К?СІБИ ?О?АМДАСТЫ? ??РУ АР?ЫЛЫ МЕКТЕПТІ? ДАМУЫНЫ? Т?РА?ТЫ БОЛУЫН ?АЛАЙ ?ОЛДАЙМЫН?
БҰЛ ӨЗГЕРІСТЕРДІ МЕН ҚАЛАЙ ЕНГІЗЕМІН?
С есебімде[12-ші абзац] мен өз мектебімдегі өзгерістерді енгізуге мүмкіндіктің бар екендігін айтып өттім, ол өзгерістерд енгізу мақсатында В есебімде мен мектебімнің бастапқы жағдайын бағалағаным туралы жазған едім, өзін-өзі бағалау метепті басқарудың қалыпты циклдеріне кіріктіріліп, барлық жұмыс жасайтын мұғалімдерді қамтиды. Мен ата-аналардан, оқушылардан, мұғалімдерден алған сауалнама арқылы өз мектебімнің проблемасын аштым. 5-ші сынып оқушыларының арасында алынған сауалнама оқушылардың оқу сауаттылығының төмендігін көрсетті. Осы проблема ата-аналар мен мұғалімдерден алған сауалнамада да өз көрінісін тапты. Осылайша, анықталған проблема мектепті дамыту бағдарламасының мақсатын анықтауға негіз болды.
Ендеше, проблемамды ойластыра отырып, оқушылардың оқу сауаттылғын арттыру үшін маған өз мектебімде оқытудың жаңа технологияларын енгізу қажет деген нық сенімге келдім. Оқушылардың мәтінді түсіндіріп беру қабілетін бағалау барысында мәтінде берілген әртүрлі мәліметтерді салыстыру, автордың сипаттаған ойларын қорытынды жасау немесе мәтіннің мәнін түсінулеріне басты назар аударылады. Олай болса, бірінші қадамды менің мектебіме тән мазмұны мен оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуының ерекшеліктерін сипаттайтын даму бағдарламасын жоспарлаймын. Ол жерде мектепті қайта құру үшін қажетті әрекеттерді анық көрсетемін. Ол бағдарлама маған менің мектебімнің қиындықтарынан сәтті шығуын және оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. Сонымен шынай жағдайды ескере отырып, алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтаймын және одан күтілетін табыс критерийлерін болжаймын.
Мектептің дамыту жоспарын[ҚОСЫМША-1] іске асыру жолындағы маңызды факторлардың бірі коучинг пен тәлімгерлік[А есебі, 8 абзац] тәсілдері деп есептеймін. Өйткені, оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу үдеріс іске асырылады және бұл әдіс арқылы коуч мұғалім тәлімалушыны рефлексивтік диалогқа тарту негізінде оған өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Сөйтіп, коучинг үдерісі тәлімгерлік үдеріспен тығыз байланысты: коучинг мұғалімдердің сұранысын қанағаттындыратын нақты тақырып бойынша әріптестерімнің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік жүйелі, жан-жақты кәсіби қолдау көрсетуді көздейді[Мұғалімге арналған нұсқаулық, бірінші (ілгері) деңгей, 40 бет]. Коуч қарым-қатынасы алдын ала белгіленеді және оның ұзақтығы дағдының қалыптасуына байланысты болады.
Коуч-мұғалімдердің басшылығымен мұғалімдерге өздерінің оқытушылық тәжірибелерінде жаңа тәсілдерді қолдануға үйретемін. Коучингтер барысында мұғалімдердің тәжірибелік дағдыларының қалыптастырылуына ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ бұл тәсілдерді енгізу оңай емес, өйткені сыныпты басқару проблемасы да өз ықпалын тигізеді және әр сабақ барысында жедел шешім қабылдауды кажетсінеді. Оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрету, ортақ шешім қабылдауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға үйрету мәселелері кез-келген сабақта туындауы тізбектелген сабақтардың жазбаларында көрінісін тапты. Мектепті дамыту жоспарындағы тізбектелген сабақтарда бұл мәселелер сабақтан-сабаққа шешімін табады.
Ал тәлімгерлік ұзақ уақыт бойы тәлімалушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жалғасады. Сондықтан, мектепгі тәжірибелік кезеңінде мен өз мектебімдегі өзгерістерді жүйелі түрде жүргізу мақсатында өзіндік даму жоспарымда осы тәсілдерді жоспарладым және тәлімгерліктің жеке жоспарын құрдым[ҚОСЫМША-2]. Бұл жоспарда әрбір сабақтан кеін тәлімалушымен кездесіп, жетелеу сұрақтар арқылы әдіс-тәсілдерді баланың мүмкіншілігіне қарай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды және жіберілген кемшіліктерді өзіндік түсініп, түзетуге жетелеймін. Ол үшін тәлімалушының қысқа және орта мерзімді жоспарларына өзгерістерді дер кезінде енгізіп, оның нәтижесін бірлесіп талдаймын.
