1 сынып Сауат ашу ?МЖ Д дыбысы мен ?рпі.


Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: д дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады, оқуға, жазуға үйренеді. 
Білімділік: д дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады, оқуға, жазуға үйренеді; өткен дыбыстарды қайталайды, зейінін сабаққа аударып отыру керек екенін бақылайды, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйренеді, кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құруға, д дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйренеді.  
Дамытушылық: д дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру арқылы ойлау қабілеттерін, жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамытады.
Тәрбиелік: бір-бірімен қарым-қатынас жасауға; бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге, оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленеді, жазуға қолдарын жаттықтырады.
Әдіс–тәсілдер: сұрақ–жауап, түсіндіру, әңгімелесу, сөзжұмбақ тапсырмасы.
Мерзімі: 2014 ж
Құралдар: кеспе әріптер, әріп таңбасы, текшелер, Алдаркөсе, домбыра, доп.
Әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс–әрекеті Оқушының іс–әрекеті Күтілетін нәтиже
Мотивациялық қозғаушы
Балалар орындарыннан тұрып
Армысын, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
  Балалар орындарынан тұрып шаттық өлеңін айтады.
Іздену–ұйымдас-тырушылық  
- Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Алдармен бірге «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.
-Алдар немен жүреді?
- «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?
- Ат қалай жүреді? Аттың жүрісін тілімізбен көрсетейік.
- Балалар, мен ол баққа Алдармен бірге «Білім көлігімен» барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?
- Онда біз өткен әріптерді қайталайық.
- Тасбақа деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Oрындық деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Нан деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Робот деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Ғарыш деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Піл деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Аққу деген сөз қандай дыбыстан аяқталады?
- Шағала деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Қауын деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Лақ деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Ай деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Алма деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
- Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар!
- Онда қарап отырмайық.
Ал, балалар, ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Дауылда бар, боранда жоқ.
Дәуірде бар, заманда жоқ.
Қандай дыбыс?
- Бүгін біз қандай  дыбыс және әрпімен танысамыз?
- Д  дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы?
- Дұрыс айтасыңдар доп д дыбысынан басталады.
- Д дыбысы дауысты ма? Әлде дауыссыз ба?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Дұрыс, дауыссыз дыбысты көкпен белгілейміз.
- Неге? Не үшін?
- Неге ол дауыссыз деп саналады?
- Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық.
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады.
- Қане, альфавит ішінде Д дыбысын табайық.
Сергіту сәті. 
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Жазу дәптермен жұмыс:
-Д дыбысына мысалдар келтіріңдер. Осы сөздерді алақанмен шапалақтап ұра отырып буынға бөлейік.
- Дұрыс, өте жақсы.
-Ал, енді буындарды оқиық.
-Қәне, дәптердегі д әрпін үлгіге қарап жазайық.
Жазу жолдың ортасында сергіту сәтін орындайды. 
Бала, бала, балақан,
Қәне қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт,
Былай, былай, ойнап.
Топ – топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса – жаса жарқын күн
Жаса – жаса алтын күн.
Жазуымызды жалғастырайық.  
-Атқа мініп жүреді.
-Атпен барайық.
 
 
-Ия, дайынбыз.
 
- Тасбақа деген сөз Т дыбыстан басталады.
– Oрындық деген сөз О дыбыстан басталады.
– Нан деген сөз Н дыбыстан басталады.
– Робот деген сөз Р дыбыстан басталады.
– Ғарыш деген сөз Ғ дыбыстан басталады.
– Піл деген сөз П дыбыстан басталады.
– Аққу деген сөз У дыбыстан аяқталады.
– Шағала деген сөз Ш дыбыстан басталады.
– Қауын деген сөз Қ дыбыстан басталады.
– Лақ деген сөз Л дыбыстан басталады.
– Ай деген сөз А дыбыстан басталады.
– Алма деген сөз А дыбыстан басталады.
- Дыбыста екі топқа бөлінеді: дауысты, дауыссыз.
 
 
 
 
Дауыл – боран,
Дәуір – заман.
-         Д дыбысы.
Д дыбыс және әрпімен танысамыз.
-         Доп, домбыра, дәптер, демалыс, дәрі, дәрігер, дала.
-         Дауыссыз
-         Көк.
 
- Ол дауыссыз дыбыс.
Ол әндетіліп, созылып айтылмайды.
Барлығы хормен айтады.
-         Ол созылмайды.
 
 
Тақтадағы әріптердің ішінен 1 оқушы көрсетеді.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
 
 
- Доп, домбыра дәптер.
- Доп, дом-бы-ра, дәп-тер.
- Д-а, да. Д-о, до. Д-у, ду. Да-ла. Да-на.
Дәптердегі Д әрпін үлгіге қарап жазады.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
 
 
Жазуларын жалғастырады. Рефлексивтік-
қорытындылау Қорытындылау:
Тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.
- Жел толтырылған, резинадан жасалған ойыншық?
- Қай музыкалық аспаппен орындайды?
- Оқу құралының бірі, оған жазу жазамыз.
- Жазық жер, алаңқай.
- Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады?
- Ал, енді біз жаңылтпаш жаттайық.
 Доп деп, доп теп. (2-3 рет қайталайды)
- Ал, балалар Алдаркөсеге айтыңдаршы қандай әріппен таныстыңдар?
- Д дыбысы қандай дыбыс?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? -         Доп.
-         Домбыра.
-         Дәптер.
-         Дала.
 
-         Д дыбысынан.
Хормен қайталайды.
 
-         Д әрпімен таныстық.
-         Дауыссыз.
-         Дыбыстар екіге бөлінеді. Бағалау. Топ басшысын топ мүшелері бағалайды. Топта отырған оқушылар бір- бірін бағалайды.
Топта отырған оқушылар сабақты талқылайды.
Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. «Талқылау бойынша серіктестер» Серіктестерімен талқылау: Не оңай болды? Ұсыныс болса айтады. Не қиын болды? Не білгіңіз келеді?  Күтілетін нәтиже:
Біледі: оқушылар «Д» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.
Болу:  оқушылар дәптерде әдемі, ұқыпты жазу ниетте болу.
Істей білу: домбыра, дәптер, дала, доп сөздерін буынға бөлуге, сөзжұмбақтарды шеше білуге үйренеді.