Жас мамандар?а арнал?ан ?дістемелік к?мек
«РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ әкімдігінің №13 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы
Мақсат қою қоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.Мазмұнын айқындау оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара қабілеттеріне, оқытудың теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты.Әдістерді таңдау оқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды қолдануына байланысты.Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
Мақсат:
Коммуникативтік мақсат: 1-кезеңде қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; қоғамдық саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; белгілі бір тақырыпқа байланысты қажетті ақпаратты тауып, оны сипаттауға, талдауға үйрету.
Міндеттері:
1.Бiлiмдiлiк.
Жаңа түсiнiк,терминдердi кiрiстiру. Жаңа құбылыс, заң, оның түрлерiн оқыту.
-Iс-әрекеттiң жаңа тәсiлiн меңгеру.
-Бiлiм және дағдыларды жалпылауды қалыптастыру
-Бiлiмдi бекiту, iс-әрекет тәсiлдерi, шешiмдi пайдалана бiлу, қолдану.
-Игерiлген бiлiмдi жаңа байланысқа кiргiзе отырып жалпылау, тереңдету. Меңгерiлген түсiнiктердiң қосымша белгiлерiн оқыту.
-Тiлдiк дағдылар мен лексикалық жұмыстардың орындалуы.
-Бiлiмдi жүйелеу, оқытылған материалды реттеу және пысықтау.
2Дамытушылық
Тапсырманы орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушылардың тіл белсенділігін,жазу мәдениетін дамыту.
Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын,тіл байлықтарын байыту
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,ауызша,жазбаша сөйлеу дағдыларын,шығармашылық біліктіліктерін арттыру
3.Тәрбиелік
Орындаушылық , тәртiпшiлiк, көңiл аударушылық, шыншылдық, сенiмдiлiк, жауапкершiлiк, нәтижелiк, эмоциональды бiрқалыптылық, еңбекшiлдiк, iс-әрекеттiң орындалуын жеткiлiктi қамтамасыз ететiн жеке мiнездiң тәрбиеленуi.
Белсендiлiк, қызығушылық, мақсатқа жете бiлушiлiк, байқағыштық, тұрақтылық, сезiмдiлiк, шешiм қабылдағыштық, танымдылық, өз-өзiне баға беруге қабiлеттi, шығармашылық iс-әрекеттiң орындалуын жеткiлiктi қамтамасыз ететiн жеке мiнездiң тәрбиеленуi
Бағалау критерийлері
Қандай да бір жұмыстың белгіленген талаптарға сәйкес орындалуын бағалайтын ереже.Ол әрбір жұмыстың орындалу деңгейін дәл анықтаумен сипаталады.А критерийі –Білу және түсінуВ критерийі –ҚолдануС критерийі-Анализ және синтезД критерийі-Коммуникация
Сабақтың типтері :
● Жаңа білім беру сабағы
уроки изучения нового учебного материала (1-й тип);
● оқушылардың біліктілігімен дағдысын қалыптастыру сабағы
формирования умений и навыков, целевого применения усвоенного и др.) (2-й тип урока);
● Білім мен қызмет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу сабағы
уроки обобщения и систематизации (3-й тип);
● құрама сабақ
комбинированные уроки (4-й тип);
● Білім мен біліктілігін бақылау және өндеу сабағы
уроки контроля и коррекции знаний, умений и навыков (5-й тип).
Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл
аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).
Сабақ түрлері:
Түсіндіру сабақтары: біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б. .
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау
Оқыту технологиялары
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы»
Ойын технологиясы
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынын ойлауды дамыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы
Өзара ұжымдық оқыту технологиясы
Сабақтың формасы :Жекелей.
Фронтальды.
Топтық.
Ұжымдық.
Оқыту статегиялар :«Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы
«Топтастыру» (Жинақтау әдісі) стратегиясы
«Insert» стратегиясы
«Нартәуекел» стратегиясы
«Шығармашылық» стратегиясы
«Кубизм» стратегиясы
«Ойтолғаныс» стратегиясы
«Көрнекілік» стратегиясы
«Бағытталған оқу» стратегиясы
Жоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы — сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, өлең жолдары,т.б. еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалар дайындату, сөзжұмбақтар шешу.
Екінші, «Топтастыру» стратегиясы, мұны «кластер», «жинақтау әдісі», т.б. атаулармен де атайды, Бұл стратегияны көбіне білімді жинақтау кезеңінде немесе кейіпкер мінезін ашу, екі ұқсас бейнелердің ортақ қаиеттерін анықтауда (Ана, Күн) және де мұғалімнің әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады. Себебі бұл стратегия сонау балабақшадан жоғары сынып оқушыларына дейін қолданылады. Осы «топтастыру» стратегиясына негізделген «Ассоциация» атты тәсіл оқушының танымын кеңейтуде үлесі зор.
Үшінші, «Insert» стратегиясы, бұл стратегия «V»-білемін, «+»-жаңалық (жаңа ақпарат), «-» — білмеймін, «?» — мені таңқалдырады деген белгілер арқылы қолданылады.Бұл белгілер түсінуге, өз ойына басшылық етіп, ойын білдіруге талаптанады (кестені көрсету).
