Саба?ты? та?ырыбы: Ыры?сыз етіс (6сынып)
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 30.01.2017
Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс
Сабақтың мақсаты:
Ырықсыз етіс туралы түсінік беру;
Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 232-жаттығу/191-жаттығу
Сұрақ-жауап:
1.Етіс дегеніміз не?
2.Етістер неше топқа бөлінеді? оларды ата
3.Өзгелік етіс дегеніміз не?
5.Өзгелік етістің жұрнақтары? мысал келтіру
ІІІ.Жаңа тақырып. Ырықсыз етіс
Бұған дейін іс-әрекетті біреудің тікелей өзі орындайтындығын және іс-әрекеттің өзге біреу арқылы іске асатындығын қарастырдық. Енді істі кімнің істегендігі емес, не істегендігі ғана көрсетілетіндігін зерттей бастаймыз. мысалы: бөлме тазартылды, гүлге су құйылды.
Істің кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілетін етістің түрі
ырықсыз етіс деп аталады.
Ырықсыз етістің жасалу жолдары:
1 -ыл,-іл,-л: Жу-ыл-ды, жи-ыл-ды, тер-іл-ді, шеш-іл-ді, тара-л-ды, күре-іл-ді, (іс-әрекетті кім істегені белгісіз, әйтеуір, өзінен-өзі істе-лін-іп қой-ыл-ған)
2 -ын,-ін,-н: (өздік етісте де бар) етістік түбірінде -л дыбысы болса, онда ырықсыз етіс болады: ал-ын-ды, сал-ын-ды, әкел-ін-ді, іл-ін-ді, бөл-ін-ді ,сөйле-н-ді, тазала-н-ды, сарала-н-ды,т.б.
Ырықсыз етіс жұрнағы салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. мына екі бағандағы етістіктерді салыстырып, ырықсыз етіс жұрнақтарының сабақты етістіктен салт етістік жасап тұрғанын түсіндіріңдер.
Үй сал
Егінді ор
Суды төк
Малды бақ
Киімді тазала
Еденді жу Үй сал-ын-ды
Егін ор-ыл-ды
Су төг-іл-ді
Мал бағ-ыл-ды
Киім тазала -н-ды
Еден жуылды
ІV. Оқулықпен жұмыс.
233-жаттығу .Төмендегі етістіктерден (салт па,сабақты ма? ) ырықсыз етіс жасап, ( салтқа айналды ма, жоқ сабақтыға ма?) сөйлем құраңждар. 192-жаттығу Етістіктердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
234-жаттығу. 1.Балама атауды есте сақтаңдар, сөйлемдерден етістерді табыңдар.
2.Өлеңнен етіс түрлерін тауып, теріп жазыңдар.
гүл ег-іл-ген, шөп өсір-іл-ген, ағаш және бұталар отыр-ғыз-ыл-ып, саябақтар жаса-л-ды, ағаштар отыр-ғыз-ыл-ды
Өздік етіс Өзгелік етіс Ырықсыз етіс
Көр-ін-ген, Сал-ын-ған ,Ал-ын-ған ,танылған
V.Сабақты бекіту
1.Ырықсыз етіс дегеніміз не? мысал келтіру
2.Ырықсыз етіс жасайтын жұрнақтарды атап айту?
VІ.Үйге жұмыс. 235-жаттығу. /193-жаттығу.