Өз мектебімде бұл әдістерді енгізуге толық мүмкіндік бар деп есептеймін, оған мұғалімдерінің сапалық құрамы мен деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің саны да мүмкіндік береді. Ол түралы толығрақ мен А есебімде айтып өткен болатынмын. Яғни, менің мектебімде 56 мұғалім жұмыс жасаса, оның отыз тоғызы 40 пен 50 жас аралығында. Сонда, қалған 39 мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді қабылдауға бейім, оған олардың соңғы жылдары жаңа форматтағы курстардан өтулері де дәлел. Сонда, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер тәлімгерлікті ұйымдастырып, жүйелі жұмыс жасаса, жылына 11 мұғалімді осы әдіс-тәсілдерге үйретіп шығарады. Яғни, алдағы 3-4 жылда мектеп мұғалімдері толық жаңа әдіс-тәсілдерді игеріп, оқыту тәжірибелерінде қолдануға толық мүмкіндік алады деген сөз. Осыған менің мектебімдегі мұғалімдердің құрамының тұрақтылығы да көмек береді және ұүрамның тұрақтылығы менің ұжымының ауызбіршілігі мен ұжымдағы тығыз қарым-қатынастың белгісі. Ендеше, мен мектепті дамыту жоспарында осы алдағы уақытқа коучингтер мен тәлімгерлікті жоспарлаймын, оны іске асыруға менің мектебімде толық негіз бар.
Шынында да, бірінші (ілгері) деңгей курсында оқып жүріп және коучингтерге қатысып, осы тәсіл мұғалімдердің потенциалын шынымен де дамыту мүмкін деген тұжырымға келдім. Бірінші коучинг мектептің мұғалімдерін далогтык оқытудың басты идеяларымен таныстыру мақсатында екінші базалық деңгей курсынан өткен мұғалім өткізеді. Бірінші өткізілген коучингтен кейін кері байланыс ретінде мұғалімдерге осы ұсынылған тәсілдерді қолданып көруді ұсынамын. Сөйтіп, ниет білдірген мұғалімнің сабағына қатысып, біз оқушылардың топтық жұмысқа аса қызығушылықпен қатысуы және диалог арқылы өз ойларын жеткізу мүмкіндіктерін береміз. Иә, бір сабақ арқылы проблеманы шешу мүмкін емес, оған мұғалімнің ұзақ уақыт бойы жұмыс жасауы мен оқушыларды осы жұмысқа қалыптасуы қажет. Ендеше, бұл жұмыс өз жалғасын табады, өйткені оның тиімділігін мұғалімдер тізбектелген сабақтарда байқады, оған дәлел осы сабақтардың бейнежазбалары мен фотосуреттері. Осылайша, оқушыларда сабақ барысында ұжымдық білім мен түсінік қалыптастырылады және бір-бірімен ынтымақтастықтағы жұмыс пен сын тұрғысынан ойлану баламалы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақтан кейін тәлімалушыға берілген кері байланыс ой бөлісу арқылы мұғалімге өз жұмысындағы барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді түсінуге көмектеседі. Рефлексияны бағалау барысында мәтіннің мазмұны немесе формасына, оқушы тапсырманы орындауда мәтіндегі мәліметті өзге ақпарат көздерінен алған білімдерімен байланыстыра білулері, мәтінде берілген бекутілерді өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлінеді. Сөйтіп, мұғалімге жүйелі түрде көмек беру арқылы мен тәлімалушыға өзінің проблемасының шешімін табуға көмек беремін және оқыту сапасын айтарлықтай жақсартуға қол жеткіземін.
Ендеше, бастаған игі-істердің нәтижесіне жету үшін маған ресурстар қажет болатындығы мені ойландырды, ең алдымен мен уақыттымды жоспарлауға кірістім, өйткені алты апта өзгеріс үшін өте аз уақыт, сондықтан әр күнімнің босқа өтпеуіне қадағалау жасап өзіндік даму жоспар құрғаным маған көп көмегін тигізді. Әр нәрсенің шегі болатыны сияқты бұл іс-шараларды уақытпен өлшеніп, шектелетінін мен жақсы түсінемін.
