа,
Алдын күтіп тұрды.
Шахматтың тақтасы,
Секілді онда таңба бар.
Бұл қай көлік?(такси)
Тәрбиеші: - Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып, аялдама таңбалардың белгісімен танысамыз.
1. Өлең шумақтарымен ортаға:
Санап кетсек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2. Көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.
3. Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
4. Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңе көзіңе.
5. Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң,
Мойның сал сол жақтан оң жаққа.
6. Мен білемін, бәрін деме,
Отырған жоқсың бөлмеде.
Машина өтіп кеткесін,
Жолаушы алға беттесін.
Тәрбиеші: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Бір көзім «қарап қалма» дейді.
Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?
Менің атым «бағдаршам», Жақсы білем міндетімді,
Мекен - жайым тұрақты. Мүдірмеймін ешқашан.
«Бағдаршам» ойынын ойнату.
Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)
Балалар, көшеде біз тар жолмен, яғни жиек жолмен жүреміз.
8. Жиек жол бар ғой,
Жандар үшін жаяу.
Деп оны тар ғой,
Шықпа жолға таяу.
Тәрбиеші: - Балалар, бізге қонақ келген сияқты, бұл кісі жол сақшысы екен.
Жол сақшысы: - Мен сендерге жолда жүру ережесінен толық мағлұмат беруге келдім.
Балалар: - Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?
Жол сақшысы: - Тек тротуармен, жол жиегімен жүр. Велосипедпен көшеде 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі.
Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?
- Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма!
Жол сақшысы: - Автобусқа міну тәртібін білесіңдер ме?
Есігінен артқа,
Көлікке сен мінгін.
Дәл осы бір салты,
Құлағыңа ілгін.
Кезекте сен алға,
Артқы есіктен кіргін.
Енді есіктің алдыңғы,
Түсеріңді білгін.
Тәрбиеші: Жол тәртібі кімге керек?
Бірге ойланып көрейік,
Біліміңді сарапқа сал.
Біз етейік төрелік!
Әрқайсысына әділ баға берейік.
Ережені жақсы білген, ортаға шық қанеки.
Ортаға: 1. Ескерту белгісі; 2. Тыйым салу белгісі, 3. Көрсеткіш белгісі, 4. Анықтама белгілері шығады.
1. Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрінсем, абайла!
Жол бойында қауіпті тұс
Алдап шығар дегенді
Мен болам ескерту белгісі.
2. Дөп - дөңгелек
Қызыл шеңбер - мен
Көрінсем «Тоқта, қане!»
Деп жар салар.
«Тыйым салу» белгісі мен боламын.
3. Дөп - дөңгелек жасыл
Шеңбер - мен, көрінсем
«Жол ашық!»
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолын нұсқаймын.
4. Белгімін көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрылыс
Қатер мен қауіпті!
Барлығын анықтап
Көрсетіп тұрамын.
Тәрбиеші: - Ал енді балалар тақтадағы суретке назар аударыңыздар. Жаяу жүргіншілеріге арналған белгілерді мұқият есімізде сақтаймыз. Жер асты өтетін белгі - бұл белгі қалаларда көп кездеседі. Көлік қозғалысы көп кезде бұл белгінің көмегімен көшенің келесі жол жиегіне өтуге болады. Келесі таңбалы белгіде автобус бейнеленген. Әрбір жаяу жүргінші автобус, трамвай, троллейбус көліктерін аялдамадан күтуі қажет.
Шағын көрініс: Бірнеше бала көлік жүретін жолда бір - бірін қуып, велосипед теуіп ойнап жүреді. Кенеттен машина келіп біреуін қағып кете жаздайды.
Тәрбиеші: - Балалар, кездейсоқ қазаға көбіне адамдар жол ережесін білмегеннен кейін тап болады. Сондықтан жол ережесін білуіміз және ережені сақтауымыз керек.
Бейғам кісі - бейбақ,
Болбыр, бейғам болма.
Бас, аяқты ойлап,
Бұл ұқыпты жолда.
Жол сақшысы: - Мен сендерге «Сақ бол» қимылды ойын әкелдім.
Ойын шарты: Бәріміз шеңбер құрып тұрайық, мен жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді. Сары түсті көрсеткенде қол шапалақтайды. Қызыл түсті көрсеткенде барлығы тыныштық сақтайды. (ойын 2 рет қайталанады)
Жол сақшысы: - Сендердің жауаптарыңа көңілім толды, мені басқа бақшадағы балалар күтіп отыр. ««Жолда жүру ережесін сақтайық!» деп қоштасып шығып кетеді.
Балалар саз әуенімен ортаға жиналады бірге «Жол ережесін білейік аман - есен жүрейік» деп тәрбие сағатын аяқтаймыз.