Поурочный план на тему: К?УСАР Б?ЛА? Насихат Ш.??дайберді?лы
1-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Әдебиет Уақыты Сынып Мұғалімнің аты-жөні
Сабақтың атауы КӘУСАР БҰЛАҚНасихат Ш.Құдайбердіұлы
Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар Ш Құдайбердіұлының «Насихат» өлеңімен таныстыру
Оқыту нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Сәлеметсің бе,Көк АспанСәлеметсің бе,Нұрлы КүнСәлеметсің бе,Жер АнаСәлеметсіз бе,қонақтарСәлеметсіз бе,мұғалімСәлеметсіз бе,жан досымМіне,менің қолым босЖылуыңа жылу қос Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
« Әдебиеттік оқу» кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бала білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның ең алғашқы тарауымен таныстыру.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қызметі: ақын, жазушы, философ,тарихшы, композиторТуған күні: 11.7.1858 (кейбір деректер бойынша 24.7.1858)
Туған жері: Кең-Бұлақ, Семей облысы, Ресей империясы
Ұлты: қазақ
Қайтыс болған күні: 2 қазан 1931Әкесі: Құдайберді
Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
а) «Венн» диаграммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңдерді салыстыру.
Кестемен жұмыс
Бол,қыл,ұқ Болма,қылма
Ғылымға ынтық бол Үй тапсырмасы Ұнаған шумақтарды жаттап ал Күнделіктеріне жазады
Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс 2-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р
Әдебиет Сабақтың атауы Қартқожа Ж.Аймауытов
Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Оқулық, жұмыс дәптері, Компьютер, слайдтар, карточкалар, кестелер.
Жалпы мақсаттар Жүсіпбек Аймауытұлының «Қартқожа» романы
Мақсаты«Қартқожа» романының мазмұнына талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашу. Романдағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі кейіп -кердің өзінің дәуіріне сай тип ретінде қалыптасу жолын көрсету, романның көркемдік ерекшелігіне талдау.
Оқыту нәтижесі-көркем шығарманы талдай білуге төселеді, сын тұрғысынан ойлап,өз пікірін қорғауға дағдыланады.
– топпен жұмыс жасауға үйренеді.
– сабақта белсенділігі артады.
– шығармашылық қабілеті танылады.
Оқыту нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Сәлеметсің бе,Көк АспанСәлеметсің бе,Нұрлы КүнСәлеметсің бе,Жер АнаСәлеметсіз бе,қонақтарСәлеметсіз бе,мұғалімСәлеметсіз бе,жан досымМіне,менің қолым босЖылуыңа жылу қос Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
Білемін Білгім келеді Үйрендім
v Кестенің «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» бөлігін толтыру.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Сабақ тақырыбы тақтаға жазылып, автормен қысқаша таныстыру. Жүсіпбек Аймауытовтың өскен ортасы,ата – анасы, алғашқы білім алған орындары.
Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары.
Прозалық жанрдағы шығармалары.
Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі.
Ғылыми еңбектері, аудармалары.
«Қартқожа» романы туралы қысқаша түсінік беру.
1.Оқиға қай кезеңді суреттейді?
2.Романдағы бала Қартқожаның портретін тауып оқы.
3.Қартқожаның жәбір көріп, әділетіздіктен жапа шеккен кездері болды ма? («Ұядағы зорлық » бөліміне талдау жаса.)
4.Қартқожаның білім алу жолындағы әрекеттерін әңгімеле.
5.Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген соң –ақ бірінен соң бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап: «Қол-аяғымызды кестің бе?» деп еңкілдеп қоя беріп еді… «таңдайды бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма, болысқа ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі келмейді, үйді айнала барып жылайды…
(Қартқожаға мінездеме беру)
6.Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?
7.«Туған жер» тарауы. (Монолог)
8.Уақыт пен заман Қартқожаның өмірі мен тағдырына қандай өзгеріс жасады?
Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1-топ: Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью
Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)
Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен? Қартқожа бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.
2-топ: Шығарманы талдау.
І бөлім. Шығарма тақырыбы:
ІІ бөлім. Шығарманың идеясы:
ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер:
ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:
Vбөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:
VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:
VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:
VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:
3-топ: Шығарма құрылысы:
1.Басталуы 2.Байланысуы 3.Дамуы 4.Шиеленісуі 5.Шарықтау шегі 6.Шешімі.
«Менің мақсатым…» (ойтолғау)
«…Әсіресе, өз елі, өз ауылы қандай болды екен? Соларды көрсем, көмегімді берсем, сонда менің жетілгендігім, жетілгендігімнің пайдасын көргенім.Әйтпесе мен не үшін, кім үшін оқып жүрмін? Өз басымның қамымен кетсем, менің оқығанымнан елге не пайда? » (Қартқожа пікірін негізге алу)
Үй тапсырмасы «Қартқожа» романын оқу. Қартқожаға мінездеме жазу. «Түсініктеме күнделігін» толтыру. Күнделіктеріне жазады
Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс