Екі ж?лдыз ?н бай?ауы


«Екі жұлдыз» ән байқауы
Күні: 20 ақпан
Уақыты: сағат 1700
Өтетін орны: Спорт зал
Сынып: Мұғалім мен оқушы
1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!2 - Жүргізуші: Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.1 - Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
Серік Асхат Сағынбайұлы Ақерке Абуғали Мама әні
Габбасова Айдана Салимгереевна Мақсот Рамазан
Аюпова Альфия Алмировна Колузанов Раман
Умбеталиева Рауза Нұрлыхановна Оля Таликова
Жалмухамбетова Айнаш Хусайынқызы Жақсылық Әлижан
Умбеталиева Рауза Нұрлыхановна Разживина Настя
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетсек.1. Оқу ісінің орынбасары:Чапова Татяна Николаевна
2.Тәрбие ісінің орынбасары: Галиева Назгуль Сарсеновна3.Музыка пәнінің мұғалімі:Жумакаев Куандык Ибатовичтаныстырып өтсем:
– сырт келбеті, киім кию үлгісі;
-дарындылығы;
-қатысушылардың арасындағы шығармашылық байланысы;
-орындалған ән қалай айтылды.
Алдарыңызда бағалау парақтары таратылды, бағалау ең жоғарғы ұпай 5 ұпай, ең төменгі ұпай 3ұпай.Әр жұп әніні орындап біткеннен кейін сөз кезегі сіздерде.Ал ұпай санын сайыс соңында айтасыздар.Бәрі түсінікті секілді.
1 - Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Асхат мен Ақерке «Мама»әнімен қарсы алайық.
2 - Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай?1 - Жүргізуші: Келесі жұбымыз да өздерінің бағын осы әннен іздемекші. Әннің қалай шығатынын мына сіздермен бірге тыңдап көрейік.Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате боларӨзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным – демекші,Сахна төріне Алфия мен Романды «Мамонтенок» әнімен қарсы алыңыздар!2 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде1 - Жүргізуші:
Көңілім бүгін алаңдыКүттің бе әке балаңдыШаттықпен жарқын тойыңа,Сыйлаймын сазды бұл әнді – дей келе,Алдарыңызда Рамазан мен Айдананы «Әке мен ана» әнімен қарсы алайық.1 - Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар?
1 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде1 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше қарсы алайық. Рауза мен Оляны әнімен қабыл алыңыздар!2 - Жүргізуші: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Алдымен адам бол деп жетелеген демекші «Анашым» әнімен сахна төрінде Айнаш пен Алижанды қарсы алыңыздар.Ән: Мама орындайтын:Шынғыс
1 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше қарсы алайық. Рауза мен Настяны әнімен қабыл алыңыздар!2 - Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар1 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.Музыкалық номер. Қазылар ойланғанша.
Ән: «Төрешін» Жумуров Жарас1 - Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.2 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың әнұраны.
Серік Асхат Сағынбайұлы Ақерке Абуғали Мама әні
Габбасова Айдана Салимгереевна Мақсот Рамазан
Аюпова Альфия Алмировна Колузанов Раман
Умбеталиева Рауза Нұрлыхановна Оля Таликова
Жалмухамбетова Айнаш Хусайынқызы Жақсылық Әлижан
Умбеталиева Рауза Нұрлыхановна Разживина Настя