С?йікті жемісі?із ?андай? психологиялы? ?дістеме


Сүйікті жемісіңіз қандай?
Әр адамның асқа қатысты талғамында өзіне ғана сай ерекшеліктер болады. Біреу ащы тағамды ұнатса, басқалары тәттіге құмар болады. Сол сияқты жеміс-жидек арасындағы таңдауымыз да әртүрлі. Талғамның түрлілігі мінезіңізді сипаттай алатындығын білесіз бе? Сіз жайлы сүйікті жемісіңіз сыр шерте алады.
Өрік
Еліміздің оңтүстігінде көп өсетін өрікті сүйіп жейтіндер кең пейілді, ақкөңіл келеді. Басқалар сізді ұялшақ, батылсыз санай алады, алайда сіз өзіңізді өкпелетуге жол бермейсіз. Сіздің жан досыңызбен қатар, қасыңыз да бар. Жалпы сіздіөнерге жақын адам десе де болады.

Алма
Түрлі жемістердің арасынан қарапайым алманы таңдайтын жанды дәстүрлерді ұстанатын еңбекқор адам деп сипаттайды. Өз жұмысын жақсы біліп, уақытында орындайтындарды әрине басшылық та жақсы көреді. Сол себепті жұмыста аса үлкен қиындықтарыңыз да болмайды. Алайда жұмыстан тыс кездері сіз сезімдерге берілгіш, әсершіл жансыз. Түкке тұрмайтын себептермен көңіліңіз босап, қалатын жағдайлар да кездеседі.
Шие
Жазда қатты күтетін жидек – шиені жемістердің арасынан бөлектеп, ерекше сүйетіндер өмірлік жағдайларды жүрекке тым жақын қабылдайды. Шиеге құмар жандар үшін басқалармен жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Біреудің көңілін көтеруге, қиындығымен бөлісуге әркез дайынсыз. Шиені сүйіп жейтіндер – жақсы тыңдармандар. Есесіне бұндай адам тез әрі оңай өкпелейді.
Шабдалы
Әзілді жақсы көретін, әркез көңілді жандардың көбісі сүйікті жемісі ретінде шабдалыны атайды. Олар достарының, таныстарының арасында уақыт өткізгенді ұнатады. Сізді өте ақылды жан деуге болады, алайда қиындықтар алдында кей кездері қорқып қалатыныңыз да бар.
Таңқурай
Таңқурай жидегін таңдайтындар басқаларға қарағанда, өзінің қамын ойлайды. Есесіне мұндай адам өз істеріне жауап болып, өз істерін әр уақыт реттеп жүреді.
Банан
Тропикалық жемісті сүйіп жейтіндер мейірімді келеді. Бір қызығы сізді көпшілік тәкаппар деп санайды. Шын мәнінде банан сүйгіш жандар арманшыл, әсершіл болады. Армандарыңыздың орындалмауына тек сіздің жалқаулығыңыз кінәлі.
Құлпынай
Құлпынайға құмар жандар әркез күлімсіреп жүреді. Олар қонақжай, басқалармен қарым-қатынасты оңайлықпен реттейді. Құлпынай сүйгіштер – жоғары талғам иесі. Қызғаншақтық сезімі бұл адамда мүлдем жоқ. Оны ызаландыру да оңай емес. Алайда махаббатта бұл адам күрт өзгеріп, өз жұбын қызғанып, тез арада ашулана алады.
Лимон
Лимонды жеміс ретінде ұнататын, сүйіп жейтіндер аз емес екен. Мамандардың айтуынша, мұндай қышқыл сүйгіш адамдар талай өмір тәжірибесінен өткен.
Мандарин, грейпфрут, апельсин
Елімізде аса танымалдылыққа ие емес цитрусты жемістің тағы да бір түрі – грейпфрутты сүйетіндер өмірге жақсы көзқараспен қарайды. Барлық өмірлік жағдайлардың тек оң жақтарын байқап, әркез қуанышты, бақытты болуға тырысады.
Киви
Жасыл қышқыл жеміс түрін сүйіктім деп айта алатындарды уайымшыл деуге болады. Олар ертеңгі күніне аса үміт артпайды, жиі жағдайда қолын қусырып отырады. Сізге өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіп, уайым-қайғыны артта қалдырк керек.
Ананас
Экзотикалық жеміске құмар жандар барлық әдемі заттарды ұнатады. Мұндай кісі тіпті әдемі сөйлеуге де дағдыланған. Осының арқасында қоршаған ортаның назарында болып, басқалар арасында үлкен абыройға ие.
Қараөрік
Қараөрік – өте дәмді әрі пайдалы жеміс. Алайда психолог мамандар бұл жидекті таңдайтындарды көңілсіз жандар деп сипаттайды. Басқаларға шағым айтқанды қойып, өкпеден арылып, кішкене демалған сізге пайдалы.
Алмұрт
Шырынды алмұртты таңдайтын жандар өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Мұндай адам өзін жалғыз сезінбейді, ол басқалармен үлкен ара қашықтықта тілдескенді таңдайды. Алмұртқа құмар жандар барлық заттарды: киімді, кітапты, тағамды жоғары талғаммен таңдайды.
Қарбыз
Жазды тек осы үлкен жеміс үшін ұнататындар өмірге оңай қарайды, олар әркез көңілді, еш уақыт уайым-қайғыға салынбайды. Басқалармен тілдескенді оларға көмектескенді ұнатады.
1466653-6882293952240-675640-800100-685800

-5117141516
329882567310
420433514452602018665-467995-597535-4679954215765-453390
1593215165100
-102870024261
-847725724281027298657242810-860496465201027813004652010272669020612102726690-529590-9029702061210-870585-529590-1022985-681990
-603885-529590-60388519088102781300217170028060654652010-4324354652010-4337057128510280606571285102800350-523435
-565785-681990-6229351604010-5607053890010-61785561760102881630617601029387803890010290639516040102906395-681990
-413385-529590-2609852061210-4514854709160-66103573571102729865735711027298654709160274320020612102934335-586740
-8661401965960-680085-434340-6756404518660-67564069761102748915211836027870154572000278701570866002901315-434340
-451485-586740-3943351851660-2990854480560-29337070713603168015701421031108654366260316928518516603110865-681990
-413385-434340-4076702232660-5657854671060-56578571475602748915714756027927304671060293941522326603035935-434340
27419304366260-920750697611027432007014210-11493501965960-10731504575810252285518516602596515-586740-1078865-624840
2894330-586740
-9277351647190-9277354352290-8515356943090-927735-848360266573068668902665730435229026670001704340
-4648201908810-4133854328160-4133856766560-509905-5295903014345676656030346654328160303466518516603173730-624840
-895357109460-83820-643890-908054366260-9080518516603034665720090030346654556760303466519659603034665-643890
4019550-4368801776095-436880-682713-436311
29433566722198-683260650113031010123978997-935355363156525069801203960-10050071063269
2753995-205105-777941-330671
26714453271520-9353553429000-7011228440682784475854710
-9982201022351499235704853888740102235
109704198751