Сыныптан тыс шара мектепішілік Рубик, кубик текшесін жина?тау турнирі
-1905-127000
БҚО, Жаңақала ауданы, Пятимар ЖОББМ
І санатты тәлімгері
Измагамбетова Зухра Амангельдиевна
Мектепішілік Рубик текшесін жинақтаудан спидкубинг турнирінің
Ережесі
Мақсаты: Жасөспірімдердің ойлау қабілетін арттыру, оқушылар арасында спидкубинг өнерінің белсенділігін көтеру, қабілетті оқушыларды анықтау және жетілуіне мүмкіндік беру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнирдің шарттары: Сайыс оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өткізіледі.Қатысушылар 3х3х3 Рубик текшесін уақытқа жинайды.
Сайыс турлары:
Рубик текшесін бір қолмен жинау
Рубик текшесін байлаулы көзбен жинау
Рубик текшесін ең аз жүріспен жинау
Қатысушылар: 5-7, 8-10 сынып оқушылары
Өтетін уақыты: 30 қаңтар, 2017 жыл
Уақыты: 16.00
-Қайырлы күн жас достар! Бүгін міне мектебімізде алғаш рет оздырылғалы тұрған Рубик текшесі турниріне қош келдіңіздер! Алдарыңызда тұрған рубик текшсін пайдалану арқылы 3 кезең бойынша оза шапқан ойыншы жеңімпаз атанады. Қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, сайыс турларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Сайыс турлары:
Рубик текшесін бір қолмен жинау
Рубик текшесін байлаулы көзбен жинау
Рубик текшесін ең аз жүріспен жинау
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қатысушылар міндетті түрде «Жас Ұлан» ұйымының атрибутикасы (галстугі мен төсбелгісі) болуы міндетті.
Қорытынды: Мектепішілік кезеңнен жеңімпаз атанған оқушыға «Жас Ұлан» ұйымы атынан мақтау қағазы тапсырылады. Сондай-ақ мектепішілік кезеңнен өткен жеңімпаз оқушының жеке фото суретімен қысқаша мәлімет қоса тіркеліп, аудандық, облыстық кезеңдерге жолданады. Үздік облыстық кезеңнен Рубик текшесін жинақтаушы оқушыларға «Өркен» қосымша білім беру орталығы мен «Жас Ұлан» ұйымы атынан электрондық диплом ұсынылады.