Барлық тиімді жүйелерде алдын-ала мөлшерленбеген нәрсені жетілдіруге болмайды, сондықтан білім сапасына мониторинг жүргіземін. Үлгерім мониторингі озат тәжірибені анықтауға және таратуға, әлсіз жағын айқындауға, мектепті олардың жұмысының нәтижесі үшін жауапты етеді. Мониторинг мектеп нәтиженің нашарлауына басшылық жасамай алмайтын жағдайда, түзету шаралары туралы шешім қабылдауға, сенімді ақпаратты жүйе қалыптастыруы үшін қажет. Мониторинг пен түзету шараларының үйлесімділігі оқытудың тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және бірінші дәрежелі маңызға ие. Сонымен қатар мониторинг нәтижелері мен түзету шаралары мүғалімдердің кәсіби және онлайн желілік қоғамдастығы арқылы бүкіл жүйеге таратылады. Осылайша, ең жақсы мектеп тәжірибесі мүқият зерттеліп, одан кейін осы зерттеуден алынған қорытынды басқа мектептердің жұмыстарына ескеріледі.
Тағы да үздік елдердің қолданатын тәсілдерінің бірі – ол LS, бұл тәсіл мұғалімдерге бір-бірінен үйренуге жағдай жасайды. А есебімде үздік елдер тәжірибесін зерттеу барысында Сингапурде бұл тәсілді қолданылуы туралы айтып өткенмін.[А есебі, 6 абзац]. Егер әдетте мұғалімдер жалғыз жұмыс жасаса, бұл оларды бір-бірінен үйрену мүмкіндігінен айырады. Сондықтан, бірігіп жұмыс жасау, сабақты бірге жоспарлау, бір-бірінің сыныбын зерттеу бір-біріне жұмстарын жетілдіруге көмектеседі. Бұл жолмен тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің үнемі дамуына көмектесемін. Жоғарыда айтылған тәсілдерді бір мезгілде қолдануға болады. Жұмысты бастамас бұрын фокус топ мүшелерін керекті ресурстармен қамтамасыз ете отырып оларға қолайлы жағдай туғызу керек екенін ескере отырып, мұғалімдердің сабақ кестесін оларды зерттеу сабақтарына кіру мүмкіндігі болатындай ыңғайлатамын. Тәлімгерлік бір бастамаға негізделеді: оқытуды жақсартады, ал LS оны толықтырады. Ол үшін деңгейлік курстан өткен мұғалімдерден фокус топ ұйымдастырамын, соның барысында қандай да бір сабақты өткізу әдістерін ортаға салып пысықтаймыз, бірге жоспарлауды іске асырамыз, содан кейін белгілі бір білім беру мақсатына жету үшін әр түрлі педагогикалық стратегияларды бағалаймыз. Мен осы фокус топпен кездесулер барысында Lesson study тәсілі мұғалімдердің ынтымақтастықта тәжірибесін дамытуын, оқу сауаттылығын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай қолдануға болатындығын бірлесе ойластыруды көздеймін.
Мұғалімдер тобы басқа мұғалімнің жұмыс әдістерін қолдануды және олардың оқушыңа ісерін бақылау мақсатында сабағына қатысады. Осылайша, сыныпты зерттеу арқылы жекелеген сыныптың проблемасын шешуге бірлесіп ат салысамыз, мұғалімдер ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді, ал мұғалімдер үшін өзінің оқыту дағдыларын дамыту табыс критерие болады. Ал зерттеу тақырыбын сол сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері бірлесе отырып шығарады.
Осы жерде тағы да бір тиімді тәсілдердің бірі – ол желілік қоғамдастық. Мен онлайн қоғамдастық құруды жоспарлаймын, ол үшін әріптестер арасында мақсатты диалог ұйымдастырамын. Қоғамдастық жұмысын дамытуда мұғалімдердің күнделікті міндеттері мен уақыттың жетіспеушілігі бетпе-бет кезедесулеріне кедергі болуына байланысты онлайн қоғамдастық тиімді болады деп есептеймін. Өйткені форум мен чаттар арқылы бір-бірімен пікір аламасады, орта және қысқа мерзімді жоспарларын, сабақтардың сурет пен бейнежазба көріністерін қоғамдастық бетіне жариялап, пайдалы ақпаратпен алмасуға мүмкіндік алады. Қоғамдастықта конференция ұйымдастыру арқылы бір-бірінің сабақтарына, өткізілген коучингтеріне кері байланыс беру мүмкіндігіне қол жеткізеді. Мектеп басшылығын міндетті туралы қоғамдастық туралы хабардар етемін және қоғамдастық жұмысына тарту үшін алдағы тамыз маслихатында жеке секция ұйымдастыруды қалалық білім бөлімінің басшысына ұсынуыммен қатар қазақ мектеп директорларын жеке жинап алда тұрған қоғамдастық жұмысының негізгі міндеттері туралы хабардар етемін. Осылайша, мен мектеп директорларының қолдауына ие боламын, ал бұл мен және қоғамдастық жұмысы үшін стратегиялық тұрғыдан маңызы зор және пайда әкелуі сөзсіз. Ендеше, бұл да менің көсбасшылық жұмысынымның бір бағыты.
