Саба?ты? та?ырыбы: Ыры?сыз етіс


«Lesson Study» сабағы
Қазақ тілі пәні
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Кабдуалиева Арайлым Кадыржановна

Өскемен қаласы
2015-2016ж.
А)Оқыту/оқудағы тәсіл Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, білім сапасын арттыру үшін топтық жұмысты пайдалану
Б)Тақырып(оқу жоспарының бөлігі) Ырықсыз етіс
В)Әдіс-тәсілдер Конверттегі хат; Галереяны шарлау; Венн диаграммасы; Сұқ саусақ стратегиясы;
С)Күтілетін нәтиже -Тақырыпты толық меңгереді;
-Ырықсыз етістерге мысалдар келтіреді,жұрнақтарын ажырата алады;
-Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады,өз бетінше ізденеді;
-Білімдерін жүйелейді,жетілдіреді;
Д)Сабақ жоспарының кезеңдері
1)Ұйымдастыру
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Таңдаған фигуралары бойынша топтарына барып отырады. Топ басшысы тағайындалады.
2) Үй тапсырмасын сұрау «Конверттегі хат», «Сұқ саусақ стратегиясы» арқылы мен саған сен маған өткен тақырып жайлы теориялық білімдерін еске түсіру мақсатында топтарға сұрақтар құрату.
243-жаттығу. Ырықсыз етістерді теріп жазу.
Таратылып берілген конверттегі құрған сұрақтарын жазып, сағат тілімен мен саған сен маған әдісі арқылы бір-біріне беріп жауаптары тыңдалады.
243-жаттығуды топта дәптерлерін бір-бірімен ауыстыра отырып тексереді де мұғалімнің жауабымен салыстырады.
3) Жаңа сабаққа кіріспе Сөзжұмбақты шешкізу арқылы сабақтың тақырыбын шығартады.
Ырықсыз деген сөздің мағынасын сұрайды.
Сызбаларды салыстыра отырып ырықсыз етісті түсіндіреді
М: Сөз айт+ыл-ды, үй сал+ын-ды
Арқылы өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсастығын айтып,шатастырып алмай айыра білу керектігін айтып өтеді.
Әр топқа мысалдар беріп тиісті жұрнақтар жалғау арқылы ырықсыз етіс жасатады.
1 топ – тазала
2 топ – сөйле
3 топ – шегеле
4 топ – қала
5 топ - бөл Сөзжұмбақты шеше отырып, ырықсыз деген сөздің мағынасын ашады.
Оқулықтарын ашып,тақырыпты шолып оқып шығады.
Топта бір-біріне айтып береді.
Берілген тапсырманы топта отырып орындайды.
4) Бекіту 1. «Галереяны шарлау»
Топтарға стикерлер таратылып береді. Сол стикерге етістерді жазып, қабырғаға жабыстыру керектігін айтады.
2.Топтарға суреттер таратып береді. Жасырын жұлдызшаны тапқан оқушы қабырғада жабысып тұрған етістердің ішінен ырықсыз етісті тауып,мысал келтіре отырып сипаттама береді.
Топ мүшелері өз мәтіндерін құрап,ырықсыз етістерді айтып өтеді.
5) Қорытындылау Ырықсыз етістерді қалай түсінгендерін көру мақсатында суретін салғызады. Өз түсінгендерін салған суреттері арқылы қорғайды.
6) Үй тапсырмасын беру Ырықсыз етіс.245-жаттығу
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Күнделіктеріне жазып алады.
7) Бағалау Топ басшысының бағалауы тыңдалып, мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады . Топтардың бағасын ескере отырып , мұғалімнің сумативті бағасы.
8) Рефлексия Кері байланыс. Жетістік баспалдағына мынадай фигуралар 5 - жұлдызша,
4 - төртбұрыш,3 - үшбұрыш арқылы сабақтағы деңгейлерін байқайды. Тақтада тұрған жетістік баспалдағына оқушылар қай деңгейде болғандарын алдарындағы фигураларды жабыстыру арқылы көрсетеді.