Баяндама «Сауат ашу» п?нінде ты?далым ж?не айтылым да?дыларын дамытуда?ы тиімділігі»


Шолақаша орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы: «Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытудағы тиімділігі»
Дайындаған бастауыш сынып мұғалімі :
Бекенова Айгүл Дүйсенбайқызы
2016-2017 оқу жылы
5.3.«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныпта пәндерді тиімді оқыту»
«Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытудағы тиімділігі
2016 жылдың маусым айында Қостанай қаласында «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Жаңартылған білім бері бағдарламасы» бойынша курста оқып, яғни теориялық білім алып, азғантай уақыттағы тәжірибеммен бөліскелі отырмын.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан көптеген оң өзгерістер  қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған айқын.
Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді.  Оқу – тәрбие үрдісінде қолданылатын құралдардың ішіндегі бірі рөлдік және іскерлік ойындар. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделеді. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар және ресурстар арқылы жүзеге асырылады.  
  Белсенді сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге,сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.
Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады деп бағдарламада көрсетілгендей. Сауат ашу пәнінде – мұғалім мен оқушы сөйлесу арқылы ,әлеуметтік қарым –қатынасы жақындата түседі және сөйлеу мен қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландырады. Оқушы сабақ үдірісінде сұрақтар қою арқылы ойлырын жеткізіп отырады.
«Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытудағы тиімділігі 1 сыныпта отырған оқушыларымның ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуда өзімнің іс – тәжірибемнен атқарылып отырған жұмыстарым да: тыңдалым - дағдылары бойынша берілетін тапсырмада мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну, сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беруді сұраймын. Бұл жерде бір аудио басылым мен бейнежазба арқылы немесе мұғалім мәтінді оқу арқылы зиейін қойып тындатады. Әрине әр мұғалім өз әдісімен оқушыға тапсырманы беріп тыңдата алады.
17145706755 Мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы көрсетіп беруде оқушыларым тыңдалған мәтін бойынша мазмұнына сай суреттерді таңдап қана қоймай сонымен қатар суреттермен әңгіме құрағанды ұнатады.
Тыңдалым дағдысы - оқушы тыңдау барысында ақпаратты дұрыс қабылдауға, ондағы негізгі ойды түсінуге дағдыландырып отыруға тиімді.
Айтылымда - бұл жерде оқушылар мәтінді тыңдап өз еріктерімен мазмұнын айтуға тырысып отырады.
Осы жерде кейбір оқушылар өз ойларымен түсінігін басқаша да айтуы мүмкін, әрине бұндайда мен оқушының жауабын жақсы тыңдап қолдау беріп, берілген мәтінге қарай ойын бағыттап батылдығың үшін деп мадақтап отырамын. Оқушылардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік береді.
-57785122555Айтылым дағдысында - сөйлеу кезінде сөздердің мағынасын дұрыс түсініп, тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса отырып, оқушы сөйлеу барысында айтатын ойын жағдаятқа сәйкес сөздерді таңдауына тиімді.
Сабақ үдірісінде осы дағдыларды дамытуда рөлдік және іскерлік ойындар арқылы сабақты белсенді өткізуге тарысамын.
Оқу жылының басында тыңдалым мен айтылым дағдысын дамытуда кедергі болған жағдайаттар: оқушылар қазқ тілінде сөйлемеуі, өз ойларын орыс тілінді айтуды ұнатып отыруында болды. Кейбір оқушылардың мінез құлықтары тұйық болып сөйлемеуі, дыбыстарды анық айтпауы да болды. Берілген тапсырма бойынша өз ойларын бөлісуде қиындықдар болды.
Қазіргі екінші жартыжылдықта оқушыларым ойларын және әріптерді дыбыстауда , қазақ тілінде сөйлеуді меңгерңге тырысуда.
Қорыта келе, сабақта рөлдік және іскерлік ойындар түрлерін пайдалану  тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым. Ойын – оқушылар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын  баланы бір нәрсеге үйретеді. Топтық жұмыстарда оқушылар достық сезімін оятып, бір-біріне  қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Рөлдік ойын арқылы оқушыны жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Мұғалім – әдіс түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың тындалым мен айтылым дағдылары арқылы өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі әдістер мен шеберліктерді  меңгеру арқылы қол жеткізу болады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын  белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады. 
Тыңдалы мен айтылым дағдысы оқушылардың тіл байлығын арттырады. Ойлау қабілеттері дамиды. Тұйық оқушылар сабаққа ынтасын артады және мінез құлқы қалыптасады. Оқуғадеген таным қабілеті артады. Оқушы ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып  кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына  сай, сабақты түрлендіру мақсатында  оқытудың  түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса, игі  нәтижеге жетері  сөзсіз. 
Құрметті әріптестер үнемі шеберлікті шыңдау жолында  жаңа әдіс–тәсілдерді үйренуге, қолдануға ұмтылайық.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С.Ахметов «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру 
жолдары.»  Алматы  «Рауан» 1994 ж.
2.Бастауыш мектеп журналы.