Мұғалімдердің бір-бірінің тәжірибесін жетілдіру мен тәжірибе бөлісудің қүралы – ол шеберлік-сынып. Осы әдіс менің дамыту жоспарымда өз орнын тапты, өйткені бұл үдеріс мұғалімдерді бір-біріне шеберлік дағдыларын көрсетіп, үйретеді. Сабақта көрсету арқылы оқушыларға белгілі дағдыны өмірде қалай қолдануға болатындығын көрсетемін. Ендеше, кез-келген сабақта осылайша оқыту әдістерін де мұғалімдерге ұсынамын.
Кез-келген жағдайда алға қойылған міндеттердің нақты орындалуына қол жеткізу мен үшін аса маңызды: жан-жақты ойластырылған тәсіл ретімен және тиімді жүзеге асыру арқылы мен табысты нәтижеге қол жеткіземін. Ол үшін оқыту сапасын арттыру үшін не істеу керектігін түсінуден басталады, сондықтан мен осы тәжірибелік кезеңде әріптестерімнің алдында «Біз неге өзгеруіміз керек?» деген тақырыпта баяндама және таныстырылым ұсынамын және бұл жұмыс түрін де өзіндік даму жоспарыма кіргіземін. Ендеше, бұл жұмыс түрі арқылы мен әріптестер арасында сенімділік пен өзара түсіністікті орнатамын, өзгеріс үдерісі туралы түсінік қалыптастырамын, мұғалімдердің өзіне деген сенімділіктерін арттырып, ортақ мақсатқа жету жолында ресурстарды пайдалану туралы түсінік қалыптастырамын.
Көсбасшы мұғалім ретінде осы тәсілдерді енгізуге және жоспарланған жұмыстарды орындауға бағытталған даму бағдарламасын іске асыру жолында басшылық етемін. Жоғарыда аталған тәсілдерді енгізу нәтижесінде мен мынадай табыстарға қол жеткіземін:
желілік қоғамдастықтағы жұмысты іске асырамын,
мұғалімдерге әдістемелік көмек беремін,
коучинг және тәлімгерлік тәсілдерін енгіземін,
мұғалімдерге қолдау көрсетемін,
ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылуына ықпалымды тигіземін,
мектептің әлеуетін арттырамын,
білім сапысына мониторинг жүргіземін,
нәтижелі жұмыс арқылы ата-аналар мен оқушылар арасында мұғалім мәртебесін артуына ықпал етемін.
Бұл табыс критерийлеріне қол жеткіземін деген сенімге менің мектебімнің проблемасын шешуге бағытталған дамыту жоспары кепілдік береді. Мен әріптестерімен сүйене отырып, мектептің бастапқы жағдайын әрі қарай жетідіремін.
Біріншіден, ол үшін мен С есебімде айтып кеткендей оқушылардың жетістігінің деңгейі кепілдік береді. Ағымдағы мектептің деңгейі қанағаттанарлық деңгейде. Сонда, менің мақсатым қанағаттанарлық деңгейден жақсы деңгейге жеткізу, басқаруды ұйымдастыру және оқыту әдісі өзгерту болады.
Екіншіден, оқыту нәтижесін жақсарту үшін мен қажет әсер ету шараларын мектепті дамыту жоспарында қамтимын. Осы мақсаттта мен мектепті дамыту жоспарымда оқушылардың негізгі қажеттіліктерін қамту үшін мұғалімдердің сабақ жоспарларының анағурлым тиімді орындалуына жағдай жасаймын. Бұл мақсатта коучингтер барысында мұғалімдермен тікелей жұмыс жасау арқылы педагогикалық кадрлардың техникалық дағдысын артамын.
