Урок на тему Елді? отын-энергетикалы? кешеніне сипаттама
Пәні: География
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Отын-энергетика кешенінің құрамы мен құрылымы жайлы білім беру, оның шаруашылықтағы маңызы туралы көзқарастарын қалыптастыру. Дамытушылық:Қазақстанның шаруашылығына қатысты тақырыптық карталарды сәйкестендіру, олар бойынша отын-энергетикалық кешенін сипаттау арқылы шығармашылық- ізденіс қабілеттерін, икемділіктері мен дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Өз Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, өз жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға, мамандық таңдауға, экологиялық тәрбиеге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл, жигсо әдісі, семантикалық карта, жеке, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстаның физикалық картасы, кескін карта, атлас.
Негізгі ұғымдар: отын өнеркәсібі, электр қуаты, энергетикалық ресурстар, мұнай - газ алабы, мұнай - газ құбырлары, ілеспе газ, газ құбыры жүйесіНоменклатура: Маңғыстау алабы – Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозашы, Кеңқияқ, Жаңажол, Оңтүстік Торғай алабы – Құмкөл; Ақтөбе, Орал, Тараз, Қарағанды, Атырау
Сабақтың барысы
Уақыты Мұғалімнің іс –әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
5 минут Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен амандасып, сынып оқушыларын түгелдеу.
-оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
- сыныптағы оқушыларды топқа бөлу, топтарға бағалау бетшесін беру.
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау; -Оқушылар амандасады.
- Топқа бөлінеді.
1-топ. Көмір
2-топ. Мұнай
3-топ. Газ
10 минут
20минут Кіріспе бөлім
I.Миға шабуыл сұрақтары.(үй тапсырмасы)
II.Мағынаны тану (жаңа тақырыппен байланыс)
1.Табиғат ресурстары қалай топтастырылады?
2. Қалпына келмейтін табиғат ресурстарына нелер жатады?
Мұғалім: Ия,мұнай, газ көмір жатады. Бұл отын түрлері бірігіп отын-энергетикалық кешенді құрайды.
Негізгі бөлім
-Ендеше, бүгінгі жаңа тақырып: «Отын-энергетикалық кешеніне сипаттама»
I.Жаңа тақырып
а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады.
б)Оқушылар назары видеоға аудартылады.
в)Оқушыларға топ бойынша мәтінмен танысу тапсырылады.
І-топ. Отын-энергетика кешенінің шаруашылықта маңызы.
II-топ. Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы.
III- топ. Қазақстанның газ өнеркәсібі
II.Оқулықпен жеке жұмыс жұмыс
Мұнай және газ өнеркәсібі.
Отын өнеркәсібіне жатады...................
Оның шаруашылықтағы маңызы ......................................................
Отын-энергетикалық баланс дегеніміз - ..........................
Мұнайдан өңдеген кезде ...................... алынады.
Мұнай өңдеу кезіндегі газ қалдықтары ......................................
Мұнай кен орындары ...... ..... .............. .... ........... ...... ..................кездеседі.
Мұнай кен орындары ...................., .........................., .................., .............., ................. шоғырланған.
Мұнай 1899ж ............................., 1911ж ..........................., 1915ж ............................, 1979ж .................................. өндірілуде.
Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары .................................
Қазақстандағы газдың ірі кен орындары ................................
Қазақстандағы негізгі газ өндіретін компаниялар ...........................................................
12. Қазақстандағы газ өңдеу зауыттары .............................
2.Картамен жұмыс
Кескін картаға Қазақстанның көмір, мұнай мен газ кен орындарын және негізгі өндірілетін аудандарын түсіріңдер.
3.Семантикалық картамен жұмыс
4. Сандар сөйлейді.
-Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
-Жаңа тақырыппен байланыс орнатады.
а)Оқушылар тақырыпты жазып алады.
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазады.
б)Видеоға көңіл аударады.
в)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды.
Оқушылар жеке жұмыс жасап, берілген тапсырманы орындап шығады.
-Кескін картамен жұмыс.
-Атауларды топтастырады.
-Сандар сырын ашады.
10 минут Қорытынды бөлім
Ойлан және жылдам жауап бер?
Мұнайдан не өндіреді және қайда қолданады?
Газдан не өндіреді және қайда қолданады?
Көмірдің шаруашылықтағы маңызы?
Оқушының жеке пікірі(көзқарасы)
Қазақстандағы газ өнеркәсібінің даму жолдары мен болашағы қалай деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды жазыңдар.
Туған жерлеріңде отынның қандай түрі көбірек пайдаланылады және неліктен?
3. Отын өнеркәсібінің дамуына байланысты туындайтын экологиялық мәселелер
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бағалау бетшесі арқылы топ басшылары өз тобын бағалайды.
Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.
Сабақ рефлексиясын жазады.