Төртінші, «Нартәуекел» стратегиясы, бұл стратегия оқушыларға күрделі сұрақтар қою арқылы немесе терең мазмұнды мәселелерді шешуде оқушылардың бойында жігер, қайрат, белсенділік қабілеттерін дамыту үшін пайдалы.
Бесінші, «Шығармашылық» стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды.Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып сабақты қызықты етіп өткізуге болады
Алтыншы, «Кубизм» стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әр қырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әр қырына «Түсіндіріңіз», «Суреттеңіз», «Зерттеңіз», «Талдаңыз», «Қолданыңыз», «Салыстырыңыз» деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал мұғалім осы тапсырмалардың мән-мазмұнын ашып айтады, әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.
Жетінші, «Мағынаны тану» стратегиясы, бұл стратегия сабақты түсіндіруде, мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады.
Сегізінші, «Ойтолғаныс» стратегиясы, мұны «Брейн-стролинг» әдісі деп те атайды. Бұл стратегия жұмыс мазмұны жағынан «шығармашылық» стратегияға ұқсас, айырмашылығы мұнда оқушыдан ішкі жан-дүниесін кеңінен ашуға, сезімін, дүниетанымын, рухани бейнесін, адами асыл қасиеттерін көрсетуге баулиды. Негізгі тапсырмалар көбіне ойтолғау жазу, шығарма жазу, өлең шығару, мақала жазу, ертегі, аңыз, әңгіме құрастырып жазу т.б.
Тоғызыншы, «Әуезбен әсерлеу» стратегиясы, бұл стратегия баланың музыкалық танымын кеңейтуге зор әсерін тигізеді. Мұнда аудиотаспа, видеотаспа т.б. құралдар арқылы оқушыға өтіп жатқан материал бойынша ән не күй тыңдату, немесе мәнерлеп оқуды жаттықтыру, не болмаса ақындардың өз орындауындағы әндерін ұсыну сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Оныншы, «Көрнекілік» стратегиясы, өз аты айтып тұрғандай, мұнда түрлі көрнекі құралдарды тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспе қағаздар, перфокарталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, түрлі тест мәтіндері, т.б.
Он бірінші, «Бағытталған оқу» стратегиясы, бұл стратегия арқылы оқушылардың ортасында шығармашылық, ынтымақтастық аурасын туғызу мақсатында оқушылардың өздеріне ереже жасату, әрі ол ережені оқыту барысында ұстану.
Оқыту әдiстерi.
Сөздiк әңгiме, әңгiмелесу,түсiндiру,оқу дәрiсi, баяндамалар)
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді.
Монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді.
Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады.
Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.
Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады.
Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын айтады.
Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады.
Ынталандыру әдісі. Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Ой майданы әдісі. Бұл әдіс арқылы педагогикалық бөлімнің оқушылары шағын топтарға бөлініп, мектеп оқулығынан бір тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ береді, содан кейін сабақ талқыланады, бағаланады, оны келесіде жақсы өткізу жолдары белгіленеді. Сабақты түгел бейне жазбаға жазу оны талдауды жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа дағдыландырады.
Ойын - оқыту әдісі. Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды.
Жаңа білім беру сабағы
Оқыту мақсаты Оқыту міндеттері Оқушылардың і-с-әрекеті Барлығын есепке ала Бағалау Оқыту нәтижесі Негізгі ресурстар
Жаңа материалды оқыту Білімділік
Оқыту бойынша фактілері,ережелері мен принциптер
негіздері және илеялары туралы түсінік беру
Дамытушылық:
Жаңа білім алу негізінде білім мен біліктілік дағдысын ЗУН қалыптастыру
Тәрбиелік:
Жаңа білім алу негізінде берілген тақырып бойынша оқушылардың мүддесін арттыру
Үй жұмысын тексеру
Жаңа материал
Мәтінмен жұмыс
Өз бетімен жұмыс (15мин)
Жаңа сабақты бекіту
(6 мин)
Қорытынды жасау
(3 мин)
Үй жұмысын түсіндіру
(3 мин)
1.Тестілеу
(5 мин)
2.таныстыра оқыту
(3 мин)
Сөздікпен жұмыс,
Жұппен жұмыс
(5 мин)
3.Пирамида құру
(3 мин)
Бағалау критериясын түсіндіру
«дәптерлерді аумастыру
(3 мин)
Қатысу дәрежесін және өнімділігін белгілеу
Бағалау картасы
Ұпай санына қарай бағалау
Жеке жауап беру бойынша бағалау
6 мин)
1 топ
Материалды қысқаша баяндау
1 топ
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Мәтінді талқылау
2 топ
Кестемен жұмыс
Тест деңгейлік тапсырмалар
Жеке жұмыс
Баға қою
Мақтау
Ұпай саны
Ұпай санау
Нәтижелерін хабарлау
«3»тапсырманың бір түрін орындағаны үшін
«4»өз бетімен жұмыс жасағаны үшін ,ереже
«5»қосымша материал ұсынғаны үшін,интернет
Дидактикалық кәртішкелер
Оқулық
Сөздік жұмысы
Сөздерді сөздікке жазу
Бейне таспа
Презентация
Оқулық
Қосымша материал