?абит М?сірепов ?лпан романы.docx
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы. Балаларды талдау, салыстыру және мазмұнын өздері ашуға дағдыландыру; 2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету; 3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, әйел-ананы сыйлауға, адами ізгі қасиеттерге тәрбиелеу; Көрнекіліктер: Венн диаграммасы. Тірек сөздер: Ел, әйел, ана, қоғам, қазақ, өмір, суреткер, шығарма. Әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, сұрақ-жауап, талдау, дәләлдеу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау. 2. Қызығушылықтарын ояту. – Балалар, қане, әйел, ана, қыз бала жөнінде халқымыздың қандай мақал-мәтелдері бар? 3.Мына суреттерде не бейнеленген? Әрине, тоты құс пен айдын көлдің еркесі аққу құс бейнеленген. Ал ендеше, бұдан не түсіндіңдер? Дұрыс ата-бабамыз ару қыздарды «Аққудайын сыланған, тотыдайын таранған» деп кез-келгеннің қолына түсе бермейтін асыл құстарға теңеген. Ендеше, қазақ аруы қандай болуы керек екен? 4.Ой шақыру. Жаңа сабақпен таныспас бұрын мына бір суретке зер салыңыздаршы. (суретте ақ кимешек киген әйел) /ақылгөй ана, дана әйел, ел жанашыры, бүтін рудың қорғаны, шаңырақтың ұйытқысы.../5. Мағынаны тану.- Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?- Оны білу үшін мысалды оқып көрелік. (Іштерінен шығармадан үзінді оқиды).6. Ойға шабуыл. Венн диаграммасы арқылы Есенейге тұрмысқа шыққанға дейінгі және кейінгі Ұлпан бейнесін ашамыз. Сонымен бірге Ұлпанды алғанға дейінгі және алғаннан кейінгі Есенейге сипаттама жасаймыз.7. .Романдағы әйел образы. Суреткер шеберлігі. Романның қазақ әдебиетіндегі рөлі. Шығармашылық тапсырма.«Ел қорғаны – Ұлпан ана» тақырыбына шағын эссе.Топтық талқылау (топтық жұмыс, постер қорғау) «Ұлпан» романында Ғабит Мүсірепов әйелді қалай сипаттайды? Сіз бұл сипаттамамен келісесіз бе? Жауабыңызды дәлелдеңіз.8. Кері байланыс. Менің бүгінгі тақырыптан алған әсерім.......
Үйге тапсырма. Бағалау. Қорытынды.
Үйге немесе сыныпта қосымша мынадай тапсырма беруге болады. Бұндай тапсырма оқушыны тек қана жан-жақты ойлауға, өз ойын еркін айтуға, саралауға, талқылауға үйретеді.
1.Тапсырма. Топтық талқылау (топтық жұмыс, постер қорғау)
«Ұлпан» романында Ғабит Мүсірепов әйелді қалай сипаттайды?____________________________________________
Романнан үзінді келтіріңіз. ______________________________
2.Тапсырма. Кілт сөздерді, постерлерді тиімді пайдаланып, сұхбат жүргізу:
«Менің шығармадан алған әсерім...»
__________________________________________________________
3.Тапсырма. Әр топ бөлімдерге сюжеттік жоспар құрады, талқылайды.
/Әйел-ана жөнінде нақыл сөздер айтылады/
__________________________________________________________
Шешім: Романнан не түйдім ------------------------------
Сұрақтар мен жауаптар қолданылады.
Оқушылардың бірге жұмыс істеуін бақылау.
Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар бірге жұмыс істеген кезде сыныптастарына сипаттама беру.
Мұғалім қорытынды жасайды. Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды?
Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?
Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге батылы жетпейтін оқушылар үшін керемет дүние болып табылады.
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асса, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/. Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – сын тұрғысынан ойлау деп білемін.