А?аштарды? к?згі тіршілігімен танысу
Күні:_______________2016ж
Жасы:____________
Сабақтың тақырыбы: Ағаштардың күзгі тіршілігімен танысу.
Білімділік: Өсімдіктердің күзгі тіршілігі жайлы ұғымдарын кеңейту. Өсімдіктерді қорғауды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу және топ үшін еңбек етуге, табиғатқа жанашырлыққа баулу, аяушылық сезімдерін ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс
Көрнекілігі: слайд суреттері, жеміс-жидек-көкөніс суреттеріСабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Зейіндерін сабаққа аудару.
Оқушыларды 3 топқа отырғызу.
Оқушылар топқа бөлініп отырғызылады.
Психологиялық дайындық:
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге.
І. Ой шақыру:
-Балалар, күз мезгілі дегенде көз алдарыңа не келеді? (Оқушылардың жауабы)
-Күз айларын айтайықшы..-Қыркүйек, қазан, қараша.
-Әрбір айдың ерекшелігіне тоқталайық..
–Қыркүйек айында күн жылы, ағаштар жасыл болады. Қазан айында дала сарғайып, жапырақтар түсе бастайды. Қараша айында күн суытып, жаңбыр көп жауады. Сонан соң қар жауады.
ІІ. Мағынаны ашу:
-Балалар, біз бүгін «Ағаштардың. Өсімдіктердің күзгі тіршілігі» деген тақырыппен танысамыз.
Ойын: Бақша себеттері.
3 топ оқушыларына алма, өрік, қияр, пияз, жүзім, таңқұрай суреттері таратылады. Әр топ өз суретттерін алып шығып, оны сипаттайды. Мысалы: Алма – жеміс, түсі қызыл, жасыл сары болады, дәмі тәтті, сыртты қатты, адамдарға пайдалы, бақшада өседі. Сөйтіп жемістер, көкөністер, жидектер себетіне апарып салады.
Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түсе бастайды. Кейбер ағш пен бұталардың басында жемістер мен тұқымдары қалады. Бұл – қыстап қалатын құстар үшін жақсы қорек. Шөп қурайды. Шөп тамыры топырақ астында қалады. Көктемде қайтадан өніп шығады. Күздің соңына қарай жапырағынан айырылған ағаштар жалаңаштанады. Тек шырша мен қарағай ғана жасыл қалпында қалады. Қылқандары жыл бойы біртіндеп түсетіндіктен, олар үнемі жасыл болып тұрады.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
«Кім жылдам?!» ойыны. (кластер құру)
Тақтаға өсімдік суреті ілінеді және сұрақ қойылады. Топ оқушыларына жолақтарға жазылған сөздер таратылады. Ішінде қате жауаптары да болады.
Тапсырма: Балалар жылдам, жаңылыспай өсімдікке қажетті жолақтарды таңдап, жабыстырады.
Сұрақ: Өсімдікке не қажет?
Жауаптар: құнарлы топырақ, жылу, кәмпит, киім, қоректік заттар, жарық, ақша, теледидар, су, ауа, ойыншық, өшіргіш.
«Екі жапырақ» ертегісі.
Тапсырма: Мұғалім оқушыларға ертегіні оқып келе жатып, тоқтай қалады. Әрі қарай не болғанын өздері жалғастырады. Сонан соң мұғалім өз жауабын оқиды. Сөйтіп ертегіні үш бөлікке бөліп оқып береді.
Ертегі барысы…
Ерте, ерте, ертеде Терек жапырағы мен Қарағай жапырағы дос болыпты. Олар жаз бойы орманда бірге ойнайды. Екеуі айырылмастай дос болады. Жаз өтіп, күз келеді. Терек жапырағы сарғайып қалады, ал Қарағай болса сол жап-жасыл қалпында қала береді. Сонда Қарағай жапырағы Терек жапырағына былай дейді:
(үзінді)
-Күз мезгілі келісімен сенің көйлегің сарғайып, түссіз болып қалды. Ал менің көйлегім болса, әліде жап-жасыл болып жарқырап тұр,- деп мақтанады. Терек жапырағы досының бұл сөзіне ренжіп, анасына келіп, былай дейді:
(үзінді)
-Менің көйлегім неге сарғайып қалды? Мен енді әдемі емеспін,- деп ренжіп жылайды.
-Жоқ, балам, сен сары көйлекпен одан да әдемісің,- деп анасын жұбатты.
-Ендеше менің көйлегім неге сары, ал Қарағайдыкі жап-жасыл?,- деп қоймады баласы. Сонда анасы:
(үзінді)
-Күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды. Бұның салдарынан ХЛОРОФИЛЛ де әлсізденіп қалады. Өйткені күзде күн көзінің қызуы азаяды. Сол себептен біздің көйлектеріміз сарғаяды. Енді бізге кету керек,- деді анасы. Мұны естіп тұрған Қарағай былай деді:
(үзінді)
-Кешірші мені, достым! Мен қателестім. Сенің көйлегің әдемі екен, алтынға ұқсайды. Күн суытқан кезде сенің хлорофиллің азаятынын және содан сенің көйлегің сарғаятынын білмедім. Ренжімеші маған!
-Ештеңе етпейді. Мен саған ренжімеймін, өйткені сен менің досымсың. Біз кетуге дайындалып жатырмыз. Көктемде қайтып ораламыз. Көріскенше! Сау бол!
Қорытынды:
Күзде ауа температурасы төмендейді;
Орман іші Алтын күзге оралады;
Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
Күн жылуы төмендейді Хлорофилл азаяды Содан түсі өзгереді
Жапырақтар күзде неге түседі?
А) жапырақ пен сабақ арасында зат алмасу тоқтайды.
Ә) жапырақ сабағы түбіндегі клеткалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады.Б) бұл кезде жапырақ сабаққа әрең ілініп, жел әсерінен үзіліп түседі.
ІІІ. Ой толғаныс:
Өсімдікт тірі ағзаға жатады. Дәлелдеңдерші..
(өйткені ол өседі, көбейеді, өледі)
Сендер жапырақ болсаңдар не істер едіңдер?
(оқушылар жауабы)
Тексерілді:_____________