Үшіншіден, енгізілетін әдістерді мектебімнің білім беру құрылымына, мәдениеті мен тарихына бейімдеймін. Яғни, мектеп құрамындағы оқушылардың көпшілігі басқа мемлекеттен көшіп келген отбасынан шығуына байланысты олардың оқудағы айырмашылықтарын ескеремін. Ол үшін сыни тұрғыдайн ойлану әдістерін пайдалануды ұсынамын, мұғалімдердің бұл дағдылары коуч барысында жетілдіріледі және LS барысында осындай оқушылардың бейімдеу проблемалары шешімін табады. Мектебімнің басқару жүйесін оңтайландырамын және соған сәйкес деңгейлік курстан өткен мұғалімдер ресурсын пайдаланамын.
Төртіншіден, ерекше назар аударатын саласы: үлгерімі төмен салаларды(оқу пәндері, қатар сыныптар, ұл балалар немесе қыз балалар) анықтаймын, ол үшін алынған мәліметті пайдаланамын(білім сапасының көрсеткішін жіктеп талдаймын).
Бесіншіден, осы таңдалған оқыту әдістерін оқу бағдарламалары мен мектебімнің материалдық-техникалық жағдайына бейімдеймін, яғни барлық техникалық ресурстарды қолданамын.
Оның ішінде ең маңызды фактор – ол осы өзгерістерді енгізу барысында мен маған қолдау берген әріптестеріме, мектеп әкімшілігіне, фокус топ мүшелеріне, қалалық әдістемелік кабинет жетекшісі мен әдіскерлерге, қала мұғалімдеріне сүйенемін. Өйткені бұл өзгерістер ынтымақтастық, ауызбіршілікі, күш-жігер мен мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруда уақыт бөлулерін, қолдауды және тәжірибені бірлесе отырып талдау, шынайылықты, өз тәжірибелерін қайта ойластыруды қажет етеді.
Барлық жоғары да көрсетілген әрекеттердің барлығын мектепті дамыту жоспарында өзінің көрінісін тапты және бұл жоспар барлық ұжымның қолдауына ие болды, бұл жоспар мектептің педагогикалық кеңесінде қызу талқыға түсті, бұл мектептің казіргі жағдайы осындай өзгерістерді қажет ететінін білдіреді. Осылайша, мектепті дамыту жоспарында белгіленген табыс критерийлерге осы өзгерістерді енгізу арқылы қол жеткіземін. Бірлесіп жоспарлау мен кері байланыста мен мұғалімдерге әдістемелік көмек беремін, мұғалімдердің тәжірибелерін шоғырландыру мақсатында коучинг әдісін кеңінен қолданамын, тәлімгерлік арқылы тәлімалушыма қолдау көрсете отырып дағдыларын жетілдіремін және осындай тығыз қарым-қатынас менің ұжымымда ынтымақтастық орнатылуына септігін тигізеді, түбінің түбінде мектептің әлеуеті артады. Ал мектепті негізгі міндеті оқыту болқандықтан оқушыларымыздың білім сапасы артады және өз мектеп шеңберімен шектелмей желілік қоғамдастық мүмкіндігін пайдалану арқылы жаңа әдістерді үйренемін.
Осылайша, жоғарыда аталып кеткен әдістерді өз мектебімнің тәжірибесіне енгізіп, олардың барлығын білім беру мекемемнің проблемасына бағыттаймын.
ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
Мұғалімге арналған нұсқаулық;
PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал. Астана 2013;
«Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы», А.Құсайынов, Алматы-2013;
Үйлестірме материал. Төртінші апта. Екінші басылым;
ҚОСЫМША-1
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҒАБИДЕН МҰСТАФИН АТЫНДАҒЫ №5 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІН
Д А М Ы Т У Ж О С П А Р Ы
Теміртау, 2015 жыл
МЕКТЕПТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ
ТАҚЫРЫБЫ: 5 сынып оқушыларын өзара диалогқа тарту арқылы жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттіліктерін жетілдіру
МАҚСАТЫ: 5 сынып оқушыларын өзара диалогқа тарту арқылы, мәтіндегі мәліметті өзге де ақпарат көздерінен алған білімдерімен, мәтінде берілген бекітулерді өз көзқарасыммен байланыстыру дағдыларын жетілдіру
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ МЕН ТАБЫС КРИТЕРИЙЛЕРІ:
желілік қоғамдастықтағы жұмыс;
мұғалімдерге әдістемелік көмек беріледі;
коучинг және тәлімгерлік жүргізіледі;
мұғалімдердге қолдау көрсетіледі;
ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылады;
мектептің әлеуетін артады;
білім сапасына мониторинг;
орындалатын жұмыстар мақсаты Іске асыру жолдары Табыс критерийлері Орындалатын мерзім Жауаптылар
мектеп әкімшілігі мен әдістемелік бірлестік жетекшілерімен кездесу Мектептің бастапқы жағдайы мен мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы дөңгелек үстел Даму жоспары 02.03. 2015 Мектеп әкімшілігі
ӘБ жетекшілері
Ід бағдарлама аясында БА курсынан өтіп жатқан мұғалім
Е.Б. Нажметдинова
Мектептің казіргі жағдайын анықтау Мектептің жағдайын анықтау, өзгерістің не үшін қажет екенін түсіну сауалнама
пікір-алмасу
бақылау Мектептің казіргі жағдайы мен мәселелері 04.03. 2015 Мектеп психологы,
сынып жетекшілер
Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардан сауалнама алу, сауалнама қорытындысын шығару Оқушылар мен мұғалімдердің оқу үдерісіне қатысты пікірлер мен көзқарастарын білу, ата-аналардан сауалнамаға жауап алу, сауалнама мектеп проблемасы 05.03. 2015 мектеп психологы, сынып жетекшілер
Мұғалімдердің шеберлік орталығының порталына жұмыс Кәсіби қоғамдастықта пікір алмасу, тәжірибе бөлісу Портал, форум, чат Тәжірибені жетілдіру Күніне
1 сағат Е.Б. Нажметдинова
Тәлімгерлік ету Мұғалімдердің кәсіби мүмкіндіктерін ашу, тәлім алушыға өзінің кәсіби дағдыларын дамытуға, проблемаларын шешу жолдарын іздеуге ықпал ету сабақтарды бақылау
пікір-алмасу
кеңес
ұсыныстар
қолдау Тәлім алушының қызметкер және тұлға ретінде өсуі Наурыз-сәуір Е.Б. Нажметдинова,
Онлайн қоғамдастық құру бірігіп жұмыс жасау, тәжірибе алмасу Құжаттар, фото және бейне материалдар алмасу, чат, форумда пікір алмасу жаңа идеялар мен тәжірибелерді шоғырландыру17.03.
2015 Е.Б. Нажметдинова
коучинг «Диалогтык оқыту» Мұғалімдерді сабақ барысында диалог оқытуды тәсілін пайдалануға үйрету Коучинг мұғалімдердің тәжірибелерін жетілдіру, дамыту 25.03. 2015 ІІд бағдарлама аясында БА курсынан өткен мұғалім С.К.Темирбулатова
Коуч-мұғаліммен кездесу Өтілген коучинг сабағын талдау, коучинг мақсатына жетті ма, жетпесе оның себептерін белгілеу кері байланыс Келесі коучинг жоспарына өзгеріс енгізу 25.03. 2015 Е.Б. Нажметдинова
Шеберлік- сынып іс-тәжірибе алмасу, үйрету Шеберлік -сынып Өзінің білгенін әріптестеріне үйрету 26.03. 2015 ІІІ деңгей мұғалімі
Ж.Е. Байжанова
коучинг «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісін сабақта қолдануға үйрету Коучинг мұғалімдердің тәжірибелерін жетілдіру, дамыту 27.03. 2015 ІІ деңгейлі мұғалім С.К.Темирбулатова
Өзгеріс не үшін қажет? Әріптестерде сабақ берудегі әдіс-тәсілді өзгерту туралы өзгеріс керектігін ұғындыру педагогикалық кеңес ХХІ ғасырға оқушыны қалай дайындаймыз 30.03. 2015 жыл Ід бағдарлама аясында БА курсынан өтіп жатқан мұғалім
Е.Б. Нажметдинова
LS-дің 1 циклін өткізу Сыныпты, А;В;С деңгей оқушыларын бақылау сабақ Бірлесе проблеманың шешімін табу 01-7.04. 2015 Фокус тобы
Коучинг 7 модульді сабақта қолдану жолдарын жетілдіру коучинг Сабақта қолданыс Мамыр 2015жыл- мамыр 2016 жыл Е.Б. Нажметдинова С.К.Темирбулатова
Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардан сауалнама алу, сауалнама қорытындысын шығару Мектептің бастапқы жағдайы мен тәжірибелік кезеңінің соңындағы жағдайы сауалнама Мектеп ахуалындағы өзгеріс 05.04. 2015 мектеп психологы, сынып жетекшілер
Мониторинг Атқарылған жұмыстарды талдау, өзгеріс енгізу Жазбаша, ауызша Жетістіктер мен кемшіліктер Тоқсанда 1 рет Е.Б. Нажметдинова
Пән мұғалімдері
Онлайн сабақтар Тәжірибе алмасудың тиімді әдісін қолдану, басқа қалалармен, қала мектептерімен байланыс жасау Онлайн-сабақ Жаңа дағды игеру Жарты жылда 1 рет Е.Б. Нажметдинова
Пән мұғалімдері
Фокус тобының апталығы Ата-аналармен, мектеп мұғалімдері мектептегі өзгеріс пен мұғалімдердің тәжірибесіндегі жаңа дағдылардың тиімділігі Ашық сабақтар Байланыс, тәжірибе аламсу Жылана 1 рет Е.Б. Нажметдинова
Фокус топ мүшелері
ҚОСЫМША-2
ТӘЛІМАЛУШЫМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
күні іс-шара мазмұны, мақсаты ресурс
І АПТА
04.03.2015 Тәлім алушы мұғалім таңдау Тәлімгерлік бағдарламасымен таныстыру, даму бағытын анықтау мұғалімге арналған нұсқаулық, тәлім алушымен жоспар
ІІ АПТА
09.03.2015 тәлім алушымен кездесу Орта мерзімді жоспардың мақсаты мен құрылымын талқылау, бекіту мұғалімге арналған нұсқаулық, тәлім алушымен жоспар
11.03.2015 Тізбектелген сабақтардың 1-ші сабағын бақылау сабақта мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бақылау қысқа мерзімді жоспар
12.03.2015 Тәлім алушымен кездесу Өтілген сабақтарды талқылау, қысқа мерзімді жоспарға өзгерістер енгізу, әдіс-тәсілдерді нақтылау бақылау парағы
ІІІ АПТА
16.03.2015 Тізбектелген сабақтардың 2-ші сабағын бақылау, тәлім алушымен кездесу сабақта мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бақылау қысқа мерзімді жоспар
18.03.2015 Тізбектелген сабақтардың 3-ші сабағын бақылау, тәлім алушымен кездесу сабақта мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылғанын бақылау, кері байланыс қысқа мерзімді жоспар
19.03.2015 Тізбектелген сабақтардың 4-ші сабағын бақылау, тәлім алушымен кездесу сабақта мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бақылау, тәлімгерлік ету қысқа мерзімді жоспар
ІҮ АПТА
27.03.2015 Тәлім алушымен кездесу тәжірибелік кезеңде жасалған жұмыстарды қорытындылау бейне жазбалар, бақылау парақтары, қысқа және орта мерзімді жоспарлар
ҚОСЫМША-3
КОУЧ-САБАҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Диалогтық оқытудың тиімділігі
ЖАЛПЫ МАҚСАТ: Диалогтық оқытудың сабақтағы тиімділігінің маңыздылығын түсіну арқылы мұғалімдер өз тәжірибелеріне енгізу.
СІЛТЕМЕ Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үлестірме тапсырмалары ІІІ апта
ТҮЙІНДІ ИДЕЯЛАР: Жаңа тәсілдер арқылы мұғалім оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруге, бағалай алуға үйретеді.
НӘТИЖЕ: Мұғалімдер диалогтық оқытудың сабақтағы тиімділігінің маңыздылығын түсінді, өз тәжірибелеріне енгізді.
САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР Мультимедиялық подиум, таныстырылым, бейнефильмдер
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топтық жіне жұптық жұмыс, бағалау, диалог
Топқа бөлу: Гүлдердің түрі бойынша топтасады
Кіріспе тапсырма: Таңдаған гүлдерге байланысты психологиялық тұрғыда, жүректен-жүрекке тренингісі
Тапсырма түрлері:
Оқытудағы жаңа тәсілдер: диалогтық оқыту, әңгіме мен сұрақтың түрлеріне берілген тапсырмаларды топпен орындайды.
Тапсырма1(диалог)
Тірек сөздер беріледі, оны жұппен, сосын топппен талқылап, сөйлем құрау, мәтінннің мазмұнын талдау. Диалогтың түрлеріне байланысты әр түрлі видеолар көрсетіп, сабақтың тақырыбын ашу, мақсатымен таныстырып кету
1.Диалог дегеніміз не? Диалог түрлері, топтарға постер қорғату
Тапсырманы бағалау Топтар өзара бір-бірін бағалайды, соңында коучтың өзі бағалайды
Тапсырма 2 (әңгіменің түрлері) Әңгіменің түрлері туралы жазба материалдары, әңгіменің 3 түрінің үлгісі таратылады 2.тапсырма 1 топқа - Қазақстандағы қазақ тілінің дамуы жөнінде жағымды жақтарын айту:
2 топқа - Қазақстандағы қазақ тілінің дамуы жөнінде жағымсыз жақтарын айту(әңгіме-дебат, пікірталас жүргізу). Топтар әңгіменің түрлерімен өз бетінше танысып, берілген әңгіменің қай түріне жататынын табады. (әңгіме-дебат, куммулятивті, зерттеушілік). Джиксо әдісімен өзге топта талқылайды.
Тапсырманы бағалау Формативтік бағалау
Тапсырма 3 (сұрақтың түрлері) «Жауап алудың тиімді дағдыларын дамыту» рольдік ойындар (Бауырсақ, Шалқан) ертегілерін сахналату
Тапсырманы бағалау Формативтік бағалау
Қорытынды рефлексия Кері байланыс: «Ақылды доп» әдісі арқылы сұрақтар қойылып, осы коуч сабағынан түйген ой-пікірлерін сұрайды
Бағалау Бағалау ағашына бүгінгі сабақты бағалау
ҚОСЫМША-4
Коучтың қысқа мерзімді сабақ жоспары
КОУЧИНГ ТАҚЫРЫБЫ: Оқыту үшін бағалаудың сабақтағы тиімділігі
ЖАЛПЫ МАҚСАТ: Оқыту үшін бағалаудың сабақтағы тиімділігінің маңыздылығын түсіну арқылы өз тәжірибелерін енгізу
СІЛТЕМЕ: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯЛАР Бағалау. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы, сонымен қатар өзін-өзі бағалау арқылы өзін-өзі реттеуі.
НӘТИЖЕ: Мұғалімдер оқыту үшін бағалаудың маңыздылығын түсінеді, әдіс-тәсілдерін меңгереді, өз тәжірибелеріне енгізеді
САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР: Мультимедиялық подиум, флипчарт, маркер, бейнефильмдер, постер, әр түрлі құралдар
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, формативті және суммативті бағалау
Коучинг сабағының оқу барысы Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Бағалау
Сабақта жағымды психологиялық ахуал туғызу Сыныпты 3 топқа бөліп, әуен тыңдатамын: топтастыру ұшбұрыш, шаршы, шеңбер фигуралары арқылы орындатады.
Қызыл түс сезім, эмоцияны білдіреді
Көк түс логиканы білдіреді.
Сары түс іс-әрекетті білдіреді. Мұғалімдермен бірігіп топ ережесін құрады. Мұғалімдер 3 түрлі фигуралар арқылы топқа бөлінеді.
Бірлесіп, топ ережесін құрады
(топтық жұмыс) Қадағалау
5 минут
Ой қозғау
Мультимедиялық подиум арқылы дәстүрлі бағалауға байланысты видео сабақ көрсетеді, мақсат: проблема шығару
Сын тұрғысынан ойлау
Кері байланыс.
Бейнежазба көрсете отырып, сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпты ашу, мақсатымен таныстырады,
бейнематериалды тыңдатады.
АКТ Мұғалімдер тыңдайды.
Мұғалім мен коуч арасында диалогтік қарым-қатынас болады.
Әр топтан мұғалімдер өз ойларын айтады. Ауызша комментарий
5 минут
3 минут
Қадағалау
1-ші тапсырма
Бағалаудың түрлерін ашу
Топтық жұмыс
Сұрақ: Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?
Постер тарату, оны мұғалімдерге қорғатады
Нақты баға-үй жұмысын сұраған кезде, қорытындылағанда
Көтермелеу баға- ынтасын арттырғанда
Кері байланыс
Сергіту сәті Әр топ бірлесіп постер толтырып, қорғайды.
жаттыгуын істету Әр топ бір-бірін бағалайды, содаң соң коуч-мұғалім смайлик арқылы мақтап бағалайды
10 минут
2-ші тапсырма
Ақ параққа пілдің суретін салғызу
1. Сурет салып болған соң өздеріне бағалатады
2. Өзара бағалатады
3.Мұғалімдерге критериалды бағалату
4.Коуч-мұғалім дайындаған критерийлер бойынша бағалатады
Кері байланыс Әр топ берілген құралдарды пайдаланып суретті салады. 1-ші әркім өзін бағалайды
0-нашар
1-орташа
2-жақсы
3-оте жақсы
2-ші жұппен бағалайды
3-ші топпен бағалайды
15 минут